Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап, еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысыңыз.
Бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударыңыз.
Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».
Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.
Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар.
Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн.
Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.
Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз.
Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін.
Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл – қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн.
Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
мен де үйде өсетін гүлдерді баптағанды өте жақсы көремін,бірақ бізде қазақша ақпарат өте аз тіпті жоқтың қасы.Осындай кеңес ақпараттар көбейсе екен деймін.Сіздерге сәттілік
Бөлме гүлдерінің тұқыммен қалай өсіреді және тұқымын қайдан алуға болады.Гүлдерді аптасына қанша рет суару керек.
Бөлме гүлдерінің тұқымын арнайы гүл сататын магазиндерден аласың, сонда сатушылардан білмейтіндеріңді сұрасаң болады. Гүлді суару сенің гүліңнің көлеміне байланысты.
ГҮЛДІ ҚАЛАЙ КҮТЕТІН ЖАЙЛЫ КӨБІРЕК МӘЛІМЕТТЕР КЕРЕК
ГҮЛ КҮТІМІ ЖАЙЛЫ КЕРЕК
Өзім гүлді жақсы көремін,әсіресе фикусты. Гүлдер туралы қандай қандай қазақша сайттар бар?
Бөлме өсімдіктерін мен былай суарамын:суаратын гүлдің ыдысы сиатындай жалпақ және шұңгыл ыдысқа су құйасыз,сонан-соң суаратын гүліңізді ішіне салып қойасыз.Гүлдің топырағы ылғалданған соң алып тастайсыз
гүлдердің битінен қалай құтылуға болады
гулдин битинен кутылу ушин,жапырагын,аз молшерде салынган маргансовка суымен жуыныз,мен солай жасадым,бари кетип калды
Менде гүлді жақсы көремін.Гүлдесе жанымды жерге қоям .Үйде мен ғана гүлді жақсы көремін.Мектептің гүлдерін қалдырмай атроскаларын сыпырып кетем.хахахха
«еркек бақыты» гүлін сатып алғаннан кейін бір рет гүл ашты,жақсы өсіп келе жатты да,қыста бірте-бірте сарғайып жапырақтары түсіп қалды.Енді қалған тамырынан қайта өсіруге болама?
қасына «Әйел бақыты» деген гүл қойыңыз, білгіштердің айтуы бойынша екеуі бір жерде тұса жайқалып өседі! 😉
Кайырлы тун! менде осы жакында осирип жатырмын доллор гулди
калай жанеде кай уакытта су куямыз?
Гүл- бөлменің көркі. Гүлді көп өсіру керек. Мектеп оқушылары бөлме өсімдіктерінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 70 жылға 70 гүл отырғызды. Гүлдердің ішінде
«герань»гүлі бар. Бұл гүлдің иісі адам ашуланған кезде, сабырлылық сыйлайды..
Салеметсіздерме? Менде болме гулдерин осіргенди жаксы коремин.Бирақ ,сатып алған гулдерім олип жатыр. еркек бақытты деген гулдин жапырактары карая бастады , оған циркон дарисин 1мл ликти алып 1 литр суға -0,25 мл тамызып суга араластырдым,легенге салып горшокттын астынан суардым.оданда оналмады.қызыл гулдери қарая басттады.уже олип жатыр.тағы еркек бақытты гули бар,ол да сондай болып олиип калама деп қорқам не истеуге болады.Айел бақытты гули де шашақ жапырақттары сарғая басттады .алдын ала не истеум керек .Кенес бериниздерші…………
гүлдер шіркейлеп кетсе не істеу керек
ерекек бақыт гүлі гүлдеп тұратын,терезені ашып қойғанда суық жел болып қалды,содан кейін жапырағы 8 , соның 3-уі сарғайып тұр.соңы қалай қалпына келтіруге болады.
ерекек бақыт гүлі гүлдеп тұратын,терезені ашып қойғанда суық жел болып қалды,содан кейін жапырағы 8 , соның 3-уі сарғайып тұр.соңы қалай қалпына келтіруге болады.