8-наурыз: «Не сыйласам болады?»

Толық ақпарат Сыйлық.kz сайтында оқи аласыз.

Гүл
Гүлдерді қанша жерден қажет емес дүниелер қатарына жатқызғанмен, олай емес. Сыйлыққа гүл алу – әркез жағымды, әсіресе ол қабыл алынған жалғыз сыйлық болмаса. Айтпақшы, қазір гүл құмырасымен ұсынылатын сыйлықтар жақсы дамып келеді.

Парфюм және косметика
Екі кезде ғана сыйлыққа парфюм ұсынуға болады: егер сіз нақты қандай иіссу алу керек екенін білсеңіз, не әр нәзік жанның таңдауын таба алатындай талғамыңыз болса. Ал егер сіз екі жағдайда да өзіңізге сенімсіз болсаңыз ең оңай жолы косметика бутигіне сертификат ұсыну. Бұдан сіздің сыйлығыңыз қажетсіз дүние болып қалмайды және сіз де таңдау жасап әлек болмайсыз.

Әшекей бұйымдары
Керемет сыйлық, алайда сіз өз аруыңыздың талғамымен біраз да болсын таныс болуыңыз керек. Мысалы көбі сары алтыннан гөрі ақ алтынды ұнатады. Тағы да інжу, табиғи тастар, күміс және сваровски кристаллдары да бар екенін ұмытпаңыз.

Абонемент
Бұл СПА салонына, фитнес залына, йога жаттығуларына абонемент болуы мүмкін. Мұндай сыйлық жас талғамайды және көбінің көңілінен шығуы керек. Сұлулық салонында өткізген бір күн жағымды эмоциялар сыйлайды. Ал қайбір кезден спортпен шұғылдануға бел буып жүргендер үшін фитнес орталығына абонемент нағыз керек дүние болады.

Ресторанда кешкі ас
Қаладағы ең керемет ресторан болса да, кешкі ас гүлдер сияқты негізгі сыйлыққа қосымша сыйлық ретінде қарастырылуы керек.

Фотосессия
Нағыз маманның объективінің алдында кез-келген бойжеткен өзін фотомодель сезінеді. Одан кейін де сондай ләззатпен сол суреттерді мың қайтара тамашалайды.

Ұялы телефон, ноутбук және т.б.
Мұндай сыйлықты кез-келген ару алақайлап қабылдайды, егер әрине бұл санақ бойынша үшінші ноутбук, бесінші ұялы телефон болмаса. Жаңашылдық таныту керек болса оригиналды гаджет таңдап алсаңыз болады, лайым болғанда 21 ғасыр ғой.

Сөз соңында
Егер өз тартуыңызды таң қаларлық, естен кетпес етіп жасағыңыз келсе, инвент агенттіктердің көмегіне жүгінсеңіз болады. Олар өз тарапынан креативті жоспарлар ұсынып, әрі соны іске асыруға көмектеседі. Енді бұл жерде, сонымен қатар басқа жағдайлардағы сияқты бәрі сіздің қалтаңыздың қалындығына байланысты.

5 thoughts on “8-наурыз: «Не сыйласам болады?»”

  1. Фотосессия күшті екен ия! Бірақ, олардың миына кіріп те шықпайды ғой бұл! )))

    Жауап беру

Myrza үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау