Ұмыт болған махаббат

Ұмыт болған махаббат

 

* * * 
Қыста ол маған тірі гүл әкеп берді. Мейрам болмаса, жай күні тірі гүл сатпайтын ауылдағы мен үшін бұл — сыныптастарымның алдында абырой. Ертесіне тағы да гүл. Бұл жолы бір тал қызыл раушан емес, бір тал ақ раушан. Қатарынан 6 күн «жәй ғана» гүл алу — сегізінші сынып оқушысы үшін бақыт болатын. 
* * * 
Ол маған ұнай бастады. Жүрісі де, киімі де, шашы да өзіне жарасымды. Әсіресе, керемет билейді екен, бұрын байқамаппын. Достарының арасында абыройы мықты, бітіруші сынып жігіттерімен жақсы араласатын сияқты, басқаларын тіпті ұрып жатқанын көргенмін. Тек… Ол маған гүл сыйламай кетті. 

* * * 
Айнұр әкелген хат жүрегімді тарсылдатып қоя берді. Екі күннен соң келісім берген хатымды тағы да Айнұр әкетті. Енді ол — Айгерімнің жігіті емес, менің жігітім. Тоғызыншы сыныбымды есею деп ұғыппын.

* * * 
Айгерім құдашам болса да, менімен араласпай кетті. Оны қатты жақсы көрген екен, хаттарын да оқыдым. «Ол» оқытты. 

* * * 
— Түн болғанда қайда барып келдің? а?
— Мама? І-і-і… Аружаннан кітап сұрауға барып ем, мен іздеген кітап онда жоқ екен. 
— Мынау көршінің үйіне сонша жоқ боп кеттің бе?
— І-і-і… Өзі ғой отыра тұрш деген.
Анама өтірік айтатынды шығардым…

* * * 
Мектепке баруға асығатынмын. Қоңырау соғылған сайын көрем оны. Менен бір сынып жоғары оқитын оның достары, сыныптастары коридорда көре қалса, менімен амандасатынды шығарды.

* * * 
— Қайдан келе жатырсыңи екі кештің ортасында?
— Папа, Дариғадан кітап әкеле жатырмын.
— Түнде жүрмей, күндіз сұрап қойсай кітабыңды.
Әкеме де өтірік айтқан кезім болды…

* * *
Бір күні қаладан ағам келді. Бәрі дастархан басында отырғанда зып беріп далаға шығып кеттім. Ысқырық естіліп тұрғанына біраз болған. Сыртта сіркіреп жаңбыр жауып тұр екен. Кездесіп тұрдық. Біраз уақыт өтсе керек, көшеге менің атымды атап, ағам шықты. Мен не істерімді білмей, үнсіз тұрдық. Ағам қора жаққа бет алғанда, забордан секіріп, залға барып, өтірік ұйықтап қалдым. Біраздан соң ағам келіп, шашымның су екенінін байқай сала, лекция оқи бастады. Іштей сезген болар. Қанша сөз есітсем де, «үйде болдымға» басып, жеңістік бермедім.
Ағамды да алдағам…

* * * 
Маржанның туған күнінде түнгі 11-ге дейін әрең сұрандым. Туған күн иесін құттықтай сала, онымен бірге кетіп қалдым. Ауыл сыртындағы үлкен тастың үстінде отырып, әңгімелестік. Айтылған уақыттан кешіккенім үшін емес, туған күнде болмағаным үшін әкемнен ұрыс естідім. Маржанның үйіне звондайтынын қайдан білейін…

* * *
Арманымыз көп болатын. Оқу бітіріп, үй боламыз деуші ек…

* * * 
Ол 11- сыныпты бітірді де, қалаға кетті. Менің мектепте аяқтау тиіс бір жылым бар еді.

* * *
Мен оны қатты сағынып жүрдім… 

* * * 
Мен де студент болдым. Ортам өзгерді. Өзім өзгердім. 

* * * 
Жұмысқа орналастым. «Мен өмірімді өзгертем деп талпындым, Өмір мені өзгертті» ©

* * * 
Ұмыт қалған кіршіксіз махаббат өзгерді ме, жоқ па, ол өзіме де белгісіз…

Сурет: soneta.ru

11 thoughts on “Ұмыт болған махаббат”

  1. Жигиттерге айтеуір бериле салса болды……Баска ойлайтындары жок….Мумкин сендердин апке-карындастарында бериле салып,жылап журген шыгар………

    Жауап беру
  2. оте тамаша жазылган трагедия,кы3 баланын киршикси3 мхт,ер баланын откнши се3ими.не деген романтика!па ширкн!

    Жауап беру
  3. Алғашқы махаббат! 10 жыл бұрын алғаш ғашықтық сезімді бастан өткердім. Әр күнім, онымен өткізге әр сәтім, әр сөзі әлі есімде. Бір тәтті түс секілді. Пәк махаббат, нәзік сезім. атын естігеннен жүрегім тулап қоя беретін. Сабақ оқимын деп бөлмеге кіріп кетіп, күнделік жазып отыратын күндерім-ай! Есіме алсам, жүрегім ауырады. Жастық шағымды әлі қия алмай жүрмін. Қайта оралмас күндер-ай.

    Жауап беру
  4. Ол кезде сотка жоқ етін. Далада күтіп отыратын, болмаган соң терезені қағатын. Терезе қағылғаннан зып беріп шығып кетем. Амандасып үлгерем, артынша ағам шығатын. Бір жақсы жері ол ағаларымды танитын, амал жоқ ағаммен өтірік әңгіме айтып қайтатын. Кейде мен шықпай қалсам, өтіріктен су сұрап, мені бір көріп кететін. Інім айтатын, «осы-ақ тазы ит сияқты шөлдейді да жүреді екен қыстың күні-деп жақтырмайтын. Ол да мені айналшықтап жүрегнін сезсе керек.) Көрші бала сыныптасым етін. Соны жібереді үйге. Бір есебін тауып оның келіп тұрғанын айтып кететін. Мен шыға алмай, кеш басталғаннан күнде ішім біртүрлі боп ауырып жүретін уайымдағаннан. Оның әр келгені әрі уайым, әрі қуаныш болатын. Үйге тел соғады. Шәй ішетін бөлмеде тұрғандықтан онымен де сөйлесе алмайтынмын. м я деп тел тастайтынмын. Онда да бірнеше секунд. Ағам ана бөлмедегі екінші тел тыңдауға кетіп бара жатқанын біліп, ол жетем дегенше тастап үлгеретінмін, Біздің кездесуіміз де, сөйлесуіміз де осы ғана болатын. Соның өзіне бір көріп үлгеріп қалғаныма мәз болып ұйықтайтын едім.)

    Жауап беру
  5. Мені алғаш сүйіп алғаны үшін ұрысып бергенім әлі есімде. Алғашқы сүйіс! Қандай ыстық десеңші! Үйге келіп, айнаға қарап мәз болып, сол түн бойы қуаныштан көз ілмей жаттым. ) Өзім 2 жыл бойы сол жігітке сырттай ғашық боп келсем де, ол сөз салғанда «ия»-деп айтуға ұлып екі рет жоқ деп қайтарып жібергем. -сінде құлағым шалыс естіп «ия»-деп айтып қалғаным қандай жақсы болған ))))

    Жауап беру

Leave a Comment