Қоңыр түсті сусынмен бала кезімізден таныспыз. Сәтті жарнаманың арқасында әлемге кең таралған бұл сусынды жасымыз да, кәріміз де жапа-тармағай ішіп жүр. Енді үй шаруасында да қолдануға кеңес береміз.
- Сіз Кока-коланың ауруды уақытша тоқтату (обезболивающее) қасиеті бар екенін білесіз бе? Осы сусынның химиялық құрамындағы кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз мезгілдерінде қала сыртына шығып демалғанда жәндік, шыбын-шіркей шағып алған жағдайда Кока-коланың көп көмегі бар. Денеңізді шағып алса, ашып не ауырып тұрған жерге Кока-коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
- Кока-кола тотты керемет кетіреді. Үйде тот басып, қолданыстан шығып қалған зат болса, сол затты түнде кола құйылған ыдысқа батырып қойыңыз да, таңертең жақсылап ысқылап, жуып-шайып алыңыз.
- Кока-кола терезені жақсы жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді, автокөлігіңізді жуғанда тиімді нәтижесін көрсетеді. Терезені жуып болған соң, әйнекте шіре қалмас үшін сулы шүберекпен сүртіп алыңыз.
- Бұл сусынды тамақ дайындауда да қолдануға болады. Коланы өзіңізге ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қосындыны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.
- Үйіңізде біртүрлі иіс бар ма? Арнайы сұйықтық қосылған шелектегі суыңызға Кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. Сонымен қатар, өзіңіздің үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады. Тағы бір айтатыны, Кока-коланың шашқа пайдалы әсері бар.
- Кейде үйдегі ыдыс-аяғымыз «товарный видін» жоғалтады. Түбінде болсын, сыртында болсын, сырылған қара сызықтар, қара дақтар пайда болады. Ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қайтару үшін ыдысқа бір бөтелке коланы құйып, оны жәй жанып тұрған отқа қойып, қайнатып алыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуып алыңыз.
- Кока-кола дақты жақсы кетіреді. Егер тиген дақты кетіре алмай, шакфыңыздың бұрышында жатқан киіміңіз болса, кола көмектеседі. Кока-коланы кір жұғыш ұнтағыңызбен араластырып, кір жуғыш машинаңызға салып, күнделікті әдеттегідей кір жуып алыңыз. Тіпті қанның дағы да кетеді. Оған қоса, киіміңізде жағымды иіс болады.
- Назар аударыңыз! Кока-кола тойып, асқазаныңызды көтере алмай тұрғанда, жүрегіңіз айнығанда жақсы көмектеседі. Бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда да керемет көмекші бола алады.
Сондықтан Кока-коланы тек ішіп қана қоймай, үй шаруашылығында да тиімді пайдалана біліңіз.
Біз кайфпен ішіп жүрсек….бұл сусынды!
Кока кола дақтардың бәрін кетіріп жатса, асқазанымызды да «жеп жатқан» болар
Осы сусынды химиялық тексерістен өткізіп, нақты фактілермен жазса дұрыс болар еді. Біреуі даттайтын, біреуі жақтайтын ақпараттың қайсысына сенсек екен деп жургенше.
Осыншама пайдасы бар екенін білмеппін. Көп рақмет саған Айқаракөз! ))
Шашқа қандай пайдасы бар?
P.S жауап жазсаңыздар е-мэйлға ескертсеңіздер. Себебі, бұл блогты бірінші рет көріп отырмын,кері айналып келуім екі талай
Pepsi we?
Кола темірдегі тотты кетірсе асқазандағы бүр не болды десейші
Салеметсиздер ме Админстрация!!! Сиздерден неге коширип (копирование) алуга болмайды?? Компьютерден кози ауырады А4 шыгарып алып уйде окиыйн дегем!!! 🙂
соны айтам
иә, кока-коланы тіпті ұнатпаймын, зиян екенін әкем үнемі құлағыма ұйып отыратын…) Жарықтықтың мынадай қасиеттері бар екенін білмеппін. әне біржерде шашқа да пайдасы бар деп жазыылыпты… толыгырак жазып өткеніңізде қатып кетер еді
Мынау жаналык кой,кока-коланы зиян деп ишпей журсемм! мен шашка кандай пайдасы бар екенин билгим кеп тур. Ари копир етилмеди екен…
уй шаруаысна оте кажет екен
Кока-коланың неден жасалатынын ешкім білмейді,сондықтан ішпеген дұрыс деп ойлаймын,тек бытовая химия мақсатында болмаса…