ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДЫ ТҰТЫНБАС БҰРЫН БІЛІП АЛЫҢЫЗ…

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДЫ ТҰТЫНБАС БҰРЫН БІЛІП АЛЫҢЫЗ...

Заманауи тамақ өндірісі жыл сайын жаңа азықтарды шығарып келеді. ХХІ ғасыр адамына дүкен сөрелері  жер жүзінің түкпір-түкпірінен табиғи суларды, жерінде өспейтін тропикалық жемістер шырынын, қыстың көзі қырауда көкөніс пен жемістердің түр-түрін ұсынады. Бірақ соңғы кездері халық денсаулығына алаңдаушылық тудыртып жұрген химиялық қоспасы көп тағамдар көбейіп кетті. Солардың қатарында «энергетикалық» деген сипатқа ие сусындар бар.

Көз алдымызға сабақ үлгерімі өте жақсы студентті елестетіп көрелік. Емтиханнан бірнеше күн бұрын білімгер түн ұйқысын төрт бөліп, оған қызу дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ұйқы көрмеген студенттің басы мең-зең болып, шәй мен кофе көмектеспейтін жағдайға дейін жетеді. Осы кезде «энергетикті көрмейсің бе?!» деген дос кеңесіне құлақ асқан студент «Диззи» сусынын сатып алады. «Энерджи» сусынын бірнеше ұрттаған соң студент басының шайдай ашылып, ұйқысының түбегейлі қашқанын сезеді. Адам белсенділігін мұншама арттыратындай энергетикалық сусынның құрамында не бар екен деген сұрақ туындайды….

МҰндай сусындар тек химиялық қоспалардан дайындалады: кофеин, карантин, таурин аминқышқылы, глюкоза, матеин, мелатонин және кей сусындарға гуарана тропикалық жемісін қосады. Енді құрамға енген бұл заттардың қасиеттеріне жеке тоқталайық. Кофеин жүрек қан тамыр жүйелерінің жұмысын жақсартады, әсерінен адамның ми қызметінің жұмысын жеделдетеді. Карантин адам ағзасындағы майды қышқылдандырады, нәтижесінде бұлшықеттер жиырылып, шаршау сезілмейді. Таурин аминқышылы медицинада жүрек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бірақ,0,5 литр энергетикалық сусынға не себепті 1000 мг. таурин қышқылы қажет?! Оны көп мөлшерде қабылдау, керісінше кері әсер етеді. Глюкоза қанды көбейтеді. Бірақ дозасының тым көбеюі ағзаға қауіп төндіреді. Матеин – тропикалық жеміс ағашы, ол қарынның ашқанын білдірмейді. Мелатонин – денеге алдамшы күш беретін химиялық зат. Бұл қоспалардан кейін сусын көп мөлшерде газдалады. Газдың денсаулыққа зияныаз емес.

Дания және Норвегия елдерінің білікті дәрігерлері сусындардың сатылуына қатаң тыйым салған. Себебі оның құрамына кіретін  формацевтикалық қоспалардың мөлшері дозадан тым асып кеткен. Бұл адам денсаулығын түгел апатқа ұшыратуы мүмкін. Энергетикалық сусынды қабылдағаннан кейін алғашқы 3-4 сағатта адам өзін «қуатталғандай» сезеді. Бірақ сусын күшін жойғаннан кейін бас айналу, лоқсу, ұйқысыздық, соңынан барып күйзеліс мазалайды. Сусынды бір рет тартып көрген адам енді оның ырқынан шыға алмай қалуы мүмкін. Күніге екі бөтелкеден артық ішкен жанның терісі құрғап, шаш түсу байқалады. Уақыт өте келе қан қысымы жоғарылап, аяқ қолдар қалтырай бастайды. Соған қарамастан, адам диззи сусынын ішкісі келіп тұрады. Жанымен қоса, тәні де нәзік қыз балаларға бұл сусын тіпті зиян.

Қымбатты, айқаракөздіктер!Денсаулығымызға жауапты өзіміз екенін ұмытпайық! Егер энергетикалық сусынды татып көрмеген болсаңыздар, оны көруге әрекеттенбегендеріңіз абзал!

 Сурет: vesti.kz

1 thought on “ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДЫ ТҰТЫНБАС БҰРЫН БІЛІП АЛЫҢЫЗ…”

  1. Гүлдің құнарлылығын арттырып жайқалып өсуі үшін бірнеше тұқымның қабығын 1 литрдеи суға салып қоямыз. сосын оны бірнеше күнге аузын жауып қояды. Кеиін гүлдерге аз мөлшерден құйып отырады. Иісі жағымсыз болады. Бірак әсері жаксы, сонымен қатар бананың қабығын солаи жасаса болады.

    Жауап беру

Leave a Comment