Макияж: жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Макияждың көмегімен бір сәтте беттегі кемшіліктерді жасырып, артық тұстарды айшықтай алатынымыз жасырын емес: қабақты үлкейтіп, көзді күлімдетіп, әжімдер мен дақтарды кетіріп, жүзіңізді жасартып аласың лезде. Алайда, макияждың барлығы сізді әдемі қыла бермейді, табиғи сұлулығыңыз бен сүйкімділігіңіз бояудың астында қалуы мүмкін.

Бояуды үстін-үстін баттастырып жаға беру оңай, ал, нәтижесі қуанта қоймайды. Макияждың негізгі ережесі бойынша тепе-теңдікті сақтау керек. Мысалы, көзіңізді қою, қара түспен бояйтын болсаңыз, ерніңізге жаққан далап ашық түсті, білінер-білінбес болуы керек. Ал, ерніңізді қып-қызыл, қанық түспен боятын болсаңыз, көздегі бояу білінбеуі қажет.

Егер жасыңызды ұйғайтып, ақыл тоқтатқан адамдай көрінгіңіз келсе:

  • Ерінге қошқыл түсті (қанық қызыл, қоңыр қызыл, т.б.) далап жағыңыз;
  • Ашық көк түсті қабаққа арналған бояу жағыңыз;
  • Көздің айналасын қара түспен (подводка) бояңыз;
  • Күңгірт (матовый) тоналды крем жағыңыз.
Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Егер өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінгіңіз келсе:

  • Алқызыл түсті еңлік (румяна) жағыңыз;
  • Көздің ішкі бұрыштары мен қастың астына ашық түсті бояу жағыңыз;
  • Кірпікті арнайы құралмен қайырыңыз.

Бұл жәй кеңестер ғана. Енді макияж жағуда жиі жіберілетін қателіктерді атап өтейік.

№1 қателік. Тоналды кремді көп жағу. Бетке әжім, дақ, безеу шыға қалса, бірден тоналды кремнің көмегіне жүгінеміз. Ештеңе көрінбесін деп, үстін-үстіне жаға береміз, жаға береміз. Сондықтан беттегі «қиын» (безеулі, дақты) жерлерде тоналды крем көп жағылады да, дәл сол жер бірден көзге түседі.

Күңгірт (матовый) тоналды крем әжімдердің арасына кіріп кетеді де, кемшіліктерді одан сайын айқындай түседі. Екі не одан да көп қайтара жағылған тоналды кремдер бетте маскаға ұқсап қалады да, жасты тым үлкейтіп көрсетеді.

№2 қателік. Сүрме. «Бұл – қиындық емес, сүрте саласың, суға шыдамды сүрме (тушь) жаға саламын» дерсіздер. Суға төзімді сүрмелерді жаққан сайын кірпігіңіз құрғап, жұқарып, қысқара түсетінінен хабарсыз боларсыз. Өйткені, құрамында химикаттар өте көп. Ал қарапайым сүрме көзде көп сақталмай, айналасына жағылып шыға келеді. Сондықтан көздің кірпік тұрған үстіңгі қабағын іш жағынан қанық қоңыр қарындашпен ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына дейін жақсылап бояңыз. Кірпігіңіз қалың әрі көлемді болып көрінеді, қарапайым күнде сүрме қолданбасаңыз да болады.

№3 қателік. Астынғы кірпікті бояу. Визажистер қандай жағдай болса да, астынғы кірпікті боямауға кеңес береді. Бұл – түрді бірнеше жасқа ұлғайтып көрсететін бірден-бір жол. Сондай-ақ астынғы кірпік боялса, көздің айналасындағы қара дақтар бірден көзге түседі. Одан да көздің үстінгі кірпігін әдемілеп қайырып, сүрмемен мұқият бояп шықсаңыз, әлдеқайда жас көрінесіз.

№4 қателік. Тым ашық рең. Бет терісінің өз түсінен ашықтау түсті тоналды крем, опа жаққанда сыртқа маска киіп алғандай көрінесіз және ашық түстер беттегі әжімдерді айқындап тұрады. Тіпті өз теріңіз сары, ақ болса да, қоңырлау, қанықтау түсті опа, кремді пайдаланыңыз.

Макияждағы жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер

Суреттер: Интернеттен алынды. 

46 комментариев к “Макияж: жасты ұлғайтып көрсететін қателіктер”

    • тери кутими,шаш кутимимен айналысу керек…себеби шаш пен тери адамды боянбаса да адеми корсететин сиякты менинше)))

    • негізі адам табиғи сұлулығын сақтаған дұрыс табиғи сұлулық ен алдымен қастан көздн басталады кейін бет қасқа тату жасатпандар қыздар сендерге берген ақылым табиғи формасын жогалтпаңдар.

  1. мысалы мен озимди адемимин деп санаймын,,,,,Ким озин суйкимсиз десин))))))))

  2. Құрметті қыздар боянбаңдар деп айтпаймын негізі боянған дұрыс. Бірақ жас кезінде боянсаң ерте әжім түседі сондықтан да 30 дан асқасын боянған дұрыс деп өзім ойлаймын.сонда әлде қайда жас көрінесің.

  3. Негизи озим бояну дегенди аса катты унатпаймын!Себеби табиги сулулыкка жететин сулулык жок деп ойлаймын!

  4. Мен негізінде қара қызбын,сол қаралығымнан қатты қысылам бетімді реңді қылып тоналкалармен боясам біртүрлі болып тұрады,көмктесіңіздерші қалай бетімнің түсін жасырып ағара алам

  5. Меним жасым 33-те озимди 5-6 жаска киши етип корсететиндей етип макияж жасаймын.Макияжды жасауды ешким уреткен емес,оз туриме карап жасаймын,биреуге жасайалмаймын.Ар адам озне не жарсатынын билу керек деп ойлаймын.

  6. Арай саған айтар ойым, егер өзіңіз табиғи қара қыз болсаңыз, ол Алла тағаланың берген сыйы гой, тур деген. Несіне жасырасыз қара торы қыздардың да әдемісі болуға тырысыңыз. Әрдайым бетіңіңз қаар болса да, оган сепкіл, угри деген сияқты нарселерді шығармай, оларга карап жүрсеніз, өз теріңізге жетпейді. Шашыңыз бен теріңіз сізді әрдайым жас етіп көрсетеді. Сол үшін ұялмай жүре беріңіз

  7. егер боянбаи адемы болгыныз келсе бетке далаптын орнына киардын кабыгын 15минут коыныз сыз егер уде ешкаида шыкпаи журсеныз боянудын еш кажеты жок сыз тоига мирамдарга баратын болсаныз аздап катты тусырми жагыныз

  8. Кудайдын берген сулулыгын неше турли бояулармен булдирмейк.беспаттам бояудан не пайда?

    • менин анам ешкашан бояу жаккан емес тек сауык кештерге барганда помада жагып бара салатын ал казир бетинде бир де бир ажим жок
      жап жас 2йел сиякты сендер де сондай болындар

  9. Адеми болу, адамнын оз колында, психологичиский озинди даиында, бойян басанда адеми тартымды коринуге болады., оз басым озиме сенимдимин, адемимин!

  10. менин анам ешкашан бояу жаккан емес тек сауык кештерге барганда помада жагып бара салатын ал казир бетинде бир де бир ажим жок
    жап жас 2йел сиякты сендер де сондай болындар

  11. мен бетiмдегi безеулердi жасыру ушiн унемi тональни крем жагып журетiн ем,онсыз журе алмас ем,сiра беттим жаланаштанып калгандай.казiр маган жигитим тональканы жакызбайды,оган унамайды.казир онсиз уйренип калдым.тональка жагып журетинде ол бетке ауа жибермеидi,сондыктан бетимди майландырып жибереди.ен дурысы 30жастан кейiн жаккан дурыс деп ойлайм.Табиги сулулыкка не жетсин!

  12. salemetsizderme.men sizderden bir kenes suraiyn degen edim.waw maselesi.menin wawym uzyn kara tusti.buryndary kalyn bolatyn,al kazir wawym kop tusip juka bolyp ketti jane tusi baskawa bolyp kurgap ketti.wawymdy boiagan emespin.kyrkaiyn desem kimaim.kaitadan osirgim keled.kandai maska jasauga bolad.oz oilarynyzdy kossanyzdar.menin bet alpetim ademi.kara kyzbyn.ewtene jakpaim.tek karandaw kana.tuwtyda jakpaim uitkeni kirpigim uzyn.tek meni mazalaityn wawymnyn kop tusui.aldyn ala sizderge rahmet.

  13. салем кыздар!менин жасым 21 де.мен боянатын заттарым:устинги кирпикке тушь,коз устине карандаш толык,жукалап,ал астына толык емес,жарты,жуандау кылып бояймын.Еринге только блестящий гана жагам кай уакыттада.Ал шашым милерованный,касымды боямаймын,тек кишкене жуламын.Бул ушин мен ешкимнен комек сурамадым жане озиме унайды.дурыс деп ойлайсыздарма?

  14. Салеметсиздермее?менин жасым 14 те)мен тональка жагамын соны калай жакпауга уйренуге болат акыл айтыныздаршыыы

    • Боянбасам да адемiмiн деп озiндi сендiр, психологиялык жагынан. Шындыгында да солай. Шыда, боянбай жур бiраз. Кейiн уйренiп кетесiн. Мен де кекiлсiз журе алмайтын едiм. Казiр барi ойдагыдай)

  15. Секпилден калай арылуга болат.жазда кобейет,кыста кетет,азаяды.комек бериниздерши:(

  16. бетке маска жасап турсаныз кожаныз жаксы демалып калады кунине 2-3 раза жуып турган дурыс безеудин устин ас содасымен жии суртсениз тез кетеди моршинге олив,маслоны аптасына 1 рет жаксаныз комеги тиеди

  17. Мен 14 жастан бастап тональни жагамын, ато бетымде секпылдер коп.. Содан катты уяламын, казыр 16 дамын, жыгытым бар , осы кунге дейын оган кундыз шыккан емеспын, коркам.. Ойткены катты суйем.. Шынайы турымды корсе карамай кетема деп

    • Jaina sagan berer akylym aptekaga baryp kara balwyk satyp al sony kunine eki ret jak 15 minuttan son juyp tastaisyn. Kara balwyktyn paidasy bettegi sepkildi, kara daktardy ketiredi jane agartady betti.

  18. кімде кім болсада озін адемі санайды,дұрыс келісем қазақтын қай қызы болмасын озінін тарбиелілігімен,сыпайылыгымен адеміго,бірак сондада болса аздап опа-далап жакса артыктык етпейді деп түсінем озім,одан ешкімнін еш жері қисайып қалмайды дұрыс емеспе қыздар.

  19. Мен тональканы 17 жастан бастап жактым. Казир 20 ма дан асып барам. Кишкене байкаганым бар ажимдер тусти ((. Енди кунде жагып жургеним жок. Тек манызды болганда гана жагам. 20 мага толмаган кыздарга айтарым, тональканы, пудраны мулдем колданбандар.

  20. Жасым 21де байкаганым көз астына сызық пайда бапты . өтініш қалай кетрсем боад. .және не жаксам бода кеңес берiндершi

  21. Ияяяя, мунда копшилигинин тональный кремди колданатынын байкап отырмын. Ен бастысы кыздар кандай косметика колдансаныздарда арзанга. умтылманыздар. Мысалы базарлардан, сонымен катар куннин астында турган косметикаларды колданбаныздар. Асиресе пудраларды. Бирден бир бетти куртатын нарсе осы. Сонымен катар крем тандаганда курамында SPF ягни куннен коргау асери бар кремдер жагыныздар. Бетти куннен коргыныздар. Куннен тускен дактын кетуи киын. Сонымен катар беттеги дактар мен сепкилге лимон мен балдын маскасы оте тиимди. Тез агартып, бетти оли терилерден коргайды. Ал ажимге аптекада сатылатын оливковое масло оте жаксы. Курамындагы Е витамини бет терисинин картаюынан коргайды

Оставьте комментарий