Құстар

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Толық алфавит бойынша түс жору www.tuszhoru.kz сайтта бар.

16 thoughts on “Құстар”

  1. иә… ең сұлу құс – Аққу туралы неге жазбаған? мен де көріп едім, махаббатқа жорыдым да қойдым

    Жауап беру
  2. мен кеше тусимде, жолда келе жатыр екем кара мысык шауып шыкты жол кеспекши болды да баылып калд, и осы тус бугн онимде дал сол жагдай болды жолда келе жатканымда кара мысык шауып шыкты да басылып калд, не ойлауга болад

    Жауап беру
  3. Әр адам өз түсінің режисері қандай түс көорсеніз тек ғана өзініз жорыныз, көпшілікке жария етуге болмайды.

    Жауап беру
  4. «Ақсақ киік, аялдап жетеді» деген нақыл сөз баршанызға белгілі, біз түс дейміз аян болашақтағы өніміз

    Жауап беру
  5. мен тусимде бир топ когершинди клеткадан босатып ушырып жибериппин ол калай жорылады отиниш жорып берсениз

    Жауап беру

Нұржамал үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау