УГГИ ЕТІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТИГІЗЕР ЗИЯНЫ КӨП ПЕ, ПАЙДАСЫ МА?

Сәнді әрі жылы!
Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен ары да бері шапқылап, тынымсыз еңбек ететін адамзатқа ыңғайлы әрі жылы мына етік бізге Австралиядан жеткен. Әлемдік деңгейдегі шоу-бизнес өкілдерінің қолданысқа енгізуі Угги етігінің «танымалдылығын» арттыра түсті.
Классикалық угги табиғи қой терісінен тігілгендіктен қыста суық өткізбей, жылы болса, жазда, керісінше, суық өткізбей, салқын болады.

Уггиді немен киюге болады?
Уггиді кез келген стилде, кез келген киіммен киіп кете беруге болады. Джинсымен, белдемшемен (юбка), көйлекпен, шалбармен үйлестіріп кию, әсіресе жасөспірімдер арасында белең алды.
Әр түрлі түсте шығарылған бұл етік түрі кеңсеге де, қысқы саяхаттарға да, түнгі клубтарға да, тұрмыстық қажеттіліктерде де киіп жүруге өте ыңғайлы.

Уггидің түрлері.
Әйелдерге арналған угги классикалық, спорттық үлгіде, тоқылған, қалыңдатылған сияқты түрлерге бөлінеді. Сәнді уггилар да бар. Оларды бантиктермен, түрлі баулармен, моншақтармен, жапсырмалармен, әшекей бұйымдарымен безендіреді.
Ерлерге арналған угги етіктерінің классикалық және спорттық түрлері ғана болады.
Балаларға арналған уггидің тек классикалық түрі ғана қолданыста. Ыңғайлы спорттық түрі сирек кездеседі.

Угги денсаулыққа зиян ба?
Басты сұранысқа ие аяқ киімнің бұл түрі адамға кері әсерін тигізетін көрінеді.
«Күніне 8-9 сағат бойы аяғынан шешпей киетіндердің табан буынының сіңірі созылады», деп хабарлайды ортопедтер. Угги жалпақ әрі кең болғандықтан табанды ұстап, аяқ ұшының көтерілуіне демеу бермейді де, аяқты сүйретіңкіреп басуға тура келеді, буындағы сіңірдің созылуы осыдан.
Қалың жүнді етікпен сүйкелген сайын ауа өтпей, аяқ терісі терлейді, нәтижесінде – түрлі тері аурулары, тері қабынулары, әсіресе аяқ саусақтарының арасындағы терілер зардап шегеді екен.
Аяқ етікпен қысылмай, қалай болса, солай еркін басылған соң адамның жүрісі де өзгеретіні дәлелденген.
Америкалық ортопедтердің кеңесі бойынша, угги етігін күніне екі-үш сағаттан артық киюге болмайды.

9 thoughts on “УГГИ ЕТІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТИГІЗЕР ЗИЯНЫ КӨП ПЕ, ПАЙДАСЫ МА?”

  1. Осы жақында угги сатып алдым. Жанның рахаты екен ғой. Тек сүйкімсіздеу демесең. ))

    Жауап беру
  2. Мулде унамайды угги.. Особенно когда люди ходят и не поднимают ноги по полу 🙂 шык-шык деп 🙂

    Жауап беру
    • Дааа, маған да аса ұнамайды))) Теледидардан зиян екенін көріп, тіптен жақтырмай кеткем!

      Жауап беру
  3. Мен де жақында угги сатып алдым. Себебі басқа етіктерден аяғым қатып қалды. Аяғын қатып түсіп қалатындай болып жүре алмаған денсаулыққа пайдалы емес шығыр)) Не десе де мен үшін оған жететін етік жоқ әзірше))

    Жауап беру
  4. уггиді көйлекпен киюге болады деп қояды киіп көріңіздерш кәні қалай тұрады екен! ))) Білмесеніздер жазбаңыздарш Угги кыз баланы суйкимді етіп көрсетеді, уггиді арине суйкимди корсетер уйлесимди киіммен кию керек.

    Жауап беру
  5. угги аякка оте ынгайлы жане жылы. асиресе кыздардын аягынан сыз отип сонын салдарынан улкен ауруларға апарып согады. санине емес денсаулыкты ойлаган жон деп ойлаймын. биз кыздар болашак анамыз. дени сау сабиди дуниеге акелу ушин сулуды емес денсаулыкты тандайык. арине ол менин ойым

    Жауап беру

Leave a Comment