КӨЗДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС БОЯУҒА БОЛАДЫ?

Косметологтар дұрыс макияж жасауда көзді де, ерінді де қанық етіп, бірдей айшықтаудың қажеті жоқ екенін айтады. Не көзіңізге, не ерніңізге акцент түсуі керек. Әйтпесе, көзге тұрпайы көрініп кетуіңіз мүмкін. Егер ерніңіз қалың да емес, жұқа да емес, орташа, томпақ, әдемі болған жағдайда ғана ерніңізге екпін түсірсеңіз, тартымды көрінесіз.

Көзіңіз – жан-дүниеңіздің айнасы ғана емес, тартымдылық құралы. Көзін әп-әдемі етіп бояп алатын құрбыларымыз көп, ал көзге арналған бояуды (подводка), қарындашты қолдана алмайтын құрбыларымызға бірнеше кеңестер ұсынамыз. Жақсылап оқып алған соң, қолыңыз әбден үйреніп кеткенше қайталап көріңіз.

1 – ереже. Көзді бояуға арналған бояу мен қарындашты дұрыс таңдай білген дұрыс. Ол үшін, бірінші, қарындаш, бояу жақсы фирмадан шыққан, қымбатырақ болуы тиіс. Басқа-басқа, боянатын заттарыңыз өте сапалы болуы қажет. Ал сапалы заттар қымбат болады. Екіншіден, көз бояуға арналған қарындаш құрғақ болмауы керек. Өйткені, құрғақ қарындаш қабағыңыздың терісін қырнап, қызартып жібереді және құрғақтығынан үгітілгіш келеді. Тағы айта кететін жағдай, қарындаш тым майлы да болмауы керек. Майлы қарындаш қабағыңызда біраз уақыт өтпей жиналып, сызық-сызық болып қана қалады.

2 – ереже. Көзді арнайы сұйық бояумен «подводка) мерекелік кештерде және кешкі макияжда бояған дұрыс. Күндіз боясаңыз, тым оғаш көрініп, бояуды шамадан тыс көп жағып алғандай көрінеді. Күндіз тек жабыстырмалы жасанды кірпіктің шетін, кемшіліктерін жабу үшін ғана қолданған дұрыс.

3 – ереже. Сіз қандай түсті, қандай стилде киім кисеңіз де, көзіңіздің айналасын қара, сұр және қоңыр түспен ғана бояңыз. Басқа түспен бояу әдемі көрінбейді, ал қабаққа арналған бояудың (тень) түсін қалауыңызша таңдаңыз. Ақ түсті бояуды көзді үлкен етіп көрсету үшін қолдануға болады, бірақ бұл –  көзді айналдыра ақ түспен бояу деген сөз емес. Көзіңіздің ішкі, мұрынға жақын тұрған бұрыштарын әдемілеп ақ түсті бояумен бояп, қалған жақтарын қара не қоңыр түспен бояуға кеңес беріледі.

4 – ереже. Кішкентай, сығырайған көздерді астын да, үстін де жіңішке емес, қалыңдау етіп бояңыз, тек көзіңіздің үстіңгі жағындағы бояудан астыңғы жағындағысы сәл-сәл ғана жіңішкерек болуы керек. Сонда көзіңіз үлкендеу болып көрінеді. Сонымен қатар, көзіңіздің жоғарғы жағындағы сызықтың дәл үстінен емес, жоғары боясаңыз да, көзіңіздің үлкен көрінуіне септігін тигізеді. Ал мамандар көзі үлкен және бір-біріне жақын орналасқан көздерді сызықтың дәл үстінен, толық бояуға кеңес береді.

nevestushka.ru

 

«ҒАЖАП ТҮСКЕ БОЯДЫМ ҒАЙЫП ТҮНІН…» (АЛҒАШҚЫ ТҮН)

 

АЛҒАШҚЫ ТҮН – қыз баласының әйел-ғұмырға жасаған алғашқы қадамы, неке қиылғаннан кейінгі отбасылық өмірінің бастауы.

Қыз баласының алғашқы түнінде жігіт нәзіктік танытса, төсек қатынасындағы алдағы өмірі де жайлы болмақ. Ал алғашқы түнде дөрекілік көрген, «оқиғаға» зауқы соқпай, амалсыздан, дайындықсыз барған қыздың одан кейін төсек қатынасы десе, тітіркеніп, жиіркеніп тұруы жиі кездеседі екен. Жұбайына салқындық танытып, төсек ләззатын ала алмай, ақыры ажырасып жатқандардың салдарының бірі де осы – алғашқы түннің дұрыс өтпеуі.

Өмір бойы іштей қорқып, іштей дайындалып, іштей күтіп келген «ғажайып түнде» жігіт қызды аймалап, ынтызарлығын оятып, қыздың құлағына тәтті сөздерін айтып, психологиялық тұрғsдан әбден дайындап барып, қыздық пердені алса, «міндетті істің» сәтті болғаны.

Алғашқы түн жайында көкейде жүрген бірнеше сұраққа жауап іздеп көрейікші…

Қыз алғашқы түнде ләззат ала ма?

Мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес. Өйткені, алғашқы түн қыздар үшін өте жағымсыз, қорқады, ұялады. Сонымен қатар, қыздық перденің жыртылуы қатты ауырып, басқа сезімдерді сезінуге мұрша бермейді. Екінші-үшінші қатынастан соң да төсектің «тәтті дәмін» сезінбеуі мүмкін. Қыздар көбіне бірнеше қатынастан кейін ғана ләззат ала бастайды.

Алғашқs түнде қыздық перденің жыртылмай, қызғылт түсті сұйықтық ақпауы мүмкін бе?

Бұл жағдай бүгінгі таңда жиі кездесіп жүр. Мұның екі себебі бар: қыздық перде не тым созылмалы, не жігіт бір түнде оңайлықпен ала қоймайтын өте мықты. Созылмалы қыздық перде күнде «қосылып» жүргенге қарамастан бала туылғанша жыртылмауы мүмкін. Өте мықты қыздық перде де бірнеше қатынастан соң жыртылуы мүмкін.

Алғашқы түн қалай өтуі керек?

Алғашқы түнның басты шарттары:

–         қыздың да, жігіттің де келісімі болу қажет;

–         таза төсек;

–          сақтық құралдары (мүшеқап, арнайы майлар);

–         екеуі толықтай оңаша қалуы тиіс.

Алғашқы түнде аймалаудың рөлі қанша?

Өте маңызды. Ауырсынып, жылап жатқан қызды жігіт құшағына қысып, сүйіп, аймалай түссе, перденің жыртылуы физикалық тұрғыдан ғана қабылданып, төсек қатынасына деген іштей қорқынышы басылады.

Алғашқы түнге қыз неше жаста толық дайын болады?

Қыздық перденің нағыз «пісіп, жетілген шағы» – 18-20 жас аралығы. Осы жастағы қыздың қыздық пердесінің созылмалылығы жақсы әрі аз ғана қан ағады. Ал қыздың жасы ұлғайған сайын қыздық перде қалыңдап, созылмалылығын жоғалтады екен. 30-дан асқан қыздың қыздық пердесі алынғанда көп қан кетіп, өте қатты ауырсыну болады екен.

Әйел мен ердің төсектен ләззат алып, өмірге ұрпақ әкелуі – табиғаттың заңы. Ал табиғаттың заңына қарсы тұрар ешкім жоқ.

 Сурет: svadba-rb.ru

ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Сіз әшекей бұйымдар ұзақ тағылып, терімен үйкелісі нәтижесінде орың бетінде май қабаттары мен терінің өлі клеткалары жиналып қалатынын білесіз бе?

Мұндай жағдайда бағалы бұйымдарыңызды таза тіс щеткасы (немесе мақтасы бар таяқшалар) және кәдімгі ыдыс жууға арналған сұйықтықтың көмегімен тазалаған абзал. Тіпті әшекей бұйымдарды сататын дүкендерде арнайы тазалауға арналған сұйықтықтар сатылады. Бұл өте тиімді жол болғанымен, барлық әшекейге сәйкес келе бермейді. Бриллиант, сапфир сиякты қатты тастардың өзін қанша қатты болса да, тазалауда өте абай болған дұрыс. Әшекейлерді тазалаудың ең қауіпсіз жолы – жұмсақ, ылғал шүберек. Құрғақ шүберекпен жалтыратуға болады, бірақ кірін кетіре алмайсыз.

Қатты әшекей тастар. Бриллиант, жақұт (сапфир), лағыл (рубин), гранат тастарын көзіне зақым келтіріп алмас үшін өте ұқыпты тазалау керек. Кірді тазалау үшін жылы су, тазалағыш құрал (ыдыс жууға арналғаны да болады) және таза, қолданылмаған тіс щеткасы. Кішкентай бағалы затыңызды абайсызда раковинаға түсіріп, зақымдап алмас үшін астына ыдыс қойып жуған дұрыс.

Әлсіз әшекей тастар. Жылтыр тас және меруерт (изумруд) – өте кірпияз бұйымдар, сондықтан ұқыпты күтімді талап етеді. Нәзік әрі тез сынғыш келеді, су өткізетін майда жарықшақтары бар. Бұл кемшіліктердің орнын толтыру үшін әдетте майлар жағып қояды. Сондықтан әшекей тастардың осы түрін тазалауда су және еріткіш сұйықтықтар қолдануға тыйым салынады. Одан да зергерге көрсеткеніңіз дұрыс.

 Күміс. Күміс қарайып, бастапқы қалпынан тез өзгеретіні бәрімізге аян. Жылтырын қайтару үшін күмісті қатты матаға (киізге сүйкесеңіз, нәтижеге тез қол жеткізесіз) сүйкеңіз.

Алтын. Өзіміздің сүйікті металымыз тым тез арада өңін беріп, бетіне жұқа май қабаты қонады. Кетіру үшін ең алдымен сабынды суға езіп, сол суға алтын әшекейлеріңізді салып қойыңыз. Біраз уақыттан соң тіс жуатын щеткамен әбден ысқылаңыз. Егер әшекейіңіздің реңін бастапқыдағыдай жылтырата алмасаңыз, алтынды жууға арналған арнайы сұйықтықтарды қолдануыңызға болады. Арнайы сұйықтықты зергерлік дүкендерден табасыз.

Маржан (жемчуг). Маржаннан жасалған әшекей өте сәнді әрі өте бағалы көрінеді және бұл асыл тас жақсы күтімді қажет етеді. Доп-домалақ моншақтары кірлене қоймағанмен, оны тізіп қойған жіп қарайып, маржандар әдемілігінен айрылады. Сондықтан үш жылда бір рет маржандар тізілген жіпті ауыстырып тұру керек. Арнайы зергерлердің көмегінсіз жасап көруге тәуекел етпеңіз.

Платина. Платина – көп шығын мен күшті қажет етпейтін өте мықты, сенімді металл. Тазарту үшін сусабын қосылған  сумен не алтынды жууға арналған арнайы сұйықтықпен жуыңыз.

Әшекейлеріңізді ас содасымен, сірке суымен, кір жууға арналған ұнтақпен ысқалап, тазартудың орнына «бүлдіріп» алмаңыз.

4woman.ua

САҒЫНБАҢЫЗ СІЗ МЕНІ…

 

 

Көктегі Ай мен Күндей болды арамыз,
Кешегімнің, кешкенімнің бәрі – аңыз.
Жанды өртеген от сезімді күл қылып,
Бір қырсықтың соңына еріп барамыз.

Хош бол енді! Қарама көз жасыма!
Мен бақыт боп қона алмадым басыңа.
Екі оттың ортасында сенделген 
Сыңар қанат құс едім ғой, расында.

Жаным жүдеп, жүргенінде жүз налып,
Бір құдірет кезіктірді бізді анық.
Маржан тағып қанатымның астына,
Заңғар көкке кетсем дедім Сізді алып.

Аспан жақта бізді күткен бақ бардай,
Арманыма алданған сол шақтарды-ай!
Жазмышымнан оза алмаған жанымды 
Жұбатады арым ғана ақ қардай.

Жанарымда – лағылдай мұң тізбегі…
Жел ұшырған жапырақтай күздегі,
Қалтыраған менің жетім көңілім,
Сізден мәңгі-мәңгі үмітін үзді енді.

Хош бол, менің ерте біткен ертегім.
Сағынбаймын! Сағынбаңыз Сіз мені!!!

Өлеңді жазған: БАҚЫТГҮЛ БАБАШ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ

 
 
 
Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі- оның сәлемі.
 
Келбеті күнге келіскен,
Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
…Бесіктегі әппақ періштең – 
Бастауы әдеміліктің!
 
Пәк болып туған о бастан,
Мүсіні мыңды арбаған.
Көңілі оның – Көк аспан,
Көркінің құны – бар ғалам!
 
Қыздары олар даламның,
Таусылмас жылы бір лебі.
…Мәншүк пен Әлиялардың
Сүйкімді сіңілілері.
 
Даладай дархан пейілін
Ұлдары РУХ санаған,
Болмысы тұнған мейірім,
Ол – менің әппақ жан анам.
 
Ғасырдан жеткен ғасырға
Ұлтымның ұлы дастаны.
Ол – сенің қарындасың да,
Ол – менің қарындастарым.
 
Жоғалтып бастың салмағын,
Сандалған талай ғашық ұл.
Біреудің болса арманы,
Бір үйдің қазынасы – бұл.
 
Шынайылыққа заты мол,
Пәктіктің өзі турасы.
…Жүрегі жалын ақын – ол,
Немесе ақын музасы.
 
Кессе де ептеп бұрымды,
Бәрібір сұлу, жаны – нұр.
Жүрегі оның бұрынғы,
Қазақтың қызы ол бәрібір!
 
Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әлемі.
Ақиқат жалғыз:
Қазақтың
қызының бәрі әдемі!

Өлеңді жазған: РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ

СҰЛУЛЫҚ ДӘРУМЕНДЕРІ

Балғын тері, мөлтілдеген көз, жібектей шаш, маржандай тізілген тістер, қатты тырнақ – күнделікті күтімнің арқасында қол жеткізетін жетістіктер. Сұлулықты күтіммен ғана емес, дәрумендермен де «қоректендіріп» отыру керек. Ал сіз қай дәрумендердің не үшін керек, ненің құрамында қай дәрумен бар екенін білесіз бе?

Сұлулық, сымбат, денсаулыққа қажетті дәрумендер:

  • шашқа        – А, В2, В6, F, H, C;
  • көзге            – A, B2;
  • тіске            – Е, D;  
  • тырнаққа  – A, D, C;

Дененің және дене, бет терісінің жұмсақтығы мен әдемі реңін сақтау үшін А, В, В12, Е, F дәрумендерін тамақтану рационына қосу керек.

 Осы дәрумендер қай азық-түлік құрамында екенін түртіп алыңыз.

А дәрумені: бауыр, сары май, кілегей, ірімшік, жұмыртқа, балық, сүзбе, сүт, саумалдық, аскөк, сәбіз, қызанақ, ақжелкен, жемістер;

В дәрумені: бауыр, сүт, жұмыртқа, көк бұршақ, фасоль, бидай талшықтары;

В2 дәрумені: бауыр, сүт, сүзбе, жұмыртқа, сұлы қауызы, қарақұмық жармасы, соя майы, дәндер;

 В6 дәрумені: сыра ашытқысы, бауыр, сүзбе, картоп, көк бұршақ, орамжапырақ, сұлы қауызы, банан, жүзім, өрік;

 В12 дәрумені: бауыр, бүйрек, жұмыртқаның сарысы, сыра ашытқысы, жаңғақ;

С дәрумені: құрғақ итмұрын, қарақат, қойбүлдірген, орамжапырақ, цитрус жемістері, тұрып (редька), қызыл түсті жемістер мен өсімдіктер, көк бұршақ, фасоль, пияз;

 Д дәрумені: дән дақылдары, сыра ашытқысы, бауыр, балық, жұмыртқаның сарысы, ет, сұлы қауызы, өсімдік майы, сары май, сүт;

Е дәрумені: сүт, аскөк, бидай талшықтары, жержаңғақ, өсімдік майы, соя майы, дәнді дақылдар, көкөністер;

F дәрумені: зәйтүн майы, кептірілген жемістер;

Н дәрумені: бауыр, саңырауқұлақ, сұлы қауызы, жаңғақтар, шоколад, сүт, жұмыртқа.

 

kidsformula.ru, kirovchanka.ru

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Бірнеше сәтсіз түскен суреттеріңізге қарап, фотоаппараттың жанына жақындамау мүлде дұрыс емес. Суретке көп және жиі түсіп тұру қажет. Ол тек сурет қана, ұнамаса, өшіріп тастайсыз. Көптеп суретке түсу барысында өзіңізге өте қолайлы, сәтті кейіпті (поза) айқандайсыз.

«Дайындал! Түсірем! Жымиыңыз!» деген сияқты сөздерді ести сала, қақиып тұрып қаламыз да, бетімізге жалған жымиыс үйіреміз не қабағымызды түйіп, қатулы кейіпке енеміз. Бұл жағдайдан сәтті сурет күтпегеніңіз жақсы. Киіміңізді, аксессуарыңызды, шашыңызды қолданып, қимыл қосыңыз, түрлі эмоцияларды салыңыз. Қимылы мен сюжеті бар сурет қана ерекше болатынын ұмытпаңыз.

Суретке ашық аспан астында таңда не кешке, күн бата түссеңіз, сәтті шығады. Күн қақ төбеде тұрғанда не бетіңіз тыжырайып қалады, не бейнеңіз тек қаракөлеңке болып қалады.

Фотомакияж

          Жылтыр түс аз болсын. Сапалы суреттің орнына «шатпақ» алмас үшін макияжыңыз жылтырсыз, күңгірт (матовый) түсті болуы қажет. Беттің жылтырын көлегейлейтін (матирующий) опа жағыңыз. Өйткені, бетіңіздің терісі майлы болмаса да, фотода жылтырап қалуы мүмкін. Шашыңызға жылтырағы бар лак сепсеңіз, ол суретте тек ағарып, қайызғаққа «айналады».

Бетімізді «мүсіндейміз». Суретте бетіңіз кескінсіз әрі жалпақ болып қалмауы үшін қоңыр күңгірт түсті еңлік (румяна) немесе қанық түсті опамен жағыңызды, иегіңіздің қырларын, мұрын айналасын аздап бояңыз.

Фотоға түсерде тым қанық және тыс ашық түстерді қолданбаңыз. Ал ақ-қара фотоға түсерде қанық түсті далаптан алшақ болыңыз, ол ерніңізді жіңішке, қап-қара етіп көрсетеді.

Ең сәтті кейіп (поза)

          Бәрімізге келетін ең ұтымды кейіп – бір қырындап тұру.

Топпен суретке түсерде толық қыздарға ортада емес, бір қырымен шетте тұрып түскен сәтті болмақ.

Төменде суретке түсудің бірнеше кейпін ұсынып отырмыз, қолданып көріңіз.

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

СУРЕТКЕ ДҰРЫС ТҮСУДІ ҮЙРЕНЕЙІК!

Суреттер: 3ladies.ru; takefoto.ru

ҚАТПАРЛЫ ҚАМЫР? ЛЕЗДЕ!

Қытырлақ, үгітілгіш келетін қатпарлы қамыр жасау үшін қамырды ашытып, оны бірнеше рет жайып, арасына май сіңгенін күтіп, тағы жайып, тым көп әуреленеміз.

Сіздерге қатпарлы қамырды жылдам әрі оңай жасаудың тәсілін ұсынбақпыз. Бұл қамырдан қалаған тағамды жасауға болады. Напалеон торты дейсіз бе, самса, мүйізшелер (рогалики), пицца, таңдау өзіңізде.

Құрамы:

200 гр маргарин майы;

0,5 стақан сыра (кез келген);

1,5-2 стақан ұн;

Маргарин майын сырамен және ұнмен араластырып (дәміне қарай тұз қосуға болады, қант қоспаңыз), қамырды әбден илейміз. Иленген қамырды кішкентай-кішкентай бірнеше бөліктерге бөлеміз де, ыдысқа жайғастырып, тоңазытқышқа 1-2  сағатқа қоя тұрамыз. Салқындатылған қамырды жұқалап жайып, кесеміз. Қамыр дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ШАШ КҮТІМІ

Қыс мезгілі келісімен шашымыздың «ауа райы» да өзгере бастайды. Үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш құрғайды, электрленеді, оған көшедегі аяз соққысы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, құрғақ шаштар тіптен өңінен айрылады, ұштанады, көп түседі.
Қыстың қыңыр мінезді күнінде де шашыңыздың жібектей жұмсақ болып, жылтырап тұруын сақтаудың бірнеше амалдарын жадыңызда жаттай жүріңіз.

Read more

ӘДЕМІ ТОРДЫҢ ТАРИХЫ

Гардеробымыздағы мойын орамал, көйлек, жейде, сөмкеміздегі түстері үйлескен торды мақтанышпен киіп жүрміз. Тіпті сәннен әлі хабарсыз болса да, кішкентай сіңлілеріміз «О, мынау Burberry ғой!» деп, жал ете қалады. Ерлер киімінің жағасында, жеңінде, қалтасында «таныс» тордың элементтерін көріп қалсақ, ол жігіттің талғамын жоғары бағалай бастаймыз. Сатушылар да осы тордың қазіргі таңда мол сұраныста екенін ұтымды пайдалануда.
Ал сіз осы Burberry торының қалай кең таралып кеткенін білесіз бе?
Жалпы Burberry брендінің тарихы 1856 жылдан басталған. 21 жасар Томас Барберри атты жігіт өз қаласында дайын киімдер сататын шағын дүкен ашады. Бірнеше уақыттан соң дүкеннің ауқымын кеңейтіп, үлкен киім сату орталығын иемденеді. Өз тәжірбиесінде Томас су өткізбейтін мата – габарин тоқу технологиясын игеріп, одан сырт киімдер тіге бастайды. Сырт киімнің астарын төрт түс үйлескен торлы матадан тігеді. Ол түстер: қызыл, қара, сарғыш және ақ.
Астар болған торлы мата Англия халқына жылы әрі жұмсақ үй пледін еске түсіргендіктен, сұраныс арта түседі. Burberryдің классикалық торы сауда маркасы болып тіркеледі де, халыққа мойын орамал, қолшатыр, қол сөмкесі сынды аксессуарлар ұсына бастады. Өз тауарларының қорын молайту мақсатында Томас 1990 жылдары басқа ірі компанияның дизайнері италяндық Роберто Манчеттиді жанына жұмысқа алады. Манчетти Burberry торына жаңа өмір әкелді. Ол халыққа ерекше үлгідегі киімдер ұсына бастады, бұл әсіресе жас тұтынушылардың назарын аударды.
Burberry торының беделі сән әлемінде шарықтай берді. Он жыл ішінде ең үздік классикалық дизайн, ең үздік заманауи дизайн деген марапаттауларға ие болып үлгерді.
2006 жылы Burberry фирмасы өзінің 150 жылдық мерейтойын атап өтті.
Сіз бен біз ұнататын жылы түске ие Burberry торының тарихы осындай.

УГГИ ЕТІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТИГІЗЕР ЗИЯНЫ КӨП ПЕ, ПАЙДАСЫ МА?

Сәнді әрі жылы!
Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен ары да бері шапқылап, тынымсыз еңбек ететін адамзатқа ыңғайлы әрі жылы мына етік бізге Австралиядан жеткен. Әлемдік деңгейдегі шоу-бизнес өкілдерінің қолданысқа енгізуі Угги етігінің «танымалдылығын» арттыра түсті.
Классикалық угги табиғи қой терісінен тігілгендіктен қыста суық өткізбей, жылы болса, жазда, керісінше, суық өткізбей, салқын болады.

Уггиді немен киюге болады?
Уггиді кез келген стилде, кез келген киіммен киіп кете беруге болады. Джинсымен, белдемшемен (юбка), көйлекпен, шалбармен үйлестіріп кию, әсіресе жасөспірімдер арасында белең алды.
Әр түрлі түсте шығарылған бұл етік түрі кеңсеге де, қысқы саяхаттарға да, түнгі клубтарға да, тұрмыстық қажеттіліктерде де киіп жүруге өте ыңғайлы.

Уггидің түрлері.
Әйелдерге арналған угги классикалық, спорттық үлгіде, тоқылған, қалыңдатылған сияқты түрлерге бөлінеді. Сәнді уггилар да бар. Оларды бантиктермен, түрлі баулармен, моншақтармен, жапсырмалармен, әшекей бұйымдарымен безендіреді.
Ерлерге арналған угги етіктерінің классикалық және спорттық түрлері ғана болады.
Балаларға арналған уггидің тек классикалық түрі ғана қолданыста. Ыңғайлы спорттық түрі сирек кездеседі.

Угги денсаулыққа зиян ба?
Басты сұранысқа ие аяқ киімнің бұл түрі адамға кері әсерін тигізетін көрінеді.
«Күніне 8-9 сағат бойы аяғынан шешпей киетіндердің табан буынының сіңірі созылады», деп хабарлайды ортопедтер. Угги жалпақ әрі кең болғандықтан табанды ұстап, аяқ ұшының көтерілуіне демеу бермейді де, аяқты сүйретіңкіреп басуға тура келеді, буындағы сіңірдің созылуы осыдан.
Қалың жүнді етікпен сүйкелген сайын ауа өтпей, аяқ терісі терлейді, нәтижесінде – түрлі тері аурулары, тері қабынулары, әсіресе аяқ саусақтарының арасындағы терілер зардап шегеді екен.
Аяқ етікпен қысылмай, қалай болса, солай еркін басылған соң адамның жүрісі де өзгеретіні дәлелденген.
Америкалық ортопедтердің кеңесі бойынша, угги етігін күніне екі-үш сағаттан артық киюге болмайды.

КИІМДІ ДҰРЫС ҮТІКТЕЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

Қолына үтік тисе, қиналып қалатын құрбыларымыз аз емес. Киімді бүлдіріп алмастан, дұрыс үтіктеу үшін алдымен үтік таза болуы тиіс.

• Үтік бетінде сары дақтар жиі пайда болады, ол – бүркіген судан не будан қалатын із. Сары дақты үтікті салқын күйінде сірке суымен (уксус) сүрту арқылы кетіруге болады. Сірке суының орнына ас содасының ерітіндісін де қолдана аласыз.

• Қолданылып болған үтік толық сууы қажет. Суыған соң ғана сымын орап, жинастыруыңызға болады.

• Киімді үтіктегенде ең аз температурадан бастағаныңыз дұрыс. Бірінші синтетикалық бұйымдарды үтіктеңіз. Жаймен температураны арттырып отырып, соңында қатты матаны, сырт киімдерді үтіктеңіз.

• Үтіктеу үдерісіндегі (процесс) үтіктің бағыты оңнан солға қарай болуы тиіс.

• Киіміңіздің алдымен жең, жаға, қалтасындағы қыртыстарды жазып алып барып, кеудесіне, етегіне ауысыңыз.

• Егер үтіктегенде мата жылтырай бастаса, су сеуіп немесе дәкені (марля) сулап, киімнің үстіне қойып, үтіктеңіз.

• Жібек матаны іш жағынан, су тигізбей үтіктеңіз. Су тиген жібек матада дақ қалып қоюы мүмкін.

• Тоқылған бас киімдерді үтіктеудің қажеті жоқ. 2-3 литрлік банкаға кигізіп, кептірсеңіз, жеткілікті.

• Шалбарға қыр салғанда үстіне сірке суы қосылған суға батырылған матаны қойып үтіктесеңіз, шалбардың қыры ұзақ сақталады.

• Көйлек, жейде, белдемшені (юбка) бірінші теріс жағынан, одан кейін оң жағынан тағы үтіктеңіз.

ЕРКЕКТЕР ЖАЙЛЫ ШЫНДЫҚ

Еркектер әйелдерге қарағанда тез әрі жиі ғашық болады. Әйелдер көзі түскен еркекпен болашақтағы қатынасын елестетіп болғанша, еркектердің жүрегі «жараланып» үлгереді. Ойнақшыған көз, әдемі аяқ, сұлу мүсін еркектің назарын еріксіз өзіне аудара түседі де, ойлануға мұрша бермейді.

Еркектер әйелдерге қарағанда кемінде сегіз жыл аз өмір сүреді және денсаулығына көңіл бөлгенді ұнатпайды. Еркектердің көбісінің ойынша денсаулығына шағым айтып, дәрігерлер алдына жүгіре беру – еркекке тән іс емес. Еркекті аурудың түрі не күтінудің жолдары жайындағы ешқандай да әңгімемен қызықтыра алмайсыз, одан ситуацияға құрылған шытырман оқиғалар әлдеқайда қызық.

Психикалық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да жігіттерге қарағанда қыздар төзімді. Әйелдерде организмнің қорғану күші жоғары болады, ал психикалық төңкерістерге мықтап төтеп береді. Себебі, көкіректегі қиындықтарды көз жасының көмегімен азайтып алу қасиеті бар. Тіпті апат бола қалған жағдайда көбіне нәзік жандылар басым санмен аман қалып жатады. Бұл еркектердің әйелдерге құрмет көрсетіп, бірінші құтқаруынан емес, әйелдер қиын жағдайдан шығудың жолын тез табады, жаңа оқиғаға бейімшіл.

Еркектердің терісі қалың. Сондықтан оларда әжім аз болады. Еркекті өзімен бір жастағы әйелмен салыстырғанда, жас көрінеді, сырт көркі ғана. Ал жас көрінген еркектің қауқары төмен болуы мүмкін. Себебі, әр он жыл сайын физикалық кедергіге төтеп беру мүмкіндігі әйелдерде екі пайызға кеміп отырса, еркектерде он пайызға кеміп отырады.

Еркек пен әйел әр түрлі ойлайды. Ми жұмыс істеуінің жынысқа қатысты айырмашылығы бар және бұл – тек адамдарға ғана емес, хайуандарға да, жануарларға да тән құбылыс. Еркек бір уақытта екі жұмысты істеуге қабілетті. Мысалы, машинасын жөндеп тұрып, газеттен оқыған мақаласын талқылауы мүмкін. Машинасының бұзылған тетігін түзеу үшін миының жарты бөлігі қызмет етсе, қалған жарты бөлігі мақаланы талқылауға жұмыс жасайды. Ал әйелдер бір ғана істі тындыру үшін миының екі жартысын да біріктіреді. Бұл берілген тапсырманың орындалуының жылдамдығын ғана арттырмайды, тиянақты болуын қамтамасыз етеді. Әйелдің қырағылығы кез келген өтірік әңгіменің шындыққа жанасымды болуына септігін тигізеді. Сондықтан еркектерді сендіру оңай.

«Барлық еркек – бала». Коко Шанель осылай айтқан. Бұл сөздің астарын түсінген әйел бәрін де түсінеді. Еркектер 50 жасында да ойға сыймайтын істерді істеуі мүмкін. Немересімен доп теуіп, асыр салып ойнауы да қалыпты. Басым бөлігі 40-тан асқанда бозбала секілді ғашық болғыш келетін көрінеді.

Ең қызығы, әйелдерге қарағанда, еркектер өмірлік серігіне көбірек көңілі толмайды екен. Айтпаса да, түсінікті. Қыздар қауымы ақылға салса, кімге күйеуге шығатынын, болашақта қалай болатынын біліп, болжап, іштей дайын болады. Ал еркектер сезім мен сұлулықтың шырмауынан шыға алмай, өзін жақсы көріп, аялап, еркелетіп жүргені жеткілікті деп ойлайды. Жыл өткен сайын әйелін жаңа қырынан көрген сайын таңырқай береді.

Отбасын құрған барлық еркектер шыдамсыздана мұрагерін күтеді. Баланың дүниеге келуі әйел мен ердің арасын неғұрлым жақындатса, соғұрлым алыстата түседі. Айтылған «бауы берік болсындар», құттықтаулар, «жуу», тойлау, өзін әке сезініп, марқайып қалу сияқты қуаныштардың арты баланың түні бойы жылап, сан рет ұйқыдан оятуы, төсегінің, киімдерінің «былғануына» ұласады. Оған қоса, әйелінің бар назары баласына ауып, еркектер бүкіл ықыласын шаранасына арнаған әйелін іштей қызғанады. Тұңғыш баласы қыз болып туылса, ұл дүниеге келгенше, еркектер шыдамсыздана күтетін көрінеді.

Еркектерде табысқа ұмтылыс басым. Мақсат, карьера, мол ақша – еркектер үшін өте маңызды. Жұмыссыз қалу не қаржы қорының ойсырауы – отағасына үлкен трагедия. Жағдайының төмен болуы намысын қытықтап, өзін-өзі іштей «жеп қояды». әйелін, баласын асырау үшін мол табыстың болуына ұмтыла түседі де, оған жетудің жолдарын ұтымды таба біледі.

Еркектер «қыдырудан» бас тартпайды. Егер ол сүйікті әке, құлай сүйген отағасы болса да, сұлулыққа, жастыққа сүйсініп, ойнап-күлуден қашпайды. Жан-жаққа «көз тастауы» 40-50 жас шамаларында көп орын алады екен. Отбасының күйбең тіршілігінен бірауық тыныштықты аңсап, «даладан» жылу іздеп, жаңа романдарға ықыласын аударуы мүмкін. Күйеуіңіздің бұл еркелігін кешірімділікпен түсіне білсеңіз, шаңырағыңыздың шайқалмауына, күйеуіңіздің одан сайын қадірлей түсуіне жол табасыз.

Төсек қатынасынан соң неге бірден ұйқыға кетеді? Бұл – дөрекілік, сізді сыйламағандық не ойында басқа бір арудың тұруында емес. Тән ләззәтін алған еркектерде аз секундтар ішінде ұйқыға тартатын зат бөлінетін көрінеді. Ол үшін ашуланбастан, жай ғана ұйықтатпауға тырысыңыз.
Еркектер жайлы қандай тақырыпта сөз қозғасақ та, біздің оларсыз күніміз жоқ.

Сағыз адамды семіртеді

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.
Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немес сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.

wday.ru 

Есте сақтау қабілетін арттырыңыз

Есте сақтау қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін азық-түлік пен сусындар бар ма?

Ия, бар. Мысалы, кофеин есте сақтау мен зейінділікті жақсартады. Кофеин тек қана кофе құрамында ғана емес, энергетикалық сусын, шоколад және арнайы дәрі-дәрмектер құрамында болады. Сонымен қатар, кофеин ақыл-ой белсенділігіне жағдай жасайды. Өкінішке орай, кофеиннің әсер ету салдары қысқа мерзімге ғана, яғни есте сақтау қабілетіңіз бірнеше уақытқа, күнге ғана жақсаруы мүмкін. Сондықтан кофеинді шамадан тыс қолданудың зияндарын да ескергеніңіз жөн.

Қант зейінділікті арттырады. Қант – энергия көзі, сондықтан бір шыны тәтті шырын немесе қанты мол сусын аз уақыт ішінде есте сақтау қабілетінің жылдамдығы мен көлемін ұлғайтып, логикалық ойлау жүйесі мен ақыл-ойдың жұмыс істеуін жақсартады. Солай екен деп, қантты шамадан тыс көп қолдану да есте сақтау қабілетіне зиян. Қант адамды толтырып жібереді деп, мүлде бас тартпаңыз, күніне орта мөлшерде қолданып тұрғаныңыз пайдалы.

Белоктар мен ми қызметі. Белоктар майлар мен көмірсуларға қарағанда адамның ұзақ уақыт тоқ жүруін қамтамасыз етеді. Тамақтану қорыңызда майлы емес белоктарды молайту денсаулығыңызды жақсартып, артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймай, ми қызметінің қалыпты қызметіне ықпал етеді.

Балық – тек белоктың ғана емес, майдың да қайнар көзі. Және балық – миды қоректендіретін супер азық. Балық майы қазіргі уақытта инфаркт ауруларын азайту үшін де қолданылып жүр. Аптасына кемінде екі рет балық жеп отырыңыз.

Сұлу әйелдің суреті де еркектерді есуас етеді

Өмірде не болмайды?.. Қысқа көйлек киіп көшеде тұрған қыз-келіншектерге қарап, ақыры автоапатқа ұшыраған жігіттердің алды мүгедек болып қалған. Бұдан шығар қорытынды – сұлулық деген – дерт. Әдемілік адамды қашанда өзіне баурап алады. Ал көрікті бойжеткендер еркек атаулыны баурамақ түгілі, өртеп жібереді (Сондықтан да болар, әлемге әйгілі Пикассо: «Еркектер қашанда өзі сүйетін әйелмен жасты», – депті жарықтық). Мұны бельгиялық оқымыстылар дәлелдеп отыр. Тіпті олар сұлу әйелдерді тірідей көру былай тұрсын, суретінің өзі жігіттердің қан құрамына өзгеріс енгізіп, жұмыс қабілетін азайтатындығын дәлелдеген.

Лувенс университетінің зерттеушілері жүргізген сараптамаға 18 бен 28 жастағы 176 гетеросексуалды еріктілер қатысқан. Оларға картамен құмар ойнау тапсырылған. Бірақ алдын ала жігіттерге арулардың іш киімдері көрсетіліп, соған немесе сұлу әйелдердің суретіне қарап баға беру тапсырылған. Ал екінші бір ойыншылар тобына қарапайым майкілер және кәрі кемпірлердің суреттері көрсетілген.
Ойын қорытындысы бойынша, жас әйелдің суреті мен іш киімдеріне баға берген жігіттер жағы қызба ойынды қыздыра алмаған. Әлгілер іш киім мен суреттен алған әсерлерінен арыла алмай, ақыры жүрістерінен жаңылысқан. Демек, әлді батырдың өзі қатты толқығанда «быламыққа тісін сындырып» алады. Оның арғы жағында жүйкеге тиіп, жаныңды ауыртатын «сағыныш» деген сары уайымды айтпай-ақ қойсақ та болар.
Кез келген жігіт сұлуды сыртынан ғана көруге құштар. Ал кездесіп, таныстықтары достыққа ұласқан жағдайда олар сол арудың құлына айналады. Мұның бір жағы құлай сүюге байланысты болса, екінші жағы сұлулардың бойында болатын көзарбаушылықпен байланысты. Егер қарым-қатынас қызғанышқа ұласса, мұның соңы адам өліміне дейін апарып соқтырады. Сондықтан айымдардың өзіне де, суретіне де көп қарамаңыз. Сұлулыққа тым құмарлық адамды ауру етеді.
Әйгілі комик Чарли Чаплин пайғамбар жасына таяғанда әке атанған. Бұл алпыстан асқанда балалы болған белгілі әртіс Асанәлі Әшімов, белгілі режиссер Асқар Тоқпановтардың қасында түк те емес. Ал енді Гераклге жететін жан жер бетінде жоқ. Ол бір түнде елу әйелді «ермекке» айналдырған. Көпшілігі одан бала сүйген. Мұндай ерлікке жігіттер қалай барған, орасан зор қуат оларға қалай біткен?
Осы сұрақтарға жауап іздегендер әлі күнге нақты шешімге келе алмай жүр. Ал бүгінгі күннің андролог мамандары «мұндай мүмкіндік әр еркектің бойында бар» дейді. Бірақ ол жасқа байланысты өзгеретіндігін ешкім жасыра алмайды. Мысалы, жиырма жастағылар тәулік бойына қабілетін жоғалтпайды. Отыз жасында ол әлдеқайда тынышталады. Қырықтағы қылжақпастардың дені үнемі өздерін мойындатуға тырысады. Елуге толғандар қырықтағы кезін сағынады. Өйткені олардың жыныс гармондарын бөлу қабілеті әлсірейді. Соған қарамастан, кейбір жуан жұдырықтылар қабілеттерін жоғалтпайды. Мысалы, кейде өзі жетпісте болғанымен, формасы әлдеқайда жас көрінетін адамдар ұшырасады. Дәрігерлер осындай азаматтарға қарап «биологиялық жас» деген терминді шығарған. Олардың жүрек-қан тамырлары, тыныс жолдары мен жүйкесін, қан құрамындағы холестерин мен шалт қимылын тексергенде, шын мәнінде мықты қасиеттері бірінші орынға шыққан.
Дәрігерлердің анықтаған тағы бір мәселесі – жігіттердің сексуалдық белсенділігі. «Осы мәселе неге бірінші орынға қойылды?» деген сұраққа жауап іздегенде бұл жігіттерді кез келген дерттен қаншалықты сау екендігін анықтайтын көрсеткіш екендігін айтқанымыз орынды. Ендеше, бөріктілер көріктілердің алдында ұятқа қалмас үшін андролог мамандарға барып, кеңес алып тұрудан қымсынбауы тиіс. Төсек қуатының кемімеуі денсаулықтың әлі қанша жылға сыр бермейтіндігін аңғартады.
Белсіздік – жігіттердің жүйкесіне тиеді, айтып келмейтін ауруға ұрындырады. Ол адамның «ішкенін ірің, жегенін желім» етеді. Мұндай күзеліс 40-тан кейінгілердің өзін тез қартайтады. Андрологтар берген анықтама – «15 еселік қорға» қатердің төнуі де белсіздікпен байланысты.
Екінші бір жағдай, бүгінгі жігіттер туабітті қалыптасатын қасиетке атүсті қарайды. Осының салдарынан елуден соң есі шыққандар амалсыздан «Виаграны» пайдалануға көшеді. Мұндай қасіреттің алдын алу үшін мамандар төмендегідей кеңестерді ұсынады.

1. Отыз жастан соң жыныс қатынасын үзбеу (өзге ағзалар секілді жыныс мүшесі де үнемі жаттықтыруды қалайды). Ол адам ағзасын, ұрықты жаңартып отырады.
2. Жігіттердің арақ-шарап, темекі, есірткі пайдаланбауы ағзаны жақсартып, күш-қуатты арттырады. Салауатты өмірді қалыптастырған жігіттерден дені сау, ақылды балалар дүниеге келеді.
3. Жыныс қатынасы барысында сақтық шараларын жасау да пайдалы. Өйткені жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулар жігіттердің өміріне қатер төндіреді (уретрит, простатит, везикулит, эпидидимит, орхит т.б.)
4. Ал белсіздіктің пайда болуына мына дерттер әсер етуі де мүмкін: жүрек қан тамырлары ауруы; артериальды гипертензия; эндокриннің бұзылуы; сусамыр; аденома; жүйке аурулары; зиянды препараттарды қолдану; ішімдік, есірткі, темекі; бір орында тапжылмай отыру; стресс; экологияның ластануы; дұрыс тамақтанбау; ұйқының жиі бұзылуы.
«Сұлу әйелдің өзі түгілі, суретіне қарап шала мас болып қалатындар үшін дәрігер алдына жиі барып тұру пайдалы», – дейді мамандар. Дәрігерлердің бұлайша жанталасуына ерлер мәселесінің жыл сайын күрделеніп бара жатқандығы себеп. Әлемде жиі өлетін де, ауру немеcе мүгедек болып қалатындардың денін осы топтағылар құрайды. Ауыр жұмыс пен отбасын асырау да жігіттердің еншісінде. Сондықтан, бұл проблема қазақ жігітіне де ортақ. Одан сырт қалмауды ұйғарғандықтан, бүгін өздеріңізге арнап біраз кеңес бергенді жөн санадық.

Жолдасбек Дуанабай

Мақала сілтемесі «Айқын» басылымы.

ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕКТІҢ МИЫ БІРДЕЙ МЕ?

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.

Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда.

Лондон университеті жанындағы колледждің нейробиологы Нейл Барджесстің айтуына қарағанда, ерлер кез келген сынақтан «сүрінбей» өтеді. Мәселен, оларды бейтаныс жерге апарып тастасаң, үйге қайтатын жолды тез табады екен. Ал осыған байланысты пікір білдірген Германиядағы Ульмс университетінің профессоры Маттиас Рип ерлер мен әйелдер ойлау кезінде мидың бірдей бөліктерін іске қоспайтындығын айтады. Зерттеушілер 12 еркек пен 12 әйелге лабринттен шығудың үш жолын іздеуді тапсырғанда, ерлер мидың сол жақ бөлігін көп пайдаланатыны белгілі болған. Нәтижесінде, олар әйелдерге қарағанда, сыртқа шығар жолды тез тапқан.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс медицина университетінің ғалымдары компьютерлік тексеруден кейін «мырзалардың мықтылығы самай тұсындағы төменгі ми бөлігінің жақсы жұмыс істеуінен» деген шешімге келді. Ол «жер» көру және ақпаратты өңдеу, назар аударуды сараптан өткізуге жауап береді. Бұған қарап отырып, «әйел миының жетілген түрі тек ерлерде болады» деуге болмайды. Ерлердің миы нақты ғылымға бейімделсе, әйелдердің миы сөйлеу мәнерін қалыптастыруға күш салады.
Америкалық ғалымдар екі жыныстылардың миын екі бөлек қарастырады. Олар «адам миы генетикалық жағынан бірыңғай жетілмейді» деп есептейді. Сол себепті әйелдер өздерін ерлерден кем санап, «бостандыққа» ұмтылатын көрінеді. Канададағы Альберт университетінің зерттеушілер тобы да әйел мен еркектің миы бір-біріне сәйкес еместігін айтады. 23 ер-азамат пен 10 әйелге бір тапсырма беру кезінде, олар мәселені шешу үшін мидың түрлі бөлігін пайдаланатындығын растады. Ал ми бөліктерінің адамға психикалық жағынан қалай әсер ететіндігі тіпті қызық. Мысалы, мелодрама көру барысында әйелдер жылап-сықтап отырса, ерлер ұйықтап қалады. Көлікпен кетіп бара жатқанда, әлдебір жерді табу үшін ерлер жол бойындағы көрсеткіш тақталарына қараса, әйелдер жол картасын іздейді. Базарда әйелдер киімді ұзақ іздесе, ерлер үйге тез қайтады. Оңашада кездескен ер мен әйел екі түрлі ойлайды. Еркек тезірек ақжаулықтыны «төсекке атып ұрғысы» келсе, әйел «оқиға соңы қалай боларын» ойлап, кібіртіктейді. Мұның себеп-салдарын іздеген ғалымдар еркектердің миында ақпарат өңдейтін сұйық әйел миындағы сұйықтықтан 6 есе көптігін айтады. Есесіне, шүйкебастарда ұйымдастырушылық қабілетті арттыратын сұйық 10 есе көп. Бірақ екеуінің де бақытты болуы үшін жеке өмір сүргеннен «көп адаммен бірге адасқан» дұрыс.

Сілтеме: «Айқын» басылымы.

Еркектерді естен тандыратын белсіздікті дер кезінде емдеуге болады

Соңғы кездері еркектердің жыныс мүшесіне қатысты дендеп кеткен дерттің бірі – белсіздік пен ұрықсыз қалу. Асқынған аурулар қатарына жатпағанмен, бұл дерт жігіттердің жүйкесін жұқартады. Өзінің күш-қуатының төмендегенін сезінген ерлер урологтар мен андролог мамандарға дер кезінде қаралса, аталған қасіреттен құтылуға болады.
Сонымен, бүгінгі әңгімеміз белсіздік төңірегінде болмақ. Сіздерге кеңес беретін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты урология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Болат Уахитұлы Шәлекенов.

Белсіздік – көп факторлы: оған әсер ететін қуықасты безінің ауруы; буын тамырларындағы кінәраттар; еркек гормондарының жетіспеуі, оның жұмыртқада ұйып қалуы. Гормондар төмендеуінің әсері күшті. Простатит болғаннан кейін қуықасты безі қабынғанда, ұрық көп бөлінбейді. Екіншіден, ұрық сыртқа шықпаған соң, ол без ішін¬де жиналып, бездегі бұлшық еттер¬дің тартылуынан ұрықты сыртқа қарай күшпен айдай ал¬майды. Мәселен, бір ай шама¬сын¬да ісса¬пар¬да болған жігіттер әйелдермен жа-қындаспаса, жыныс мүше¬сі қыз¬метінде белгілі бір өз¬герістер бо¬лады. Демек, ұзақ уақыт жыныс қа¬тынасына бармаған жігіт¬тердің ден¬саулығы сыр беруі әбден мүм¬кін. Олар үзілістен соң әйел¬дермен жақындасқанда ұрық¬ты тез жібе¬ріп қояды. Соның сал¬дарынан өзі де, төсекте бірге жатқан нәзік¬ жы¬ныстылар да ойдағыдай қана¬ғат алмайды. Содан соң… ер аза¬мат¬тардың көпшілігі осыны ойға алып, жүйкесін жұқартады. Тіпті әйелге жақындасудан жүрексініп, тартыншақтап жүреді.
Қабынудан соң бездің шы¬ғара¬тын гормон секілді ферменттерінің бірі – ингибин уақытысында бөлін¬бей¬ді (Оны кәдімгі мотордағы ұш¬қын¬мен салыстыруға болады. Де-мек, ол қанды айдап, кәдімгі жы¬ныс мүшесінің барлық ішкі қозға¬лы¬сын реттейді. Одан адамда қозу процесі басталады). Қабыну кезін¬де ингибин аз бөлінеді немесе үнемі бөліне бермейді. Сондықтан бай¬ла¬ныс гормондары бір-бірімен байланысын үзеді. Олардың қайта жиналуы өте қиын. Жыныс мүшесі буындарының әлсіздігі өз қыз¬ме¬тінің әлсірегендігін байқатады. Одан эрекцияның пайда болғанын сезінуге болады.
Тестесторондардың жетіспеу¬ші¬лігі мен белсенділіктің төмен¬деуінің де белгілі бір жағдайда кері әсері бар. Әсіресе, ол 50 жастан соң айқын байқалады. Жас ұлғайған сайын еркектер тарапынан әйелдің ыстық демін жұтуға құлшынысы төмендейді. Ол соншалықты қор¬қынышты ауру емес, ол жаспен байланысты гипогонодизмнің бас-талуы. Сондықтан әр жігіт төсек белсенділігін жоғалта бастағанда, ұялмай-ақ бірден дәрігерге қарал¬уы тиіс. Егер тосыннан келетін бел¬сіздіктің басталуына бірден шара қол-данылса, белсенділікті біраз уақытқа дейін жоғалтып алмауға бола¬ды.
Жалпы, белсіздіктің бастал¬уы¬на төрт фактор ықпал етеді. Деген¬мен басты ескеретін мәселе – жас¬тың ұлғаюымен тестестерондардың азаюы, оның салдары адамды дерт¬ке ұшыратады. Бұған әсер ететін жағдайлар жұмыстан айырылып қаламын деген күдік, қызметке тұру мен ауысу, тұрмыс тауқыметі тағы басқа жағдайлар. Жүйкеге тие¬тін осын¬¬дай қиын¬дық¬тар ағзадағы тепе-теңдікті бұзады. Өкініш¬ке қарай, тір¬ші¬¬лік тауқыметі осы дерт¬тер¬дің күрт тө¬мендеуіне ықпал етпеуде. Алайда белсіздікке қатысты емдеу ша-ралары барысында «науқастар» қатарының өспегенін де айта кеткеніміз дұрыс.
Енді «төсек бел¬сен¬ділігін арт¬тыруға шет елдерден келіп жатқан дәрі-дәр¬мек¬тер көмектесе ме» деген сұраққа тоқталар болсақ, оның барлығы да көмектеседі. Белсенділікті бірден арттыратын дәрілер бар. Мәселен, «Виагра», «Сиализ»… Алайда олар¬дың барлығы уақытша көмекте¬седі. Сондықтан оларды үсті-үстіне қолданудың қажеті жоқ, әрі күнде пайдалануға да болмайды. Гипер¬то¬ниялық, басы ауыратын аза-маттар оны қолдану арқылы ден¬саулығына зиян келтіруі мүм¬кін. Ал ағзаны қалпына келтіруге ар¬налған дәрілер арқылы ауру¬хана жағдайында емдеуге болады.
Қалалардағы «Отбасы және неке» орталықтарында да андролог мамандар жігіттердің жанына әсер ететін «аурулардан» айығуға кө¬мек¬тесе алады.

Әйелдердің көңілін тапқың келсе, көп нәрсені құпия ұста

Арулармен арадағы қарым-қатынастың ашықтығы өте жақсы. Алайда осыны пайдаланып, олардың алдында кез келген мәселе төңірегінде немесе өзіңіздің ішкі ойыңызды бүкпесіз айта беруге болмайды. Яғни кейбір мәселелер адамның ішкі құпиясы саналуы тиіс. Ол сізді әйелдермен түкке тұрмайтын мәселеге бола ренжісіп қалмаудың алдын алады. Ендеше, төмендегі кеңестерімізге назар аударыңыз.

Өтіріктің де зияны бар
Сіз өз әйеліңіздің немесе таныс әйелдің алдында да өз мүддеңіз үшін артық әңгіме, әсіресе, өтірік айтпаңыз. Өзге әйелдер туралы асы¬ра айтқан пікірлер сізді сенімнен айыр¬уы мүмкін.
Бизнес құпиясы
Сіз әйеліңіздің не таныс бойжеткеннің алдын¬да өз карьераңыз туралы ашып айта бермеңіз. Оның сізге қатысты барлық жағ¬дай¬дан хабардар болуы, қыруар қаржыны қалай тауып жүргендігіңізді білуі міндетті емес. Сіздің фирмаңыздың табысқа жетуі құпия күйінде қалғаны дұрыс.

Отбасылық құпия
Сіздің әжеңізбен немесе ата-анаңызбен ренжісіп қалғаныңыз таныс аруға түкке қатысы жоқ. Сондықтан отбасылық кикілжіңді ішкі құпия ретінде сақтаңыз. Өйткені басы артық әңгіме қызды түңілдіргеннен басқа пайдасы жоқ.

Сіз армандаған ару
Сүйіктіңізбен сырласу барысында басқа қыздардың немесе көшеде кездесіп қалған ару-лар¬дың төсінің көз тартатындығы, аяғы¬ның түзулігі, балтырының толықтығы, құлын мүшесі туралы әңгіме айта бермеңіз. Мұн¬дай әңгіме сізге қызық болғанымен, оған жаныңыздағы кез келген бойжеткен рен¬жіп қалады.

Сүрінсеңіз – сақ болыңыз!
Сіздің тиянақсыздығыңыз достарыңыз¬дың күлкісін келтіруі мүмкін. Бірақ қандай жағ-дайда да осындай әрекеттерден сақ бо¬лыңыз. Өйткені аз ғана кемшіліктің өзі сізге көлеңке түсіріп, «жолы болмаған жігіт» деген атқа қалдырады. Ал мұндай жуан¬ жұдырық¬ты¬ларға арулар үнемі күдікпен қарайды.

Бұрынғы қыздардан қол үздіңіз бе?
Кейбір жігіттерде танысқан қыздары тура¬лы «ақпарат» жинап жүретін әдет болады. Жақын дос түгілі, сырлас қыздар¬дың өзі мұны дұрыс түсінбейді. Сондықтан тізімді жасырын ұстаңыз. Егер сіздің сүйген қызыңыз оны тауып алар болса, онда… сүйіктіңізбен қоштасуға тура келеді.

Жалаңаш суреттер жинамаңыз
Көптеген әйелдер порнографиялық жур¬нал¬дар мен кассеталарды «төсекқұмар жі¬гіт-тердің ермегі» деп санайды. Сол себепті мұн¬дай өнімдерді сүйіктіңізге көрсетпеңіз. Өйт-кені өзіңізге деген сенімді жоғалтып ала¬сыз.

Жалақы да жасырын болуы тиіс
Сіз дос қыздарыңызға қанша жалақы ала¬тындығыңызды ешқашан айтпаңыз. Себебі ақша да белгілі бір рөл атқарады. Ендеше, болашақ жарыңыз сізді ақша үшін емес, шын сүйетіндігіне көз жеткізгенше шы¬дай тұрыңыз.

Құпияға қалай қарайсыз?
Егер достарыңыз сізбен әлдебір құпияны бө¬ліс¬се, ол туралы ешкіммен ой бөліспеңіз. Өйт¬кені сізге сеніп айтылған әңгіме бір бә¬ленің басы болуы мүмкін.

Бетті дайындаған
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
«Айқын» басылымы

Әжім еркектердің мінез-құлқынан хабар береді

Горизанталды әжімдер: ер адамның маңдайындағы бір немесе үш сызық байсалдылықты, өзіне деген сенімділікті, энергиясының күштілігін және өмірінің мәнділігін байқатады. Бұндай адамдардың шамына тию еш нәтиже бермейді. Ұрыс-керістен бойын аулақ ұстайтын типтер саналады.
Егер маңдайға түскен әжім сызықтары үшеуден көп болса, экспериментті ұнататындығын дәлелдейді. Өмірге, махаббатқа атүсті қарайды. Егер әжімдер толқынды болса, өз өзінің қарабасын ойлағанды ұнатады. Бұндай адамдар ашуланшақ болады.

Маңдайына әжім түспейтіндер кез-келген нәрсеге ынтық емес. Вертикалды яғни мұрынның айналасына түскен әжімдер ер адамның елдің пікірін ескермей, өз дегенінен қайтпайтындар.
Мұрын мен еріннің төңірегіндегі сызықтар: адамның сезімтал екенін білдіреді. Бұлар байсалды, адамдарға аса бір мархаббатпен қарайтындар. Сезімталдығы жоғары, кез-келген жағдайды өзінен өткеретін, айналасындағы жандарға ашып тұратын еркектер. Бұндай адамдар әркез өздерін жайлы ұстайды, жүйкесін бос нәрсеге тоздырмайды.
Иектің айналасындағы әжімдер, беттен төмен орналасса сентименталды, ұстамды, аузынан шөп ала алмайтын азамат екенін аңғартады. Сақтықпен жүретін, көп нәрседен бойын алшақ ұстайтындар.

Мақала www.president.org.ua аударылды.

Дүкен кезген еркектің іздегені не екен?

Британдық психологтар ұзақ жылдар бойына жүргізген тәжірибе барысында «джентльмендердің» 70 пайызы дүкен аралау барысында нағыз «аңшыларға» айналатындығы анықталған. Өйткені олар ешқандай зат сатып алмаса да сөрелерде сырты жылтыраған тауарларға қызыға қарағанды ұнатады. Керісінше әйелдердің 80 пайызы дүкенге кіргенде міндетті түрде бірдеңені қолтығына қыстыра шығуға дағдыланған.

Әрі олар орман ішінен саңырауқұлақ іздеген адамдардай асықпайды, сабыр сақтап, бір затты алу үшін тауарды сағаттап тұрып қарайды. Өкінішке қарай, жігіттердің жүйкесі жұқалау. Еркектер есіктен кіре асықпауға тырысқанымен, бірінші кезекте өзіне аса қажетті затты табуға тырысады. Дүкен ішінде ұзақ жүрсе де жүрісі шапшаң, сөрелерге көз тоқтата алмайды. Сараптама қорытындыларына қарағанда, британдық «аңшылар» сауда орнына барған жағдайда кемі 72 минут уақытын сарп етсе, бұл шаруаны орыстар 20 минутта реттейді.
Еркектерге дүкенде ұнамайтын бір ғана нәрсе – кезек. Қанша зәру зат болса да ерлер кезекке тұруды жаратпайды. Сондықтан болар, көп жағдайда тауарды кезексіз алуға тырысатындар арасында бір-біріне жұдырық ала жүгіретіндерді жиі көруге болады. Сатушылардың сөздеріне қарағанда, жуанжұдырықтылар әйелдерге қарағанда ең сенімді тұтынуны. Ол дүкеншіден бір затты сұраса, оны ұзақ уақыт не аларын, не алмасын білмей, әр¬нәрсені сылтауратып тұрмайды. Ұнады ма, бітті. Ақшасын санап береді. Алайда әйелімен бірге қыдырған жігіттің жүй¬кесі азық-түлік немесе киім-кешек толы сөмкені көтеруден-ақ шаршайды.
Қысқасы, «магазиномания» дертіне шалдыққан отағаларының қатары күн санап өсуде. Мәселен, Батыс елдерінде жігіттердің 5 пайызы, тіпті сауда-саттық қызығымен жүріп «ауру» тапқан. Бір ерекшелігі, олардың дені қалталылар емес, тұрмысы орташа отбасылардан. Енді бұл әдет адамға қандай зиян немесе пайда әкелетіндігін ой елегінен өткізіп көрейік. Егер жұмыс уақытында қыдырып кетпесе, бос уақытта дүкен аралаған әйелге де, еркекке де пайдалы. Біріншеден – адам айналасында не болып жатқанын, адамдардың күнделікті тіршілігін бақыласа, екіншіден – бұл миға массаж жасаудың бір түрі.
Бірақ басты мәселе ақшаға тірелетіні анық. Мысалы, британдықтар дүкенге бір бас сұққанда жүйкесін жұқартпай-ақ ай¬лық жалақысының үштен бір бөлігін жұмсап қояды. Бұл жағынан орыстар өте сақ қимылдайтын көрінеді. Ал қазақтардың арасында «ақшадан тау тұрғызған» байлар теңгенің бетіне қарамайды. Қара нан мен қара шайға қараған қазақ¬тар ғана қаржыға келгенде, қытымырлығын көрсетіп алады. Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, ерлердің сауда-саттыққа араласуы әйелдерге қарағанда қауіпті екенін ескерте кеткеніміз дұрыс. Олар дүкен ішіне кірген бойда айналасына жіті назар аудармастан, өзіне керекті зат тұрған бөлімге бірден ентелей жетіп барады. Расын айтқанда, әйелдер секілді заттың бағасына бас ауыртып, саудаласып жатпайды. Ал үйде аһ ұрып қалатын баяғы әйел. Бір мысал: май құю стансасындағы дүкеннен әдемі пышақ көрген еркек әйелін қуанту үшін сатып ала салады. Сол пышағыңыз базарда өте арзан. Осыдан соң әйелдер күйеулеріне зат сатып алуға қалай сенсін? Басы бәлеге қалып, нәзікжандылардың жынына тиіп, ауыр сөз естиді.
Лондонда жүргізілген сауалнама барысында жігіттердің сауда-саттыққа араласуының соңы олардың көпшілігінің денсаулығына зиян екені анықталған. Тіпті араларында ауыр сөзді көтере алмай, жүрек дертіне шалдығатындар да бар.
Сізге қарапайым тілмен түсіндерер болсақ, әйелдер мен еркектер дүкенде өздерін түрліше сезінеді. Өйткені заттың бағасы мен сапасы жұмсалған қаржыға тати ма? Бұл сауалға екі жыныстағылардың берер жауабы әртүрлі болып шығады. Мәселенки ерлер оған соншалықты мән бермесе, әйелдер үшін ол өте маңызды. Арулар жағы кейде сапалы затты қымбатқа алса да, өзгелерден қуанышын жасыра алмайды. Өкінішке қарай, мұндай сезімге берілу жігіттер жағында бола бермейді. Осыдан барып стресстің кімге қалай әсер ететіндігі анық байқалады.
Әйелдер электродүкендерге кіргенде күйеуінің көзіне қараса, жанарынан қуаныштың ізін байқай алады. Дәл осындай көріністі ерлер әйелімен ыдыс-аяқ немесе киім-кешек дүкеніне барғанда наық байқайды. Басында баспанасы жоқ отағасының өзі құрылыс заттары базарын ұзақ уақыт алаңсыз аралайды. Сағат алар болса, оның бүге-шігесін жалықпай сұрайды. Олардың жанында шүйкебастар дүкенді тез-тез аралағанды ұнатады. Бәрінен де қызығы, соңғы жылдары кейбір дамыған елдерде ерлерді саудаға қазіргіден де жиі тарту үшін психологиялық қызмет жандана түскен. Ірі супермаркеттер арнайы ерлер залын ашқан. Батыс елдерінде ерлерге арналған сауда залдарының арнайы тұжырымдамасы жасалған.
Мамандардың пікіріне қарағанда, тек шығармашылыққа бір табан жақын адамдар сауда-саттыққа да икемді келеді. Ал интернет арқылы сауда жасайтындардың басым көпшілігі – еркектер. Олардың 42 пайызы интернет-дүкендердің сайтына кіруде алдыларына жан салмайды. 41 пайызы сәтті сауда жасаса, 45 пайызы тауар туралы ақпараттарды ақтарып, өзге жерлердегі бағалармен салыстыруға көп уақытын жұмсайды. Негізінде олардың 35 пайызы ғана нақты сауда жасайды. Енді өздеріңізге берер кеңесіміз біреу: Егер әйеліңіз базар жағалауды жаны сүйсе, мұндайға сіздің әуестігіңіз болмаса, оған ілеспегеніз дұрыс. Ондай жағдайда жүйкеңіз сыр беріп қалуы мүмкін. Ал денсаулық бәрінен де қымбат.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Британдық жігіттер дүкен аралау барысында сұлу қыздар мен көрікті келіншектерге көз тастауды да ұмытпайды екен. Орта есеппен алғанда британдық ерлер өз өмірінде алты айды нәзік жандарға көз сүзумен өткізеді.
Әр еркек күн сайын біріне-бірі ұқсамайтын сегіз аруға көз қырын салады. Бұл кезде әрқайсысына кемі екі минут уақыт жұмсайды.
Жігіттердің бірден көзі түсетін нүкте анары, содан соң – қасы мен аяқтары. Өз кезектерінде арулар да күніне екі жігітке орта есеппен бір минуттай көз тоқтатады. Сөйтіп, өз өмірінің бір айын ғана мұрттыларды бақылауға арнайды.
Ерлер арасында жүргізілген сауалнамаға жауап берген жігіттердің жартысынан көпшілігі «мұндай «бақылаудың» ешқандай сөкеттігі жоқ» деп есептейді. Ал әр үшінші еркек көзі түскен аруды «құшып» тынғанын жасырмаған.

Мақала «Айқын» басылымынан алынды.