Пицца қытырлақ, әрі дәмді болады. Жеуге де өте ыңғайлы, екі тістеп, оп-оңай жеп қоясыз 🙂
Құрамы:
Қамырына керекті заттар:
Ұн – 2 стақан
Су (жылы) – 1 стақан
Қант – 1 шай қасық
Ашытқы – 1 шай қасық
Сұйық май – 2 асқасық
Тұз
Салындыға қажетті заттар:
Томат пастасы- 2-3 асқасық
Фарш- 300-400 гр
Сарымсақ – 2 түйір
Пияз – 1 дана
Саңырауқұлақ (консервідегі) – 1 банка
Тұздалған қияр – 2-3 дана
Қызанақ – 2-3 дана
Зәйтүн – 1 банка
Ірімшік – 300 гр
Тұз
Қара бұрыш
Алдымен қамыр илеп, ашытып қоямыз.
Фаршқа пияз, сарымсақ, тұз, қара бұрыш саламыз.
Қызанақтарды дәл осы қалыппен турап аламыз.
Зәйтүн мен тұздалған қиярды тураймыз.
Саңырауқұлақтарды да тураймыз.
Қамырды орташа қалыңдықта жаямыз.
Стақан немесе консерві банкасымен қамырымызды ойып шығамыз.
Табамызды майлап, қамырды тізіп шығамыз.
Қамырдың қалыңдығы осылай болады.
Қамырдың бетіне томат пастасын жағып,
салындыны саламыз.
Үстіне қияр мен саңырауқұлақты саламыз.
Оның үстіне қызанақ пен зәйтүнді қойып шығамыз.
Ірімшікті үккіштен өтікізіп, бетіне сеуіп шығамыз.
200 градустық пеште 30 минут пісуі қажет. Мини пицца дайын! 🙂
Ас болсын!
Лаура Мырзақоңырова
Әдемі. Бірақ, ұсақ-түйегі көп екен, ерінбеген адамға оңай шығар 🙂
Салематсыздарма! Оте керемет жасалған пицца, маған өте ұнады мен пицца жақсы көремін, осыны міндетті түрде пісіремін
kuwti eken
Рахмет.Мен тестасын біле алмай журген едым енд балапандарыма пісіріп беремін оп онай екен
су орнына сут косса оте жаксы болады
барине салем,…айкаракозди ким еринбей жазган екен соган алгысым шексиз улкен рахмет коп нарсе билип жатырмын..
маған ұнады,рахмет,ИншАллах істеп көремін
рахмет..жасап коремiн,сосын калай шыкканын мiндеттi турде айтып беремiн..:)
оте жаксы писирип корем
magan unadi!
керемет…жасап кордим дамиде тамаша!!!бари менин жасганымды унатти!!!
maganda unadyyyyyyy katty pisirip koremynnnnnnnnnnnn
оте жаксы ари дамди маганда унады)
оооооо, мынау оте бир жаксы рецепт екен. негизинде уйде улкенин писисрип, оны болип, алекке тусип жататын едим. Мынау бир тамаша болды гой! канша каласан, сонша дана жасайсын. бурын калай ойыма келмеген? )))))))))))))
jaksi tyri de ademi birak kamirdan farwtari tysip kalmaima
керемет маған ұнады міндетті турде пісіремін шағын әрі оңай жеуге де ыңғайлы екен ой рахмет
Маган бул пицца катты унады.жеуге де оте ынгайлы.шынымен де мундай пицца жасау неге ойыма келмеген.сизге коп рахмет.мен де бул пиццаны миндетти турде жасап коремин.
МАГАНДА УНАДЫ ОЗИ ДАМДИ КОРИНЕДИ .ДЕЬАЛЫС КУНДЕРИ ЖАСАП КОРУ КЕРЕК.ЖЕУГЕ ЫНГАЙЛЫ ЕКЕН.
Rasyndada ote keremet eken!aikarakozden keregindi tabasyn.demalys kunderi jasau kerek.
ӨТЕ ӨТЕ ДӘМДІ МЕН УЖЕ ПІСІРІП КӨРДІМ