Кіндік жайлы не білеміз?

 Кіндік жайлы не білеміз?

Бұл күнде қыздарымыздың белдері ашық-шашық жүреді. Бүйректеріне суық тиетінін, бүйректің суықты бірден қабылдайтын өте нәзік әрі сезімтал мүше екенін білмейді. Кіндікті көрсетіп жүргенді сән көріп жүрген қаракөз қыздарымыз жетерлік. Ал біздің қазақ кіндікті өте қасиетті деп санаған. Бұрын ұл баланың жолдасын алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Әжелеріміздің «табалдырықты баспа» дейтіндері сондықтан. Ұл – шаңырақтың иесі, елін-жерін қорғайтын ертеңгі азамат, болашақ жауынгер әрі түздің адамы. Ал қыз баланың жолдасын да, кіндігін де оттың басына көмген. Олай болатыны, ол – қай жерге бармасын, қазан-ошаққа ие болар болашақ келін, ұрпақ өрбітетін болашақ ана. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйымның мәні осында жатыр. Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой… Кім біледі… Былай қарасаң, кіндік – соншама қадірлеп әрі дәстүрлеп көметіндей емес, тырнақтай тері. Бірақ ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз… Қалай десек те, бұл негізсіз емес. Бұл күндері, Құдайға тәубе, баланың кіндігі түспей жатып үйге шығарып жібереді. Белгілі себептермен перзентханада ұзағырақ жатып қалса, кіндікті сұрап алып, адам аяғы баспайтын ағаштың түбіне көміп тастайтын отбасылар қатары көбейіп келеді.Бір өкіндіретін жайт – дұрыстап түсіндірілмейтіндіктен, белін жалаңаштап, кіндікті көрсетіп жүретін қыздарымыздың қатары көбейгендігі. Бұл қыздарымыз өз денсаулықтарына үлкен зиян келтіріп жүргенін білмейді, жете түсінгісі де келмейді. Бұрындары жігіттерге қыздардың қолынан ұстау арман болса, бұл күнде керісінше, құпия қалмай бара жатыр. «Қытығы кетеді» деп ұяттың жоғалатынын ескеріп, қолын беріп амандаспаған қазақтың қылықты қызы бүгінде кіндік көрсетіп жүруге ұялмайтын болды. Бұған қазақ қызының ұяты деп қана емес, бүкіл бір ұлттың болашағы деп қарайтын кез келді. Ұлттық намысты, қазақ қызының санасын оятатын кез жетті…

Зейнеп АХМЕТОВА

сурет: ithegirl.ru

9 thoughts on “Кіндік жайлы не білеміз?”

  1. кіндік корсетпесек те бүйрегіміз ауырады онсызда! Қазақ қыздарының кіндік көрсеткенін өз басым көрмеппін! 100 пайыздың ішінде 10 пайыз шығар болса! Халық ешқашан идеальный болмайды! орсыша жазғаныма кешіріңіз! Қазақша аудармасын таппай қойдым

    Жауап беру
  2. Бір кезде жастардың ашық-шашық жүргені болмаса, қазір, құдайға шүкір, азайды. Өйткені мұның дұрыс емес екенін түсінді. Ал біздің мақсатымыз үнемі айтып отыру)))))).

    Жауап беру
  3. Қазіргі таңда жас кыздар белдерин ашып,ашық-шашық журуди сән кореді ,Жанеде кіндігіне сырға тағады,Бұл кейін зиян болмай ма? Баскаша ойламаңыздар,Мен тек казіргі кездеги қыздар оқып,ойлансын деген оймен,,,

    Жауап беру
  4. простите почему сіздер ашық шашық киінгенді жаманғып көрсетеді .Непонила сіздің басты задачаңыз кіндік туралы жазу. Сіздер жастардың өмірінде нелеріңіз бар түсінбеймін өз алдарында тыныш өмір сүріп жатқан жастарға тиісесіздер ?Еще оқысам как будто әйелдерді тупой санап турсыз білмейді анау мынау .

    Жауап беру
    • Жастарға ақыл айту парыз үлкендерге.Қазіргі жастар тәрбиесіз.Айтқан ақылды тыңдап жатқан жастар жоқ бәрібір.Сондықтан қазақтың қыздары шет елде жезөкше болып жүр немесе шетелдікке тұрмысқа шығып жатыр.Салт дәстүр әдеп ғұрып ,қазақша таза сөйлеуді білмейді.Неге балалар үйімен қарттар үйінде қазақ балалары мен қарттар көп.Осы тәрбие жоқтықтан

      Жауап беру
  5. потом сіз патриархальный көзқарасты пропагандируете например ; ұл ол как бы бастық отанын қорғайтын адам ретінде жазғансыздар,ЕЩЕ қыз бала келін болатын адам қылып жазғансыздар кешіріңіз бірақ мнандай необразовонностьпен қалай статья жазып жүрсіздер. Қыз бала во первых адам ол кейін келін болмауы да мүмкін

    Жауап беру
  6. еще болашақ ана дегенсіздер бірақта қазіргі кезде көп адамдар чайлдфрид болып жатыр, на примере могу сказать себя я чайлдфрид и я не очень люблю детей.как сіздер барлығын обобщаете? И я на будущем бала тууды не планирую. ЕЩЕ сіздер кіндік туралы все таки ештеңе айтпадыңыздар только ырымдар и ата бабаларымыз кіндікті қалай қадірлегені туралы ғана жаздыңыздар

    Жауап беру

Leave a Comment