Ірімшік бауырсағы – дәмді және тез

Бұл тағам түрі дәмді және өте тез жасалады. Әсіресе оразада сәресіге не ауыз ашар уақытқа туралап, лезде пісіре аласыз.

Құрамы:

200-250 гр.ірімшік (майлылығы 9-18%);

1 жұмыртқа;

3 ас қасық қант;

жарты шәй қасық қамыр қопсытқыш (разлыхлитель);

100 грамм ұн (қажет болса, аздап тағы қосыға болады);

бір шымшым тұз;

қуыру үшін өсімдік майы.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Ірімшік, қант, жұмыртқа үшеуін араластырамыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қамыр қопсытқыш пен тұз қосамыз.Дайын болған қоспалардың үстінен ұнды ақырын сеуіп және араластыра отырып, қамыр илейміз. Ол қолға кішкене жабысып тұру керек.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп, қалыңдығы 3,5 см болатындай етіп созамыз. Оні кішкентай бөліктерге бөлеміз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Қазанды отқа қойып, өсімдік майын қыздырамыз. Майдың мөлшері ішінде бауырсақтар жүзетіндей болу керек. Май қызды-ау дегенде қамырды салып, қызарғанша қуырамыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Үстінен қант ұнтағын сеуіп, ыстық күйінде де, салқын күйінде де дастарханға қоя аласыз.

Ірімшік бауырсағы - дәмді және тез

Астарыңыз дәмді болсын!

11 thoughts on “Ірімшік бауырсағы – дәмді және тез”

  1. Ірімшік дегенге ол қалай болар екен деп ойланып отырсам, суретте творог-сүзбе тұр ғой. Ірімшік-Сыр! жақсы мәзір екен. жасап көремін.

    Жауап беру
  2. Мен писиру жолдарын корып коз алдыма елестетып отырмын. Татты болатыны белгылы. Шаймен оте керемет

    Жауап беру
    • майонезбен дайындалатын салат түрлерін білетін болсаңыздар жазып жіберіңіздерші өтиніш

      Жауап беру

Гулнур үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау