ҚЫЗЫМ МЕНІҢ

 

 

Қызым менің,

Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.

Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,

Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

 

Қызым менің,

Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.

Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан,

Жемісіңді қалаған үзіп жегін.

 

Қызым менің,

Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.

Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,

Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

 

Қызым менің,

Бой жетерсің, боялып қызылға ерін.

Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,

Анаң сенің атанған түзу келін.

Өлеңді жазған: ҚАЛҚАМАН САРИН

6 thoughts on “ҚЫЗЫМ МЕНІҢ”

Mika Kassymovna үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау