Соңғы кездері блогымда әдемілік жайлы мақалалар азайып кеткен сияқты, осы пробелды толтыру үшін арнайы пост қажет болды. Алдында бір үйде жатқан журналдарды ақтара отырып, пайдалы деп тапқан кеңестерді сіздермен бөлісе отырайын.
1. Көбімізде отырып жасайтын жұмыс болғандықтан, аяқты айқастырып отыру тіпті әдет болып кетті десек артық айтпайтын шығармын. Алайда бұл «арылу керек» әдеттердің қатарында екен. Аяқты айқастырып отыру көк тамырларға зиянын тигізеді. Осыдан барып варикоз пайда болып, қан ұйып, тамырлар арқылы қанның тарауына үлкен әсері бар екен. Сондықтан осы әдеттен ерте арылған өздеріңізге пайдалы.
2. Біздің қандай кейіпте ұйықтайтынымыз да көп роль атқаратын көрінеді. Мысалы, ішпен жату немесе бүгіліп ұйықтау деген сияқты позалар бет терісінің дұрыс қайта қалпына келмеуіне ықпалы бар екен. Сол себептен таңғы уақытта көзіміздің үстіңгі қабағының ісіп, ал кейін әжімдердің де тез түсуіне әсер етеді. Мұндай кемшіліктерді түзеу үшін арқамен жатып ұйықтауға дағдылану керек деп кеңес береді.
3. «Жалаң аяқ қыз, жалаң аяқ» деген өлеңнің кейіпкері, дәл сол жалаң аяқ жүрудің денсаулыққа зор пайдасы бар екенін білсе керек. Дәл солай, қыздар әсіресе, биік өкшеден кейін аяқтың біраз демалып, қан айналымын жақсарту үшін жалаң аяқ жүруге кеңес береді мамандар. Жалаң аяқ жүру мүмкіндігі бар бола қалса, бірден тайынбай аяқ киімді шешіп тастау керек екен… ))
4. Ащы тағамды жақсы көретіндерге де біраз сын. Тұзды көп жеу – ағзадағы судың алмасуын баяулатып, кейін ісінуге себеп болады екен. Сондықтан тұзды аз жеп үйрену керек, плюс бұл дағды біздің дәм сезу қызметімізді жоғарылататын көрінеді.
5. Ағзаны ара-тұра тазартып тұру керек. Ол үшін апта сайын тағамға күріш қосып отырған абзал. Апта сайын 250 г. күріш (каша болса тіптен жақсы), құрамындағы калий арқылы қажет емес шлактарды шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар күрішті көкөністермен пайдалану тазарту жұмысын екі есе жақсартады.
6. Соңғы кеңес, әсіресе, қыздарға. Қолды әр сабындап жуған сайын қолға арналған кремді пайдаланған жөн. Көбіне кондиционер, тіпті компьютерден де қолдың сыртқы терісі құрғап, кейін қол терілерінің ерте қартаюына ықпал ететін көрінеді. Сол себептен қол кремдері сіздердің айрылмас атрибуттарыңызға айналуы тиіс дейді мамандар.
Мен бул кенестерге келисемин.
Меним АЙКАРАКОЗге аитар отинишим беттеги БЕЗЕУ жайлы жазсаныздар! Меним бетимдеги безеу коп одан катты уялам,бари сырттан сойлейди.
Жигитпен сойлесейин десенде улкен кедерги.
Меним ен катты сурауым безеу кеттиру!!!…….
Сәлеметсізбе Айқаракөз! Сіздердің қыз-келіншектерге арналған сайттарыңызды оқып қуанып қалдым. Көпшілікке қол жетімді әрі күнделікті тұрмыста көп көмегі бар, бет күтімі, шаш күтімі, көз, қол күтімі деген сияқты кеңестеріңізді пайдаланып, жақсы нәтижесін көріп жүрмін. 25 жасқа дейінгі көз айналасының терісіне арналған күтімді жассаңыздар көп қыз келіншектерге көмек болар еді. Көз айналасындағы терінің күтіміне арналаған иісмайларды қолданып келемін. Бірақ теріс нәтиже болмаса, оң нәтиже байқамадым. Менің терім бала кезімнен құрғақ болатын. Соңғы жылдарда ұсақ әжімдер түсе бастаған сияқты Күнде кешкісін арнайы иісмай жағуды әдетке айналдырғанмын. Бірақ, тез көмектесетін иісмайды еш жерден таппадым. Алдын ала рахмет
koltik jundi kalai jogaltuga bolat?
kalai muldem,,wigarmauga bolat?
asem, julyp tastasan keide wygady, birak ol rak auruyna waldyktyrady. baska amal jok siakty.
Беттегi кызыл бортпелерден калай кутылуга болады комектесындершы достар…
Салеметсиздерме! Сурайын дегеним. Аякты калай тузетуге болады? Мен бир хирургпен сойлестим ол киси айтады,(аяктын балтырына ишнизден май алып саламыз н/е гель куямыз дейди) мен ойладым май алп салганша май шыгару керек деп, соган кандай кенес айтасыздар?
Маган торсылдак ветрянка шыккан. Бетимде коооп тыртык калып калды. Озим торсылдакты тырнап тастап едим калып калды. Енди осыны калай жогалтсам болады??? Комек бериниздерши? Негизи озим адемi едiм!( сол сулулыгымды кетирип тур…