ӘРБІР АТА-АНА БІЛУГЕ ТИІСТІ 5 ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Біздер балаларға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Егер өзіміз түнде ұйықтамайтын «жапалақ» мінез болсақ, баланы ұйықтауға ерте жатқызғанымыз дұрыс па? Біз ата-аналарға пайдасы тиер деген бірнеше зерттеулердуі таңдап алдық.

Ата-аналар баламызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе деген сауалға жауап табу үшін, маман педагогтар мен әрнәрсені шалып сөлей білетін демагогтар жазған әдебиеттер дәриясының толқынына тұншығардай болып жүргені жасырын емес. Бұл шығармалардың ең басты кемшілігі қазіргі зерттеулерді негізге алудың орнына, педагогиканың атам заманғы тозығы жетіп, тоз-тозы шыққан принциптеріне сүйеніп жазылғандығында. Біз бала тәрбиесіндегі

психологтрдың мақұлдаған немесе, жоққа шығарған прициптері труралы 5 жариялынымды таңдап алдық.

1.Жақсы ата-ана болу пайдалы.

2013 жылғы зерттеулердің қорытындысы балаларына көп уақыт бөліп, оларды шын мәнінде жақсы көріп жиі әңгімелесетін ата-аналар, жанды жағадан алатын ашушаң ана мен, өз тірлігін ғана күйттеп қалған, бала тәрбиесі, жалпы бала туралы теледидардағы жарнама үзілісі кезінде ғана есіне алатын сатқын әкелерге қарағанда әлдеқайда бақыттырақ сезінетіндігін дәлелдеді.

Бір қызығы, сүйікті баласы туа салысымен ата-анаға берілетін осы бір бақыттың бал шелегі тұңғыиық түпсіз: тіпті баласына қамқорлықты үзбей жасау үшін айналасындағылардың күлкісіне қалып, күніне он рет қоңырау шалып жүретіндердің өзі де анау дейтіндей күлкілі емес екен. Олардың өмірден алатын рахаты, бала дегенде безбүйректеніп, балаға деген махаббатқа сараңдау келетін ата-анаға қарағанда әлдеқайда тереңірек болады.

«Айналасындағы адамдарға неғұрлым көбірек қамқорлық көрсетіп көңіл бөлетін адам, өмірдің мәнін де соғұрлым терең түсініп сезінеді,- деген қорытынды жасайды, – әлеуметтік психолог, зерттеудің авторлары. – Бұл тұрғыдан алып қарағанда балаларының игілігіне көп көңіл бөліп, күш жұмсаған ата-ана неғұрлым балажан болса, бақытты соғұрлым тереңірек, молырақ сезінеді.»

C.Ashton-James, K.Kushlev,E.Dunn ….

2.Қатал ата-ана өз баласына зиян келтіреді

Балаға көрсетілген өрескелдік оп оңай сот араласатын оқиға болып шығатын АҚШ тың өзінде, ата-аналардың 90 пайызы ең болмады дегенде бір рет баласын тілдеу арқылы, келемеждеп, тіпті күш қолданып, «түзегендігі» анықталған. Әйтсе де қатал тәртіп балаға өте зиян.

КӨПТЕГЕН АТА-АНАЛАР БАЛАЛАР ӨСІП, ТҮСІНГЕН СОҢ ОЛАДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН ҚАТАЛДЫҒЫН ЖАҚСЫ

КӨРГЕНДІКТЕН ЖАСАДЫ ДЕП ҰҒАДЫ ДЕГЕН ОЙДЫ ҰСТАНАДЫ, БІРАҚ ТІПТІ ОЛАЙ ЕМЕС

967 американдық отбасы қатынасқан зерттеуде қатал тәртіп болашақта өкінішке ұрындыратын нәтижелерге әкелетіндігі дәлелденген. Егер сіз 13 жасар жасөспірімге сабағыңды оқы, немесе, көшеге қаңғыма деп айғайлап, ол тыңдап айтқаныңызды орындатуыңыз мүмкін. Алайда ол жуырдағы жылдарда ата-анасы темірдей тәртіп орнатуға тырыспаған өзінің қатарластарына қарағанда әлдеқайда қатал басбұзар болып шығуы әбден мүмкін.

«Қатал тәртіп баланың алдағы өміріне із қалдырмайды деп ұғу түбегейлі қате. Көптеген ата-аналар балалар өсіп түсінген соң олардың өздеріне деген қаталдығын жақсы көргендіктен жасады деп ұғады деген ойды ұстанады, бірақ тіпті олай емес. Алайда ата-ананың қандай махаббаты болмасын баланың қатал тәртіптің арқасында қалыптасқан мінез құлқын өзгерте алмайды»,-деп есептейді зерттеу авторлары.

M.Wand, S.Kenni

3.Қалыптасқан күн тәртібі баланың ақыл-ойының дамуына оңды ықпал жасайды

Ал баланы ұйықтауға ұақтылы жатқызу ата-ананың қаталдықтан ойлап тапқан амалы емес, өмір үшін аса мәнді қажеттілік: дұрыс ұйымдастырылған гррафик бала мыйының кемелдене дамуына әсер етеді.

Психологтар 3жас пен 7жас аралығындағы 11 мың баланы бақылап зерттеудің нәтижесінде тәуліктік режімнің бала мыйының когнитивтік қызметін қалыптастыруға әсері үлкен екендігін анықтаған.Ата -аналары түн ауғанша бетінен қақпай төсекте ойнақтаған 3 жастан асқан сәбилердің кітап оқуға, есепке, тіпті әдеттегі қимыл қозғалысқа икмеділігі көп төмен болатыны дәлелденді. Бұл заңдылық баланың жынысына қарамай,бірдей

болып шыққан. Зерттушілер 3жас бала мыйының дұрыс қалыптасуында үлкен роль ойнайтын кезең болғандықтан, баланы мүмкіндігінше белгілі күн тәртібіне ертерек үйретуге кеңес береді.

4. Баламен бірге өлең айту – қатынасты қалыптастырудың ең жақсы тәсілі.

Әкесі мен анасының баласы айтып отырған өлеңіне қосылып айтуы балаларға өте ұнайды. Психологтардың анықтауынша, бұл әншейін көңіл көтеретін ермек қана емес, ата-анасы осылай өлең айтуды жақсы көретін ұлдар мен қыздар өздерін, ата-аналары бұлай жасамайтын басқа балаларға қарағанда бақыттырақ сезінеді екен. Бұған қоса хормен өлең айту баланы үй жұмысына баулуға көмектеседі.

Топ болып бірге жасалған ырғақты қыймыл – өлең айту,билеу тағы басқа сол сыяқты әрекеттер адамдарды бір бімен жақындастыру үшін жасалатын көптеген жол-жоралғы рәсімдердің негізінде жатқандығын еске салудың артықшылығы жоқ. Бұндай рәсімдер тек қана ерте тарих халықтарында ғана емес, осы заманымызда да жиі жасалынады, мысалы әнұранды хормен айту.

A.Golovan et al. …

Әкесін баласынан алшақтатқан ана өз психикасына зардап шектіреді

5 жасқа дейінгі балалары бар 180 әйелмен сауалнама жүргізген психологтар олардың бойындағы депрессияның негізінде бала тәрбиесіне әкесін араластырмай, алшақтатуға тырықандығы жатқандығын анықтаған.

БАЛА СНАСЫНА «САҒАН ТЕК АНАШЫҢ ҒАНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ» ДЕГЕН НАНЫМДЫ СІҢІРУГЕ ТЫРЫСАТЫН АНАЛАР ДЕПРЕССИЯҒА ЖИІРЕК ҰШЫРАЙДЫ ЕКЕН

Әкелер тәрбие процессіне аналармен тең атсалысуға құқылы, бала әкесінің тілін алып, оны жақсы көріп өсуі керек деп есептейтін аналардың депрессияға бейімдік дәрежесі өте төмен болып шыққан. Ал бала санасына «саған тек, анашың ғана қамқорлық жасайды» деген нанымды сіңіруге тырысатын аналар депрессияға жиірек ұшырайды екен.

Өзін баланың жолына арнаймын деген ниетінің арқасында, түйсігі өзі үшін өмір сүруден алшақтатып, ерімен арасындағы қатынасын суытып алудың негізінде де осы идея жатқан сыяқты, осының салдарынан отбасылық гармония жарасымдылығын жоғалып, ерлі-зайыптылар бойында стресстің әсерін көтеріп жібереді. Балаға қамқорлық жасау, біз жоғарыда айтқанымыздай, балаға ғана емес, сіздердің де психикаларыңызға игі әсерін тигізеді. Десекте,қамқорлық жасауды өзімді баланың жолына пида етіп жүрмін деген ұғымға айналдырудың түбі жақсылыққа әкелмейді.

Жанар – жүкті әйелдерге арналған кітаптың авторы

Жанар – Көбекбайдың ерке немересі, Нұрлан мен Бақытгүлдің  тұңғыш қызы, Сыр елінің тумасы. Бір ұл, бір қыздың әпкесі. Орта мектепті Қызылорда қаласындағы Қазақ Түрік лицейінде тәмамдаған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығына түсіп, бір жылдан соң «уақытымды бекер кетірмейін» деп, оқудан шығып, арман қуып Астанаға келген. Мұндай шешім қабылдауына бірнеше себеп бар.  Біріншісі, 18 жасында үлкен журналистикаға алғаш қадам жасап, оқу орынына түскенде облыстық телеарнаның «дәмін татып қалған» студент еді. Екінші себеп, өкінішке қарай журналистерді оқытатын ЖОО-дағы базаның жоқтығы. Арнайы құрал-жабдықтардың, қарапайым диктафондардың жоқтығы. Астанаға келіп, қара шаңырақ Қазақ радиосына ресми қабылданғаннан соң, осындағы Еуразия Гуманитарлық институтында оқуын сырттай жалғастырып, аяқтаған.

Астанаға келгеніне биыл 7 жыл болады. Астанада отбасын құрған. Республикалық радиода да, телеарнада да, газет-журналдарда да қызмет атқарған. Бүгінде егіз қызын бағып, үйде отыр. Қызылорда өңірінің келіні.

1377524_1382319515341267_1961803337_n

1. «Әйел бақыты» атты күнделік-кітабыңызды әу бастан жоспарладыңыз ба? Әлде кейіннен туған идея ма?

Мен, жаңаны білуге құмар жанмын. Жүктілік кезінде де бойымдағы өзгерістер, бөпенің апта сайынғы дамуы, не ішіп, не жеуге болатындығы, жалпы дүниеге дені сау ұрпақ алып келу үшін қалай күтіну қажеттігі мені қатты қызықтырды. Содан ғаламторды шарлап, кітап дүкендерін аралап кеттім. Сенесіздер ме, сонда қазақ тілінде бірде –бір кітап таппай, қарапайым ақпараттың өзін «жарық күнде шаммен жүріп» әзер табатынмын. Бұл жайт мені қатты ренжітті. «Ана мен бала өлімі көбейіп кетті, кемтар балалар жиі туылатын болды» деп жар саламыз, міне оның басты себебі. Жүктілік кезіндегі күтімге, арнайы медициналық кеңестерге қатысты бірде-бір қазақ тілінде әдебиет жоқ. Орыс тілін жіті білмейтін әйел сонда не істемек?! Салдарымен емес, себебімен күресу қажет. Осылайша, кітап жазу – қажеттіліктен туындаған дүние болды.

2. Аяғы ауыр әйелдің көңіл-күйі құбылмалы болады деп жатады. Сіздің көңіл-күйде болып жатқан өзгерістерді, оның ер мен әйелдің түсініспеушілігіне ұласып кеткен тұстарын да толықтай жаздыңыз ба кітабыңызға, әлде кейбір отбасылық сырларды жасырып қалдыңыз ба?

Жасырған тұстарым аз болды-ау. Тіпті, жоқ десем де болады. Кітаптың алғашқы «мен болашақ анамын» атты бөлімінде «менің бойымдағы өзгерістер» деген айдар бар. Міне, сонда жүктілік кезіндегі өзіме қатысты барлық  қызығы мен шыжығы толы ақпараттарды оқырман оқи алады.  Онда Сіз айтып өткен жүкті келіншектің құбылмалы міңезі де, мені мазалаған токсикозда, үнемі жолдасымның ілтипатына деген мұқтаждық, егіз қызға пана болған ішімнің геометриялық прогрессиямен өсуі сынды біршама өмірімдегі қызықты дүниелерді ұсындым.

cc602adb2ce7a89645a5b44c50edf87c

3. Кітап қанша тиражбен шықты? Күнделік-кітапты жарыққа шығаруда қандай қиыншылықтар кездесті, демеуші табу қиынға соқпады ма?

Кітаптың алғашқы таралымы 1000 дана. Алғашқы деп отырғаным,  мақсатым – осы кітаптың тиражын көбейтіп, алыс ауыл-аймақтарға жеткізу. Себебі, менің басты оқырманым, қазақ тілді әйелдер аудиториясы сонда. Осы сұхбатты пайдалана отыра кітапты еліміздің  түкпір-түкпіріне жеткізуге демеуші боламын деген жандарды, қазақ тілдің жанашырларын  бірге жұмыс жасауға шақырамын. Ал, демеуші табу жағына келсек, менің жолым болды. Кезінде марқұм Әзілхан Нұршайықовтан сұхбат алғанда «інім Нұртай кітабымды шығарып берген, соған рахмет» деп айтқаны бар және парламенттің трибунасынан тіл, демография, әйел мәселесін бірден-бір жиі қозғайтын депутаттардың бірі болғандықтан Нұртай Сабильянов ағамызға өтініш айтып бардым. Көп балалы әке бұл кітаптың қажеттілігін бірден түсінді және маған сеніп демеуші болатынын айтты. Осылайша Нұртай  аға баспаға кеткен шығынды толықтай төлеп берді.

4. Кітап жазу, оны басып шығаруыңызға жарыңыздың көзқарасы қалай болды?

Оң көзқараста. Жүктіліктің басында сол қазақ тілінде кітап таппай ашуланып, ренішімді білдіріп «осы кітапты өзім жазып шықпасам» деген сөздің шықпасы бар ма, бірдегеннен қолдай кетті. «Жаз, шығар, сенің қолыңнан келеді» деген сөздері мені қанаттандыра түсті. Және кітап жазу барысында менің редактором болды десем де артық айтпағаным. Әрбір аптаны, бөлімді жазып болғаннан соң, мен оны жолдасыма оқытып отырдым. Күйеуім оның қаншалықты халыққа түсінікті, қарапайым тілмен жазылғаның «бақылаушы» болды. Себебі, алдында айтып өткенімдей менің басты оқырманың ауылдағы сиыр сауып, ата-енесінің жағдайын жасап жүрген қазақтың келіндері. Оларға қиын медициналық термин, қызыл сөз, әдемі сөз орамдары қажет емес. Бастысы – ақпараттың жеңіл әрі түсінікті жазылуы.

 5. Бала дүниеге келгенге дейінгі күнделігіңіздің нәтижесі көптеген келіншектердің нағыз досына айналары сөзсіз. Енді бала дүниеге келгеннен кейінгі кезеңде де күнделік жазып жүрсіз бе?

Осы жерде мен айта өтейінші. Бұл кітап – менің күнделігім емес. Ия, түрткі болған, негіз болған күнделік. Бірақ, жаза келе бұл кәдімгі барша жүкті әйелге қажет төрт бөлімнен тұратын толыққанды кітап болып шықты. Сол себепті, кітаптан тек менің бойымнан өткергенді ғана оқимыз деп шатастырып алмаңыздар. Ал, атауына келсек, ия бұл – жүкті әйелге арналған күнделік. Себебі, «мен болашақ анамын» атты кітаптың алғашқы бөлімінде жүктіліктің 40 аптасы толық сипатталады. Әр аптада ана мен баланың қосқан салмағынан бастап, ана бойындағы өзгерістер, баланың дамуы және сол аптаға ана мен әкеге кеңестермен қатар, апта соңында «жеке күнделік» деген атаумен әрбір оқырманға өзінің жүктілік кезінде ерекше сәттерін жазып, естелік етіп қалдыруға мүмкіндік бердім. Осыдан кітаптың атауы да туындайды: «Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік» деген.  Ал, сұрағыңызға келсем, қос сәбиімді өмірге алып келгеннен кейінде мен күнделік жазуды жалғастырдым. Және оның бір сыпырасын сіздер кітаптың үшінші бөлімінен оқи аласыздар. Ол бөлім толықтай егіздерге қатысты. Олардың  түр-сипаты, мінез-құлқы, тәрбиесі дегендей. Және әрине практик ананың, яғни менің бастан өткергенім де жазылған.

d460bd87db7d30eef69d1efd9f1904fe

6. Отбасыңызға келейікші. Егіз баланы өсіру қиын емес пе? Сіздің тұңғыштарыңыз ғой?

Ия, тұңғыш қыздарымыз. Есімдері Зере мен Адия. Алла тағаламның ең қымбат сыйы маған жасаған. Әрбір арайлап атқан таңмен бірге олардың да қылықтары, сөздері, нық қадамдары көбейіп келеді. Осыдан артық бақыт жоқ шығар бұл жалғанда. Қос сәбиді бір балаға қарағанда бағу басында қиында шығар, бірақ өсе келе екеуі біріне бірі серік болады екен. Және бауырмалдықтары мықты. Тіпті, қарап отырып қызығып кетесің. Бірінің қолына тағам берсең, екіншісінде бар ма деп қарайды. Болмаса, барып міндетті түрде бөліседі, кейде тіпті барлығын бере салады. Алла тағалам осы бақытымды артық көрмесін, отбасымның, ата-анамның, жақындарымның амандығын берсін деп тілеймін бастысы.

7. Бала бағу, кітап шығару, жұмыс істеу, отағасын күту, ас дайындау… Осылай жалғасып кете беретін әйел жұмыстарына қалай үлгересіз?

Маған ең жиі қойылатын сұрақ. Бірақ, күніңді дұрыс жоспарлай білсең, барлығына үлгеруге болады. Мен көптеген декреттегі әйелдер сынды теледидардағы сериалдарды тізіп көріп, телефонмен сағаттап сөйлесіп, ішім пысқан емес. Өзіме өте талапшыл жанмын. Және рухани азықтанып тұрмасам, алдыма мақсат қойып, соған ұмтылмасам депрессияға түсіп кететін адаммын. Күнде кешкілік ертеңгі бітіретін жұмыстарымды дәптеріме тізіп аламын. Және ол тізімнің барлығында кешкілік  «+»  белгі тұру керек. Және бір айта кететінім, отағасы да келіншегіне бар жағдайын  жасау қажет. Әйел тамақты қалай жеткізем, ақшаны қалай табамын деп миын ашытпау керек. Әйел бұл – үйдің берекесін келтіретін, тапқанды дұрыс жарататын, балаларын дені сау, ақылды, әдемі етіп өсіріп, кешке жолдасын күліп қарсы алып, әрдайым айналасын көркімен, ақылымен тәнті ететін жан. Осыны есте сақтаңыздар! Және балаларымның күтімінде үлкен көмегін беріп, перзентханадан шыққан күннен жанымызда жүрген қайын енемнің еңбегін де айта кетейін. Жалпы, қыздарымды ел болып өсірдік. Менің анам, бауырларым сенбі, жексенбі келіп бақса, қалған аптаның бес күнінде түн ұйқымызды төрт бөліп, мен, енем, жолдасым қарадық.

1624424_1423182607921624_1697436879_n

8. Кітаптарыңыз қай қалаларда, қай дүкендерде сатылып жатыр? бағасы қолжетімді ме?

Кітап Алматы және Астана қалаларындағы Меломан дүкенінде сатылады. Өзге өңірлердегі оқырмандар интернет дүкен арқылы ала алады. 5-10 күнде жеткізіп береді.   Бағасы қолжетімді деп ойлаймын. Себебі, бұл коммерциялық жоба емес. Дүкенде құны 990 теңге, ал интернет – дүкеннен 870 теңгеге ала аласыздар.

Сұхбатыңызға көп рахмет! Оқырмандарыңыз көбейе берсін!

Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібгеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.
Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

1455898_621753791219592_173997644_n

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма – іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма – баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.
Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.
Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Айнұр Әтенова
Шымкент қаласы, №5 бөбекжайының тәрбиешісі