Еріңізді мақтай білесіз бе?

Еріңізді мақтай білесіз бе?Сүйіктіңізге, күйеуіңізге махаббатыңызды жеткізудің бір тәсілі – оны мақтау. Мақтауыңыз шынайы болу керек. Кез келген ісіне алғыс, өзіне мақтау сөздерді айтып жүрсеңіз, еріңізге майдай жағары сөзсіз. Сіз еріңізді қалай мақтайсыз?

Еріңіздің сымбатты екенін айтыңыз. Спортпен айналысатын болса, денелі, тұлғалы екенін жеткізіңіз. «Сіздің қорғаныңыз, арқа сүйер тірегіңіз» екенін жиі айту арқылы өзіңіздің әйелге тән нәзіктігіңізді, еркелігіңізді ұмыттырмайсыз.

Орайы келсе, әңгіме арасында мақтап үйреніңіз және мақтаудың сәті түскен кездерді жіберіп алмаңыз. Әдейі жағыну үшін мақтағаныңыз кері әсерін береді және оны еркектер сезіп тұрады.

Достарыңыздың, туыстарыңыздың көзінше күйеуіңізді мақтап қойсаңыз, марқайып қалады. Әрі сізді одан сайын жақсы көріп кетуі әбден мүмкін J.

Еріңізді мақтау араларыңыздағы сыйластықты арттырғанмен қоса, бір-біріңізді бағалауға үйретеді.

Күйеу үшін ең үлкен мақтау – сырт көздің әйелін мақтауы, оның жақсы жар, сұлу әйел, ақылды ана таңдағанын айтуы.

Күйеуіңізді шын көңілден мақтай біліңіз!

Еріңізді мақтай білесіз бе?

 

Суреттер: www.happy-giraffe.ru; 7emya.ru

16 thoughts on “Еріңізді мақтай білесіз бе?”

  1. Төсектегі күйеуі тынбай жұмыс істеп жатса оны да ескеру керек. Сондықтан ол жағынан да неге мақтамасқа?

    Жауап беру
  2. мен жигитимди жие мактайтынмын,казыр мактауга уакыт жок,балаларыннын козинше кейде уйяламын

    Жауап беру
  3. Мен жігітімді төсек қатынасында ғана мақтаймын, ол маған сол кезде ғана назар аударады

    Жауап беру
  4. Ел тұтқасы, халық қорғаны болған ер азаматтарымызды сыйлау керек, өйткені, бүгінгі күні еліміздің, жеріміздің аман, аспанымыздың ашықтығы сол ер азаматтарымыздың арқасы. Жалпы күйеу, жарды ғана емес әркез ер азаматтарымызға мақтау айтып, жігер беріп тұру мына біз әйел қауымының міндетінде емес пе?!
    Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа
    Жарқылдаған алмас па?
    Астына біткен жалғыз тұяқ тұлпарын
    Қаладым батыр дер болса
    Қабағын шытпай, түсірмей
    Түсіп беретін жолдасқа
    Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа!!!

    Жауап беру
  5. Анара сиздики дурыс емес тосекте гана мактаган.баска кезде назар аудармаса не ушин журсиз?

    Жауап беру
  6. jigtter ne jaksi koret degen suraka bir jauap aralarndag ang.sirtka aitpai jasirip,koro4e jaksilign asirip,jamandgn jasiru kerek dep oilaim kalai oilaisndar kizdar jigtter.esimim marjan

    Жауап беру

Leave a Comment