ҚАТПАРЛЫ ҚАМЫР? ЛЕЗДЕ!

Қытырлақ, үгітілгіш келетін қатпарлы қамыр жасау үшін қамырды ашытып, оны бірнеше рет жайып, арасына май сіңгенін күтіп, тағы жайып, тым көп әуреленеміз.

Сіздерге қатпарлы қамырды жылдам әрі оңай жасаудың тәсілін ұсынбақпыз. Бұл қамырдан қалаған тағамды жасауға болады. Напалеон торты дейсіз бе, самса, мүйізшелер (рогалики), пицца, таңдау өзіңізде.

Құрамы:

200 гр маргарин майы;

0,5 стақан сыра (кез келген);

1,5-2 стақан ұн;

Маргарин майын сырамен және ұнмен араластырып (дәміне қарай тұз қосуға болады, қант қоспаңыз), қамырды әбден илейміз. Иленген қамырды кішкентай-кішкентай бірнеше бөліктерге бөлеміз де, ыдысқа жайғастырып, тоңазытқышқа 1-2  сағатқа қоя тұрамыз. Салқындатылған қамырды жұқалап жайып, кесеміз. Қамыр дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!

2 thoughts on “ҚАТПАРЛЫ ҚАМЫР? ЛЕЗДЕ!”

  1. Қарапайым екен ғой! Мен жасап көрген ем, сәтті шықпады. Сөйтсем сырасы кем болған екен ғой. ))

    Жауап беру

Leave a Comment