Баяғыда…

Баяғыда...

Жаз айы жай басса, ырғала,
Шақ келсе, сезімдер гүл атқан.
Есіме түседі бір бала,
Бір кезде біреуді ұнатқан.

Ол ару пәк еді, ерке еді,
Ал, әлгі ұл ұялшақ қыз десе.
Сол күндер ғажайып ертегі,
Ертекті жарар ед үзбесе.

Көзіне қарайтын қорғана,
Көздері ең нұрлы болатын.
Мектептен қызды емес, сол бала,
Құрбысын шығарып салатын.

Әлгі қыз сыр бермес болса да,
Қызғансын дегені-ау шамасы.
Қыз жайлы жыр жазды қаншама,
Апта мен аптаның арасы.

Сол кезде екеуі нешеде?
Көрген кез «Махаббат бекетін».
Кездесіп қалса егер көшеде,
Жай ғана бас изеп өтетін.

Қанатын кең жайған құстардай,
Жыл өтті…
Ол жағын тізбелік.
Сол қызға сөз айтпай, тіс жармай,
Мектепті бітірді, күз келіп.

Ол да бір құлыны-ау көгеннің,
Сол ару ойынан шықпады.
Алғашқы махаббат дегеннің
Не екенін алғаш рет ұққаны.

Жол бөлді сезімін таса ғып,
Сөз айта алмауы үшін-ді.
Көзінен ып-ысқтық жас ағып,
Енді оны көрмесін түсінді.

Содан-соң қадамын баста алға,
Сол ару кетті оны ақын қып.
Сүйдің бе, ешқашан жасқанба,
Махаббат талабы – батылдық!

Балалық ең таза қайнар-ды,
Қайнарды бөгеді бұл әлем.
Сол ару өлеңге айналды.
Сол бала біреу емес,
Мына Мен!…

Баяғыда...

Өлеңді жазған: Азамат Тасқараұлы

Сурет: Интернеттен алынды.

25 thoughts on “Баяғыда…”

  1. Өлеңің өте тамаша!өте сәтті шыққан Азамат!сезімін менікіне ұқсас екен))Mен де мектeп кезінде бір ұл баланы өте жақсы көрдім.Сезімім бастауыш сыныптан бар еді…Қыз болған соң айта алмадым айтсам,менен алшақтап кететіндей көрінетін, бір жағынан ұялатынмын содан болар айта алмадым.Мүмкін ,сенде де жоғалтып алам деген қорқыныш болған шығар ?Бірақ сен жігітсің!байқап көру керек еді))менім ойымша

    Жауап беру
  2. ӨЛЕҢ ЖОЛДАР КЕРЕМЕТ СОЛ КЕЗДЕ АЗДАП БАТЫЛДЫК ЖЕТПЕГЕН ШЫГАР ОСЫНЫ ЖАЗГАН АДАМГА)))))))))))))))))))))

    Жауап беру
  3. Олен создiн патшасы, соз сарасы. Киыннан киыстырар ер данасы деп Абай атамыз осындай акындарды айткан болар сiра. Керемет!

    Жауап беру
  4. Дос болу еди арманым, котерер омир салмагын, кыйын екен баринен, бауыр басып калганым

    Жауап беру
  5. Керемет ! Мен ғашық болып көрген емеспін ! Біреуді алғаш ұнатып едім жүрегімді жаралап кетті (((

    Жауап беру
  6. Махаббат зор саналылыктын, білгір білімділіктін , аскан акыл ойдын жемісі емес , ол – тек жерде гана өмір суретін , тууы бар , осіп-онуі жок козге корінбей мангі жасайтын бейнесі белгісіз дара угым. Шын махаббат унсіз келедң , сондыктан болар Азамат сіз де сезімінізді дер кезінде жеткізе алмаганыныз!!! Айдана

    Жауап беру
  7. Оте жаксы екен менинде бала кунги махаббатым болган мен оны алиде жаксы корем,ол менин ен жаксын досыммен,туыс сестренкаммен журди мен оганда тоздим ойткени мен оны али де болса суием

    Жауап беру
  8. Биздер солай биз солай суйiciп ек
    Жылдар отти арада суйici коп
    Койлегимнин сол жак тос калтасында
    Орамалын тур бирак иiсi жок

    Жауап беру
  9. Азамат тамаша! Менiн орындалмай кеткен арманымды есiме салдым. Менiн курбыммен журiп, кейiн мен турмыска шыкканда менi суйгенiн айтып, окiнiптi. Мен сиякты сенiн гашыгын да сенен осы создердi коп куттi деп ойлаймын.

    Жауап беру
  10. Керемееет.Осы аруга арналган коп олендеринизди окыдым.сиздер негизи бир биринизге жаралгандайсыздар. Бирак,шын гашыктар косылмайды деген бар гой. Мен ол аруды бир-еки рет кордим.шынымен тамаша жан!карапайым,минези тамаша,сулу,ерке кыз боп коринди.тамаша олендериниз бар екен арналган,унады.казир араласыздар ма?

    Жауап беру

Leave a Comment