Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады.
Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз.
Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика.
Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.
Авторы: АқЗере
Өте жақсы жазылған маған қатты ұнады.Осы айтылғандардын барлығымен де келісемін.
ия мен буган келисем.аркез адеми бола блейк
ия шынымен де көп адамдар еліктеймін деп немесе ерекше көрінемін деп өздерінің табиғи болмысын жоғалтып алып жатады.және әдемі боламын деп баттастырып боянып табиғи сулулығын да жоғальтады. сондықтанда бармен базар бола білейік.табиғаттың берген сулулығына жетер сулулық жоқ қой, шіркін!
Мен кей адамдарға таң қаламын, өздерін кемсітіп менің ана жерім,мына жерім ұнамайды деп жазады. Бірақ сіздер қателесесіздер, сіздер өздеріңізді әлемдегі ең әсем жанмын деп сезініңіздер сол кезде сіздің бойыңыздағы өзіңізді бағаламаушылық жоғалып кетеді.Бірақ есте сақтаңыздар «СҰЛУЛЫҚ БЕТТЕ ЕМЕС ЖҮРЕКТЕ».
жақсы айтылған рас))
Ия арбир адам озин адеми деп билу керек мен сиздин пикиринизбен косыламамын.Мысал келтирсек адам баласы гул сиякты гой кандай гул болсын 2гулди алып 1гулге адеми создер айтып сен ен адемисин жаксы осесин сенин жапырактарын дуниеде жок жапырактар деп мапелеп осирсек арине ол гул коздин жауын алатындай сулу болып оседи. Ал 2гулге сен кориксизсин жапырактарында жаман десек ол гул ен жаман тикенекти болып шыгады