Шахмат торты

Бұл тортты көпшілікке  жасаған дұрыс. Себебі, торт көлемі үлкен болып шығады. Шамамен 20 адамға жетіп қалады.

Құрамы

Бисквит:
Жұмыртқа – 16 дана;
Қант – 4 стақан;
Какао – 1 стақан;
Ұн – 5 стақан;
Қамыр қопсытқыш – 4 дана;
Ванилин – 4 дана;
Сүт – 500 мл;

Кремі:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині – 800 гр;
Жұмыртқа – 8 дана;
Қант – 16 ас қасық;
Сүт – 16 ас қасық;
Ванилин;

Әсемдеу үшін 100 гр шоколад керек.

Алдымен ақ түсті бисквитті дайындап алуымыз қажет. Ол үшін  4 жұмыртқаның  ақуызын миксермен араластырамыз (миксер таза, құрғақ болуы тиіс),

IMG_6898

көпіртіп, қою кремге ұқсағанша араластыра береміз.

IMG_6899

Жұмыртқаның сарысына қант қосып,

IMG_6900

араластырамыз.

IMG_6902

Төменде суреттегідей түсі ағарғанша араластырамыз.

IMG_6903Оны алдын ала араластырып алған жұмыртқаның ақуызына құямыз.

IMG_6904

Ақырын ғана, баяу қимылмен астынан үстіне қарай араластырамыз.

IMG_6905

Жақсылап араластырып болғаннан кейін

IMG_6906

елеуіштен өткізген 1,5 стақан ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салып,

IMG_6907 (1)

ақырын, баяу қимылмен тағы да астынан үстіне қарай араластырамыз.

IMG_6908

Қамырымызды табаға саламыз. Астына пергамент немесе фольга  төсеу керек , олар болмаса, майлағанымыз жөн болады.

IMG_6910

180 груадуста, беті қызарғанша пісіреміз.

IMG_6913

Ақ түсті бисквитті дайындап алған соң қара түсті бисквитті дайындауға көшеміз.  Ақ бисквиттегідей 4 ақуызды миксермен араластырамыз,

IMG_6898

әппақ, қою крем секілді болғанша араластырамыз.

IMG_6899

Ақуызынан бөлінген жұмыртқаның сарысына қант қосып,

IMG_6900

араластырамыз.

IMG_6902Түсі ағарғаннан кейін алдын ала араластырып алған ақуызға құямыз.

IMG_6904Екеуін ақырындап араластырамыз.

IMG_6905

IMG_6906

Үстіне 1 стақан ұн,

IMG_6907 (1)

0,5 стақан какоа саламыз да, араластырамыз.

IMG_6911

Оны табаға салып, 180 градуста пісіреміз.

IMG_6912

Бисквит 4 дана болады: 2 ақ, 2 қара.

Крем дайындауға көшейік.

Сүтке қант қосып, оны отқа қоямыз.

IMG_6916

 Басқа бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып,

IMG_6917

 араластырып дайындап қоямыз.

IMG_6918

 Оттағы сүт пен қант қайнағанша араластырып тұрамыз.

IMG_6920

IMG_6922

 Ол қайнағанна кейін жұмыртқаны аздап құйып тұрып, тез араластырамыз, әйтпесе, жұмыртқа пісіп қалады.

IMG_6923

 Үзбей араластыра беру керек.

IMG_6924

 Қоюланғанда отты өшіріп, салқындағанша күтеміз.

IMG_6925

IMG_6926

Майды ерітіп,
IMG_6938
еріп тұрған майға ванилин салып,
IMG_6939
 миксермен араластырамыз. Сол кезде май әппақ болып, екі есе көтеріледі.
IMG_6940
Салқындап тұрған жұмыртқаны 1 қасықтап
IMG_6942
таусылғанша кремге қосып тұрып, араластыра береміз. Жұмыртқалар жылы болса, май еріп кетеді, сол үшін салқындағаны дұрыс.
IMG_6943
Әбден араластырамыз. Крем дайын.
IMG_6941
Енді торттың бетін әрлеу керекпіз. Ол үшін ыдысқа қара шоколадты бөліп саламыз. Рошен шоколады келеді.
IMG_6928
Оған дейін ыдысқа су құйып, оны қайнатып аламыз. Сол қайнап жатқан ыдыстың бетіне шоколад салынған шыныны қоямыз. Шоколад салатын ыдыс пен су қайнататын ыдыстың көлемі бір бітіне сәйкес болу керек.
IMG_6930
Будың ыстығынан шоколад ериді.
IMG_6931
Оны қасықпен араластырып жіберіп,
IMG_6932
 ыстықтай бір целлофанға құямыз.
IMG_6933
Суреттегідей фольганы табаның ұзындығы мен еніне сәйкес кесіп алып,
IMG_6935
 Целлофанның басын тесіп, фольганың үстіне өрнек салып шығамыз да, бірден мұздатқышқа салып қоямыз.
IMG_6937
Піскен бисквиттер салқындағаннан кейін бірінің үстіне бірін қойып, суреттегідей кесеміз.
IMG_6945
IMG_6946
Бірінші ақ бисквиттің шетін қойып, үстін жайлап қана сүтке малынған щеткамен аз ғана ылғалдатып шығамыз.
IMG_6947
IMG_6951
Крем жағамыз.
IMG_6952
 Одан кейін қара, ақ, қара қылып жалғастыра береміз. Бисквиттің бетіне сүт жағуды ұмытпаңыз!
IMG_6953
 4 қатар бисквиттің араларына крем жағамыз.
IMG_6954
IMG_6955
IMG_6956IMG_6957
Міне, осындай 4 қатар болады. Түстерін сәйкестендіріп қойыңыз.
IMG_6958
Бисквиттерді қойып болғаннан кейін барлық жерін креммен жабамыз да, мұздатқыштағы шоколадты шығарып, торттың шетіне жабыстырымыз.
IMG_6959
 Фольганы шетінен алып тастаймыз.
IMG_6960
Шоколадты жан-жағына жабыстырамыз да, әрі қарай фантазияны іске қосып, түрліше әсемдейміз.
IMG_6964
Ас болсын!
wahmat
Лаура Мырзақоңырова 

17 thoughts on “Шахмат торты”

  1. оте керемет торт екен!алайда мен туснбедим,фольгага болек болек кесип орналастырдынызба

    Жауап беру
  2. осындай духовкада онай писиретин тагамдарды кобирек жассаныздар. кунделикти самса чебуреки творгпен фаршпен жасалатын тамактарды жарияласа екен

    Жауап беру
  3. шетине шоколад жабыстамыз депти.ондай орнектелген шоколадты кайдан алган? Тусинбедим. Немесе калай жасаганын жазбай ма?…. Кызык

    Жауап беру
    • шоколадты ерітіп морозильникке салып коясыз деп анык жазылган гой, дурыстап окымайсыз ба. Тек жумысы коп уакытты алады

      Жауап беру
  4. Бул торт оте тамаша бiрак киын екен 2-3сагат кететiн шыгар.Бiрак мен таттi пiсiргендi унатамын.

    Жауап беру
  5. Бисквитке 500мл.сут деп жазыпты оны бисквитке косадыма? Коспаларды араластырып болгансон косадыма?

    Жауап беру

Камо үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау