Қызойнақ

Қызойнақ деген не? Бұл қазақ халқына тән дәстүр ме? Ол қайда және қашан өткізіледі?

Той алдында тек бойжеткендер арасында ұйымдастырылатын бұл құпияжиналыс «қызойнақ» деп аталады. Бұл жиналыс қазір той алдындағы салтқа айналды. Онда тек жақын құрбы-қыздарың жиналып, кез келген тақырыпта әңгіме-дүкен құрады.

Қызойнақты қалай өткіземін десеңіз де, өз еркіңізде. Сондықтан да бұл «қызойнақ» деп аталады екен.

Бір қызығы, бұрын қызойнақ өтетін күн келін үшін көңілсіз, мұңлы күн болған екен. Себебі, қыздардың өз еркінен тыс ұзатылуымен байланысты.

Қызойнақ  қыздың ата-анасының үйінде өткізіледі. Ол өз үйімен, балалығымен қоштасу дегенді білдіреді. Мереке барысында ұзатқалы отырған қыз құрбыларымен бірге қайғылы өлең айтып жылаған. Кейде қызды жылатуға арнайы әйелді де шақыратын болған екен.

9lBUgWgL_LA

 Ал қазір өткізілетін қызойнақ пен бұрынғы қызойнақтың айырмашылығы жер мен көктей. Қуантарлығы, бізег бұл дәстүрдің тек жағымды жақтары ғана жетті.

Бүгін қызойнақ  бойжеткен қыздар арасында тойға бірнеше күн қалғанда ұйымдастырылады.

Оны  жастар қайда және қалай өткізеді?

Қызойнақтың ең қарапайым түрін үй ішінде де ұйымдастыруға болады. «Пижамды кеш» мұндай жиында таптырмас идея. Қандай көйлек киіп, шашты қандай үлгіде жасаймын деп қиналмай-ақ қойсаң да болады.  Dress – code қарапайым : сүйікті аю немесе үйрек бейнесіндегі түрлі түсті пижама.

1

Қазір жастар арасында белгілі бір стильде өтетін қызойнақ жиындары да кең таралған.  Мысалы, мына фотосуретте бойжеткендердің  теңізші образы өте қызық ты. Әрі  барлық қыздар үшін естен кетпен күн болары сөзсіз.

2

Егер «Gossip girl» сериалын көрген болсаңыздар, басты кейіпкер Блэр Уолдрефтің қызойнақ кеші ерекше ойластырылған. Яғни, Одри Татудың  «Breakfast  at Tiffany’s» киносындағы образына негізделіп  жасалған.

3 4

Бұл ой біздің аруларымыздың  да көңілінен шыққан сияқты. Суреттерден қыздардың әр декорацияны, тіпті торттың сыртқы бейнесіне дейін  Тиффани стилінде безендіргенін байқауға болады.

Идеялар сан алуан. Тек қиялыңызға ерік беріңіз. Бұл тек сіздің қалауыңыз бен фантазияңызға байлынысты.

Мысалы, «The Great Gatsby»  киносынан кейін мен өз қалауымда таптым. Мен біздің заманымызға дейінгі  20-жылдардың киім үлгісіне қатты қызығушы едім. Қызойнақты дәл сондай нұсқада өткізсем деген ой туды.

6

Ал, сіз қызойнақты қалай өткізгіңіз келеді?

 

 

Қарлыға Құрманғалиқызы

 

3 айда 19 кг арықтаған арудан 10 кеңес

«Ауру – астан» деген сөз бар қазақта. Семіздіктің бірден бір себепкері де – тамақ.

Семіздіктен арылу үшін қандай айла тәсіл ойлап табылмады десеңізші… Бірақ, артық күш жұмсамай-ақ артық салмақтан оп-оңай арылудың жолы бар екен. Ол – аузыңды тию. Яғни, аз мөлшерде тамақтану.

1390492_477290689053563_108489110_n

 

Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып, күні-түні жаттығу залынан шықпайтын жандардың өзі мұндай жетістікке жете бермейді. Салтанат, бар болғаны, күніне жиі, бірақ, аз мөлшерден тамақтанған.

Арықтағысы келген қыздарға Салтанаттан 10 кеңес жазып алдық.

1. Ешқашан аш жүруге және сағат алтындан кейін тамақ жемей қоюға болмайды.

2. Өзіңізді жақсы көріңіз. Мүсініңіздің сұлу болғанын қалайтын мотиватор (мысалы, сүйген адамыңыз не ғашық болу) тауып алыңыз. Егер психологиялық тұрғыдан арықтауға шешім қабылдасаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.

3. Әр 4 сағат сайын күніне 800 ккал тамақ жеңіз.

4. Ұялы телефоныңызға калория есептейтін калькулятор орнатып алыңыз. Ондай қосымшаны интернеттен оңай табасыз. Бұл есептегіш күніне ішіп-жегеніңізді есептеп отыруға көмектеседі.

5. Кем дегенде 40 минут жаяу жүріңіз.

6. Тәттіні тыймасаңыз да, тежеңіз. Қант, бал (әсел), карамель жеуге болады.

7. Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.

8. Арықтау кезінде теріңізді күтіңіз, бұл өте маңызды.

9. Артық салмақтан арылу кезінде алкоголь ішуге мүлде болмайды. Өйткені, бауыр ағзадан майдың шығуым қамтамасыз етсе, алкоголь бауырдың жұмысын тежейді.

10. Өзіңізді, тәніңізді жақсы көріңіз, бұл – жаныңыздың мекені. Сіз жаныңызды көріксіз сауытта ұстағыңыз келмейтіні рас қой?!

Салтанаттың Фейзбуктағы парақшасы

Ақпарат www.aryktau.kz

Шаштағы «бақша»

Биылғы жазда сән әлемі сылқым бойжеткендерді жаңа сән үлгісімен тәнті етті. Сәнгерлер аруларымызға «бақташының үлгісін» ұсынды. Әлбетте, үстіңіздегі жарасымды киіміңізге, таққан әр әшекейіңіз ажарыңызды аша түседі. Кереметтей әдемі үйлесімдікті берері сөзсіз. Сондықтан биылғы жаз мезгілінің ең үздік тренді – гүлді жиектер (ободок) мен гүлді тәждер болды.

Қай заманда болмасын әйел затының гүлге деген көзқарасы ерекше, өсіп шығатын сұлулыққа деген  махаббаты ертеректе басталған. Өткен ғасырдың басында Алла Назимова және де Мод Фалидің түскен киноларда әртістер әдемі өрілген шаш үлгілерін қызғылт гүлшанақтармен безендірген. Кейіннен танымал Мексикандық суретші Фрида Кало өзінің «икебанасын» жеке фирмалық стиліне айналдырған.

Шаштағы гүлдер әлемдік сәнге Dolce&Gabbanaның күз-қыс 2012-2013 сициялық топтамасы арқылы келді. Байлық, әдемілік, әсемдік – дизайнерлердің сән тарихындағы негізгі тақырыптарының бірі. Сән көрсетілімдерінен сәнгерлердің қымбат асыл тастардан, гүлдерден жасалынған жиектері мен тәждері бүкіл әлемнің сәнгер қыздарының назарын аударды.  Сhristian Dior, Moschino, Osсar de la Renta және  Kira Plastinina да өздерінің көктем–жаз топтамаларына гүлмен безендірілген жиектер мен тәждерді қосты.

 6uwC_mMM5Cc Dolce-&-Gabbana(3)

Аса талғамшыл аруларымыздың назарын гүлді тәждер қыс мезгілінде-ақ жаулап алған еді. Көктемнің жайма-шуақ күні келісімен бұл сән үлгісі керемет трендке айналды. Гүлді жиектерді әлемдік жұлдыздардан (Кира Найтли, Кирстен Данст, Энн Хэтэуэй, Джессика Альба, Пэрис Хилтон) қызыл кілемде, сән көрсетілімдерінде, кейін Нью-Йорктің көше сәнінде, Париж, Милан, Мәскеуде өткен сән апталығында көптеп кездестірдік.

CvZytS-yAPo

Шашқа арналған жиектердерді бет-әлпетіңіздің пішініне қарай қолданған дұрыс. Жиекті маңдай тұсына тағар болсаңыз, онда бет-әлпетіңіз үлкендеу болып көрінеді. Сондықтан, бет-пішіні домалақ немесе төртбұрыш аруларға жараса бермейді.

Егер әшекейді басыңыздың орта тұсына қарай тақсаңыз, бет-пішініңізді барынша созылыңқы әрі тартымды болып көрінеді.

HXV9FqFjvw0

Шаш үлгісіне келер болсақ, гүлді жиектер өрілген шашты жинақы етіп қана қоймай, оны барынша әдемі етіп әрлендіре түседі. Аздап бұйраланған шашқа тақсаңыз да керемет жарасады.

7aQFWn4lNzE

Қазіргі кезде көптеген шеберлер осындай әшекей бұйымды жасаумен айналысады. Соның бірі Алматылық жас ару –  Гауһар Батырхан.

 vmkFRUIbrlQ

 Бұл бойжеткеннің қолынан шыққан әшекейлер көздің жауын алады.

 he6zAqVqrq4

uhkRbtlHMSQ

Шынар Ізбасар

Арықтауға көмектесетін би түрлері

Ақпарат www.aryktau.kz

Арықтау – қыздардың қазіргі ең басты проблемаларының бірі. Арықтау үшін түрлі диетаны да ұстайды, спортпен де айналысады, түрлі би курстарына жазылады. Алайда, бәрі де нәтиженің тез көзге көрінгенін қалайтыны жасырын емес. Егер барып жүрген биіңіздің салмақ тастауға әсерін байқамай жүрсеңіз немесе енді биге барғалы жүрсеңіз, біздің мына жазбаны оқып алғаныңыз дұрыс. 

Аяғыңызды арықтата алмай жүрсіз бе? Онда, аяққа арналған, көп қимыл аяқпен жасалатын биге барыңыз. Мұндай биге сальса мен мамба биі жатады. Ча-ча-ча биі де аяқтың бұлшықеттерін қатайтады. Оған қоса, жүрек қағысын ретке келтіпіп, төзімділікті шыңдайды.

Ал, егер аяғыңыздың формасын өзгертіп не кішкене ғана түзетем десеңіз, классикалық билерге барыңыз.

Мақсатыңыз – артық салмақтан арылу болса, хип-хоп не R’n’B билерін үйрететін топтарға жазылыңыз.

Іштің майын кетіріп, бөксені қатайтқыңыз келсе, мықын биіне барыңыз. Шығыс биінің әйелдің жасын ұзартып, сексуалдығын арттыратын да қасиеті бар.  Дәл осы би әйелдің мүсінін әдемі етуге көмектеседі. Үнемі би сабақтарына қатысып, тұрақты айналысатын болсаңыз, іштегі бұлшықеттер қатаяды.

Қол, мойын, дененің жоғары жағындағы майларды кетіріп, бөксе мен балтыр бұлшықеттерін жаттықтырғыңыз келсе, Фламенко биінің (испан биі) ықпалы көп.

Арықтауға арналған бидің алуан түрі бар. Тіпті ересектерге және жасөспірімдерге деп те бөлінеді. Шын мәнісінде, қазір семіздікке шалдыққан жасөспірімдер де көп. Жасөспірімдерге арналған арықтататын билер олардың артық салмағын жойып қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. 

Аз уақытта көп салмақтан арылтатын Go-Go биі бар. Бұл би тез қимылдауды қажет еткендіктен адам көп терлейді. Термен бірге калория да, май да шығады 🙂 .

Жастар арасында кеңінен танымал билердің бірі – брейк-данс. Бұл гимнастикалық қимылдар арқылы иілгіштікке, икемділікке үйретеді.

Егер би арқылы арықтағыңыз келсе, алдымен ішкі дауысыңызды, интуицияңызды тыңдаңыз. Ең басты талап – би өзіңізге ұнау тиіс. биге бір жазылған соң тұрақты түрде уақтылы қатысу керек. Сонда ғана көздеген нәтижеге қол жеткізесіз.

Өте семіз адамдар кешке қарай ұннан жасалған, тұзы көп, май көп, тәтті тағамдарды азайтса, би арқылы тез арықтайды.

Барлық адамдардың денсаулығы бидің барлық түріне жарай бермейтінін ұмытпаңыздар. Сондықтан би курстарына жазылмай тұрып, дәрігерден кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

strip1

Сәттілік!

Пенелопа екеуміз

Арманы өлмес, аз ғананың біріміз,

Айдың жарық,

Күннің ыстық түріміз.

Біреулерге өліден де өліміз,

Біреулерге тіріден де тіріміз –

Пенелопа екеуміз.

 

Батыр біткен қан майданда қырқысып,

Жан берісер тау жастанып, бұлт ішіп.

Біз күтеміз –

Жел аямай жұлқыған

Күзгі, соңғы жапырақтай тыртысып –

Пенелопа екеуміз.

 

Жүрек қана мекен етер сараймыз,

Һәм бақытты болуға да жараймыз.

Өкінбейміз өрмек тоқып отырып,

Өзгеге емес, терезеге қараймыз –

Пенелопа екеуміз.

 

Гүлнәр Салықбай

Маммологқа барудың 10 себебі

Омырауын мезгілдік тексерістен өткізіп тұру әрбір қыздың әдетіне айналу керек. Ісік ауруларының ішіндегі ең бірінші орында омырау қатерлі ісігі тұрғанын жақсы білесіздер. Сондықтан жыл сайын маммологқа көрініп отырсаңыз, аурудың алдын аласыз. 

Read more