«Ақша – қолдың кірі», «Дүние – ағын су» деп, дүниеқоңыздықтан аулақ болуға қанша тырыссақ та, сананы тұрмыс билеп, өмірімізде «көк қағаздың» маңызы артып тұр. Әрине қалағаныңа еркін қол жеткізе алатындай қаражатың мол болғанға не жетсін. Еңбектің көзін тауып, әр қадамын ақшаға айналдырып жатқандарды көріп, қызығатынымыз жасырын емес. Сол ақша қорын молайту барысында бірнеше кеңестер ұсынамыз.
Ақшаны жақсы көру керек. «Ақшаны кім жақсы көрмесін?» деп отырған боларсыз. Бұл «алған үстіне ала берсем» деген пиғылдан аулақ. Ақшаны жетіспегенінен емес, сізде мол мөлшерде бола алатыны үшін жақсы көре білу керек. Сіз ақша арқылы белгілі бір затқа не білгілі бір дәрежеге қол жеткізе алатындықтан, яғни ақшаны дәнекер құрал бола алғаны үшін жақсы көріңіз. Ақшаңыздың мыжылып қалмауына, әр жерде бөлек-бөлек жатпауына, әмияныңызда қанша қалғанына назар аударыңыз. Үнемі ұқыппен қарап, санап, ерекше көңіл бөліңіз. Сізде теңгенің күн артқан сайын арта түсетініне сеніңіз. Қалтаңызда аз мөлшерде ақша қалса да, «Менде ақша жоқ» деген сөзді мүлде айтушы болмаңыз. Бірақ, жатсаңыз да, тұрсаңыз да тек ақшаны ойлап, өміріңіздің мәнін ақшаға аударып алудан аулақ болыңыз. Ол жағдай дүниеқоңыздылыққа ұласады. Оның жай ғана қағаз екенін ұмытпаған жөн.
«Не ойласаң, сол болады». Бұл қағиданы кей адамдар есітпесе де, ішкі түйсігімен сезеді.Кейде «сандырақ келді» деп жатамыз, ол – ойыңызбен жіберген ақпаратыңыздың орындалуы. Ойыңыз арқылы алда болатын оқиғаны өзіңізге тартасыз. Ақша да дәл солай. Әмияныңыздағы ақша өзінен мол ақшаны шақырып тұрады. Соңғы тиындарыңызды жинап, сарқа тауысатын әдетіңіз болса, одан арылуға кеңес береміз. Белгілі бір мөлшердегі соманы жинап жүруді үйреніңіз. Мол ақшалар тиыннан құралған, жиналған ақшаңыз бір әжетке жарап қалады. Дүкенге барғанда да қымбат, бағалы киімдерді сататын бутиктардан ақшамыз жоқ, жетпейді деп айналып өтеміз. Ол – қате. Барыңыз, көріңіз, киіп көріңіз. Ақшаңыз жетпесе, «Менің келесі жолы осындай киім алатындай қаражатым болады. Қымбат дүкендерден киінемін. «АҚШАМ ЖОҚ» деп емес, «әзірге ақшам болмай тұр» деген сөздерді қолданыңыз.
«Алаған қолым береген». Ақшада энергия бар. Ол кез келген адамға әсер ете алады. Ақшасы мол адам әлдеқайда өзін сенімді ұстайды. Ал энергия деген – қозғалыс. Демек, ақша үнемі қозғалыста болуы керек, көбеюі керек. Сараң болмаңыз. Садаға берсеңіз де, қарыз берсеңіз де, тіпті асханаларда артық тиын-тебен қалдырып кетсеңіз де, ақшаңыз қозғалысқа түседі. Ақша жоғалтып алғанда да еш өкінбестен, үлкен олжа алдындағы «құрбандық» деп есептеңіз. «Ақшам шығып кететін болды», «менің ақшам кетті ғой» деген бойыңыздағы сараңдық синдромдарын жойыңыз. Сараң болмаңыз деді екен деп, ысырапқа жол беруге де болмайды.
artleo.com
Эххххххх!!! Ақша, ақша…))))))))))
Ақшаң көп болса жақсығой, болмаса несі жақсы
Акшан болса калтанда талтандада талтанда. Акшан болмаса калтанда ауылына карай талтанда
АКШАН БОЛСА ЖАКСЫГОЙ барлык проблемаларынды шешесін көңілің тоқ болып жүреді, керек заттарынды аласын
мен акшаны жаксы көремін,тек жақсылыққа жұмсаймын.
Міне 2 жылда өтті менің ақша жинап жүргеніме.Сол екі жылда мен 45660 тг таптым бір литр банканы крышканы открывашка мен жауып тастадым.Сойтіп сыртын қап-қара қағазбен орап тастадым да төбесін тестім.Сөйтіп 2 жыл өткеннен кейін шайқасам даусы шықпайды жәй аз-ақ тиын жүргендей болды ашып қарасам мен әлгі 45660 тг-ні көріп қуанып кеттім де оны 2 литр банкага аудардым енди кайтадан жинап жатырмын.
Акшаны койшы бари бир келедида кетеди
Ақшаң болса калтанда талтанда да, талтанда.
Ақшаң болса қалтада Көңілің қуанып талтанда дискоға бар пиво іш бірақ ақшанды тек жақсылыққа жұмса менде қазір 200 теңге урааа сушняк алатын болдым осы 200 дің артында 4 нөл болса охохоу рахат болар еді Ақшаң жоқ болса жұмысқа тура келеді баруға бірақ ерінесің бірақ жұмыс ақша Ақшаның қадірі мол болса су болмаса өзіңді қу қамшымен