Бұл торт Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Айтулы мерекеде отбасыңызбен дастархан басында жиналып, осы тортпен шәй ішіп отырғанға не жетсін?!
Құрамы
Бисквит:
Жұмыртқа – 8 дана;
Қант – 2 стақан;
Какао – 1 стақан;
Ұн – 2,5 стақан;
Қамыр қопсытқыш – 2 дана;
Ванилин – 2 дана;
Кремі:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині — 400 гр;
Жұмыртқа — 4 дана;
Қант — 16 ас қасық;
Сүт — 16 ас қасық;
Ванилин.
Тортымыз тура Шахмат тортындай ретпен дайындалады. Тек біраз өзгешелігі бар.
Алдымен ақ түсті бисквитті дайындап алуымыз қажет. Ол үшін 4 жұмыртқаның ақуызын миксермен араластырамыз (миксер таза, құрғақ болуы тиіс),
көпіртіп, қою кремге ұқсағанша араластыра береміз.
Жұмыртқаның сарысына қант қосып,
араластырамыз.
Төменде суреттегідей түсі ағарғанша араластырамыз.
Оны алдын ала араластырып алған жұмыртқаның ақуызына құямыз.Ақырын ғана, баяу қимылмен астынан үстіне қарай араластырамыз.Жақсылап араластырып болғаннан кейін елеуіштен өткізген 1,5 стақан ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салып,
ақырын, баяу қимылмен тағы да астынан үстіне қарай араластырамыз.
Қамырымызды табаға саламыз. Астына пергамент немесе фольга төсеу керек , олар болмаса, майлағанымыз жөн болады.
180 груадуста, беті қызарғанша пісіреміз.
Ақ түсті бисквитті дайындап алған соң қара түсті бисквитті дайындауға көшеміз. Бәрін жоғарыдағыдай дайындап аламыз да, ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салған кезде 1 стақан какаоны да қоса салып, араластырамыз.
Оны табаға салып, 180 градуста пісіреміз.
Бисквит 2 дана болады: 1 ақ, 1 қара.
Енді кремін дайындаймыз. Ол үшін 16 қасық сүтке 16 қасық қантты қосып,
Басқа бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып, араластырып дайындап қоямыз.
Оттағы сүт пен қант қайнағанша араластырып тұрамыз. Ол қайнағаннан кейін жұмыртқаны аздап құйып тұрып, тез араластырамыз, әйтпесе, жұмыртқа пісіп қалады.
Үзбей араластыра беру керек. Қоюланғанда отты өшіріп, салқындағанша күтеміз.
Майды алып, оған ванилин салып,
миксермен араластырамыз. Сол кезде май әппақ болып, екі есе көтеріледі.
Салқындап тұрған жұмыртқаны 1 қасықтап
таусылғанша кремге қосып тұрып, араластыра береміз. Жұмыртқалар жылы болса, май еріп кетеді, сол үшін салқындағаны дұрыс.
Әбден араластырамыз. Крем дайын.
Дайын болған кремді үшке бөліп, ең көбін ақ күйінде қалдырамыз. Одан аздауын көк түске, ең азын сары түске бояймыз.
Бірінші ақ бисквиттің бетіне крем жағып, үстіне қара бисквитті қойып, тағы да крем жағамыз. Солай ақ, қара, ақ, қара етіп қойып, бетіне көк түсті кремді жағамыз.
Көк түсті кремді жағып болғаннан кейін торт бетіне Тудың суретін салу керекпіз. Ол үшін целлофанның шетін тесіп, оған сары түсті кремді саламыз. Омен күннің, қыранның суретін саламыз.
Торт дайын.
Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!!!
kremdi sari tuspen daindaganson kok tuske halai boiaidi?
Фу машакаты коп ари сансиз ари дамсиз буданда онай торт болмадыма а