ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?

ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?Денеден тердің бөлінуі – адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Тер адам ағзасындағы артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы – заңдылық. Бірақ, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайыссыздық тудырады. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді.

Адам бойынан дене еңбегі кезінде және тағам қабылдаған кезде тер шығуы мүмкін. Психогендік тер адам қуанғанда немесе мұңайып, жылағанда, уайымға салынғанда шығады. Мұндай сәттерде көбнесе алақан мен табан терлеуі мүмкін. Дене еңбегі кезінде, жаттығу жасағанда, спорт залдарында жаттығушының арқасы мен шаш арасы терлейді.Ал тағам қабылдағанда, адамның ыстық тамақты қабылдауынан маңдайынан бұрқырап шығады. Алкоголь қабылдаған кезде де қызу адам көп мөлшерде терлейді.

Қалыпты мөлшерде тердің шығуы – ағза үшін пайдалы. Өйткені ол зат алмасу процессі болып табылады. Тер бүйректегі артық сұйықтықты сыртқа шығарып, тазартады. Тердің құрамы 99 пайыз судан, 1 пайыз органикалық (кератин, аминқышқылдар,сүт қышқылдары) немесе органикалық емес (май, кальций, натрий, темір, цинк) заттардан тұрады.

Тершеңдік жүйке жүйесі зақымданған адамдарда жиі кездеседі. Олар эмоцияға берілгіш келгеннен кейін ағза әр эмоциялық толғанысы кезінде терді шығарып отырады. Бұған бей-жай қараған жақсы емес. Емханаларда тершеңдікті аурудың алғашқы белгісі санап, дәрігердің көмегіне жүгінетіндер аз емес. Тершеңдік қант диабеті, инфекциялық ауру, семіздік, жүрек-қантамыр ауруларының ең алғашқы белгілері болып саналуы мүмкін.

Қолтықтың терлеуі

Көп адам гипергидроздың (тершеңдік) қолтық және табанда болуынан зардап шегіп жатады. Себебі, терлеген қолтық жағымсыз иіс шығарады. Қолтықтың терлеуіне көп жағдайда тар және синтетикалық киім себеп болады. Әрі бұл терлеу жыныс талғамайды. Әсіресе бозбала мен бойжеткен шақта жиі кездеседі. Балаларда байқалмайды. Қолтықтың терлеуі тұқым қуалаушылықтан да болады.

Не істеу керек?

Терлегеніңізді сезінсеңіз, душ қабылдауыңыз керек. Косметикалық дүкендерде сатылатын қолтыққа арналған дезодарантты 12 сағатта бір сеуіп отыруды ұмытпаңыз. Және әр кеште қолтықты жуғаннан кейін, 1шай қасық ас содасы мен 1шай қасық тұзды 200мл суда ерітіп, мақтамен қолтықты сүрту керек. Бұл қолтық гипергидрозын азайтады.

Алақан мен табанның терлеуі

Алақан мен табанның терлеуін акрогидроз деп атайды. Жүйке және жүрек ауруына шалдыққан немесе араққа құмар жандардың алақанымен табаны жиі терлейді. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың алақандары терлегіш келеді.Сапасы нашар, аяққа тар аяқ киімдер де аяқты терлетіп, жағымсыз иістің шығуына себепші болады.

Не істеу керек?

Терлегеніңіз сезілсе, алақан арасын ашып отыруыңыз керек. Дұрысы – қолды сабынмен жиі жуу. Аяқ киім таңдауда оны сапасы мен аяққа сыйымдылығын басты назарда ұстау қажет.

Тершеңдікті емдеу

Тершеңдіктен зардап шеккендерді емдеу ұзақ процесс, әрі одан құлан-таза айығып кету мүмкін емес. Бастысы, себебін анықтап, гипергидрозды жоюға күш салу керек. Дәріханалар мен косметикалық дүкендерде бұған түрлі өнімдер бар. Алайда оның бәрінің әсері қағазында жазылғандай емес. Тершеңдікті басу үшін құрамында валериан, бромид, Бехтерев микстурасы бар препараттар ұсынылады. Шатыраш (шалфей) тұнбасымен жуыну да тершеңдіктен құтылуға көмектеседі. Гипергидрозы асқынған адамдар арнайы терапиялық процедуралар арқылы оны бәсеңдетуге тырысу керек.

Дезодоранттар – парфюмериялық өндірісте кең шығарылатын өнім. Ол тершеңдіктен емес, жағымсыз иістен құтылуға көмек береді. Ал тер бөлінуді азайту үшін антиперспирантты пайдаланған жөн. Құрамында формальдегиді бар арнайы дәрі-дәрмектің де көмегі тиіп қалады.

Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстау – ең тиімді, бар аурудың алдын алатын әдіс.

 Сурет: o-woman.ru

36 thoughts on “ТЕРЛЕЙ БЕРЕСІЗ БЕ?”

  1. картайган шакта не ушин тер шыкпайды Не ушин колтык терлейди оны калай кетируге болады

    Жауап беру
  2. Сиздердин макаларыныз жаксы баринде окимын бирак сиздерден отиниш оны коширип алуга мумкундик берсениздер екен

    Жауап беру
  3. Колтыктын терлегенин және денеден шығатын жағымсыз иістерді кетіру дин амалы аптекада сатылатын жалбыз суы немесе мята десеңіз де болады соны алып суга араластырып қолтықты шаюга немесе денені тұтастай шаюга болады бағасы 50 -100тг тұрады

    Жауап беру
  4. колтыктан ис шыккан жаман нарсе деп ойлаймын, бирак колтыгымнан шыккан иске кускым келеди

    Жауап беру
  5. Колтыгым терлейди калай кутылуга болады. Уйде журсем терлемейди ал кошеге шыксам бирден терлей бастайды тусинбедим не истесем болады жауап кутемин сиздерден

    Жауап беру
    • Иаа жаксы комектеседы..бырак оргинал туры мен бырыншысы оргинал болды кушти комектесты екыншысын алганда комектеспеды подделька турын берген

      Жауап беру
  6. Сәлеметсіздерме! Сіздерден кеңес сұрайын деген едім. Қолтықтағы тер туралы… Қолтығымнан тер өте көп мөлшерде бөлінеді. Көшеде жүруге ұяламын. Кейде тіпті қолымнан ағып кетеді… Барынша терлегенді білдіртпейтін киімдер киюге тырысамын… Өтінем,көмектесіңіздерші…..!

    Жауап беру
    • әншилер сахнаға шыққанда,ән айтқанда неге қолтықтары терлемейді.аншилер не жағады мумкин болса айтып жиберсе

      Жауап беру
  7. Аптекада «Драй-Драй» деген сұйық дәрілік «средство» бар, соны алып жақсаңыз, қолтық иісінен және терлеуден арыласыз

    Жауап беру
  8. Колтыгым екеше карайып турад?неге жени жок киим киюге уялам?калай кетирсем болад кенестернзди айтнздарш

    Жауап беру
  9. Денеден шығатын жағымсыз иістин себебі асқазан
    жеген тамакты дурыс кортпай іште газ пайда болады
    газ денеге тарап терлеген кезде жағымсыз иіс пайда
    болады.
    Қайнаған суды бөтелкеге куйып.Ұйқтар алдында 200 грамм
    ішу керек және азанда уйқыдан тұрғанда ішу керек
    азанда ішкен кезде жарты сағат ешнәрсе жемей жүру керек.
    1 апта тексеріп көріңіз пайдасы тисе Жауаб жазыңыздар
    өзгелерде білсін.

    Жауап беру
  10. аптекада Антиперспирант Max-F 15% бар осыны алсаныз еш терлемейсиз аптасына бир рет жагасыз багасы кей жерде 3500-5000 тг турады

    Жауап беру
  11. Колтыгым терлейди калай кутылуга болады. Уйде журсем терлемейди ал кошеге қонаққа барсам бирден терлей бастайды иісі жоқ мүлдем, бірақ ұяламын не истесем болады жауап кутемин сиздерден

    Жауап беру
  12. Менің де қолтығым терлейді бірақ иіс шықпайды. Дала да жүре бастасам болды қолтық, басым ,арқам терлей бастайды. Неге екен ? Бұрын бұлай терлеген емеспін…тіптен киім киюден қалдымго

    Жауап беру
  13. Колтыгым тершен драй драй да комектеспеди сода 24 таулик кана ис шыгармайды бирак тершендиктен емес не истеукерек

    Жауап беру

Leave a Comment