Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібгеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.
Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

1455898_621753791219592_173997644_n

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма — іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма — баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.
Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.
Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Айнұр Әтенова
Шымкент қаласы, №5 бөбекжайының тәрбиешісі

Аязда көлігіңіз оталмай қалса…

Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?

Айқаракөз ұсынатын бірнеше кеңесті орындап көріңіз, көмегі тиіп қалар.

Көлігіңіз оталмай қалса:
—  аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
— көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
— ажырату педалін басыңыз;
— көлікті оталдырып көріңіз;
— стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
— егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.

kak-zavesti-mashinu-zimoy

Егер стартер айналмаса:
— басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
— итеріп оталдыруға тырысыңыз;
— аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.

zamok

Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
— көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
— шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.

Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады! 🙂

Жігіттің үйленгенін қалай анықтауға болады?

Сымбатты жігітпен танысып, ол сізге ұнап қалды ма? Қолында неке жүзігі жоқ екен деп, оны бойдақтар қатарына қосуға асықпаңыз. Көп еркектер неке сақинасын таққанды ұнатпайды. Бірден үйленген-үйленбегенін сұрай кету де ыңғайсыз. Алданғыңыз келмейді. Сондықтан мына белгілерге назар аудара жүріңіз.

Жігіттің бойдақ екеніне күмән келтіріп жатсаңыз, оның қылықтарына, өзін ұстауына назар аударыңыз. Бет-әлпетінің, қолының қимылдары да өтірік айтып жатқанынан белгі беруі мүмкін.

Төмендегі белгілер жігіттің бойынан табылып жатса, үйленгенін сізден жасырып тұр:

Жасырын белгілер

Бір орында отыра алмай, үстінің шаңын қақыштап, беті мен шашын түрткілеп, қолындағысымен ойнап, қолын ысқылай беріп, ернін тістеп не қайта-қайта темекі шеге берсе, ішінде жасырғаны бар.

Телефонына келген қоңырауларға жауап бермей, ұялы телефонын сөндіріп тастап, сіздің сұрақтарыңызға жалтақтап жауап берсе, әйелі қоңырау шалып қалмасын деп сақтануда.

Егер ол абдыраған түрмен әр бес минут сайын «жұмыс бабымен» біреуге қоңырау шалу үшін не жауап беру үшін шығып кете берсе, әйеліне «есеп беру» үстінде.

Жан-жағындағы адамдарға қарағыштап не біреудің көзінше өзін сізден алшақтау ұстаса, таныстары көріп қалмасын дегені.

Үйленген, бірақ, неке сақинасын тақпайтын еркектер үнемі бейсаналы түрде оң қолын сол қолымен жасырып жүреді.

Үнемі демалыс күндері шаруасы көп болғандықтан тек жұмыс күндері ғана кездесетін болсаңыздар, аңқау болмаңыз, демалыста серіңіз отбасынан босай алмайды.

verigheta-mi-a-trebuit-mie

Айқын белгілер 

Мәдени-романтикалық бағдарламаны ұсынады: саябаққа, кафе-ресторан, кино сияқты ғашықтарға арналған орындарға шақырады. Өйткені, отбасында өзіне сондай жылы қатынас, сыпайылық, сезімталдық жетіспейді.

«Сен — өмір бойы мен іздеген әйелсің», «Сені тапқаным қандай бақыт!», «Біз бұрыннан таныс сияқтымыз» және т.с.с. тәтті сөздермен шын ықыласын білдірген болады, оған қоса, өзі сол сөзге сене бастайды.

Еркектер сезімнің сөзбен емес, көздің «сөзімен» — көзқарас, мимика, ыммен жеткенін жақсы көреді. Сондықтан, олар көзіңізге бар ықыласын сала қарайды. Жиі, ұзақ қарайды. Әсіресе, сізден біраз нәрсені жасыратын жігіттер сіздің көзіңізге көбірек «үңіледі». Сендіргісі келеді.

Екеуіңізге ортақ жоспар құрады, бірақ тым жақын күндерге ғана. Алайда, үнемі уәдесін қандай да бір себептерге байланысты орындай алмай қала береді. 

Қамқорлық танытып, үй шаруасына ебі бар екенін көрсетеді. Сізбен бірге тамақ әзірлеп, кір жаюға көмектеседі, ұзақ уақыт дүкен аралайды. Ол өзінің бар істі дұрыс атқаратынын өзіне дәлелдегісі келеді.

Үйінде әйелі «қолынан түк келмейтінін» айтып, миын ашытқан болса, сізді әр ісіне рахмет айтып, бетінен сүйетін мейірімді фея көреді.

21874_original

Суреттер интернеттен алынды.

 

Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иістер
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хощ иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз.Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз — бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабылетін жақсартады. Сондай-ақ, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі.

4. Қол жұмысын ауыстыру
Әдетте тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба — ауыстырыңыз. Тамақты сол қолмен жейсіз бе — ауыстырып көріңіз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз.

5. Жаңа гардероб
Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың аатуынша, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.

6. Ымдау және қимылдармен түсіндіру
Сөзбен емес, қолдарыңыздың көмегімен әңгіме айып көріңіз. Түсінбегендерге түсіндіруге тырысыңыз.

7. Жаңа жол
Жұмысқа таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз (қайтыңыз). Ол жол алыс болса, тіптен жақсы, мидың жұмысына пайдасын тигізіп қана қоймай, денеге жаттығу болады.

8. Өзіңізге деген сенімділік
Үнемі өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті сіз жақсы білмейтін қызметті ұсынса да, келісе беріңіз. Сіз бәрін дұрыс білмей тұрғанда ми белсенді қызмет атқарып, бір амалы табыла кетеді.

9. Стандарттан тыс жауаптар
Жауабы қалыпты сұрақтардың өзіне басқаша жауап беруге тырысыңыз. Мысалы, «қалың қалай?» деген сұраққа өте ұзақ әрі креативті қылып жауап беруге болады. Таптаурын болған әдеттерден арылыңыз7

exercising_brain

10. Тиындар
Тиынның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Бұл жаттығу, әсіресе, кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды әрі пайдалы.

11. Жаңа журналдар
Газет-журналдар сөресіне жақындағанда мүлде назар аудармайтын журналдарды алыңыз. Мысалы, сезді сән журналдары қызықтырса, экономика саласына арналған журналды алыңыз. Басқа елдер мен саяхат туралы оқығагды ұнатасыз ба? Онда жануарлар туралы қызықты жазбаларға көңіл аударыңыз.

12. Дыбыссыз теледидар
Теледидардың дауысын өшіріп тастаңыз да, экрандағы кескіндерге қарап, диалог не монолог құрастырып көріңіз. Бұл жаттығуды достарыңызбен отырып жасаған анағұрлым қызықты өтеді.

13. Әр түрлі демалыс
Демалысыңызды тек қалада өткізіп жүрген болсаңыз, келесіде қала сыртына, табиғатқа шығыңыз. Музыка тыңдағанды аса ұнатпайсыз ба? Концерттерген барыңыз, түрлі сезімдер болары сөзсіз. Тіпті ұнамай бара жатса, кетіп қала саласыз.

14. Жаңа қарқын
Бұл жаттығуларды демалыста қолдануға кеңес береміз. Егер кез келген істі асықпай істейтін болсаңыз, 2-3 есе қарқын қосып, шапшаңдатуға тырысыңыз. Ал, егер бір орында отыра алмайтын тынымсыз болсаңыз, бәрін өте баяу атқаруға тырысыңыз. Байыппен қараңыз.

15. Әзілдер
Жаңа әзілдер мен анекдоттар ойлап табу — миға өте пайдалы. Бұл ақыл-ойдың жұмысын жақсартып қана қоймай, креативті ойлау жағын да дамытады.

Cуреттер интернеттен алынды.

«Тәуелсіздік» торты

Бұл торт Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Айтулы мерекеде отбасыңызбен дастархан басында жиналып, осы тортпен шәй ішіп отырғанға не жетсін?!

Құрамы 

Бисквит:
Жұмыртқа — 8 дана;
Қант — 2 стақан;
Какао — 1 стақан;
Ұн — 2,5 стақан;
Қамыр қопсытқыш — 2 дана;
Ванилин — 2 дана;

Кремі:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині — 400 гр;
Жұмыртқа — 4 дана;
Қант — 16 ас қасық;
Сүт — 16 ас қасық;
Ванилин.

Тортымыз тура Шахмат тортындай ретпен дайындалады. Тек біраз өзгешелігі бар.
Алдымен ақ түсті бисквитті дайындап алуымыз қажет. Ол үшін  4 жұмыртқаның  ақуызын миксермен араластырамыз (миксер таза, құрғақ болуы тиіс),

20131215_162957

көпіртіп, қою кремге ұқсағанша араластыра береміз.
Жұмыртқаның сарысына қант қосып,

20131215_163543

араластырамыз.

20131215_163926

 

Төменде суреттегідей түсі ағарғанша араластырамыз.

20131215_164132

 

Оны алдын ала араластырып алған жұмыртқаның ақуызына құямыз.Ақырын ғана, баяу қимылмен астынан үстіне қарай араластырамыз.Жақсылап араластырып болғаннан кейін елеуіштен өткізген 1,5 стақан ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салып,

20131215_164413

ақырын, баяу қимылмен тағы да астынан үстіне қарай араластырамыз.
Қамырымызды табаға саламыз. Астына пергамент немесе фольга төсеу керек , олар болмаса, майлағанымыз жөн болады.

20131215_165032

180 груадуста, беті қызарғанша пісіреміз.

20131215_170331

 

Ақ түсті бисквитті дайындап алған соң қара түсті бисквитті дайындауға көшеміз. Бәрін жоғарыдағыдай дайындап аламыз да,  ұн, ванилин мен қамыр қопсытқышты салған кезде 1 стақан какаоны да қоса салып, араластырамыз.

20131215_171652

Оны табаға салып, 180 градуста пісіреміз.

20131215_173320

Бисквит 2 дана болады: 1 ақ, 1 қара.

Енді кремін дайындаймыз. Ол үшін 16 қасық сүтке 16 қасық қантты қосып,

20131215_174805

Басқа бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып, араластырып дайындап қоямыз.

20131215_173652

Оттағы сүт пен қант қайнағанша араластырып тұрамыз. Ол қайнағаннан кейін жұмыртқаны аздап құйып тұрып, тез араластырамыз, әйтпесе, жұмыртқа пісіп қалады.

20131215_175147

 

Үзбей араластыра беру керек. Қоюланғанда отты өшіріп, салқындағанша күтеміз.

20131215_175428

 

Майды алып, оған ванилин салып,

20131215_175713

 

миксермен араластырамыз. Сол кезде май әппақ болып, екі есе көтеріледі.

20131215_180915

 

Салқындап тұрған жұмыртқаны 1 қасықтап

20131215_181434

 

таусылғанша кремге қосып тұрып, араластыра береміз. Жұмыртқалар жылы болса, май еріп кетеді, сол үшін салқындағаны дұрыс.
Әбден араластырамыз. Крем дайын.

Дайын болған кремді үшке бөліп, ең көбін ақ күйінде қалдырамыз. Одан аздауын  көк түске, ең азын сары түске бояймыз.

20131215_190410

Бірінші ақ бисквиттің бетіне крем жағып, үстіне қара бисквитті қойып, тағы да крем жағамыз. Солай ақ, қара, ақ, қара етіп қойып, бетіне көк түсті кремді жағамыз.

Көк түсті кремді жағып болғаннан кейін торт бетіне Тудың суретін салу керекпіз. Ол үшін целлофанның шетін тесіп, оған сары түсті кремді саламыз. Омен күннің, қыранның суретін саламыз.

IMG_20131215_114623

 

Торт дайын.

IMG_20131215_072421

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!!!

 

Қызойнақ

Қызойнақ деген не? Бұл қазақ халқына тән дәстүр ме? Ол қайда және қашан өткізіледі?

Той алдында тек бойжеткендер арасында ұйымдастырылатын бұл құпияжиналыс «қызойнақ» деп аталады. Бұл жиналыс қазір той алдындағы салтқа айналды. Онда тек жақын құрбы-қыздарың жиналып, кез келген тақырыпта әңгіме-дүкен құрады.

Қызойнақты қалай өткіземін десеңіз де, өз еркіңізде. Сондықтан да бұл «қызойнақ» деп аталады екен.

Бір қызығы, бұрын қызойнақ өтетін күн келін үшін көңілсіз, мұңлы күн болған екен. Себебі, қыздардың өз еркінен тыс ұзатылуымен байланысты.

Қызойнақ  қыздың ата-анасының үйінде өткізіледі. Ол өз үйімен, балалығымен қоштасу дегенді білдіреді. Мереке барысында ұзатқалы отырған қыз құрбыларымен бірге қайғылы өлең айтып жылаған. Кейде қызды жылатуға арнайы әйелді де шақыратын болған екен.

9lBUgWgL_LA

 Ал қазір өткізілетін қызойнақ пен бұрынғы қызойнақтың айырмашылығы жер мен көктей. Қуантарлығы, бізег бұл дәстүрдің тек жағымды жақтары ғана жетті.

Бүгін қызойнақ  бойжеткен қыздар арасында тойға бірнеше күн қалғанда ұйымдастырылады.

Оны  жастар қайда және қалай өткізеді?

Қызойнақтың ең қарапайым түрін үй ішінде де ұйымдастыруға болады. «Пижамды кеш» мұндай жиында таптырмас идея. Қандай көйлек киіп, шашты қандай үлгіде жасаймын деп қиналмай-ақ қойсаң да болады.  Dress — code қарапайым : сүйікті аю немесе үйрек бейнесіндегі түрлі түсті пижама.

1

Қазір жастар арасында белгілі бір стильде өтетін қызойнақ жиындары да кең таралған.  Мысалы, мына фотосуретте бойжеткендердің  теңізші образы өте қызық ты. Әрі  барлық қыздар үшін естен кетпен күн болары сөзсіз.

2

Егер «Gossip girl» сериалын көрген болсаңыздар, басты кейіпкер Блэр Уолдрефтің қызойнақ кеші ерекше ойластырылған. Яғни, Одри Татудың  «Breakfast  at Tiffany’s» киносындағы образына негізделіп  жасалған.

3 4

Бұл ой біздің аруларымыздың  да көңілінен шыққан сияқты. Суреттерден қыздардың әр декорацияны, тіпті торттың сыртқы бейнесіне дейін  Тиффани стилінде безендіргенін байқауға болады.

Идеялар сан алуан. Тек қиялыңызға ерік беріңіз. Бұл тек сіздің қалауыңыз бен фантазияңызға байлынысты.

Мысалы, «The Great Gatsby»  киносынан кейін мен өз қалауымда таптым. Мен біздің заманымызға дейінгі  20-жылдардың киім үлгісіне қатты қызығушы едім. Қызойнақты дәл сондай нұсқада өткізсем деген ой туды.

6

Ал, сіз қызойнақты қалай өткізгіңіз келеді?

 

 

Қарлыға Құрманғалиқызы

 

3 айда 19 кг арықтаған арудан 10 кеңес

«Ауру — астан» деген сөз бар қазақта. Семіздіктің бірден бір себепкері де — тамақ.

Семіздіктен арылу үшін қандай айла тәсіл ойлап табылмады десеңізші… Бірақ, артық күш жұмсамай-ақ артық салмақтан оп-оңай арылудың жолы бар екен. Ол — аузыңды тию. Яғни, аз мөлшерде тамақтану.

1390492_477290689053563_108489110_n

 

Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып, күні-түні жаттығу залынан шықпайтын жандардың өзі мұндай жетістікке жете бермейді. Салтанат, бар болғаны, күніне жиі, бірақ, аз мөлшерден тамақтанған.

Арықтағысы келген қыздарға Салтанаттан 10 кеңес жазып алдық.

1. Ешқашан аш жүруге және сағат алтындан кейін тамақ жемей қоюға болмайды.

2. Өзіңізді жақсы көріңіз. Мүсініңіздің сұлу болғанын қалайтын мотиватор (мысалы, сүйген адамыңыз не ғашық болу) тауып алыңыз. Егер психологиялық тұрғыдан арықтауға шешім қабылдасаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.

3. Әр 4 сағат сайын күніне 800 ккал тамақ жеңіз.

4. Ұялы телефоныңызға калория есептейтін калькулятор орнатып алыңыз. Ондай қосымшаны интернеттен оңай табасыз. Бұл есептегіш күніне ішіп-жегеніңізді есептеп отыруға көмектеседі.

5. Кем дегенде 40 минут жаяу жүріңіз.

6. Тәттіні тыймасаңыз да, тежеңіз. Қант, бал (әсел), карамель жеуге болады.

7. Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.

8. Арықтау кезінде теріңізді күтіңіз, бұл өте маңызды.

9. Артық салмақтан арылу кезінде алкоголь ішуге мүлде болмайды. Өйткені, бауыр ағзадан майдың шығуым қамтамасыз етсе, алкоголь бауырдың жұмысын тежейді.

10. Өзіңізді, тәніңізді жақсы көріңіз, бұл — жаныңыздың мекені. Сіз жаныңызды көріксіз сауытта ұстағыңыз келмейтіні рас қой?!

Салтанаттың Фейзбуктағы парақшасы

Ақпарат www.aryktau.kz

Әйелдер көзімен: еркектердің жыныстық қатынаста жіберетін қателіктері

Еркектердің көбі өз сүйіктісімен жыныстық қатынас кезінде қателік жіберетінін білмейді, сенбейді, тіпті білгісі де келмейді. Бірақ, сүйіктісінің қателіктерін жіпке тізгендей біліп жүреді, тіпті сырластарына шағымданып та алады.  Біз арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ерлердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін жинақтап көрдік. Мұның алдында әйелдердің төсектегі қателіктерін жазған болатынбыз.

жыныс мушены улкейту

1. Аймаламай, бірден іске көшеді. 

Әрине, үйде қонақтар болып, қалт еткенде бір-біріңізді көзбен аймалап, шыдамсызданып отырып, қонақтар кеткен соң еш аймалаусыз, бірден «іске кірісетін» кездер болады. Алайда, әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың да өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл — ерінің әйелін сүйетінінің, сыйлайтынының белгісі. Егер жыныстық қатынастың уақытын созғысы келетін жігіт болса, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жынымтық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.

2. Жуынбайды. 

«Аптасына бір рет жуыну жетеді» деген ереже тұрақты жұбы жоқ, жалғызбасты еркектерге жақсы. Алайда, кездесуге жуынбай шықса, жігіттің үстінен шыққан тердің иісі кездесудің шырқын бұзады. Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Қойш, ештеңе етпейді, ерініп тұрмын, бола салайықшы» деген сылтаулар пайда болады. Әйелдер еркектің иісінен жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды.

3. Секс аяқтала салысымен кетіп қалады. 

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға не темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген жігітке қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң жігіт 15-20 минуттай әйелін сүйіп, құшақтап жата тұрса, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды. Секстан кейін ұйықтап қалуға да болмайды.

6c950d3d17

4. Өзін ғана қанағаттандырады. 

Еркектер ләззат алса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелінің оргазм алғанын күту керек ері. Енді басталып келе жатқан ләззатты өз шаруасын бітіргесін тоқтата салуға болмайды.

5. Емшегін ұстай береді. 

Омырауын қайта-қайта ұстап, қатты қысып, тістеп, сүйе берген қыздарға ұнамайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы — төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды».

6. Поза ауыстырмайды. 

Өзіне ыңғайлы, ұнайтын позасында жыныстық қатынасты бастап, сомен аяқтайды. Өкінішке қарай, әйелдер арасында «догги стайлды» ұнататындар өте аз. Миссионерлік позицияны да ұнататындар көп емес. Бір қатынастың өзінде бірнеше қалыпқа көшу керек. Ері фантазиясын іске қоссын, болмаса, әйелін тыңдасын!

7. Оралды секс сұрайды. 

Минет жасап беруін өтінетін, жалынатын еркектер әйелдерге ұнаған емес. Бәрі өзінен өзі орын алу керек. Жыныстық мүшесін аймалағанын қалап тұр ма, алдымен өзі әйеліне жасап берсін. Айтпаған күннің өзінде, басын төмен түсіріп, ымдағанның өзі әйелге кері әсерін береді.

8. «Бітірдің ба» деп сұрайды. 

Әйел міне, міне оргазм алғалы жатқан сәтте тоқтап қалып, «Бітірдің ба» деп сұрайды. Бұл сәтте әйелдің көңілі бөлініп, «келе жатқан нәрседен» айрылып қалады. Еркек әйелдің оргазм алған-алмағанын сұрап білмей, сезіну керек.

9. Құлаққа сілекейін жағып, үрлейді. 

Аймалау, әрине жақсы. Құлақты ақырын сүйіп, тістеген де қоздырады әйелдерді, өйткені, ол — эрогенді аймақ. Алайда, ол әрекетті қайта-қайта қайталап, құлақтың бәрін сілекейлеп тастау әйелдерге ұнамайды. Нәзік істеу керек.

image_2315

10. Секспен айналысып жатып, сұрақ қояды, сөйлей береді. 

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді. Ері арасында қандай озаның, ненің ұнайтынын құлағына сыбырлап қана сұрап отырса, болғаны.

11. Жыныстық қатынастан кейін жуынбайды. 

Спермасын іш киімімен не шүберекпен сүрте салады да, төсекке секіреді. Қайтадан құшақтап, иіскеп жатқысы келген әйелдің көңілі түсіп кетеді. Еріне жуынып келуді ыммен жеткізуге тырысқанымен, тікелей айта алмайды.

Енді еркектердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін анықтауға бағытталған сауалнамаға қатысқан әйелдердің пікірлерін білсек.

1 әйел: 1. Ер адамдардың көпшілігі төсек қатынасында өздерін ғана қуанышқа бөлесін дейді, тек өздерін ғана ойлайды; 2. Көбіне олар тезірек және бірінші болады да, шаршап қала береді(((;  3. Таңертең өздері қалап тұрса болғаны, ұйықтап жатқан жерден оятып бастай береді;  4. Көп еркек төсек қатынасынан кейін жуынбайды; 5. Әйел адамдардан қалай ұнататынын сұрамайды, ескермейді, біліп тұрса да, көбіне өз қалауымен ғана істейді; 6. Бірден тек минет істе дейді.

2 әйел: Эгоистер, өздері үш минуттан кейін бітіреді да, душқа кетеді немесе темекісін шегіп жатады; Куни жасағысы келмейді, бірақ, минет жасашы деп сұрайды; Өздерінікі тұрса болды, аймалау, қызу ойындар болмайды, онікі тұрса, қыз дайын деп ойлайды да, үстіңе міне бастайды; Раком тұрғызады да, істей береді  немесе өзіне ұнайтын позаны таңдап алады да, басқаша дым істемейді, қыздың үстінде болғанын қалайды, «жоқ» десең, көздері алақандай; Барлық әрекет тек кіру-шығуда емес, аузы мен қолы бар ғой, құдайға шүкір, соларымен параллельно бірдеңе істесін.

3 әйел: 1. Бәрі болғаннан кейін «неше рет бітірдің?» деп сұрайтыны. Мүлдем деп айтуға зауқың бармайды. Өтірікті соға салуға мәжбүр боласың. Жыныс қатынасы кезінде «бітірудің» амалдарын жасау миларына да кіріп шықпайды. 2. Қазақ еркектері әйеліне комплимент айтуға қорқады, болмаса ұялады. 3. Әйелі «бастама» көтеруге жүрексінеді, себебі, «бұны қайдан біліп жүр» , «мынау бұзылайын деп жүр» деп ойлап қалатынына мен 100 пайыз сенімдімін. 4. Қазақ еркектерінің санасын жаулап алған ойлар: қыздық, бұзылған ба, таза ма, ертең артымнан қалмай қойса ше, туыстарыма ұнамайды т.б. Осының кесірінен қыздығын алып үйленеді де, мысы құрып, көбінесе қиялдаумен өмірін өткізетіндер толып жатыр.

жыныс қатынас

4 әйел: Тым артық аймалап, қоздыруды созып жібергенде, ішім пысады; Бас салып, бір жерден келгенде жабыса кеткен де ұнамайд. Себебі, бір рет душқа кіріп шықпасам, өзімді сенімсіз сезінемін; Көбіне әйелден үстем болған ұнайды оларға, үстінен жасай берсең де, шаршап кетесің; Құдайым-ау, емшекке жабысқанды жақсы көреді, бір-екі рет ұстады, болды ғой, қашанғы умаждай береді?

5 әйел: Меніңше, еркек адам әйелді сүйіп, қоздырып кіргізу керек. Қозып тұрған кезде әйел тез ләззат алады.

6 әйел: Ең үлкен, ең жиі қателігі — дұрыстап қоздырмайды.  Жеткілікті аймалап, қажетті кондинцияға жеткізбейді. Әйел үшін өзінің оны құшақтап, бір сүйгені жеткілікті, ал зәуде құрғақ боп жатса, сілекейлеп кіргізе саламыз деп ойлайды.

7 әйел: Эрогенді жердің жөні осы екен деп емшек пен клиторды жөнсіз ысқылап, умаждау; Бірден тыр жалаңаш шешініп не шешіндіріп тастау; Аймалауға аз уақыт бөліп, бірден шаруаны тындырып тастағысы келу;  Минет жасап берші деп сұрамсақтану.

8 әйел:  1. Әйел де, еркек те болар алдында, болғаннан кейін жақсылап жуынғаны дұрыс деп ойлаймын. Таза болған жалпы жақсы ғой, жақсы; 2.  Қарны шартиған еркекпен ешқандай қыз болғысы келмейтін шығар? 3. Ондай кезде дыбыс атаулы жүйкемді қоздырады. Сөйлесе, қатты жыным ұстайды; 4. Болған кезде сүйіскен ұнамайды. Денең онысыз да сезімтал болып тұрады; 5. Әйел адам, әсіресе, қазақ әйелдері ашып айта салмайды, ым түсініп үйрену керек.

Суреттер интернеттен алынды.

Шаштағы «бақша»

Биылғы жазда сән әлемі сылқым бойжеткендерді жаңа сән үлгісімен тәнті етті. Сәнгерлер аруларымызға «бақташының үлгісін» ұсынды. Әлбетте, үстіңіздегі жарасымды киіміңізге, таққан әр әшекейіңіз ажарыңызды аша түседі. Кереметтей әдемі үйлесімдікті берері сөзсіз. Сондықтан биылғы жаз мезгілінің ең үздік тренді – гүлді жиектер (ободок) мен гүлді тәждер болды.

Қай заманда болмасын әйел затының гүлге деген көзқарасы ерекше, өсіп шығатын сұлулыққа деген  махаббаты ертеректе басталған. Өткен ғасырдың басында Алла Назимова және де Мод Фалидің түскен киноларда әртістер әдемі өрілген шаш үлгілерін қызғылт гүлшанақтармен безендірген. Кейіннен танымал Мексикандық суретші Фрида Кало өзінің «икебанасын» жеке фирмалық стиліне айналдырған.

Шаштағы гүлдер әлемдік сәнге Dolce&Gabbanaның күз-қыс 2012-2013 сициялық топтамасы арқылы келді. Байлық, әдемілік, әсемдік — дизайнерлердің сән тарихындағы негізгі тақырыптарының бірі. Сән көрсетілімдерінен сәнгерлердің қымбат асыл тастардан, гүлдерден жасалынған жиектері мен тәждері бүкіл әлемнің сәнгер қыздарының назарын аударды.  Сhristian Dior, Moschino, Osсar de la Renta және  Kira Plastinina да өздерінің көктем–жаз топтамаларына гүлмен безендірілген жиектер мен тәждерді қосты.

 6uwC_mMM5Cc Dolce-&-Gabbana(3)

Аса талғамшыл аруларымыздың назарын гүлді тәждер қыс мезгілінде-ақ жаулап алған еді. Көктемнің жайма-шуақ күні келісімен бұл сән үлгісі керемет трендке айналды. Гүлді жиектерді әлемдік жұлдыздардан (Кира Найтли, Кирстен Данст, Энн Хэтэуэй, Джессика Альба, Пэрис Хилтон) қызыл кілемде, сән көрсетілімдерінде, кейін Нью-Йорктің көше сәнінде, Париж, Милан, Мәскеуде өткен сән апталығында көптеп кездестірдік.

CvZytS-yAPo

Шашқа арналған жиектердерді бет-әлпетіңіздің пішініне қарай қолданған дұрыс. Жиекті маңдай тұсына тағар болсаңыз, онда бет-әлпетіңіз үлкендеу болып көрінеді. Сондықтан, бет-пішіні домалақ немесе төртбұрыш аруларға жараса бермейді.

Егер әшекейді басыңыздың орта тұсына қарай тақсаңыз, бет-пішініңізді барынша созылыңқы әрі тартымды болып көрінеді.

HXV9FqFjvw0

Шаш үлгісіне келер болсақ, гүлді жиектер өрілген шашты жинақы етіп қана қоймай, оны барынша әдемі етіп әрлендіре түседі. Аздап бұйраланған шашқа тақсаңыз да керемет жарасады.

7aQFWn4lNzE

Қазіргі кезде көптеген шеберлер осындай әшекей бұйымды жасаумен айналысады. Соның бірі Алматылық жас ару –  Гауһар Батырхан.

 vmkFRUIbrlQ

 Бұл бойжеткеннің қолынан шыққан әшекейлер көздің жауын алады.

 he6zAqVqrq4

uhkRbtlHMSQ

Шынар Ізбасар

Арықтауға көмектесетін би түрлері

Ақпарат www.aryktau.kz

Арықтау — қыздардың қазіргі ең басты проблемаларының бірі. Арықтау үшін түрлі диетаны да ұстайды, спортпен де айналысады, түрлі би курстарына жазылады. Алайда, бәрі де нәтиженің тез көзге көрінгенін қалайтыны жасырын емес. Егер барып жүрген биіңіздің салмақ тастауға әсерін байқамай жүрсеңіз немесе енді биге барғалы жүрсеңіз, біздің мына жазбаны оқып алғаныңыз дұрыс. 

Аяғыңызды арықтата алмай жүрсіз бе? Онда, аяққа арналған, көп қимыл аяқпен жасалатын биге барыңыз. Мұндай биге сальса мен мамба биі жатады. Ча-ча-ча биі де аяқтың бұлшықеттерін қатайтады. Оған қоса, жүрек қағысын ретке келтіпіп, төзімділікті шыңдайды.

Ал, егер аяғыңыздың формасын өзгертіп не кішкене ғана түзетем десеңіз, классикалық билерге барыңыз.

Мақсатыңыз — артық салмақтан арылу болса, хип-хоп не R’n’B билерін үйрететін топтарға жазылыңыз.

Іштің майын кетіріп, бөксені қатайтқыңыз келсе, мықын биіне барыңыз. Шығыс биінің әйелдің жасын ұзартып, сексуалдығын арттыратын да қасиеті бар.  Дәл осы би әйелдің мүсінін әдемі етуге көмектеседі. Үнемі би сабақтарына қатысып, тұрақты айналысатын болсаңыз, іштегі бұлшықеттер қатаяды.

Қол, мойын, дененің жоғары жағындағы майларды кетіріп, бөксе мен балтыр бұлшықеттерін жаттықтырғыңыз келсе, Фламенко биінің (испан биі) ықпалы көп.

Арықтауға арналған бидің алуан түрі бар. Тіпті ересектерге және жасөспірімдерге деп те бөлінеді. Шын мәнісінде, қазір семіздікке шалдыққан жасөспірімдер де көп. Жасөспірімдерге арналған арықтататын билер олардың артық салмағын жойып қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. 

Аз уақытта көп салмақтан арылтатын Go-Go биі бар. Бұл би тез қимылдауды қажет еткендіктен адам көп терлейді. Термен бірге калория да, май да шығады 🙂 .

Жастар арасында кеңінен танымал билердің бірі — брейк-данс. Бұл гимнастикалық қимылдар арқылы иілгіштікке, икемділікке үйретеді.

Егер би арқылы арықтағыңыз келсе, алдымен ішкі дауысыңызды, интуицияңызды тыңдаңыз. Ең басты талап — би өзіңізге ұнау тиіс. биге бір жазылған соң тұрақты түрде уақтылы қатысу керек. Сонда ғана көздеген нәтижеге қол жеткізесіз.

Өте семіз адамдар кешке қарай ұннан жасалған, тұзы көп, май көп, тәтті тағамдарды азайтса, би арқылы тез арықтайды.

Барлық адамдардың денсаулығы бидің барлық түріне жарай бермейтінін ұмытпаңыздар. Сондықтан би курстарына жазылмай тұрып, дәрігерден кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

strip1

Сәттілік!

Пенелопа екеуміз

Арманы өлмес, аз ғананың біріміз,

Айдың жарық,

Күннің ыстық түріміз.

Біреулерге өліден де өліміз,

Біреулерге тіріден де тіріміз —

Пенелопа екеуміз.

 

Батыр біткен қан майданда қырқысып,

Жан берісер тау жастанып, бұлт ішіп.

Біз күтеміз —

Жел аямай жұлқыған

Күзгі, соңғы жапырақтай тыртысып —

Пенелопа екеуміз.

 

Жүрек қана мекен етер сараймыз,

Һәм бақытты болуға да жараймыз.

Өкінбейміз өрмек тоқып отырып,

Өзгеге емес, терезеге қараймыз —

Пенелопа екеуміз.

 

Гүлнәр Салықбай

Маммологқа барудың 10 себебі

Омырауын мезгілдік тексерістен өткізіп тұру әрбір қыздың әдетіне айналу керек. Ісік ауруларының ішіндегі ең бірінші орында омырау қатерлі ісігі тұрғанын жақсы білесіздер. Сондықтан жыл сайын маммологқа көрініп отырсаңыз, аурудың алдын аласыз. 

Read moreМаммологқа барудың 10 себебі

Әйелің минет жасап берсін десең…

Әйелдер өзі екіге бөлінеді: минет жасайтын және минет жасамайтын болып. Минет жасамауға себеп көп: діни, ұлттық себептерден бастап, еріне деген махаббатының жеткіліксіздігі, жиіркеніш, міндетсу, тіпті, бір рет жасап көріп, ұнамай қалғандар да бар.

Бұл жазба ондай әйелдерге де арналған. Мүмкін, осы жазбаны оқып, өзіне минет жасау неліктен ұнамайтынын түсініп, бәлкім ерімен өзара сырласып, жақынына ләззат сыйлаудың осы бір түріне қарай бет бұрар, кім білсін.

жыныс мушены улкейту

Минеттің өзі, актив және пассив болып екіге бөлінеді.

Актив минет – әйелдің өзі ерінің мүшесін сүйіп, аузымен, тілімен аймалап, ұртына салып, ерін еш қимылдатпай ләззатқа бөлеуі.

Пассив минет – негізінен, ер адам алдында тізерлеп тұрған әйелдің аузына мүшесімен кіріп-шығып қимыл жасауы. Бұл жерде әйел тек аузын ашып тізерлеп тұрады.

Пассив минетте ең бір қауіпті тұсы — ер адам өз қимылының ырғағын есептемей, мүшесін әйелдің көмейіне қарай тығып жіберуі. Бұл, біріншіден, әйелдің құсу рефлексін қоздырады. Порнофильмдерде актрисалар еркектің мүшесін тым терең алатынына қызығады жұрттың бәрі, оған сенбеңдер. Порноактрисалар көмейіне сезімталдықты төмендететін анестетик сеуіп алады.
Байқаңыз, әйелдің көмейін жаулап аламын деп, байқамай жағын қарыстырып алсаңыз, әйеліңіз емес, минетке деген өзіңіздің де ықыласыңыз төмендеп кетері сөзсіз.

Әйелің минет жасап берсін десең... 

Енді, осы екі түрлі минет кезінде әйелдерге не ұнап, не ұнамайтынын жаза кетейік.

Негізінен, көп әйелдерге пассив минеттің өзі ұнамайды. Шынымен, ер адам тек аузын ғана пайдаланып, өзіне еш көңіл бөлмейтіндей әсерде қалуы мүмкін.

Әсіресе, пассив минет кезінде әйелдерге ер адам шашынан ұстап, не шүйдесіне алақанын қойып алып, өз ырғағына бейімдеуге деген талпынысы ұнамайды. Атам заманнан бері келе жатқан доминанта үшін күресте жеңіліп қалғандай болып сезінеді өздерін.

Актив минет ер мен әйелдің өзара рухани жақындасуына ықпалын тигізеді. Өйткені, пассив минетте әйел әлдеқандай мәжбүрлікті, шарасыздықты сезінсе, бұл ретте ол еріне өз еркімен ләззат сыйлау үшін жасайды.

Ал көп әйелдерге ең ұнамайтыны – ер адамның шәуқатын жұту. Негізі, ер адамның шауқатының иісі – доместос немесе комет сынды құрамында хлоры бар тазартқыш құралдардың исіне ұқсайды.

Шауқаттың иісін әдемі қылуға болады дейді, бірақ, сол үшін күнде ананас жеп, асқазаныңды қышқылға ойғызып, бойыңдағы йод мөлшерін шамадан тыс арттырмайсың ғой, енді, рас па?

Сол үшін, әйелің келесі жолы минет жасап берсін десең, шауқатыңды жұтқызба. Одан да, бойың жеңілдеуге жақындап қалғанын сезген кезде, әдепкі жақындасуға көшіп, әйеліңе де ләззат сыйлап қалуға ұмтыл.

Сонда, келесі жолы  минет сұрағаныңда, әйелің бәлендей қарсыласпай жасап береді.

Айғаным

Суреттер интернеттен алынды. 

Тағы минут туралы ақпарат — Жыныс.kz сайтында

Тұрсынбек Қабатов: «Барлық армандарым Астанада орындалды!»

Тұрcынбек Қабатов – жұлдызы Қазақстанның жаңа елордасы – Астанада жарқырап жанғандардың бірі. Батыс Қазақстан облысындағы шағын ауылдың тумасы – бүгінде табысты шоумен, түрлі іс-шараларда құшақ жая қарсы алатын қонақ, елімізден де тыс жерлерде танымал елордалық сатира және әзіл-ысқақ театрының әртісі, сондай-ақ, «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» шоуының жүргізушісі. 

— Тұрсынбек, Сіз қай жерде дүниеге келдіңіз және Астанаға қалай жолыңыз түсті?

— Мен Қазақстанның батысындағы Ақпатер ауылдық округінде дүниеге келдім. Астанаға кездейсоқ келдім. Естеріңізде болса, 2000 жыл Қазақстанда мәдениет жылы деп жарияланды, сол кезде Оралда «Дала дарындары» деген байқау өтті. Оған әншілер мен әзілкештер қатысты. Мен негізі бұрын ән айтатынмын. Бір шағын күлкілі нөмірлер жасайтынмын, алайда өзімді әзілкеш деп санамайтынмын. Сөйтіп, қатысушылар тізіміне қарасам, 74 әнші, 4 әзілкеш бар екен. Ән айтып, 74-ші орын алғанша, әзілден 5-ші орын алғаным дұрыс шығар деп ойладым. Сөйтіп, әзілкештердің қатарына жазылдым. Келесі күні байқау басталуы тиіс еді. Мен түні бойы дайындалдым, пародиямды қайталап,  өзіме «Молодец Мырзабаев» деген лақап ат қойдым. Сонымен, мен өнер көрсеттім де, бірінші орынды алдым. Осыдан кейін мені Астанадағы «Шабыт» халықаралық байқауына жіберді. Оған бағдарламаны мен пойызда келе жатып ойластырдым. Бірінші, екінші турларды, соңында гран-приді ұттым. Сол кезде қазір Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының директоры болып табылатын танымал қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджанов: «Тұрсынбек, сен осында қал. Қала жас, бізге мұндай дарындар керек. Пәтер алып берем деп уәде бере алмаймын, алайда жатақхана болады. Бастапқыда барлығы осылай тұрады», — деді. Бірақ,мен кетіп қалдым, бұл қазан айы болатын. Ал Қазақстан Республика күнін атап өткен 25 қазанға мені Астанадағы концертке тағы шақырды. Өнер көрсетіп болғаннан кейін мені қала әкімі Әділбек Жақсыбеков өзіне шақырды да: «Тұрсынбек, осында жұмысқа қал, көмектесеміз», — деді. Мен тіпті, не істерімді білмедім: өзім жаспын, бөтен қала, ешкімді танымаймын, сәл қорықтым. «Саспа, тіпті осында үйленесің», — дейді маған. Осылайша, мен филармонияда жұмыс жасауға қалдым. Ал ары қарай барлығы бірқалыпқа келді.

— Ал КВН құрамасына қалай келдіңіз?

— Мен түрлі концерттерге жеке нөмірлеріммен шығатынмын. Мені байқап, бір күні Бақыт Сыздықова: «Мен «Жас Отан» жастар партиясынанмын. Біз қазір КВН құрамасын құрып жатырмыз», — дейді. Мен: «Орыс тілінде сөйлей алмаймын» десем, «қорықпа, саған барлығын түсіндіреміз. Тіпті ұтатын жерің – акцентің болады. Ең бастысы: сізде актерлік қабілеттер бар. Қаңтар айында Сочиге барамыз. Бізбен біргесіз бе?», — деді. Ал мен үшін Сочи – бұл орындалмайтын арман сияқты болатын. Мен, әрине келістім. Сочиге келдік, бізді Жоғары лигаға шығарды, сол сәттен бастап, менің КВН-дік өмірім басталды.

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»
«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

 

 — Ең қызықты сахна сыртындағы сәттер есіңізде ме? Естен кетпес күлкілі жағдайлар болған шығар?

— Сұрақты басқаша етіп, «барлығын дұрыс әрі дайындалғандай жасаған кезіңіз болды ма?» деп қою керек шығар (күледі). Сахна сыртында әрдайым қызықты жағдайлар болатын. Мен әрдайым мәтінді ұмытып қалатынмын да, барлығынан әрнәрсені сұрап жүретінмін. Құмардың, Нұржанның, Яриктің (Ярослав) ұдайы мазасын алатынмын. Оның үстіне қобалжу болады, адам көп, жанкүйерлер ысқырып, қолдап, қазылар алқасы тізіліп отырған кезде мен қалқаның артында тұрып, мәтінімді әрең есіме түсіріп, қолыма жазып алатынмын. Бір күні мен «Я договорИлся» деген сөзді айту керек болдым. Ал мен әрдайым «Я договАривался» деп айтып қоятынмын. Жаттап тұрмын, жүз рет қайталаған шығармын, сахнаға шықтым да, «Здравствуйте ребята, я договАривался» дедім. Бәрібір қате айттым. Сахнада тұрып, дұрыс емес айтқанымды түсіндім де, жігіттерге бұрылып, «дұрыс айттым ба?» деймін ғой. Барлығы ішек-сілесі қата күлді. Бастапқы үш жылда осылай болатын. 2008-2009 жылдарда орысша әжептәуір сөйлеп, орысша әзілдер жаза бастадым. Ал 2010 жылы тіпті, маусымның үздік ойыншысы атандым. Өзім шынымды айтсам, күтпедім. Айтпақшы, менің осы өнер жолына түсуіме КВН көмектесті. Бүгінде мен – «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» жобасының жүргізушісімін. Жүргізушілерге байланысты мәселелер шешілгенде, алғашқы таңдау маған және КВН-дегі әріптесім Гүлнара Сильбаеваға түсіпті.

— Қазір сіз өзіңізді жүргізушімін дейсіз бе, әлде шоумен немесе филармония әртісімін дейсіз бе?

— Қазір мен филармония әртісі емеспін. Астанада сатира мен әзіл-ысқақ театрын ашқаннан кейін мен сол театрдың актері атандым. Өзімді шоумен санамаймын. Мен актер әртіспін. Кейде қандай да бір кештерді жүргізуге шақырады, халық көргісі келеді, ол кезде мен бас тартпаймын. Мен өзім туралы тек әртіспін дей аламын.

— Шығармашылық жоспарларыңыз қандай? Астанада жүзеге асыруды жоспарлап жүрген жобаларыңыз бар ма?

— Олардың саны көп. Шын мәнісінде, жасағым келетін дүние көп. Не болатынын көре жатармыз. Оны сіздер міндетті түрде көретін боласыздар.

«Барлық армандарым Астанада орындалды!»
«Барлық армандарым Астанада орындалды!»

 

 — Біз – экономикалық журналмыз, сондықтан сізден қаржы туралы сұрамай кете алмаймыз. Әдетте шығармашылықтың адамдары ақшаны дұрыс жұмсай бермейді. Сіз ақшаны қалай жұмсайсыз?

— Тіпті, білмеймін. Мен ондай емес сияқтымын. Қалтада ақша болған кезде, әйтеуір әлденеге жаратамыз ғой. Маған кейде ақшаны жөнімен жұмсайсың деп айтып жатады. Ақшаны желге ұшырмаймын, аянып та қалмаймын.

— Қандай отағасысыз?

— Мұндай сұрақтарды әйеліме немесе достарыма қойған жөн шығар. Әйтпесе, қазір мақтанып кетермін (күледі). Дегенмен, мен өзімді жақсы әке, жар дей аламын. Маған отбасыммен, қыздарыммен уақыт өткізген, олармен қыдырған ұнайды. Бос уақыт табыла қалса, олармен бірге болуды қалаймын.

— Әңгімеңізге рақмет!

Материалды дайындауда көмек көрсеткені үшін «Еуразия» бірінші арнасының редакторына алғыс айтамыз.

Материал 1tv.kz сайтынан алынды

[post_view]

Бәйбіше боласың ба?

Соңғы кезде жұрт арасында, әсіресе әлеуметтік желілерде күйеуіне тоқал әпергіш келіншектер көбейіп кетті.  «Күйеуім алам десе, өзім таңдап жүріп әперемін» дейді. Тіпті тұрмысқа шықпаған жас қыздардың өзі «кейін жарыма тоқал алып беріп, бәйбіше боламын» деп мақтанышпен армандап отыратынды шығарды. Дұрыс қой, әрине. Бәйбіше болу деген — зор мәртебе, ұрпақтардың құрметі. Тек… Жанына балаған жары алдына келіп: «басқа әйелге көңілім кетті, соны алғым келеді. Ал сен балаларымның анасысың, сені де тастай алмаймын,» деген кезде іші қалай өртенетінін білмейді ғой олар әлі…

Бәйбіше боласың ба?

Бәйбіше деген атты ресми болсын, тек үшеуара құпия болсын, арқалағаннан кейін, ауыр күресті күндер басталады. Отбасылық бюджет уыстан сусып шығады. Бұл — бір. Екі үйі бар еркектің табысы екіге жарылатыны аян. Ал, жаңа түскен, уылжып, үлбіреп, отырған жас тоқалдың қылығы өтімді болса, таразы басы сол жаққа қарай жылжып кетеді.

«Күйеуім тоқал алған соң оны бұрынғыдай өз жағымда ұстаймын» деген бекер сөз. Ер адам тек сүйген әйелінің ғана ығына жығылады. Ал бірінші жарын шынымен сүйетін еркек басқа әйелге көз салмайды. Тоқал пайда болды ма – бәйбішеге деген махаббат сезімі суыды деген сөз.

Оның үстіне, еркектер сүйікті әйелінің баласына ғана еміренеді.  Өз баласының әкесіне қадірсіз бола бастағанына қарап отырғысы келетін әйел аз шығар.

Бәйбіше боласың ба?

Әрине, бәсекелестік деген жақсы. Өзіңе деген күтімді күшейтесің. Бірақ… оны жай ғана өзің үшін, сүйген жарың үшін емес, бақталастық, азаматыңның көңілін сәл де болса көбірек аудару үшін істеген…

Бәйбіше боласың ба?
Бәйбіше боласың ба?

«Ой, бір кездері қазақтар төрт әйелге дейін алған, анау мынау» дейді. Алған. Бірақ бізге жеткен кітаптарда бәрі жазылмаған ғой. Ол кітаптарда әр бәйбішенің өзін жұртта қалған жыртық кебістей сезініп, іші ит тартқандай әлем-тапырақ болатынын кім сипаттасын… әжелеріміз сауатсыз болған ғой. 

Белгісіз автор

Суреттер: Интернеттен алынды.

Кунилингус: пайдасы мен зияны

Сайтымызға хат жолдаған қыздардың басым бөлігі «кунилингустың» не екенін білгісі келеді екен. Материал сол негізде даярланды.

Кунилингус деген не? 

Кунилингус дегеніміз – еркектің аузымен, тілімен әйелдің жыныс мүшесін аймалауы. Бұл жағдайда әйел жыныстық ләззат алып, тоят табуы мүмкін.

Жұбайлық парыздарын ғана атқарып, төсек қатынасында толыққанды ләззат ала алмай жүрген ерлі-зайыптылар үшін кунилингус – өзгешелік десе де болады. Бастысы, әйелі ерінен ұялмауы керек, ал, ері әйелінің оргазм алуына барынша күш жұмсау керек. Кунилингус ерлі-зайыптының арасын одан сайын жақындастырып, жыныстық қатынасты бір-бірінің тілегін, қалауын ашық айта алатындай жағдай туындатады.

жыныс мушены улкейту

Кунилингустың пайдалы тұстары бар ма?

Сексологтар кунилингустың бірнеше пайдалы тұстарын анықтады:

  • бала көтеруді жуық арада жоспарламаған әйелдерге өте тиімді;
  • қыздық перденің жыртылып қалуынан қорыққан жағдайда кунилингус арқылы тояттауға болады;
  • мұқият әрі кәсіби түрде жасалған кунилингус әйелдің оргазмды сезінуіне (өмірде бірде-бір рет оргазм алып көрмегендер бар) әкеледі;
  • жыныстық жолмен ауру жұқтырып алу қаупі жоқ;
  • ағзадағы қан алмасу процесі жиілейді;
  • жүрек қағысы жиілейді.

Кунилингустың зияны қандай?

  • ерін айналасына ұшық шығуы мүмкін, жалпы ұшыну қаупі бар;
  • ауыз шырышы сифилис, гонококк, кандидоз, ұшық, Б гепатитінің вирусы, тіпті СПИД ауруларын жұқтыруы мүмкін.

 P.S. Бірін-бірі сүйетін адамдар, ерлі-зайыптылар  мейлі үй шаруасында болсын, мейлі төсек қатынасында болсын, бір-бірінің қалауын сөзсіз түсінуі керек. Ал, егер керісінше болса ше? Төсек қатынасында «шаруасын тындырғанмен» ешқандай ләззат та, рахат сезім де болмаса ше? Мұндай жағдайда қатып қалған стандартты бұзуға ерінің де, әйелінің де қорқуы кедергі болуы мүмкін. Әйелі күйеуіне қалауын айтудан қорықса, ері «әйелім дұрыс түсінбей қала ма» деп қоқуы мүмкін. Сондықтан жыныстық өмірге өзгерістер енгізуге тырысу керек.

Қысқа тырнақ күтімі

Қазіргі таңда әлемнің сәнқойлары қысқа тырнаққа көшкен. Сәндегі қысқа тырнақты күту де тез, әрі тірлік істегенге ыңғайлы. Сындырып аламын ба деп қорықпайсыз. Тырнақ бояуын жаққанда да аз уақыт етеді, тез арада қалыпқа келтіре аласыз. Сондықтан жасанды тырнақ пен ұзын тырнақтан арылуға кеңес береміз.

Read moreҚысқа тырнақ күтімі

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Күні бойы шапқылаудан кешке үйге арқаңыз ауырып, биік өкшелі аяқ киімнен шаршап келесіз бе? Аяқты тырыстырып тұратын джинс шалбарын шешкенде рахаттанып қаласыз ба?

Read moreНазар аударыңыз: зиянды сән!