Арықтаудың жолы – спорт

Әлбетте, спортпен шұғылдану денені жақсы қалыпта ұстауға көмектеседі. Алайда арықтауға спорттың әрбір түрі келе бермейді екен. Осы мақалада спорттың қай түрі арықтауға жақсы көмектеседі, соны қарастыратын боламыз.

Жаттығу залы

Денеге күш түсіру – арықтаудан бұрын, дене бұлшық еттерін қатайтуға, жинақтауға жақсы көмектеседі. Егер жүгіру жолағында қырық минут жаттығуға ынтық болмасаң, жаттығу залында да салмақ түсіруге болады. Алайда ол үшін арнайы үзілмелі әдісіндегі жаттығулар жасалады. Жаттығулар аэробтық тәсілмен – сериялармен іске асады. Мысалы, негізгі бұлшық ет топтамасына демалыссыз 10-12 жаттығуды 2-3 реттен қайталау керек. Басқа түрі – әр бұлшық ет топтамасына күш түсіріп, алмастырып отыру. Және қысқа кардиожаттығулар – жүгіру жолағында немесе эллипсоидте (5 минуттан).

Мамандар үзілмелі әдіс жаттығуларының кемшілігі қарқынды қозғалу деп санайды. Мұндай жаттығуларды аптасына 2-3 рет жасаған жеткілікті. Егер қалыпты тыныс ырғағын ұстана отырып, демалыссыз 10-15 жаттығу жасаған қиын болса кардиожаттығу залына, не аэробикаға жазылған дұрыс.

Кардиожаттығу залы

Жүгіру жолағында немесе сол сияқты кез-келген кардиожаттықтыруда тамыр соғысын бақылау оңай, яғни арықтау да қол жетімді. Онымен қоса, жүгіру де міндетті емес, кейде тіпті қауіпті де – тізе буындарына күш түседі. Пайдалысы – бірқалыпты тез жүру. Жүйелі түрде арықтау үшін, күшті түсіруді біртіндеп ұлғайту керек (жылдамдығын, қарқындылығын арттыру, өрлеу бұрышын өзгерту), ал жаттығу құрылғысын уақыт арасында ауыстырып тұрған жөн. Ағза уақыт өте келе бірқалыпты күш түсіруге үйреніп алып, май кетіруді тоқтатады. Сол себепті оны әрдайым таң қалдыртып отыру керек. Бүгін степпер. Ертең жүгіру жолағы. Одан кейін тіпті топтық веложаттығуларға да көшсең болады.

Маманның кеңесіне сүйенсек, жәй ғана педальдарды айналдырғаннан гөрі топтық веложаттығулар тиімдірек. Бұл жерде сен толық қырық минут өткізесің. Сонымен қатар азарт пайда болады. Ал жаттықтырушы тыныс ырғағын қадағалап, бәрі тек пайдалы болуына ықпал жасайды.

Үлкен теннис

Теннисте (басқа да спорт түрлері сияқты) тамыр соғысын қадағалау қиын, сәйкесінше аэробтық зонаға түсетін күшті де бақылау қиынға соғады. Сол себепті бұл спорт түрін арықтаудың бірден-бір құралы ретінде қарастыруға болмайды. Қызықты ойын барысында калориялар байқаламай таралады, бұдан бұлшық еттер қатайып, жинақтала бастайды. Бірақ бұл ұзақ жаттығулар мен қарқынды қимыл-қозғалыстың арқасында іске асады. Жаңадан үйреніп жүргендерде басты күш соққыларға жұмсалады. Май кетіру жұмысы жолақта бірқалыпты жүрудегідей кең көлемде іске аспайды. Теннистің мақсаты басқа. Қанағаттану, мысалы.

Шарапова мен Уильямстей болу үшін әрине тенниспен жастайыңнан айналысу керексің. Онда да күніне бірнеше сағаттан.

Йога және керілуге арналған жаттығулар

Философиясынан басқа, йога – денені керілтуге ықпал етеді және жеңіл күш түсіретін арнайы жаттығулардан тұрады. Ішкі май қыртыстарын кетіретін арнайы позалар бар, алайда бұл артық салмақтан арылтатын оңай жол емес. Ең қиыны сол позаларға тұру емес па? Егер йогамен айналысуды жаңа бастап жүрсең, жаттығу залынан кейін немесе қарқынды қимыл-қозғалыс, денеге күш түсіруден кейін өте пайдалы. Ол сүт қышқылын тез «айдауға» ықпал етеді, ал бұл күш түскен бұлшық еттердің тез қалпына келуіне көмектеседі. Стрейч-жаттығулардың ең үлкен артықшылығы – әр бұлшық етті керілтуге мүмкіндігі бар. Нәтижесінде сен өзіңді тартымды, әрі сымбатты сезінесің. Майларды кетіруге арналған кардиожаттығулар және бұлшық еттерді қалыпқа келтіретін жеңіл күш түсіру жаттығулары, бәрі бірге аз уақыт арасында идеал фигураға жеткізетін бірден-бір жол.

Жүзу

Суда арықтауға әлбетте болады. Біріншіден, жүзу әр адам баласына өте пайдалы. Сонымен қатар су толқындарымен қимылдау жеңіл, ал көп қимыл жасаған сайын жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. Жүзу кезінде дененің барлық бұлшық еттері қозғалысқа түседі. Алайда бассейннің бір басынан екінші басына баяулап жүзе беруден ештеме шықпайды. Арықтау үшін, аптасына 2-3 реттен, бір сағаттай шапшаң жүзумен айналысу керек.

Жүзуден жалыққанда аквааэробикаға көшкен дұрыс. Бәрі бұрынғыдай болады, бірақ одан да қызығырақ. Ішкі бұлшық еттерді қатайтумен қатар, біраз уақыттан кейін артық салмақтардың кеткінен де байқауға болады.

Пайдалы кеңестер:

1.    Күнде жаттыққан ағзаға күш түсіреді. Алайда аптасына екі реттен аз жаттығу да көп нәтиже бермейді. Тиімді нұсқа – аптасына 3-4 рет жарты сағат жаттығу. Кардиожаттығу басым болғаны дұрыс, ал күш түсіру жаттығулары қосымша жүрсе тіптен жақсы.

2.    Жаттығуларды алмастырып отыру қажет. Әйтпегенде ағза бірқалыпты жаттығуларға үйреніп, калорияларды кетіруді тоқтатады.

3.    Жаттығуларды ләзаттана жасау керек. Ағзаны қинағаны үшін ол да кек қайтаруы мүмкін. Калорияларды кетірмей, керісінше салмақ қайта қосыла беретін кездер болады. Сол себепті тек денені ғана ойламай, жанның қалауын да тыңдаған жөн. Жаңашылдықтан қорықпа. Бәлкім тың жаттығулардан өзіңе қызықтырағын табасың.

4.    Сан – әркез сапаны білдірмейтінін ескер. Тым көп денеге күш түсіру – кейде қауіпті де. Салмаққа түсетін күшті біртіндеп көтеру керек. Бастапқы үш апта – үйрену кезеңі. Әр жаттығу күнінен кейін 5 минуттан қосып отыр.

5.    Арықтау принципі де адамның конституциясына байланысты. Егер табиғатыңнан сен бас жақтан аяқ жаққа қарай арықтайтын болсаң, бөксе майлары ең соңғы кететінін ескер. Уақытты жылдамдатудың қажеті жоқ.

 

Дайындаған: АқЗере

АРМАНЫҢДАҒЫ ЖІГІТКЕ ЖОЛЫҚТЫРАР 16 ҚАДАМ

Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ма? Немесе қолыңда барларарға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не істеуім керек” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен бастауың керек.

Үш жыл бұрын “тәуір-ақ” жігітпен жап-жақсы қарым-қатынаста өмір сүргем. Ол абзал, ақкөңіл, қамқоршыл болатын. Алайда ол менің өмірімді төңкеріп жіберетін адам емес екенін басынан білгенмін. Бізді ешқандай ортақ қызығушылықтар немесе ортақ ұйғарымдар байланыстырмады. Мен оның Шумахерді сүйіп көретіндігін түсіне алмадым, ал ол менің табиғат аясында демалып, жорықтарға шығып, палатка құру қызығушылықтарымды түсінбеді. Мен кейде осы адаммен өмір бойы болу мүмкіндігін ойлағанда қайғырып кететіндей халге жететінмін. Ал сосын мен Домбайға шаңғы тебуге сапарға аттандым. Сол жерде, ойланып-толғанып, жақсы адамдармен жолығып, сөйлескеннен кейін, “тәуір-ақ” деген енді мені қанағаттандырмайтынын ұқтым.

Сол мезеттен бастап өзімнің алтын уақытымды менің арманымдағы жігітке тіптен ұқсамайтын жігіттерге құртпаймын деп шештім. Мен өмірдің ең үлкен бақыт мейрамында шаттанатын боламын, ал бір күні ол бәрібір жолығады деп шештім! Осының бәрін үйге келген соң өзімнің “тәуір-ақ” жігітіме түсіндірдім. Содан бастап біздің қарым-қатынасымыз үзілді. Бір күні диванда жатып арманымдағы жігіттің бейнесін қағазға түсірдім. Ол қандай болу керек? Сөйлескіш, ашық, сенімді, мені шексіз сүйетін, ақылды, ой-өрісі кең, әзіл-қалжыңы жарасқан, салауатты өмір салтын қадағалайтын, оқымысты. Сол сияқты тағы да өмірлік жолымдағы серігімде болуға керекті он шақты қасиеттерді жаздым. Жазғандарымды үстелдің жәшігіне салып би кешіне тартып кеттім. Бір айдан кейін қонақта арманымдағы жігіттің қасында отырғанымды сездім. Қобалжудан тілім байланып анада ғана жазып қойған тізімімнің әр қасиетіне қанатбелгі қоя отырып өз телефон номерімді әрең айттым. Айта алғаныма да Құдайға шүкір!

Ең кереметі – бәрі сондай жеңіл түрде өз орындарына қойылғандығы. Артқа көз жүгірте отырып мұның бәрі жағдайлардың сәтті тоғысуынан болғанын аңғарамын. Мен өзімді керемет сезініп жүрдім – өмірімде бірінші рет жігіттерден не қалайтынымды білдім. Ақылға салып, есейе келе маған құрбыларыма мақтана көрсететін қуыршақ Кен емес, әлдеқайда басқа тұлға керек екенін түсіндім. Сонымен қоймай мен оны қайтсем де табуым керек деген тұжырымды ұстанбадым. Мен жігітпен бе, жігітсіз бе – керемет өмір сүруге талпындым. Бір сөзбен айтқанда мен бақытты болдым. Мұндағы ең қорқыныштысы арманымдағы жігіт бәлкім одан ертеректе кездессе оны өте арманшыл, ұнамсыз деп бетін қайтарар ма едім деп ойлаймын… Мен оның ең жақсы қасиеттерін көре алмай қалатын ба едім – менің арманым екенін біле алмайтын ба едім…

Өзіңе керекті адамды көре білу оңай емес. Айналада сенің иделыңа сай келетіндей жасандылар өте көп және де сен өзің де идеалыңды кездестіруге әрқашан дайын бола бермейсің. Сондықтан көңілің қалып, алданып қалмас үшін біраз жұмыс істеу керек. Ең әуелі – өзіңмен.

1. Өз-өзіңді алдама
Сонымен сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа. Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың болмайтын қыз немесе жігіттердің саған жоламайды екендігін білдірмейді. Бұл сенің ер жетіп, ақыл тоқтатқан тәжірибелі екеніңді білдіреді.

2. Басқаларды да алдама.
Айналаңдағылармен сөйлескенде өзіңнің тәуелсіз және өз-өзіңе жетіклікті екеніңді сызып айтпа. Саған ешкім де керек емес сияқты түрді көрсетпе. Достарыңмен өзіңе лайық жігітті іздестірудемін деп ой бөліс. Оларға өз орталарынан саған лайық деген жігітті іздестіріп көрулерін сұра. Ал сосын қонаққа шақырып, тосын кездесу ұйымдастыруға да болады.

3. Өз өміріңе талдау жаса
Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және өз жігітіңе өміріңнің қанша бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше – оны табу қиынға соғады. Мынадай бір тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да көз мөлшерімен бірнеше секторларға бөл. Бір сектор сенің өміріңде карьераның алатын өлшеміне сай келу керек, келесісі – жігітіңе арнаған өлшемнің орны, үшіншісі – қызығушылықтарыңа, сосын хобби секторын белгіле, достарыңа арналған сектор, және тағы да басқа өзіңнің қалауың бойынша бөлімдер. Бұл жай ғана диаграмма өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді.

4. Өзіңе қандай жігіт керек екенін шамала
Саған керек жігітте ең бастысы қандай қасиеттер болу керек, қандай қасиеттерін сен көтере аласың, ал қандай жаман қасиетіне шыдай алмайсың, соны шешіп ал. Егер идалыңды ешқалай суреттей алмай жатсаң бір қағаз алып үш графаға бөл. Өзіңе таныс қасиеттерді алып тізімге сәйкесінше ретімен жаз. Басыңда әруақытта осы қасиеттерге ие адамның бейнесі жүрсін. Сонымен қатар бұл қатып қалған тізім емес екенін ұмытпа, жағдайға байланысты өзгерістер енгізіп отыруыңа да болады.

5. Стереотиптерден құтыл
Бірнеше этаптардан кейін “әдемі және бай” деген міндетті түрде “ақкөңіл, сені шексіз сүйетін және сенімді” болып шықпайтынын түсінесін. Мүмкін, сені шексіз бақытты ететін жігіт олигархтан гөрі есепшіге ұқсайтын шығар. Егер бұрынырақта аздап “шашы түскендер” сен үшін сұмдық нәрсе болса, бертін келе бұл процесс ерте ме, кеш пе көптеген еркектерді қамтитынын түсін. Өзіңнің сарыторы немесе жұқа ерінді жігіттерге деген жеккөргіштігіңмен күресу үшін адамның сыртқы келбеті бойынша қандайына “жоқ” деп айта алатыныңды шешіп ал. Сондай бір жігіттің келбетін салып көр. Енді осы бір адам сені машинаның астына түсуден құтқарып қалғанын немесе саған миллион раушан гүлін сыйлағанын елестетіп көр. Сарыторы жігіттерден бірінші “адамды” көруге тырыс, содан кейін ғана келбеті екенін ұмытпа.

6. Өткен өміріңді өзіңе жұмыс істет
Барлық “бұрыңғыларың” әркез сені тастап кететін бе еді? Ауыртпашылық пен көңіл қалушылық – сенің кез-келген романдарыңның сөзсіз атрибуттары деп ойлайсың ба? Мынаны ескер: барлығымыздың да күйініш пен мұңға толы жүгіміз бар. Өткен қорқыныш пен қатып қалған стереотиптер ары қарай өмір сүруге кедерегі болмас үшін оларды өзіңнің жақтасың етіп алу қажет. Өткен қателіктердің арқасында болашағың үшін жақсы сабақ алуға тырыс. Өзіңнің соңғы қатынастарыңа талдау жаса. Егер соларда, мысалы, сенімсіздік, түсініспеушілік, қызғаншақтық сияқты ортақ сарын көрсең, осы сценариялар қайталанбас үшін өзіңде нені өзгерте аласың – соны түсініп көр. Мүмкін бұл жайлы психологпен де ақылдасып көрерсің?

7. Өз-өзіңді сүй
Өз-өзіңді сүй. Бұл үшін жұмысқа бара жатып “Мен ең әдемімін, ең көріктімін” деп қайталау қажет болса да. Өзіңе саған шексіз ғашық жігіттің көзімен қарап көр. Саған бетіңдегі иірімдерің ұнамай ма – жақсы көр. Бетіңнің барлық әдемілігі сол иірімде деп ойла. Тісінің ортасындағы саңылауды өзінше бір сексуалды тартымды етіп қойған Мадоннаны еске алшы. Немесе ерінінің үстіндегі меңімен Синди Кроуфорд. Кішкентай айнада келбетіңді бөлек-бөлек қара – әр қатпаршағыңды, әр меңің мен иірімдеріңді жақсы көруге тырыс. Өз-өзіңді сүюден ұялма. Өйткені дәл солай саған жігіттердің қарағанын қалайсың ғой.

8. Өзіңе жаңалық аш
Егер сен өміріңе риза болып, жаңа әсерлерге ашық болсаң, бұл бірден айналаңдағыларға біліне бастайды. Жылдар бойы істемей, тастап кеткен жұмыстарға кіріс, мысалы гүл отырғыз немесе қайың суын теру үшін қала сыртына шық. Бұрыннан армандап келе жатқан істермен айналыс – фотоаппарат сатып алып өзіңді репортер сезін, үнді немесе фламенко би курстарына жазыл. Бұл қызық емес деп ойласаң экстремалды спорт түрін аш – дельтапланмен ұшу немесе сарқыраған өзенде салмен түсу деген сияқты. Адреналин өмір сүру құмарлығын оятады, бұл болмысты тартымды етеді.

9. Үйде отыра берме
Үйде отырып жігіт табамын деп ойлама. Подъезд тұрғындарының жиналысына болсын, немере сіңлілеріңнің саяжайына жексенбілік қыдырыс болсын – шақырған жерден қалма. Адамдармен сөйлесуге болатын сылтаулардан бас тартпауға тырыс. Бұл жолмен сен өзіңнің тағдырың болатын адаммен жолығу мүмкіндігін арттырасың. Шетте қарап тұрма, сонымен қатар күштеп сөйлесу де қажет емес. Жай ғана өз-өзіңмен бол және де өзіңе қызықты адамдармен әңгімелес.

10. Ғажайыпқа сен
Есейе келе бақыттың аспаннан салбырап түсетініне күмәнді болып қалғандаймыз. Ал бұл бекер. Өйткені ең керемет, ғажап, фантастикалық сәттер кез-келген жерде, кез-келген уақытта болуы мүмкін: ертең таңертең, демалыс күндері, келесі аптада – ешкім қашан болатынын білмейді. Бірақ болатынына сен.

11. Басқалардың қателіктерінен сабақ ал
Өзіңе теріс тәжірибе жеткіліксіз деп санайсың ба? Егер де жеткілікті десең де реніш пен ауыртпашылықтың арқасында өзіңнің қателіктеріңді байқай алмауың мүмкін. Сондықтан құрбыларыңның қателіктерінен, басқа бір әйелдердің естеліктерінен және танымал адамдардың өмірінде болған жайттардан үлгі алып, қателіктерінен сабақ алу керек. Сәттіліктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасап көр.
Сенің ойыңша кейіпкер әйел нені дұрыс жасады, керісінше қай жерде қателескенін жаз. Өзіңді соның орнына қойып, сен қандай шешім қабылдайтыныңды ойланып көр. Жауап жұбанышты болмауы да мүмкін. Ең бастысы өзіңнің жауаптарыңа адал болу шарт – сонда ғана өміріңде басқа адамдардың қателіктерін болдырмауға тырысасың.

12. Еркектерді танып-біл
Тек қана әйел адамдардың қызықтары мен әуестерінде ғана тұйықталып қалма. Тартымды болу үшін маусым сән үлгісінің барлық үрдісі мен косметологиядағы жаңалықтарды біліп жүру жеткіліксіз. Жігіттің алаңында да ойнай білу керек. Сол үшін ең үздік және болашағы зор футболшы туралы немесе автомобиль өндірісінде қандай жаңалықтар болып жатқандығы туралы хабардар бол. Спорт жаңалықтарын көр, жаттықтыру залдарына бар, компьютерлік курстарға жазыл және автомобиль айдаудан 2-3 сабақ ал. Міндетті түрде жанкүйер немесе программист болып шығу емес – жай ғана “жігіттерше” бір-екі сөз оның саған деген қызығушылығын арттырады. Ал сен еркектердің өмірі жайлы біраз хабардар боласың.

13. Жетістікке қол жеткіз
Егер сен әлі де тамаша мансапқа қол жеткізіп немесе голливуд жұлдызы атанбасаң – еш айыбы жоқ. Өз қалауыңның ең мықтысы болуға тырыс. Шаш әрлендіруден немесе сөз жұмбақ шешуден байқауларға қатысып, жеңуге тырыс. Жетістік – тартымдылықтың ең күшті факторы. Бұл байқау жайлы ешкім естімесе де жеңіс саған өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады, ал бұл айналаңдағыларға әсер ететінін ұмытпа.

14. Өткеніңді қолға ал
Өзіңнің студент шақтарыңды немесе мектептегі алғашқы махаббатыңды еске ал. Сенің ойыңша бұл алтын кездер ме? Ең жақсы сәттеріңді өткізген ескі достарыңа хабарласып, жағдайларын біл. Олармен айтылатын ортақ әңгіме көп. Алғашқы махаббатың үйленіп, көп балалы болып кетсе де сен жай ғана ескі жолдасыңмен әңгіме-дүкен құрасың. Егер отбасын құрмаған болса ше – мүмкін болашағың оның қолында шығар? Бәрі де мүмкін…

15. Бағдарыңды өзгерт
Сен күн сайын бір ғана жолмен жұмысқа барасың, бір автобусқа отырып, күнделікті бір дүкенге кіресің. Өзіңнің күн тәртібіңді өзгерт, жұмысқа барар жолдың басқа бір жолын таңда, 1-2 аялдама жаяу серуенде немесе сауда жасауға орталыққа аттан. Мұны әрдайым істеп тұруға тырыс, мысалы 2 аптада бір рет. Біріншіден, бұл зерігуден құтқаратын жайлы және әсерлі тәсіл. Екіншіден, мүмкін сенің арманыңдағы жігіт екі жыл бойы параллель көшеде жүріп-тұрып жүрген шығар…

16. Момындықтан құтыл
Сәттілік сенен әрдайым жаныңнан өтіп кетеді деп ойлауға уақыт құртатындай өмір қысқа. Сен ең жақсыға лайықсың: ең жақсы қарым-қатынасқа, ең қызықты әңгімеге, ең еліктіргіш сауық-сайранға. Ескі, өзіңе ұнамайтын киімдеріңнен айрыл, өзіңе қызықсыз сұхбаттарды қоштама, залдан шығуға ұялып қызықсыз фильмдерді соңына дейін көріп отырма. Өміріңді “екінші дәрежеліктен” тазарт. Сонда ғана “ең” деген заттарға орын босайды.

Өз өміріне және өзіне көңілі толатындарға ғана бақыт келеді. Сондықтан өз өміріңе риза болуды үйрен, өзіңнің сәттіліктерің және жетістіктеріңмен өмір сүр, артықшылықтарыңды көре біл. Жігіттердің көмегінсіз-ақ бақытты бола алған кезде ғана сен ОНЫМЕН кездесуге дайын боласың!

Авторы: Ақзере

Қаныңа қарай жұбыңды тап

Бұрындары өмірлік жарды жаңылмай табу үшін жұлдызжорамалға, есімдеріне, мінездеріне қарай, т.б. болжамдар жасап, таңдап жататын.Енді қан тобына қарай сәйкестікті білуге болатыны анықталып отыр. Канадалық және жапондық ғалымдардың біріккен зерттеулері осындай нәтиже берген. Бұны басқа дәрігерлер де жоққа шығара алмайды.

Сонымен, қанның 1 – тобындағы қыз – келіншектер – жыныстық қатынаста белсенді болғанмен, өте қызғаншақ екен. Күші мығым, еркі мықты еркектерді жақсы көреді, аузынан сөзі, үстінен бөзі түсіп жүргендерге пысқырып та қарамайды.

2 – қан тобындағы әйелдер жыныстық қаты-насқа салқынқанды қарайды. Оларды төсек қатына-сына, әсіресе отбасылық өмірден тысқары қатынасқа тарту өте қиын. Дегенмен, қызып кетсе, тоқтату да оңай емес.

3 – топтағы әйелдер еркін жүрісті, жыныстық қа-тынасты аса қажет етпесе де жыныстық байланысқа жеңіл барады. Серігін қолғапша ауыстырып отыруы да ғажап емес. Оған ләззат беру де еркектер үшін оңай емес көрінеді, сол жағынан келгенде талайларды састырады.

4 – қан тобындағы келіншектер өте сезімтал, жоғары либодоға ие, тез оргазм алады. Кез – келген еркектен ләззат ала алатын әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Тума секс – терапевт, яки жыныстық қатынаста тартыншақтап жүрген еркектерге көмектесе алады. Ер азаматтардың қан тобындағы ерекшеліктерді қарастырсақ,

1 – қан тобына жататын еркектер барлық жағдайда лидер, сондай – ақ жыныстық қатынаста да. Төсек қатынасы оның өміріндегі негізгі қажеттіліктердің бірінен саналады. Қыз – келіншектердің жүрегіне қалай жол табуды біледі.

2 – топтағы ер азаматтар салмақты, адал, сенімді. Үлгілі отағасы бола алады. Өз сезімін талай уақыт жасырып ұстап, сүйгені үшін бәріне көнуге бар. Ал, жыныстық қатынаста әркезде белсенді емес, кейде тіпті қатты тартқыншақтап, серігінен белсенділік күтеді. Дегенмен, қалай болғанда да жарын қанағаттандырғысы келеді.

3 – қан тобындағы жігіттер үшін жыныс қатынасы – бар болғаны қызық қуушылық. Махаббат, отбасы дегендерге аса бір мән беріп қарауды қаламайды. Жеңіл жүрісі көптеу, кездейсоқ кездесулерден қашпайды.

4 – қан тобындағылардың төсек ойынындағы шеберлігі есінен тандырады. Өйткені, олар жыныс қатынасына үлкен өнер деп қарайды. Серігінің тілегін сезеді де, мейірімді не қатыгез бола алады.
Енді осыған сәйкес ғалымдар жұптардың төсек ойынында қаншалықты сәйкес келетінін арнайы кесте жасап анықтап та қойған екен. Енді әр қан тобындағы әйелдердің жекелеген қан тобындағы еркектермен жұптық жарасымына тоқталайық.

1 – қан тобындағы әйелдер: Егер 1 – топтағы әйелдің де дәл осы қан тобындағы ер азаматы болса, бұл жұп жарасымды болғаны. Жыныстық қатынаста бір – бірін жалықтырмайды.

2 – топтағы еркектер 1 – топтағы әйелдерге қарағанда белсендірек, сондықтан бұл жұптағыларға ескертеріміз: еркек шыдамды болуы қажет, серігін асықтырмай, өзі де асықпаса ғана үйлесімділікке қол жеткізеді.

3 – қан тобындағы ер азаматтар өте белсенді де, әйел өте селқос, бірақ, екеуі бір – біріне сай.

4 – қан тобындағы еркек пен 1 – қан тобындағы әйелдің қатынасы ер азаматтың мінезіне ғана байланысты. Егер ол шыдамды болса, үйлесімділік болады. Егер шектен тыс талапкер болатын болса, ұрыс – керіс басталып, бәрі сынып түседі.

2 – қан топты әйелдер: 2 – қан топты әйелге ынтызар 1 – топтағы еркек оны ұзақ елітуіне тура келеді. Осыны есіне ұстаса ғана үйлесімді жұп бола алады.

2 – топты еркекпен жұптасу өте сәтті болмақ, бір – бірінің көңілін таба біледі. Ал, 2 – топтағы әйелдерге 3 – топты еркекпен байланысудың қажеті жоқ, өйткені екеуі де бұл мәселеге салғырт қарайтын көрінеді.

Керісінше, 4 – топтағылармен оңай байланысқа тү-седі. Әйтсе де, жыныстық қатынастағы бұлардың басты жауы – еркектің бойкүйездігі, бұл кемшін тұсты еркек өзі жөндеуі керек.
3 – қан топты әйелдер: 1 – топтағы еркектермен жақсы үйлесім табады. Екеуі де жыныстық қатынаста тәжірибе жинақтаудан қашпайды. Әйтсе де, толық үйлесім табу үшін ер азаматтың бұл «өнердегі» шеберлігі қажет.

Бірін – бірі жақсы түсінетін жұп – 3 топты әйел мен 2 – топты еркек. Бұл екеуі де өте белсенді болғандықтан, төсек ойынында еш қысылмайды.

3 – топтағы еркектермен, сірә, 3 – топты әйелдің әңгімесі жараса қоймас. Сондықтан, бір – біріне айта қаларлықтай әсер қалдырмайды. Дегенмен, егер жыныс мәселесінде тәжірибе жинақтаудан қашпаса, отбасылық өмір де қалыпты болмақ.

Ал, 4 – топтағы ер азамттармен жұп – қызбаққанды келеді, кез – келген сынаққа барудан қашпайды. Әсіресе, еркек әйелден жастау болса, бірінің көңілін екіншісі таба білетін болады.
4 – қан топтағы әйелдер: 1 – қан тобындағы еркек бұның бар еркелігін түсініп, қажеттілігін көтерсе ғана бақытты ғұмыр кешеді.

2 – топты еркек екеуі күні – түні төсек ойынынан бас алмауы да ләзім. Бірақ, араларында махаббат болмаса, бұлардың байланысы бос әурешілік, ұзаққа бармайды.

3 – топты ер азаматқа тұрмысқа шыққан қаны 4 – топтағы әйел жыныс қатынасына аса бір мән бермеуі де мүмкін, бірақ, басқалардан бір ерекшелігі бұлардың одағы сыйластық пен шынайы сезімге құрылған берік одақ.

4 – топты еркектермен байланысты бір жақты кесіп айту қиын. Бір – біріне сай, әдемі жұп болуы да мүмкін, сол сияқты керісінше, еш түсіністік болмауы да ғажап емес. Ең бастысы, екеуі де жыныс қатынасына қалай қарайтындықтарында.
Олай болса, бәрі өз қолыңда.

http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=51182

Орамалдың 6 артықшылығы

Жыл сайын сән ауысса да, орамал тренд болудан қалған емес. Өміршең аксессуарлығымен ерекше. Бұған бәлкім, орамалдың ыңғайлылығы да себеп болса керек. Сонымен, орамалды сіздің гардеробыңыздағы ажырамас аксессуарға айналдырудың тәсілдері:

1. Бандана ретінде тағуға болады.

2. Мойыншалма ретінде жарасымды көрінеді. Егер офистік дресс-код болса, блузкаға шағынын таққаныңыз құптарлық.

3. Білезік (браслет). Әсіресе, геометриалық принттері барларын джинс шалбарлармен, ал түрлі-түстісін, гүлдің суреттері барларын жазғы сарафандармен тақса, жарасымды көрінеді.

4. Ободок. Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде тағасыз. Бұл ыңғайсыздау десеңіз, қазір арнайы ободок ретінде жасалған орамал түрлері де шығыпты. Соны сатып алуыңызға болады.

5. Егер асығыс болып, шашыңызды ретке келтіруге уақытыңыз болмай жатса, орамал тағып алыңыз. Тек бұл жерде түсне мұқият мән беріңіз. Орамалдың түсі мен үстіңіздегі киімнің түстері сәйкес келгені дұрыс.

6. Орамал — сөмкеге арналған аксессуар. Негізі бұл әдісті күнделікті өмірде француз сәнқойлары сәтті қолданады. Жай ғана орамалды сөмкеңізге байлап қойсаңыз, өте жинақы, әрі әдемі көрінеді.

Авторы: Баян

Әдемі аяқ әр әйелдің арманы

Денеге тырысып тұратын киімдер мен өкшесі биік аяқ киімдер. Бұлардың салдарынан аяғымыз «көңілсіз ән» салады-ақ. Демек өзіміз балтырымыздың ісініп, шаршап-шалдығуына себепкер боламыз.
Аяғымыздың аяқ алысы денсаулығымыздың қай деңгейде екенін айғақтайды. Неліктен аяқ ағзаның басты барометрі саналады? Өйткені ағзаға артылған күшті аяқ атқарады. Адам баласы күніне 6000-8000 қадам жасайды.
Аяғың ісінге тамырлар одырайып кетеді. Аяқта сезілген ауыртпалықтың салдарынан зат алмасу процесі, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.
Қауіпті саналатын қант диабеті аяқтың жиі ісінуінен болады. Оған қандағы қант мөлшерінің ұлғаю себеп болады екен. Алғы белгілері аяқтың қақсауы, құрысып тысыруы, әлсіздік, терінің құрғап кетуі.
Нерв жүйесінің тозуынан аяқ ісініп-қабынып, құрғап, тітіркеніп, қабыршықтанып түлеп, қышиды. Кейбіреулер түн баласы ұйқы да көрмей қиналады.
Бұндай жағдайға түспеу үшін-денеге күш түсіретін ауыр жұмыстан барынша қашқақпау керек. Есіңде болсын, орындықта отырғанда аяғыңды бір-біріне айқастырма (аяқтың үстіне аяғыңды қойма), тым төмен орындыққа отырма, гормоналды кантрацептивті ішпе. Ыстық монша, сауна, ашық аспанда күнге қыздырынудан сақтан. Аяқ киімінің өкшесі 6 см-ден биік болмасын. Массажға әсіресе, антицеллюлитке қарсы сылаудан аулақ бол.
Дұрыс уақытылы тамақтан. Көкөніс пен жемісті көп жеңіз. Әлбетте толысуыңа жол берме. Артық салмақ көптеген індеттің бастамасы деп есептелінеді. Әркез қимылдау тырысыңыз, жаяу жүр. Мүмкіндігінің болса аэробика, фитнеспен айланыс, әсіресе суға түс, бір мезгіл велосипед тебуді дағдыға айналдырыңыз. Кешқұрым аяқты салқын сумен жуыңыз.

Дайындаған: LOLA. (бұрынғы arshat.kz/arular сайтынан)

Әдемі болу өнері

Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады.
Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз.
Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика.
Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.

Авторы: АқЗере

Жасанды тырнақ жасатар алдында…

Ешкімге де жаңалық емес шығар, кейде біздер, қыздар, жасанды сұлулыққа бет бұрамыз. Түріміздің “қарауға болмайтындай” дәреже болғанынан емес, тіпті барына шүкіршілік жоқтан емес, бар болғаны шамалы басқа образға ену, бір кеш болса да өзгеше көріну (қыздардың көбі әртіс қой 🙂 ).

Сонымен, егер сіздер, қымбатты құрбыларым, жасанды тырнақ жасаймын десеңіз, алдымен төмендегі кеңестерді бір сүзіп өтіңіз:

– Жасанды тырнақ өсіру акрил немесе гель арқылы жүзеге асады. Екі материал да бір химиялық зат, акрилаттардан жасалады. Олардың бірі пайдалы, екіншісі зиян деуге болмайды. Шындығы, бұл екеуі де табиғи тырнаққа зиян келтіреді (менің кейбір әріптестерім осы сөз үшін жоқ шашымды жұлып, қолыма ұстатар еді ау J).

– Тырнақты формаға емес, типсаларға өсірген артық, себебі тура тырнақтың үстіне жағылатын акрил/гель мейілінше жаман әсер етіп, тырнақтың бүлінуіне әкеп соқтырады.

– 2-3 күнге жасайтын болсаңыз (той, мереке) онда жұқа қылып салуды сұраңыз. Әрине, олар тез түсіп қалады, бірақ барынша тез түссе, тырнаққа әсері аздау болмақ.

– Мастер сізге маска ұсынбаса, өзі тақпаса, ол салоннан қашыңыз. Не болмаса өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Акрилаттардың өзінен гөрі, сол акрилаттарды ерітетін ликвидтің адам ағзасына зияны көп. Кейде 2 сағаттан аса жасалатын процедура болған соң,  онымен дем алу аллергия тудырып, басқа да проблемаға әкелуі әбден мүмкін.

– Мастер френш өсірген болса, үстіне лак, сосын қаттырғыш (закрепитель) жағуын талап етіңіз.  көбірекке шыдап, сізді қайта қайта лак жаққаннан сақтайды.

– Егер, мастер “под лак” өсірген болса, онда түрлі-түсті лак жақпас бұрын үстіне түссіз лак жағып берсін. Себебі түрлі-түсті лак тырнаққа сіңіп, кейін сүрткен кезде реңі қалады. Соңынан ашық реңді лак жағам десеңіз әдемі болмай қалады.

– Жасап болғаннан кейін бір екі сағата суға салмаңыз қолыңызды. Мейілінше ұқыпты болып, сауна мен монша дегенді ұмытуға тура келеді.

– Ең соңғысы, тырнақты шешетін болсаңыз (егер ол акрил арқылы өсірілген болса) тырнағыңызға (ар бір саусаққа) арнайы акрил тырнағын алатын сұйықтыққа малындырған мақтаны салып, сыртына фольга орап қою керек. 45 минуттан кейін тырнақ жұмсайып, алып тастауға ыңғайлы болады.

– Гельдің акрилден кем жері, оны ерітіп алып тастау мүмкін емес, тек тырнақтың үстінен тырнақ егеуішпен сырып алады. Ол дегеніміз өз тырнағызыды да сырып кетеді деген сөз.

Авторы: АйжанНұр

 

Интернетпен танысқыштарға 15 кеңес


Қазіргі уақытта интернеттің қол жетімділігі оңайлаған сайын өз жартыларын әлемдік торда іздеушілер де күрт өсті. Ізденіс кезінде қателіктерге ұрынбау үшін мынадай бір кеңестерді ұстанған жөн дейді мамандар.

Анкета.
• Бір сурет бірнеше сөздің орнына көп нәрсе айтады. Анкетаға ескі суреттеріңді қоймауға тырыс, сонымен қатар құжаттарға түскендей сұсты суреттерді де қойма. Жайдары күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
• Анкетаң мен таңдаған лақап атың бір-біріне сәйкес болуы керек. Кіммен танысқың келеді, осыны біраз саралап алған жөн. Соған байланысты анкетаны да толтыру керек.
• Анкетаны толтырғанда шынайы бол. Өзіңді асыра мақтаудан сақ бол (мысалы, сырт пішінім керемет, IQ одан да керемет деген сияқты)
• Жаңашылдық таныт. «Мен кітап оқығанды және музыка тыңдағанды жақсы көремін» деген сияқты қатып қалған стереотиптерден бас тартуға тырыс. Қосымша жазатын, шеңберден тыс әрекеттер жасайтын адамдар әркез қызық.
• Ең алдымен суретті құрбыңа көрсет. Егер ол, сен өмірде де осындайсын десе, суретті анкетаға салып, жарияла. Енді хаттар күт!

Хат алмасу.
• Әңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс, өзіңнің басыңнан өткен қызықты жәйттерді де қосып отыр. Ешуақытта өзіңнің келеңсіз оқиғаларыңды немесе жолың болмай жүрген айтып, шағымданба. Сонымен қатар өзіңнің туылғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі өміріңді баяндап отырма.
• Оның тұлғасына қызығушылық таныт. Суретін көргендегі ойыңа қандай сұрақтар келді, соларды сұра. Мысалы, «Мынау өздеріңнің иттерің бе?» деген сияқты.
• Ортақ заттар тап. Ортақ қызығушылықтар, пікір, құмарлық, сәйкесінше ортақ сүйкімсіз заттарды талқылаудан жақындастыратын ештеме жоқ.
• Абай бол! Ешуақытта танымайтын адамға аты-жөніңді, телефоныңды, мекен-жайыңды айтпа. E-mail жібергенде де осы анықтамаларды жасыруға тырыс.
• Уақытты ілгерілетпе. Кездесу үшін біраз уақыт бір-бірлеріңді тану керек. Егер ол көп тығылатын болса, және сенің сұрақтарыңа жауаптан қашса, интернетте тек түнде ғана отыратын болса, әсіресе сақ болған жөн.

Алғашқы кездесу.
• Қауіпсіздік үшін бейтарап аймақта кездесуге келіс. Қоғамдық жер болғаны дұрыс, мысалы кофейня.
• Қарапайым, табиғи қалпыңнан тайма. Ашық киім, не ашық макияж сен жайлы теріс көзқарас қалыптастыру мүмкін.
• Бірінші кездесуге кешкі ас емес, тек бір шыны кофе ішуге келісіңдер. Бұл сені ештемеге міндеттемейді, және де кездескен адамың ұнамай қалса да онымен қоштасу оңайға соғады.
• Құрбыңа қайда және кіммен баратыныңды айтып қой. Кездесу барысында сенің халіңді біліп, сұрап қойсын.
• Сөйлесуде ашық бол. Оның сені жақын білуіне мүмкіндік бер. Ал егер басынан ештеме шықпайтынына көзің жетсе әңгімені созбай, ары қарай қатынасты үзген дұрыс.

Парфюмерияның қыр-сыры

Күнделікті пайдаланып жүрген иіссулардың көбі хош иісті майлар, спирт және судан тұрады және бір-бірінен осы компонеттердің арасалмағына байланысты ажыратылады. Сонымен қатар парфюмерия құрамына аз мөлшерде бояғыш заттар мен антиоксиданттарды қосу жіберіледі, бұл парфюмнің иісіне еш әсер ете қоймайды. Хош иіс тудыратын заттар концентрация нормасы әр парфюм түрлері үшін әр елде әртүрлі, бірақ белгілі бір шектеуден аспауға тырысады.

Парфюм пайдаланғанда Американдық концепция бойынша табиғи иісті біржолата жойып, парфюм иісін бойыңа сіңіру болып табылады. Ал Еуропалық концепция табиғи иісті сақтай отырып, денеге әлсін хош иіс сыйлауды жөн санайды. Бұл кезде адамның хош иісін жақын тұрған адам, не жанынан өткендер сезіне алады. Бізде көбіне осы Еуропалық тәсілді пайдаланатын ұқсайды.

Парфюм таңдауда мынадай кеңестерді ескерген жөн:

  • Иіс суды тек өзіңе ғана сеніп таңдау қажет. Сонымен қатар, иіс су жағылған қағаз, немесе паралон арқылы таңдаған дұрыс емес. Өйткені парфюм теріге тигенде оның иісі тіптен басқаша шығуы мүмкін. Одан да бір тамшы иіс суды білегіңіздің терісіне тамызыңыз да он минут күтіп, иіскеңіз.
  • Парфюм иісі сіздің имиджіңізге және жасыңызға сәйкес болуы керек.

Өздеріңізге белгілі парфюмнің де бірнеше түрлері болады:

  • Хош иісті майлар (ароматический масла) – таза күйдегі эфир майлары;
  • Духи (Parfum, Extrait —французша, және Perfume — ағылшынша «духи»). 18-30 % хош иісті майлардан тұрады. Бұлар ең құнарлы және иісі тұрақты парфюмерия қатарына жатады. Бағасы жағынан да қымбат болып келеді. Кішкентай құтыларда шығарылатын духи иісі 6 сағаттай сақталады.
  • Парфюмерлік иіссу (Eau de Parfum) – құрамында 10-20 % хош иісті майлар бар. Көбіне түскі кездесулерге пайдаланады, иісі 4 сағаттай сақталып тұрады.
  • Классикалық иіссу (Eau de Toilette) – бұл парфюмердердің ішіндегі ең жеңілі болып саналады. Онымен күніне бірнеше рет пайдалануға болады. Жаздық мезгілге жақсы келеді. Құрамында концентрациясы 4-10 % құрайды.
  • Одеколон (Eau de Cologne) – құрамы классикалық иіссуға жақын, бірақ композиция жағынан 1,5 % құрайды.
  • Парфюмерлік дезодорант (Deo parfum) – 3-5 % майдан, 2 % судан тұрады. Кейбірі бактериялардан қорғайды. Көбіне қолтықтан шығатын жағымсыз иісті кетіру мақсатында пайдаланады. Сонымен бірге денеге жағымды иіс беру ретінде де жүреді.
  • Жуыну құрылғылары: иіс сабын, душқа арналған гель, ваннаға арналған көпіршік, денеге арналған тазартқыш сүтті пайдалану жақыныңызбен қарым-қатынаста жақсы әсер сыйлайды.

Иіс су пайдаланғанда мынадай ережелерді ескеріңіз:

  • Иістің төменнен жоғары қарай шығу дағдысы бар. Сол себепті иіс су пайдаланғанда денеңіздің төменгі жағын да бей жай қалдырмағаныңыз жөн.
  • Иістің жақсы шығуына дененің бүгілетін жерлері жақсы әсер етеді. Оларға: тізе асты, шаптың бүгінділері, шынтақтың ішке бүгілетін жері, білектің ішкі беті, мойынның құлақ түбі жатады. Осы жерлерге иіссуды себу арқылы сіз өз табиғи кейпіңізді жоғалтпай, әрі тұрақты иісті қамтамасыз етесіз. Бұл киімге құйылған иіссудан бірнеше есе артық.
  • Егер жан-жағыңызға қайталанбас иіс таратқыңыз келсе, иіссуды таза, дымқыл шашыңызға сеуіп, табиғи жолмен кептіріңіз. Әр ізіңізден әлсін романтика мен құпиялық мүңкіп тұратын болады.

Дайындаған: Ақзере

Ақылмен жуынамыз

Бетті макияждан тазарту түк те емес сияқты. Бірақ көбіміз мұны неге дұрыс істемейміз?

1. Екі рет жуыныңыз.

Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.

2. Жылы су.

Макияж кетіргіш затты саусақтарыңыздың ұшымен жағыңыз. Ең бастысы – барынша кірді кетіру. Судың температурасына көңіл аударыңыз, бастапқыда суық сумен жуынбағаныңыз абзал. Суық су – сергектік бергенімен, алдын-ала тері клеткаларын тарылтады, бұл қара дақтардың пайда болуына әсер етеді. Судың жылулығын бөлмелік температураға сәйкестендіріңіз, макияж кетіргішті жағып, жуыныңыз. Содан кейін тері клеткаларын жабу үшін суық сумен жуынсаңыз болады.

3. Көзіңізді уқаламаңыз.

Мақтаны макияж кетіргішке батырып, көзіңізде 2 секундтай ұстаңыз. Кетіргіш зат теріге сіңе бастайды да бұл макияжды кетіру процессін жеңілдете түседі. Косметиканы соңына дейін кетіруге тырысыңыз. Түнге қалған кірпік бояғыш – кірпіктерді әлсіретіп, кейін оның түсуіне себепкер болады.

Назар аударыңыз!

Терінің типі. Макияж кетіргіш заттарды таңдағанда міндетті түрде терінің типін ескеру қажет. Майлы беттерге жазда гель пайдаланған жақсы, ал қыста терінің қай типі болмасын үлкен күтімділікті қажет етеді. Сондықтан тазартқыш сүт (молочко) – ең тиімдісі.

Майлық (салфетка). Қазіргі уақытта көп таралған тазартқыш майлықтар сапарға шыққанда пайдалануға жақсы. Алайда макияжды толық кетіруіне үлес қоса алмайды.

Тазартқыш сүт (молочко). Құрғақ терілер үшін ең ұтымды тәсіл. Жағып біраз массаж жасау керек. Содан кейін жылы сумен немесе тоникпен жуып тастау қажет.

Гель. Макияжды кетіретін бұл зат майлы терілер үшін өте пайдалы. Теріге абсолют тазалық сезімін береді. Гельдердің нәзік және жақсы көпіршіктенетін түрлерін іздеңіз.

Май (масла). Тазартқыш майларға су қоссаңыз тазартқыш сүтке айналады. Егер майды жаққаннан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз бетіңізді тоникке батырылған майлықпен немесе мақтамен сүртіңіз.

Махаббат қайда?..

Сіз әлі де өмірлік жартыңызды жолықтырмадыңыз ба? Махаббатыңызды арманыңыздағы жігітке сақтап, ал онымен кездесу әлі де бұйырмай жатыр ма? Жауапты қайдан табамыз, осы сұраққа психологтар мынадай кеңес береді:

Махаббатыңызды болашаққа ысырып тастамаңыз, яғни бірінші сол адам пайда болсын, сосын көре жатармыз деген сияқты. Мұндай іс тек бір ғана жолға – қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп жылдар бойы отыра беруге әкеледі. Белгілі “Ұйқыдағы ару” ертегісіндей ұйықтап жатқан ханшайымды ханзадасы келіп ояту, өмірде қартайған шақта іске асуы мүмкін. Ұйқыдағы ару жанры өмірлік заңдылықтарға сәйкес келмейді.

Махаббаттың алшақ жүруінің бірнеше себебі бар. Келесі қағидалар сізге қатысты ма, тексеріп көріңіз:

Сіз жігіт тапқан кезде диетаға отырамын дейсіз бе?

Әдемі киімдеріңізді кимейсіз, өйткені оны бағалайтын адам жоқ деп ойлайсыз.

Сүйіктім пайда болғанда барамын деп, қызықты саяхаттар жасамайсыз.

Театрларға, қымбат ресторандарға бармайсыз, ал құрбылармен барған бір түрлі ыңғайсыз деп санайсыз.

Демалыстарда жалғыз қыдырғанды жақсы көресіз, ал құрбыларыңыздың қоғамы сізді ызаландырады, ал олар жалғыз болса тіптен.

Сіз серуендегіңіз де келмейді, өйткені серігіңіз жоқ.

Сіз ескі майка немесе пижамамен ұйықтай бересіз, өйткені қымбат пеньюар мен іш киімдерді көретін ешкім жоқ деп ойлайсыз.

Сіздің үйіңіз соңғы рет жуып-сыпыруды қашан көргені белгісіз, өйткені тырысатын адам жоқ.

Егер аталып өткен қағидалардың біреусі сізге қатысты болса, онда сіз қайталанбас ханзаданы күтумен махаббатты ертеңге қалдырып жүрсіз деген сөз. Уақытты босқа жоғалтпаңыз! Махаббатты сыйлап және қабылдауға кез-келген мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Егер өмірлік жартыңызды тапқыңыз келсе – өзіңіздің арманыңыздағы адам бола біліңіз!

Арманыңыздағы серіктен қандай қасиеттерді көргіңіз келеді, сол қасиеттерге өзіңіз де ие болуға тырысыңыз. Егер жақсылап тырысатын болсаңыз, соған сәйкес адамдар да магниттей сізге тартыла бастайды. “Балықшы балықшыны алыстан таниды” деген мақалды ұмытпаңыз. Сол сияқты “махаббат та басқа махаббатты алыстан таниды”. Егер сізді жаны ақкөңіл адам сүйсін десеңіз, өзіңіз де ақкөңіл болыңыз. Егер мейірімді және қамқор адам жанымда болсын десеңіз, өзіңіз де айналаңыздағылармен сондай қарым-қатынаста болыңыз. Ең бастысы мынаны есте сақтаңыз: жаныңыз махаббатқа зәру болса, соған байланысты сізге деген ықылас та азаяды. Керісінше – өзіңізге деген, айналаңыздағыларға деген және т.б. махаббат толасып жатса, соғұрлым адамдар сізге тартыла түседі.

Барлықтарыңызға үлкен махаббат тілеймін!!!

Ет қосылған бәліш

Сонымен бұл ғажапты әзірлеу үшін бізге: магазиннің дайын “слоеное тесто” -сы, (ал егер өзім жасаймын десеңіз: 1.2 – 1.5 кг ұн, 2 жұмыртқа, 1 пачка маргарин, сода, тұз қосылған қамыр илейсіз), 2-3 картоп, 1 жұмыртқа (тек ағы ғана керек болады), 500-700 г. фарш және фаршқа қосатын 1 тал пияз бен дәм келтіру үшін тұз, бұрыш керек.

Ең алдымен, табақты майлап алып, үстіне дайын қамырды жаямыз. Алдын ала қамырды екі бөлікке бөліп қойғаныңыз жөн. (біреуі кішірек бөлік болып тұра тұрсын). Қамырдың үлкенірек бөлігі табақтың шетіне шығып тұру керек:

Оның үстіне кесілген картопты кейін тұз, бұрыш, пияз қосылған фаршты

бірдей қылып үлестіріп саламыз:

Енді осының үстін қамырдың екінші бөлігімен (жұқарақ бөлігімен) жабамыз:

Шеттерін суретте көріп тұрғандарыңыздай жабыстырасыздар. Содан соң жұмыртқаның ағымен үстін майлап,:

үстіңгі қамырдың ортасын домалақтап кесіп, артық сұйықтық шығу үшін ашық қылып қоямыз:

Енді дайын болған бәлішті пешке апаруға болады:

Тек әлсін-әлсін қарап тұруды ұмытпаңыздар. Қызарып, ас үйді керемет иіс жайлай бастағанда алып шығуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

http://kerbez.wordpress.com

Ақшам көп болсын десеңіз…

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз.
Барлығында да бip мақсат – ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше – көбейту.
Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр.
Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре aлмаyыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес.

Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар…
Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы – машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді.

Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.

Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе бipeyгe жасатқаныңыз жөн.

Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.

Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.

Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары – банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар – “қара үңгірлер” үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе ішіне міндетті түрде бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үcтіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан.

Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп:
“Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айту керек.

Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.

Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден жасалынғаны болуы керек. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз абзал.
Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады.

Қалай да болса қолдан келерлік ережелер… Ұстансақ мүмкін біздің де қалтамыз қалыңдар. Не дегенмен қазір көп нәрсе ақшаға келіп тірелуі – ақиқат

Әйел сұлулығы Одри Хепберннің көзқарасымен

Мына төмендегілер Одри Хепберннің: “Сіздің сұлулығыңыздың сыры неде?” – деген сұраққа жауап бергендері екен.

1. Еріндерім әдемі болсын десеңіз – жылы сөздер айтыңыз.
For attractive lips, speak words of kindness.

2. Көздерім әдемі болсын десеңіз – адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
For lovely eyes, seek out the good in people

3. Сыртқы пішімім сымбатты болсын десеңіз – аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісе біліңіз.
For a slim figure, share your food with the hungry.

4. Шаштарым әдемі болсын десеңіз – балаңызға күніне бір рет болсын саусақтарымен сипалатыңыз.
For beautiful hair, let a child run his or her fingers throughit once a day.

5. Өз-өзіңізге сенімді болу үшін әркез өзіңізді жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз.
For poise, walk with the knowledge that you never walk alone.

6. Адамдар заттарға қарағанда көбірек өзінің қайта қалпына келуін, оны кешіруін, мадақтауын т.б. қалайды. Ешқашан ешкімді (өміріңізден) “лақтырып тастамаңыз”.
People, even more than things, have to be restored, revived, reclaimed and redeemed; never throw out anyone.

7. Естеріңізде болсын, егер біркүні сізге көмек керек болса, сіз оны бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан табасыздар. Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жәрдем үшін, ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін ұғасыз.
Remember, if you ever need a helping hand, you’ll find them at the end of each of your arms. As you grow older, you will discover that you have two hands, one for helping yourself, the other for helping others.

8. Әйел әдемілігі оның киген киімінде емес, оның сымбаттылығы немесе шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі – оның көздерінде, өйткені бұл оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден-бір жол.
The beauty of a woman is not in the clothes she wears, the figure that she carries, or the way she combs her hair. The beauty of a woman must be seen from in her eyes, because that is the doorway to her heart, the place where love resides.

9. Жасы ұлғайған сайын әйел тек әдемілене түседі.
The beauty of a woman grows with the passing years.

Әйел адамның ерекшеліктері

1. Егер әйеліңіздің гардеробында киімнен көп нәрсе жоқ бола тұрып, “Киім жоқ” деген сөзді естісеңіз таң қалмаңыз, ол яғни оның гардеробында жаңа киімнің жоқ екенін білдіреді.

2. Әйеліңіз жақында ғана алған сөмкесі болғанымен қатар, тағы да сөмке аламын десе бұл да түсіндірілетін жәйт. Әйел затында қыста, сосын жазда ұстайтын сөмкелер болады. Яғни қыста алған сөмке жаздық киімдермен сәйкеспеуіне байланысты жаз шыға салысымен тағы бір сөмкеге шығындалуыды талап етеді.

3. Аяқ киім деген ол жеке әңгіме. Жап-жаңа аяқ киімі бола тұрып, “Аяқ киім алу керек” десе, яғни бұл бар аяқ киімінің қонаққа (немесе басқа бір кешке) киетін киіміне сәйкес келмеуінде.
Сосын былтырғы етік немесе туфли аздап модадан шығып қалуына байланысты аяқ киімге біраз шығын болуы мүмкін.

4. Базарда жүріп, әйеліңіз не аларын білмей сізді мезі етсе түсінуге тырысыңыз. Әйелдер кез-келген затты (яғни киімді) жай ғана ала қоймайды. Егер юбка немесе шалбар алса, ол үйдегі бір кофточкамен сәйкес келуі керек, сәйкесінше кофточка үйдегі шалбармен жарасымды болғанын ойлап қапаланады. Бұл жағдай аяқ киімдерге де байланысты.
Аяқ киім қарап жатып, дәл алар кезде “Мынаны юбкамен кие алмаймын ғой” десе сіз бірден түсіне қоясыз… 🙂

5. Егер аяқ астынан тойға баратын кезде “Не киіп барамын?” деген сұрағына, “Ана жасыл костюм-юбкан бар еді ғой соны кие салсаңшы” деп кеңес берерсіз. “Ол киімді Түгенбайдың тойына киіп барғам, қайта-қайта кие беремін бе?” деген жауап естуіңіз әбден мүмкін. Әйел адамы үшін бір киімді тойдан-тойға кие беру, біраз намысына тиерлік жәйттар…

6. “Мына көйлек мені толық етіп көрсетпей ме?” немесе “Аяқтарым қисық болып тұрған жоқ па?” деген әңгімелерден жалыққан боларсыз… Біліңіз, сіздің ойыңыз ол үшін өте маңызды. Өйткен әйел адам әркез өзінің тартымдылығын сезініп жүруі керек. Өйткені ол сіздің жаныңызда жүреді және сіздің жан дүниеңіздің айнасы екенін жақсы түсінеді. Сондықтан бұл сұрақтарға бей-жай қарамай, біраз ақыл-кеңес беріп, әйеліңіздің сұлулығын айтып, жігерлендіріп отырыңыз.

7. “Шуба алғым келеді” деген әңгімемен енді көп әйел ерлерінің құлағын жей бермейді. Кейбір еркектер әйелдерінің шубаға құмарлығын түсінбеуі де мүмкін. Әйел адамның өзіндік махаббаты болады сол шубаларға. Бәлкім шубаның жұмсақтығына байланысты, оны киіп жүргенде өзінің бір қорғаны, яғни сіздің бар екеніңізді сездіретін фактор болар…

8. “Гаухар тастар әйелдің ең жақын достары” деген фразаны көп естиміз. Жалпы біздің орта қоғамға бұның еш байланысы жоқ деп ойлаймын өзім. Алайда көп жылғы еңбегі үшін әйеліңізді бағалы заттармен көңілін бір жаудыратып қойсаңыз, ол мұны ешқашан ұмытпайды. Және де ол осыған тұрарлық емес пе?

Судың да сұрауы бар демекші, міне… біз осындай “не простоймыз”… 🙂

http://akzere.dosym.kz

Берет – романтикалық бас киім

Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.

1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.

2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.

3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.

4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.

5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.

6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.

Иықтан шашың төгіліп жерге…

Әдемі, қолаң шаштарға қалай қол жеткізуге болады? Жалпы шашқа қандай күтім керек? Осындай сұрақтар көптеген қызды мазалайтыны белгілі. Егер шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе берсе мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырысыңыз. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.

Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті.

Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.
Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Олармен әрдайым қолдануға тырысыңыз. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашқа жағып, 3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жақсылап шайыңыз. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Өйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді.

Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десеңіз, жуып, шайып болғаннан кейін шашты минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына көмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.

Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады.
Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.

Сулы шаш сезімтал, нәзік болады. Жуғаннан кейін ысқылап сүртіп, орамалға орап тастау -олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан шашты орамалға 4 минутқа тюрбан сияқты орап қою керек, ол суды сіңіріп алады.

Шашыңызды орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарау абзал. Оларды абайлап тарау қажет. Шаштың құрылымын құртып алмас үшін тараған кезде ұшынан бастап, жоғарылай көтерілген жөн.

Фенмен кептірген жағдайда ең ұтымды тәсіл – феннің режимін “жөн жылыға” қойып, 15-20 см қашықтықты 20 минуттай ұстап, кептіру. Осылай кептіргенде шашқа еш зақым келмейді.

Егер шашты тезірек кептіру керек болса, онда феннің ыстық температурасын қолдану қажет болады. Ондай жағдайда шашты фенмен кептіруге арналған арнайы лосьон жағып алу керек.

Шашқа көлемді тек арнайы косметикалық құралдар ғана беріп қоймайды. Басқа жасалатын мини массаж да көлемін көтеруге жақсы көмектеседі. Алдыға қарай еңкейіп, 2 минуттай қолдарыңыздың ұштарымен мойыннан маңдайға қарай массаж жасаңыз.

Жұмсақ, әрі жұқа шаштарға көлем беру үшін, жұмыртқаның сарысы мен зайтүн майын алып, араластырып, шашты жумас бұрын жағып қойыңыз. Шашты арнайы пленкамен орап, сыртынан орамалмен орап 10 минуттай ұстаңыз.

Шашыңызды ұзын етіп өсіргіңіз келсе ұштарын әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жөн.

Шаштарыңыз мүлде жатпай, жан-жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып көріңіз: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін алақаныңызға ысқылап шашыңызды сипап өтіңіз. Бұдан еш зиян болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды.

Әдемі шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен көлем береді.

Егер салтанатты кешке көлемді, сәнді шаш үлгісімен барғыңыз келсе мынадай кеңеске құлақ түріңіз. Арнайы құралдарыңыз бар болса бұл еш проблема емес. Көлем беретін көпіршікті молынан қолыңызға түсіріп, біраз сулы шаштарыңызға бөліп жағыңыз. Бірнеше иірімдерге бөліп, үлкен көлемді бигудилерге соңынан бастап ораңыз. Шаш кепкенше ұстаңыз да, содан кейін бигудилерді шешіп, қолдарыңызбен шашыңызды түзеңіз. Қатыратын және жылтыр әсер беретін лакпен аздап қатырыңыз.

Шаштарыңыз тез майланып, әлсізденіп, көлемін кетірмесін десеңіз мынадай масканы жасап көріңіз: бір шай қасық бал алып, оны ¼ стақан жылы суда араластыр да кішкене ғана миуалы (фруктовый) уксус қосыңыз. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын шаштың өзіне жағыңыз. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып тастаңыз. Бұл маскадан кейін шаштарыңыз қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу да оңайға түсіп, шаш үлгісі де көп уақытқа дейін ұсталады.

Қазақша Пицца

Алдарыңызда Пицца!!!

Бұл жерде ең бастысы нанын жақсылап дайындау. Сонымен қамырға: 3 кесе ұнға

1 пачка ашытқы (кішкентай пакетиктағы), 1/4 шәй қасық тұз, 1 толмаған ас қасық қант қосамыз

Одан соң 1 кесе суық су мен 2 ас қасық су май қосамыз

нанды біраз илейміз де оған 2-3 ас қасық томат қосамыз (дәл қамырдың өзіне)

сонда қамырымыз біраз қызғылт болып шығады

Енді оны жылы жерге 40 мин. қойып қоямыз. 40 мин ішінде 3 рет орамал бетін ашып, бір-бір илеп тұру керек.

сонымен нанның шаруасы бітті:) енді пиццаның ішіндегісіне үйдегі  (және пиццаға қосуға лайық деп тапқан) бар нәрсені қоссаңыз болады

шұжық, қызанақ, тұздалған қияр – қажетті заттар, сондай-ақ дайын тауық етін қосып жіберсеңіздер тіптен керемет болады. Ал нағыз қазақша пицца болу үшін, ет, жал-жая қоссаңыздар болады:)

Ірімшік ұсақтаймыз

Осы уақытта 40 мин-те өтеді:) Қамырды жаямыз да, пісіретін табаның үстіне кішкене ғана ұн сеуіп, нанды табаға пішініне сәйкес жаямыз.

нанның үстіне кетчуп жағамыз да, бар тағамдарымызды орналастырамыз

үстіне майонез жағамыз

ең ақыры бұның үстін ұсақталған ірімшікпен сеуіп, қайта кетчуп жағамыз

Бітті!!!:) пеште нан қызарғанша дейін ұстаймыз.

P.S бұл рецепт әлі бірде-бір рет жаңылыстырған жоқ:) бәрін егер дұрсы жасасаңыз, нан жұмсақ та ерекше дәмді болып шығады, астарыңыз дәмді болсын!

http://kerbez.wordpress.com

Сәнденудегі 10 қателік

1. Мойын мен кеуде тұсын және әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсеткен жарасымсыз. Ашық декольте мен мини бірге киілген кезде, бұдан асқан бейпілділік жоқ. Мұндай киім-киіспен сізді ең кем дегенде талғамсыздықпен айыптар немесе одан бетер – жеңіл жүрісті қыз деп ойлауы мүмкін.

2. Джинсының ішінен көрініп тұратын стринги біраз уақыт бұрын көшелерде сұрықсыз кейіппен көздің жауын алатын. Қазіргі кезде мұндай киім-киіс ұмытылған сияқты, қуанышымызға орай. Сонымен қатар джинсы немесе юбканың ішінен көрініп тұратын колготкилерге де жол жоқ. Егер күн суық болып, амал жоқ болса, онда бөкседен келетін колготки сатып алуға тырысыңыз.

3. Босоножкиді нәскимен (колготкимен, чулкимен) ешқашан кимеңіз. Жалпы колготкидің тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз көрінеді ғой, сондықтан капрон колготкиді басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз абзал.

4. Фирманың үлкен логотипімен топтар. Бірнеше жыл бұрын үлкен брендтер осындай аурумен ауырған. Бертін келе біраз қарапайымдау жолға көшті. Қазіргі уақытта арзан ақшаға таза «D&G» топтарын алуға болады. Сондықтан, үлкен жазулармен топтарды киген кезде біраз өзіңіздің жасанды көшірмелермен қызығушылығыңызды көрсетіп қоясыз.

5. Клетка мен жолақтар бұл өте ашық және әркез сәнді, бірақ әрқайсы өзінше. Клеткамен жолақ бірге киілген кезде өте сұрықсыз көрінеді және ең әдемі фигураның өзін құртып тұрады. Сонымен қатар бұл «айуанға тән» маталарға да байланысты. Мысалы, көйлегіңіз леопард бояуларымен боялған матада болса, оны сондай типтегі туфлимен кимеңіз. Киіміңізде бір ғана «аяуанға тән» элемент жетеді.

6. Киімде «қатты ұнап тұр» деген сөз қолдануға болмайды. Шынайы болайық, мысалы леггинсыны алсақ, ол бәрімізге жараса кетпейді (арық аяқтарды одан сайын арытып көрсетеді, ал толық аяқтарда өте сұрықсыз көрінеді). Сондықтан өзіңізді алдамаңыз: егер киім жараспай тұрса, шешіп басқасын таңдаңыз.

7. Шорты+кроссовки. Шолақ шалбар немесе шортыны әркез өкшелі немесе өкшесіз туфлимен (босонжкамен) ғана киеді. Егер тек спортпен шұғылданамын демесеңіз. Кроссовкамен киілген шорты аяқтарыңызды әдемі етіп көрсетпейді. Сондықтан мынадай ережені ұстанамыз: аяғымызды ашқымыз келсе нәзік аяқ-киімдерді таңдаймыз.

8. Ұзын шубаны өкшесіз етікпен киюге тиым салынады. Ұзын былғары теріден жасалған киім ауыр және көзге тез түседі. Және сіздің біраз салиқалы мәртебеңізді білдіреді, сондықтан сол мәртебені өкшесіз етік киіп, төмен түсірудің қажеті жоқ.

9. Балағы кеңейтілген каприді етікпен кимеңіз. Бастапқыдан капри аяқтың төменгі жағын көрсету үшін ойлап табылған. Балағы кеңейіп тұрғандықтан толықтау аяқтар да әдемі көрінеді, сондықтан оны етіктің астына тығып қажеті не?

10. Жалтырағы көп киім мен гламурда ең бастысы шектен шықпау. Сондықтан жылтырақ суреті бар топ киген кезде джинсы немесе аяқ-киіміңізде жылтырақтың аз болуын қамтамасыз етіңіз. Сонымен қатар бұл кезде, жылтырақ браслет, сырға, очкилерден де бас тарта тұрған жөн.

Әдемілене түсейік…

Соңғы кездері блогымда әдемілік жайлы мақалалар азайып кеткен сияқты, осы пробелды толтыру үшін арнайы пост қажет болды. Алдында бір үйде жатқан журналдарды ақтара отырып, пайдалы деп тапқан кеңестерді сіздермен бөлісе отырайын.

1. Көбімізде отырып жасайтын жұмыс болғандықтан, аяқты айқастырып отыру тіпті әдет болып кетті десек артық айтпайтын шығармын. Алайда бұл «арылу керек» әдеттердің қатарында екен. Аяқты айқастырып отыру көк тамырларға зиянын тигізеді. Осыдан барып варикоз пайда болып, қан ұйып, тамырлар арқылы қанның тарауына үлкен әсері бар екен. Сондықтан осы әдеттен ерте арылған өздеріңізге пайдалы.

2. Біздің қандай кейіпте ұйықтайтынымыз да көп роль атқаратын көрінеді. Мысалы, ішпен жату немесе бүгіліп ұйықтау деген сияқты позалар бет терісінің дұрыс қайта қалпына келмеуіне ықпалы бар екен. Сол себептен таңғы уақытта көзіміздің үстіңгі қабағының ісіп, ал кейін әжімдердің де тез түсуіне әсер етеді. Мұндай кемшіліктерді түзеу үшін арқамен жатып ұйықтауға дағдылану керек деп кеңес береді.

3. «Жалаң аяқ қыз, жалаң аяқ» деген өлеңнің кейіпкері, дәл сол жалаң аяқ жүрудің денсаулыққа зор пайдасы бар екенін білсе керек. Дәл солай, қыздар әсіресе, биік өкшеден кейін аяқтың біраз демалып, қан айналымын жақсарту үшін жалаң аяқ жүруге кеңес береді мамандар. Жалаң аяқ жүру мүмкіндігі бар бола қалса, бірден тайынбай аяқ киімді шешіп тастау керек екен… ))

4. Ащы тағамды жақсы көретіндерге де біраз сын. Тұзды көп жеу – ағзадағы судың алмасуын баяулатып, кейін ісінуге себеп болады екен. Сондықтан тұзды аз жеп үйрену керек, плюс бұл дағды біздің дәм сезу қызметімізді жоғарылататын көрінеді.

5. Ағзаны ара-тұра тазартып тұру керек. Ол үшін апта сайын тағамға күріш қосып отырған абзал. Апта сайын 250 г. күріш (каша болса тіптен жақсы), құрамындағы калий арқылы қажет емес шлактарды шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар күрішті көкөністермен пайдалану тазарту жұмысын екі есе жақсартады.

6. Соңғы кеңес, әсіресе, қыздарға. Қолды әр сабындап жуған сайын қолға арналған кремді пайдаланған жөн. Көбіне кондиционер, тіпті компьютерден де қолдың сыртқы терісі құрғап, кейін қол терілерінің ерте қартаюына ықпал ететін көрінеді. Сол себептен қол кремдері сіздердің айрылмас атрибуттарыңызға айналуы тиіс дейді мамандар.