Қазақстан аруына 1 млн теңге сыйақы беріледі

“Мисс Қазақстан” ұлттық байқауының дирекциясы ресми misskazakhstan.kz сайтын іске қосқаннан кейін өтінімнің бұрын-соңды болмаған рекордтық санын алды. Республикамыздың 300-ден аса аруы бақтарын сынап көруді ұйғарып, сайтқа тіркеліпті.

UNI2013_PS_0414

Қазірше көшті Қарағандының арулары бастап келе жатыр. Екінші орын Оңтүстік астанамыз – Алматы аруларының еншісінде, тіркелген бойжеткендердің саны жағынан үшінші орынды Семей мен Астана бөлісіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл тізімнің осымен аяқталмайтындығына кәміл сенеді, өйткені тіркеу 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау тарихында “Мисс Қазақстан”-ды өткізу ережелеріне алғаш рет өзгерістер енгізілгендігін естеріңізге сала кетейік. Бұдан былай кез келген өңірдің әрбір аруы «Мисс Қазақстан» байқауының ресми сайтына (http://misskazakhstan.kz/) өтінім бере алады. Тіркелгеннен кейін бірнеше күннің ішінде көрсеткен электрондық поштаңызға кастинге шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастингтер өткізіледі. Әр қалада іріктеуді өткізу күндері мен мезгілі туралы барлық ақпарат ресми сайтта жарияланады. 5-14 қараша аралығында онлайн дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері бойынша бес ару “Мисс Қазақстан”-ның финалына өтеді.

UNI2013_PS_6023

Ең басты жаңалықтардың бірі  еліміздің бірінші аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты бойжеткенін таңдау тек әділ-қазыларға байланысты болып келді, енді ұйымдастырушылар “Мисс Қазақстан”-ды таңдау құзіретін халқымызға тапсыруды ұйғарыпты. Финал барысында шоу-бизнестің жас әртістері Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова және олимпиада жеңімпазы Илья Ильиннен тұратын байқаудың әділ-қазылары қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирден ХАЛЫҚТЫҢ онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. “Мисс Қазақстан”-ды таңдаудың ашықтығы үшін әділ-қазылардың дауыс беру хаттамасы, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ашық сайтында жарияланады. Бұл үлгі жыл сайын қайталанатын болады, көрем деушілер дауыс берудің барлық кезеңдерін тамашалай алады.

UNI2013_PS_1726

Сондай-ақ жеңімпазға тәж, іс-шараға демеуші болғандардың атынан ұсынылатын жүлде және орасан зор «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа,  «Мисс Қазақстан» байқауының тарихында алғаш рет 1 000 000  теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.

UNI2013_PS_4449

5 thoughts on “Қазақстан аруына 1 млн теңге сыйақы беріледі”

  1. Қазақ қыздарының бойлары ұзын болуларын қадағалау керек. Ұсақталып барамыз ағайын!

    Жауап беру
  2. 1млн тенге оте аз, кунде болатын конкурс емес кой. Осындай сыйакыдан кейн кайдагы бир кыздар барад.

    Жауап беру
  3. Неғұрлым алыс жерден қыз алып, қан алмастырсаң ұрпағың мықты, ұзын әрі көрікті болар.
    Және ескерер басты мәселе. Аяғы ауыр келіншектің шашына, беліне, яғни сегізкөзіне күн түссе іштегі болашақ ұрпаққа у түсетінін бұрыңғы заманның ғұламалары айтып кетіпті. Осыдан сақ болуы керек. Және аяғы ауыр келіншек күндіз суға түсе берсе, іштегі ұрпақ көріксіз, сүйегі бос, денсаулығы нашар болады екен. Ал түнде ай сәулесіне шашты жайып, түнде ай жарқырап тұрған сәтте аяғы ауыр келіншек күйеуімен, немесе анасымен, не апа – сіңлілерімен өзен – көлге түссе келер ұрпақ қуатты да, ақылды да, сұлу болады екен.
    Ескерту: Бұл мәліметтер ерте дүние емші – ғұламалар еңбектерінен алынды.

    Жауап беру

Leave a Comment