Кунилингус: пайдасы мен зияны

Сайтымызға хат жолдаған қыздардың басым бөлігі «кунилингустың» не екенін білгісі келеді екен. Материал сол негізде даярланды.

 

Кунилингус деген не? 

Кунилингус дегеніміз – еркектің аузымен, тілімен әйелдің жыныс мүшесін аймалауы. Бұл жағдайда әйел жыныстық ләззат алып, тоят табуы мүмкін.

Жұбайлық парыздарын ғана атқарып, төсек қатынасында толыққанды ләззат ала алмай жүрген ерлі-зайыптылар үшін кунилингус – өзгешелік десе де болады. Бастысы, әйелі ерінен ұялмауы керек, ал, ері әйелінің оргазм алуына барынша күш жұмсау керек. Кунилингус ерлі-зайыптының арасын одан сайын жақындастырып, жыныстық қатынасты бір-бірінің тілегін, қалауын ашық айта алатындай жағдай туындатады.

Кунилингустың пайдалы тұстары бар ма?

Сексологтар кунилингустың бірнеше пайдалы тұстарын анықтады:

  • бала көтеруді жуық арада жоспарламаған әйелдерге өте тиімді;
  • қыздық перденің жыртылып қалуынан қорыққан жағдайда кунилингус арқылы тояттауға болады;
  • мұқият әрі кәсіби түрде жасалған кунилингус әйелдің оргазмды сезінуіне (өмірде бірде-бір рет оргазм алып көрмегендер бар) әкеледі;
  • жыныстық жолмен ауру жұқтырып алу қаупі жоқ;
  • ағзадағы қан алмасу процесі жиілейді;
  • жүрек қағысы жиілейді.

Кунилингустың зияны қандай?

  • ерін айналасына ұшық шығуы мүмкін, жалпы ұшыну қаупі бар;
  • ауыз шырышы сифилис, гонококк, кандидоз, ұшық, Б гепатитінің вирусы, тіпті СПИД ауруларын жұқтыруы мүмкін.

 P.S. Бірін-бірі сүйетін адамдар, ерлі-зайыптылар  мейлі үй шаруасында болсын, мейлі төсек қатынасында болсын, бір-бірінің қалауын сөзсіз түсінуі керек. Ал, егер керісінше болса ше? Төсек қатынасында «шаруасын тындырғанмен» ешқандай ләззат та, рахат сезім де болмаса ше? Мұндай жағдайда қатып қалған стандартты бұзуға ерінің де, әйелінің де қорқуы кедергі болуы мүмкін. Әйелі күйеуіне қалауын айтудан қорықса, ері «әйелім дұрыс түсінбей қала ма» деп қоқуы мүмкін. Сондықтан жыныстық өмірге өзгерістер енгізуге тырысу керек.

Қысқа тырнақ күтімі

Қазіргі таңда әлемнің сәнқойлары қысқа тырнаққа көшкен. Сәндегі қысқа тырнақты күту де тез, әрі тірлік істегенге ыңғайлы. Сындырып аламын ба деп қорықпайсыз. Тырнақ бояуын жаққанда да аз уақыт етеді, тез арада қалыпқа келтіре аласыз. Сондықтан жасанды тырнақ пен ұзын тырнақтан арылуға кеңес береміз.

Read moreҚысқа тырнақ күтімі

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Күні бойы шапқылаудан кешке үйге арқаңыз ауырып, биік өкшелі аяқ киімнен шаршап келесіз бе? Аяқты тырыстырып тұратын джинс шалбарын шешкенде рахаттанып қаласыз ба?

Read moreНазар аударыңыз: зиянды сән!

Макияж: жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Макияждың көмегімен бір сәтте беттегі кемшіліктерді жасырып, артық тұстарды айшықтай алатынымыз жасырын емес: қабақты үлкейтіп, көзді күлімдетіп, әжімдер мен дақтарды кетіріп, жүзіңізді жасартып аласың лезде. Алайда, макияждың барлығы сізді әдемі қыла бермейді, табиғи сұлулығыңыз бен сүйкімділігіңіз бояудың астында қалуы мүмкін.

Бояуды үстін-үстін баттастырып жаға беру оңай, ал, нәтижесі қуанта қоймайды. Макияждың негізгі ережесі бойынша тепе-теңдікті сақтау керек. Мысалы, көзіңізді қою, қара түспен бояйтын болсаңыз, ерніңізге жаққан далап ашық түсті, білінер-білінбес болуы керек. Ал, ерніңізді қып-қызыл, қанық түспен боятын болсаңыз, көздегі бояу білінбеуі қажет.

Егер жасыңызды ұйғайтып, ақыл тоқтатқан адамдай көрінгіңіз келсе:

  • Ерінге қошқыл түсті (қанық қызыл, қоңыр қызыл, т.б.) далап жағыңыз;
  • Ашық көк түсті қабаққа арналған бояу жағыңыз;
  • Көздің айналасын қара түспен (подводка) бояңыз;
  • Күңгірт (матовый) тоналды крем жағыңыз.
Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Егер өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінгіңіз келсе:

  • Алқызыл түсті еңлік (румяна) жағыңыз;
  • Көздің ішкі бұрыштары мен қастың астына ашық түсті бояу жағыңыз;
  • Кірпікті арнайы құралмен қайырыңыз.

Бұл жәй кеңестер ғана. Енді макияж жағуда жиі жіберілетін қателіктерді атап өтейік.

№1 қателік. Тоналды кремді көп жағу. Бетке әжім, дақ, безеу шыға қалса, бірден тоналды кремнің көмегіне жүгінеміз. Ештеңе көрінбесін деп, үстін-үстіне жаға береміз, жаға береміз. Сондықтан беттегі «қиын» (безеулі, дақты) жерлерде тоналды крем көп жағылады да, дәл сол жер бірден көзге түседі.

Күңгірт (матовый) тоналды крем әжімдердің арасына кіріп кетеді де, кемшіліктерді одан сайын айқындай түседі. Екі не одан да көп қайтара жағылған тоналды кремдер бетте маскаға ұқсап қалады да, жасты тым үлкейтіп көрсетеді.

№2 қателік. Сүрме. «Бұл – қиындық емес, сүрте саласың, суға шыдамды сүрме (тушь) жаға саламын» дерсіздер. Суға төзімді сүрмелерді жаққан сайын кірпігіңіз құрғап, жұқарып, қысқара түсетінінен хабарсыз боларсыз. Өйткені, құрамында химикаттар өте көп. Ал қарапайым сүрме көзде көп сақталмай, айналасына жағылып шыға келеді. Сондықтан көздің кірпік тұрған үстіңгі қабағын іш жағынан қанық қоңыр қарындашпен ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына дейін жақсылап бояңыз. Кірпігіңіз қалың әрі көлемді болып көрінеді, қарапайым күнде сүрме қолданбасаңыз да болады.

№3 қателік. Астынғы кірпікті бояу. Визажистер қандай жағдай болса да, астынғы кірпікті боямауға кеңес береді. Бұл – түрді бірнеше жасқа ұлғайтып көрсететін бірден-бір жол. Сондай-ақ астынғы кірпік боялса, көздің айналасындағы қара дақтар бірден көзге түседі. Одан да көздің үстінгі кірпігін әдемілеп қайырып, сүрмемен мұқият бояп шықсаңыз, әлдеқайда жас көрінесіз.

№4 қателік. Тым ашық рең. Бет терісінің өз түсінен ашықтау түсті тоналды крем, опа жаққанда сыртқа маска киіп алғандай көрінесіз және ашық түстер беттегі әжімдерді айқындап тұрады. Тіпті өз теріңіз сары, ақ болса да, қоңырлау, қанықтау түсті опа, кремді пайдаланыңыз.

Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Суреттер: Интернеттен алынды. 

Бетіңіз іседі ме?

Күнде таңертең ұйқыдан оянғанда бетіңіз іскенін байқайсыз ба? Оны басудың жолын білесіз бе?

Бетіңіз іседі ме?

Беттің ісуіне не себеп?

Алдымен мұның себептерін анықтап алайық. Ағзада артық сұйықтықтың жиналуы салдарынан бет ісінетінін жақсы білеміз. Оған әсер ететін факторлар:

  1. Дәрі-дәрмек. Құрамында пенициллин, гликокортикоид және аспирин бар дәрі қабылдайтын болсаңыз, бетіңіздің ісінуі – қалыпты жағдай. Сондай-ақ, екіқабат болуға қарсы (противозачаточный) дәрілер, қан қысымын бақылайтын депрессияға қарсы дәрілер де беттің ісуіне себепкер болады. косметикалық құралдардан да беттің ісуі мүмкін.
  2. Денсаулық. Егер бетіңіз үнемі ісіп жүретін болса, дәрігерлерге қаралып, себебін анықтаған дұрыс. Өйткені, аллергия, гайморит, конъюнктивит, қан тамырлары жүйесі, бүйрек пен бауыр, семіздік салдарынан бет ісінеді.
  3. Құрғақтық. Ағзаға су жетіспесе де, артық сұйықтық жиналады. Адам ағзасы солай, егер сұйықтық жетіспесе, артық су, яғни қор жинай бастайды. Сондықтан беттің ісігін қайтарғыңыз келсе, күн сайын 8 стақаннан кем емес су ішіңіз.
Бетіңіз іседі ме?

Беттегі ісікті қалай басады?

  1. Мамықты қолданбаңыз. Неде ұйықтайтыныңызды тексеріңіз. Егер құс мамығына аллергияңыз бар болса, одан жасалған көрпе мен жастықты қолданбаңыз. Көзіңіз бен бетіңізге бірден бір себепкер осы төсек жабдықтары болуы мүмкін.
  2. Жуыныңыз. Бетті суық сумен жуыңыз. Және мұз кесектерімен бетті асықпай сүртіңіз. Ромашка және жалбыз тұнбасынан дайындалған мұз кесегі болса, тіптен жақсы.
  3. Бетті салқындатуды жалғастырыңыз. Бетті салқандатуға арналған түрлі гелдер, маскаларды қолданып көріңіз. Кез келген дәріханалардан таба аласыз.
  4. Көкөніс-жемістер. Көкөніс пен жемістер күнделікті тамақтануда ғана емес, бетке түрлі маскалар жасауға да керемет көмектеседі. Беттің ісігін тез арада кетіргіңіз келсе, салқындатылған жемістің не көкністің тілімдерін бетіңізге басып, бірнеше минут отыра тұрыңыз. Қиярдың әсері көп.
Бетіңіз іседі ме?

Суреттер: yadamoda.ru, vinterese.ru, petrushki.net