Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?

 Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?

Қырық күнді қазақтар бекерден-бекер ерекшелемейді. Себебі қырық күн – сәби үшін де, анасы үшін де қауіпті әрі қатерлі кезең. Қырқынан шықпаған бала жердің баласы емес деп есептелінген. Анықтап қарасаңыз, қырқынан шықпаған баланың көзі біртүрлі тұманданып әрі қайда қарап тұрғаны белгісіз секілді, көзін аударып-төңкеріп тұрады. Ал қырқынан шығарған соң оның көзі жылтырап, кәдімгідей жан-жағына көз тоқтатып қарайды, көзінде от пайда болады. Қазақ қырқынан шықпаған баланы ешқайда шығармаған. Адам дүниеден өткенде де қырқын береді. «Ғайып ерен, қырық шілтен», «қырық жетіні» қырқа матап бердім» деген сөздер де тілімізде кездеседі, яғни қырық санының біздің өмірімізде алар орны ерекше болғандығын осындай мысалдардан білеміз…

Жас босанған келінін көргенді ене қырық күн бойы күткен. Әсіресе, тұңғыш баласын өмірге әкелген ананы ерекше қамқорлыққа алады. Сәбидің дені сау болып өсуі осы жас ананы қырық күн мәпелеп күтумен тікелей байланысты. Біріншіден, жас босанған ананың омырауын суық тиюден сақтаған әрі жүн шәлімен байлап, барынша жылы ұстаған. Бүгінде төс ауруларының көбейіп кеткенінің бір ұшы дұрыс күтінбегендікте жатыр. Дүниеге сәби әкелген ананың өн бойы балбырап, бүткіл буыны босап, он екі мүшесінде өзгеріс болады, сондықтан оған суықты жолатпай, жылы ұстаған. Өйткені иммунитеті әлсірегендіктен, ол сыртқы әсерді оп-оңай қабылдайды. Сондықтан жас келіннің күш-қайраты орнына келгенше денсаулығына көп көңіл бөлген. Қырық күн бойы қалжаның етін жегізіп, сорпасын ішкізген. Өкініштісі, қазір перзентханаларда жас босанған келіндеріміздің күтіміне мән беріле бермейді. Енелері сорпа-суын үйден дайындап апарады, перзентханаларда қалжа жегізіп, сорпа ішкізгеннің орнына түрлі ботқалар беріледі. Мен үнемі айтып жүремін, тағы айтып өтсем артық болмас, тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егемен ел болып жатқан гүлденген Қазақстанымызда сәбидің кіндігін кіндік шеше кесетін, жас ана босана сала қалжа жегізетін ұлттық перзентхана неге ашпасқа?! Кеңес Одағының кезінде, тіпті бертінге дейін жаңа ғана босанған аналардың ішіне «қан тоқтату үшін» деген желеумен кесек-кесек мұзды қойған. Осыдан-ақ жас босанған ана өмірінің соңына дейін жетерлік ауру тапқаны жасырын емес. Он екі мүшесі балбырап, жаңа ғана өмірге перзент әкеп жатқан ананы жылы орап, сорпалап терлетудің орнына, тастай мұзды ішіне басқан. Жас босанған анаға, керісінше, суықты жолатпаған. Бұл күнде, неге екенін, сол кесек мұзды «бұлар көбеймесін» деген мақсатпен қойды ма екен…» деп те ойлаймын. Бүгінде, Құдайға шүкір, ондай нәрседен перзентханаларымыз арылды. Негізі, әйелдің босанғаннан кейінгі іштегі қатқан қаны мен артық тұзы, «жел-құзы» терлеу арқылы термен бірге шығады. «Тері қатып қалыпты» деп жатады кейбір келіндердің бетіндегі қарала-торала дақты көрген әжелеріміз. Бұрын қырық күн бойы жас босанған ананың қолын суық суға салғызбаған. «Тіске суық тиеді», «тісі түсіп қалады» деп суық су, салқын сусын ішкізбеген. Сол сияқты даладағы тірлікке араластырмаған. Келін аман-есен босанған соң енесі мықты әрі жұмсақ матамен белін мықтап байлап тастаған. Сол арқылы тоғыз ай бойы керілген құрсақтың қайта қалпына түсуіне мән берген әрі бүйректі суық тиюден сақтаған. Қазақ әйелдері 7-8 перзентті дүниеге келтірсе де, құлын мүшесінің бұзылмай, дене сымбатының сақталуының сыры да осында. Келіннің аяғына жылы шұлық, бұрынырақта тіпті арнайы тізеқап кигізіп қоятын болған. Осындай күтім арқылы әйелдің буын ауруларына шалдықпауын ойлап, алдын алған. Тіпті шаш түспеуінің алдын алып, келіннің шашын тастай қатты ғып өріп тастайтын болған. Тағы бір аса мән берген нәрсе – босанған ананың бетіндегі даққа қатысты. Көргенді ене «бөпең әбден тойып болған соң, соңғы қалған сүтіңмен бетіңді сүрт» деп келіннің бетінде дақ қалмауын да ойлаған. Босанған ананың бір түлеп, жасарып, сұлулана түсуіне, біріншіден, қалжаның пайдасы тисе, екіншіден, баласынан қалған сүтті бетіне жаққанының әсері мол болған. Осының барлығы – түптеп келгенде, өмірге жаңа келген перзент үшін жасалатын қамқорлық. Ананың дені сау, күш-қуаты мол болса, бала да дені сау болып, аман-есен жетіледі. Әсіресе, тұңғыш баласын босанған ананы қырық күнге дейін қол-аяғын қимылдатпай күтсе, келесі балаларында жөн-жосықты өзі-ақ білетін болады. Тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелерде жас анаға барлығы – жұмбақ, тылсым құпиясы мен қорқынышы басым болатындықтан, оның әрбір қадамына енесі, кіндік шеше мен абысын-ажындары үлгі-өнеге көрсетіп отырған.

Ел аузындағы әңгімелерде айтылатын «тезек теріп, далада жалғыз жүріп босанып қалып, баласының кіндігін тісімен қиятын» аналар – осындай күтімді көрген, денсаулықтары мықты біздің қазақ әйелдері. Ендеше, біздің әжелеріміздің кемеңгерлігінің арқасында келіндеріміз дүниеге он шақты бала әкелген және ешқашан сымбатын жоғалтпаған. Бүгінгідей әйелдерде кездесетін түрлі аурулар да олардан аулақ болған…

 Зейнеп АХМЕТОВА 

43 thoughts on “Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?”

  1. Зейнеп апа, орынды атап өтіпсіз. Сорпа ішу – босанған әйелге пайдалы. Менің кішкене қызымды кесіп алды. Бір жетідей перзентханада жаттық. Босанған перзентханам – Қарағанды қаласындағы Пришахтинск ықшамауданында орналасқан. Айтпағым – аталған жерде жас босанған келіншектерге сорпа беру дәстүрі бар екен. Үйдікіндей болмаса да, ыстық ішіп, буын-буынымыз босап қалды. Ол мекеме ұжымына үлкен рахмет! Қазір қызым Ұлжан 8 айлық. Төс емеді. Ал сорпаны біз осы кезде де күн сайын ішуді әдетке айнадырдық. Бастысы – бөбегімнің дені сау.

    Жауап беру
    • Аллаға шүкір, енем улкен кісі емес, бірақ, бұрынғының көзіндей мені бірінші босанғанымда 40күн күтіп шай тамағымды алдыма әкеп берді, казір екіншімді босанғаныма 15күн болды ешнарсе истеткизбейді,осы кезеңнен аман есен отип алсам, мың еселенип кайтарамын кудай каласа. Барлық кыздарга алдымен куйеулери екинши менің енемдей ене кездессин деп тилеймин!

      Жауап беру
  2. Рахмет сізге Айқаракөз! осындай кеңестеріңіз бен ақылдарыңызды жазып жүргендеріңіз дұрыс! Себебі бізде жазатын адам жоқтың қасы!

    Жауап беру
    • Зейнеп апа кеңесіңізді керемет көңіл-күймен оқып шықтым. Мен жас босанған анамын. Нәрестеме 1 апта ғана болды. Осы уақыт аралықтарында ағзамдағы болып жатырған өзгерістерді түсінбей, «Мен неге көп ауырып кеттім»-деген сұрақ мазалап жүр еді. Өте керемет айттыңыз. Аман жүріңіз😘

      Жауап беру
  3. Әттең, бұрынғының енелері қазір жоқтың қасы ғой! өз басым соны көріп отырмын, біріншімді босанғаныма 10 күн болды, жатыпішер атанып жатырмыз…. Алла сабыр берсін!

    Жауап беру
    • Ененің де турлісі бар қосыламын.Дегенмен енелердің қосар үлесі мол деп ойлаймын.Менің анам ағамның 4 баласын озі өсірді,кундіз туні ұйкысын қиып жеңгемнің жанынан табылатын.Ал қазір аға жеңгем бөлек шығып кеткен.Енді менің келіншегім босанды.ата анам қарасып жатыр.Егер бала мен келін ата анаға адал болса,ол кісілердің балаға,келінге деген сүйіспеншілігі,мейірімі шексіз екеніне күмәнім жоқ.Бала ақылды болса ене мен келінді тату ұстайды.Ал келін ата енесін,күйеуін құрметтесе болғаны.

      Жауап беру
      • Menin bosanganyma 16 kun boldy.perzetxanada 2 kun boldym.uige wygaryp aldy.ui suyk 18 gradys pa.sol kewte balamdy emizem dep ozim katyp,dirildedim.joldasymdy kuwakta jylynyg aldym.birak onyn uikysy katty sezbedi.sodan ertesine uidi 23 gr jylytyp womyldyrdyk.sodan auruyanadamyz tagagy auyryp.men tuste jatyp 1sag demalsam enem jyndanym juredi magan

        Жауап беру
    • Маа менде солай мине босанганыма 15кун болды уже морозильниктен ет алып тамак жаса дит

      Жауап беру
  4. ИӘ, мен сізбен толық келісемін, Қарлыға, бұрынғының енелері жоқтың қасы. сіз 10 күн болса, мен біріншімді босанғанда 2 күннен кейін-ақ жатыпішер атанғанмын. екіншімді босанғанда мүлде күтінбегенмін. есесіне қазир белімнен бастап ауырмайтын жерім жоқ. бірақ Құдайға шүкір 2 қызым бар. үлкенім 2-де, екіншім жақында 1-ге толды….

    Жауап беру
  5. Бұрынғы ене дейсіз, қазіргі ене дейсіз, менің енем бұрынғы ене, мен іші келінімін. Көпті көрген адам деуге болады. Бірақ сондағысы менің біріншілерім егіз екі қыз, үшінші кішкентайым ер балам тәуба, екі босанғанда да енем еш көмек көрсетпеді, ия, сіздер айтып жатқандай жатып ішер атанып жатырмыз, кеудеме де суық тигізіп алдым. Сорпаны өзімнің қолым қалай тиеді, солай ішіп жатырмыз. Аллаға шүкір қазір бәрі жақсы, кішкентайыма Алла жазса 5 ай болады. Жолдасымның арқасында аман-есенбіз. Берген кеңесіңізге мыңда -бір рахмет!

    Жауап беру
  6. Айтылып жаткан пiкiрлерге толыгымен келiсемiн! Менi жас анамын сабиiм 2 айлык менiн енем сорпа бермек тугiлi сабиiмдi калай жуындыруды корсеткен емес! Барлыгын озим истеп озим уйрендим.

    Жауап беру
  7. Босанганыма 2апта болды ушинши баламды дуниеге акелдим,ешкимге жалынышты емеспин озим ушин тудым озим карап жатырмын:Алдынгы еки баламдыда озим карагам,бул жолы енем кутпек болды бирак мен енемди кутип кеттим,сосын 1-2кун касымда болдыда кайтты,оданда озим караган жаксы миымды ашыткызбай

    Жауап беру
  8. Босанган жас аналар ешкимге ренжимендер суттерин шыкпай калады,бурынгы енелердинде арасында келинине колгабыс етпегендер болган мысалы менин анам он бала дуниеге акелген сонда жарыктык апамыз мамам роддомнан шыга салысымен кыдырып кетип калады екен,байгус мамам баримизди ози караган:Ол заманда памперс жок,кир жуатын машинка жок….калай улгерген деп ойланамда,казирги жагдайыма таубе димин.

    Жауап беру
  9. Зейнеп апанын акыл-кенесине мын да бир рахмет! Менин 4-баламды босанганыма 3 кун болды, енем кайтыс болган, терлеу керек екеин мулдем умытып кетиппин, басе омырауым катып, белимди шакка жазып журмин, мине енди казир кымтанып киинип алып, борша-борша терлеп отырмын. Сорпаны ертен ишемин енди,буйырса, жас келиндер, ешкимге ренжимесендер, ауырмайтын боласындар. Кеше босанып жатканда, биз типти не болса соган ренжип, омиримизди боска откизип жатыр екенбиз деген ойга келдим.

    Жауап беру
  10. Салеметсиздерме. Айтыныздаршы, омырауга коз тисе сут шыкпай калуы мумкинбе? Алде баска себептер барма?

    Жауап беру
  11. Салеметсиздерме.шукиршилик етиниздер арким ози ушин курсак котерип ози ушин осиреди.мен курсагымды 8айында босанып калып сәбиім 3куннен кейін шетінеп кетті.шіркін егер сәбиім бүгінде бар болғанда түн ұйқымды 4 бөліп бесік таянар едім.қасиетті рамазан айында Алла тағаладан үмітімді үзбеймін.Шүкіршілік етейік.

    Жауап беру
    • Сәлеметсіздерме. Қырқында дұрыс күтінбеген айел неше түрлі ауруга шалдыгады. Баланы өзің үшін өмірге әкелесің,сондада енеңнің дурыс көзқарасы,түсінігі болса … Мен роддомнан келгенкүннен,өзім бүгін шығас ын деп палатадан танатпай дайындалып отырдым,екіде келді уйдегілер,үш сағат жол жүріп келдік,уйге келгеннен конактар озді озді тамагынжеп шайынишип буткил ыдысын уйин жинатып койды,бала жатыр жылап карамак тугілі,зіркілдепжетіп келіп негеәліболмадынба арасында баланада кара бар деп,нешебірін кордік. Сол роддомнан шығып табалдырықты аттаганнан қыздары туалетке деін кіріп келіп караптұратынболсаншы деп. Енең жаман болсакүтінбек түгіл… Сорпаны түсимизде көрдік,шайды да карасуғып берді ондада ананы буйт мынаган анау акел деп шайдын басында дұрыс отрғызбайтын,шай ішуде мұң болды. Осыдан кеін енені силауға болама? Қалай ойлайсыңдар?

      Жауап беру
      • кудай сактасын.саган Аллам куш берсин.Осындай енелерди шынында да канша шыдасанда сыйлай алмайсын.осындай окига менде де болган али солай.кунделикти тамактанатын уакытта оздери ишип алады да мен калам 2 баламен арпалысып тамагымды ише алмай не орнын жинай алмай.туалет сыртта, баруга зар болам.уй жинаганда 2 баланы жылатып койып жинайм кайтейин енди бир кагаз ушин ойдай ренжип мени салак кылып болады.улкеним детсадка баратын еди.кешке айлык сабиимди жалгыз шырылдатып тастап улкенимди алып келем.бир озим кай жагына жарылайын.озиме де улкен кызыма да айтпаган жаман создери калмады.кызыма каншык кана олди катын дит.ол создер суйегимнен отед.кейде шыдай алмай кетип калгым келеди.бирак кыздарымды аяймын.

        Жауап беру
        • Ондай жерде тұрып керек емес, денсаулық кетеді. Мен күйеуіме көрсетіп көзін жеткіздім , жеке шықтық сосын. Құлақ тынышталды

          Жауап беру
      • Салем Гулбану.Сенин жагдайынды жақсы түсінемін.Менде де болған.Бирак осы баламды Босанганнан кейін ренжиседе барине айттым бала қырынан шыксын сосын конакка шақырамын деп ешкім ренжимеген шығар деп ойлаймын.Меніңше өмірде денсаулыкта озимиздики.Озимизд коргамасак адамдар терен ойланбайды гой.Озимизди сол гой.Уятты алдыга коятын казакпыз гой.Кобиси сол максатпен келеді уят болады бау берік болсын айтпадык деп.Барине тусиндирип айтса сол дұрыс па деп ойланып калдым.Неге бұрындары сөйтіп жасамадым деймін кейде.

        Жауап беру
  12. Кудайга шукир!Енем жаксы адам.босанганыма 1 апта болды.енем бар жагдайды жасайды.кесарь тилигимен босандым. Бул алгашкым.уйретипте жатр билгенин.сондай ененин жаксылыгын корген сон болашакта мен де келинимди солай кутем.

    Жауап беру
  13. Мен 2 -ши кызыма жуктимин, Алла жазса келеси айда босанамын, улкеним 4 жаста. бириншимди босанганнансон роддомнан шыга салып уй тирлигине кирисип кеттим, 2 уакыт тамагым бар кунде уй жинау жане апиасына миндетти турде орындалатын ген уборка, сонымен 20 куннен сон журе алмай катты суыктап больницага тустим. Сонда кутину дегенди билмеймингой оз шешеме я я жатырмын деп алдап шауып босанганнан сон 3 куннен кейин ген уборкамды жасап кете бериппин. Сонын салдарынан омырткаларыма катты закым келип казир екиншимде катты киналып журмин, айтсе де сол баягы уй тирлиги озгерген жок. Озимди киналаймын кейде осынша момындыгым ба деп. Ауырып турсам да бар тирлигимди жасап журемин, жат деп ешким аямайды.казир босануга да коркып отырмын енди калай улгеремин барине деп.

    Жауап беру
  14. Бул алемде келинге ене жакпаган, енеге келин жакпаган. Жаккан болса бир екеуи шыгар. Уйленип бала суйдин бе, ол-озин ушин, болашагын ушин. Дениннин сау болганына еш нарсе жетпейди. Ауырмау ушин биреуге масыл болмау ушин нык журу ушин оз камынды озин жаса,босанганнан сон енен жагдайынды жасай алмаса жаны ашымаса онда онын конилне карап сол урыспасын сол тыныш болсын деп озинди тауекелге байлама. Айтканын барин истейм деп денсаулыгыннан айрылсан вообще ешкимге керек болмай каласын. Барибир истесен де истемесен де жакпайсын. Жаман атакты алады екенсин, дым истемей озинди озин кутип жер аударылып кетсе де, уйкынды кандырып, дененди жылы устап кырык кун бапталу керек менин ойым.

    Жауап беру
  15. Менде жақында босандым.Енем бар.Мені бабында күту ойына да келмейді.Өзім Алла бұйыртса,келін алсам,көреген енелер қатарында боламын деп ойлаймын.Ауылды жер болған соң,үй тірлігі өте қиын

    Жауап беру
  16. Сәлеметсіз бе?Сіздің бұл мақалаңыз өте орынды деп есептеймін.Казирги кезде перзентханаларда біраз өзгерістер енгізген рас бірак ана кутимине ештене жасалмаган.Сиз айтып өткендей ботканын орнына сорпа беріп кутим көрсетілсе ондай ауруға шалдыққан аналар да болмас еди.Бұрындары босанганнан кейін ыстық шай алып келіп бермейтін,казир шукир әйтеуір кішкене болсада карайласатын болыпты.Осындай мәселелер жиі көтерілгендиктен болар медициналық қызметтерді колга ала бастаған. Сізге коп рахмет.

    Жауап беру
  17. Сәлеметсіз бе Айкаракоз апай!Мен сізден сурайын дегенім…мен босанганнан кейін мулдем кутинген емеспін.Ыстық сорпа шай ишип терлемедим.Менин ойым. терлей берсен одан бетер аурып калармын деген ойда болдым.Бирак не женил жүруге не кымтанып кинуге де тырыспадым,Бирак терлеп кетпейтиндей кинип журдим.Биринши баламда да каир босанган баламда да остип журмин.Бирак кудайга шукир ондай аурулардан сактасын ауруханада тексерілген кезде бари жаксы дейтін.Онын үстіне озимди жайлы,денсаулығын мықты,босанган әйел сияқты сезинетинмин.Сойтип өмірге төрт баланы акелдим.Бирак осындай мақалаларды окыган сайын жаным туршигеди.Үлкен кисилер аурудын бари жасын келгенде шығады деп айтады.Сол рас па?Кутинбеген әйелдер кандай ауруларга шалдыгуы мүмкін.?

    Жауап беру
  18. Сəлеметсіздер ме? Мен жақында босандым қырык күн күтініп, белімді матамен байлап жүрдім. Негізі белді қанша күн байлау керек. Осы сұраққа жауап жазсаңыздар.

    Жауап беру
  19. Салеметсиздер ме! Жана босанган айел 40 кун кутину керектиги дурыс, себеби жаннын да таннин де бир нарсеге уйренип немесе бир нарседен кутылуы ушин осы мерзимнин отуи керек, буны талай илим мен гылым адамдары далелдеген. Бирак терлеу маселесимен келиспеймин, 1шимди босанганда улкендерди тындап, шомылмай сорпа мен шайды ишип терли бердим, сосын кызымнын аузына молочница шыгып кетти, даригер айел терлесе бактерия жиналып, ол бактерия балага емизгенде барады деди. Шыдамай 10 куннен кейин шомылдым, омирге кайта келгендей болдым, 2шимде роддомда ак шомылып алдым, кымтамбай женил журдим, серуендеуге шыктым (1шиде 40 кун шыгармаган), есесине тез озиме келдим. 1шиде ишимди байладым, 2шиде байламадым, результат бирдей ишим озинен ози тартылып кетти, кыз кезимдегидей туп тузу болды. Бала кутимине келер болсак 1шисинде тузга шомылдыр териси жаксы болады деди улкендер, солай истедим, кызымнын териси жаракаттанса узак жазылады, маса шакса исип кетеди, ал екиншимди шоп, балага арналган шомылдыру куралымен шомылдырдым, териси оте жаксы. Айткым келетини бала куту жане тарбиелеу жонинде ондаган китап окыдым, ар турли елдин педиатрлары мен психолгтарынын енбектерин салыстырдым да мынандай ойга келдим, омиринде бала осиру жайлы 1 китап окымаган адамдарга сенип ана мен баланын денсаулыгымен рисковать етпеу керек, ескинин де дурыс жерлери бар, дегенмен ана анализин мукият жасау керек. Сонгы айтарым келиншектер енелеринизге ренжимениздер, мейирим кормеген мейирим корсете алмайды, ондай адамдарга тек жаным ашиды!

    Жауап беру
  20. Мен июнь айында босандым, роддомнан шыгып уйге келгесин, осындай 50 градусс ыстыкта терлемесе болатын шыгар, ен бастысы суык тимесе болдыгой деп журе бергем. енди казир денем барине жара шыгып журе алмай жатырмын. не болсада ешкимге ренжимей, кунде терлеу керек екенин кеш тусинип отырмын, ешкимнин ештемеси кеткен жок, боска озим киналдым.

    Жауап беру
  21. 40 кун турмак, 10 кун жатып кутинуге зар болдык. Сонын салдарын тартып жатырмын. Ушинши сабимди дуниеге акелгениме тура бир ай болды, 3-куннен бери буын-буыным сыркырап, температурам котерилип, дирилдеп калтырап катты ауырып калыдым. Перзентханадан 3 кунде шыгарды, Уйге келип еки кун жатамын деп масыл атандым. Тумыска шыкпаган кайын апкем енемнин орнынды. Бала таппаган кари кыз, туган айелдин жайын кайдан билсин. Жанынды тусинетин куйеу кайда, уйге конактарын шакырып озалдына лагып журет.

    Жауап беру
  22. Сәлеметсіз бе, Зейнеп апа! Мен жаңадан босанған ананың біреуімін. Аллаға мың да бір шүкір, аман – есен босандым. Егерде мұңымды шақсам ешқашан бітпеспін. Мен бір ай бұрын үшіншімді дүниеге әкелдім. Перзентханада екі күн жатып шықтым. Келе сала енем жағадан ала жан – жал шығарып, көңлңмдң тағы қалдырды. Тұңғышымды босанғанда да, екінші ұлымды босанғанда да дұрыс қалжаламады. Уақытылы қалжа сойылмады. Тіпті тапқан тамағымды жедім. Ұлым кіндігінен грыжа болып, іші кеуіп әбден мазамды алып еді. Бұл жолы да қалжа сойылмады. Үшеуінде де перзентханадан шыға сала жөргектерін өзім жуып келем. Қазір ата – енемнен бөлек тұрам. Бірақ 4-5 үй жақын тұрамыз. Енем екінші – үшінші балада ештеңе етпейді деп күйеуімді де қарсы қояды, көмектеспейді. Алдынғы екеуін босанғанда білінбеген еді бұл жолы ауырмайтын жерім жоқ, белім, буын-буындарым, құлағым, тісім де ауырады. Білгенімше өзімді күтудемін. Сұрақ: ешкінің етімен қалжалануға бола ма? Өйткені ылғи ешкінің етімен шығамын. Естуімше ешкі еті баланын ішін кептіреді және ауруды қоздырады дейді. Қызымның іші күнде кеуіп тұрады. Енемнен көңілім әбден қалған. Оның ойынша мен бала тудым деп міндетсініп, күйеуімнің басына шығып барады деп қорқады. Шаршадым. Өтінемін ақыл беріңізші.

    Жауап беру
  23. Ененин де енеси бар енен дым билмесе пайдасын не мен тунгышымды босанганда булай ешким куткен жок оз анам калын киин кырык кун сактан деди. Ене ештене дегенде жок су тасып уй тирлигин жасап салкында журдим озим кыс айында босандым

    Жауап беру
  24. Салеметсиздер ме! Мен буйыртса ушиншимди дуниеге алып келемин. Улкенимдм мектепке апарып-алып келетин корши издестирип журмин. Сол жайында кайын апкеме айтсам, мектеп жакын гой озин апарып алып келесин гой деди. Кырык кун демеймин жок дегенде 20 кун болса да кутунуим кажет деп ойлаймын. Жок менинки дурыс емес па? Айелдер де артурли, кутинбейтини талай, не ози кутинбейди не кутингендерди жактырмайды. Бул жаксы дастур онтустик жакта жаксы сакталган деп ойлаймын. «Колынды суык суга салма баланнын бауыры тас болады»- дейди анам. Ол да бекер айтылмаган.

    Жауап беру
  25. Салеметсыздер ме!Апа сыздын айткандарыныз оте орынды, бырак меным енем мены керысынше жумыска салып койды.менде терлеу сорпа ышу дегендер мулде болмаган суык уйде суык суга кыр жып далада тамак жасап жане улымды кыркынан шыкканша кунде шомылдыру керек кой ал улым 1 аптада 1 лет кана шомылды енды терысы пыспеген баланын денесын карау оте киын мен сонымен гана алысамда отырамын.Рахмет сызге!!

    Жауап беру
  26. Саламатсыздар ма?Босанганыма 20 Кун болды,сутим шыкпай калды,не истесем болады?Акыл-кенесиниз оте кажет болып тур.Алдын-ала рахмет!!!

    Жауап беру
  27. Ияяяя…. Киын екен кутiнбеудiн салдары….1шi баламды босанганда уйi жок куйi жок деп, ешкiм жоламай, менсiнбей койган, енем мулде роддомга да келген жок,, ендi кемелiме келiп, жагдайым жаксарганда 4 баламды аман есен босанып алсам менi кутетiн желающийлер коп.. 🤣🤣 Коргендi ене деген соз маган ешкашан таныс болмаган, ол кезде енем жас болган, казыр картайды, миы 60ка келгенде бырак кiрдi,,, ендi менi кутемiн 40нан шыкканша деп кояды 🤣🤣🤣🤣

    Жауап беру
  28. Ияяяя…. Киын екен кутiнбеудiн салдары….1шi баламды босанганда уйi жок куйi жок деп, ешкiм жоламай, менсiнбей койган, енем мулде роддомга да келген жок,, ендi кемелiме келiп, жагдайым жаксарганда 4 баламды аман есен босанып алсам менi кутетiн желающийлер коп.. 🤣🤣 Коргендi ене деген соз маган ешкашан таныс болмаган, ол кезде енем жас болган, казыр картайды, миы 60ка келгенде бырак кiрдi,,, ендi менi кутемiн 40нан шыкканша деп кояды 🤣🤣🤣🤣 кiм кiмдi кутедi мен оны ма ол менi ма…

    Жауап беру
  29. Аллаға шүкір мен 1-ді босанғанда күйеуімнің анасы 2 анам десек болады. асты үстіме түсіп, сорпамды дайындап, қалжа сойып, 2 аптадан аса қарады балағада, мағанда. 2-ді босанғанда да дәл осылай жасайды. 3 -ді босанғанда қайын әпкелерім мен 2ші анам өте жақсы төсектен тұрғызбай қарады. Әр туған сайын баняға түсіріп- шомылдырады. Аллаға сансыз шүкір 4 -ді босанғаныма 10 күннен асты әлі күтініп жатырмын, 2ші анам күтін дегенде күтініп ал, тірлік қашпайды және бітпейді дейді. Біз жас кезімізде ондай күтім көрген жоқпыз, кейінгі ұрпағымыз ондай нәрсені көрмесін деп, келіндеріне жақсы көзбен қарап жатқан ниеті бар. Менің туған қайын інім бар, абысыным болып жатса енемнен көргенімді істеймін деп отырмын.

    Жауап беру
  30. Сәлеметсіздерме Зейнеп апа, оқырман келіншектер. Мен үшіншісін босанғанымда, терім қатып қалған сияқты. Босанғалы 4 жыл өтті, суға шомылсам ауырып қала беремін, терлей беремін, әлсізбін, тез шаршаймын. Буын буыным сырқырап, тізем бүктірмейді. Осы аурушаңдығым, тер шықпағаннан ба, әлде қартайған белгісі ма? Жасым 40 та.
    Қазір тер шығаруға бола ма? Қалай жасасам екен?

    Жауап беру

Жазира үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау