Жігітті қалай таңдау керек. Қыздарға арналған 6 кеңес.

Жігітті қалай таңдау керек. Қыздарға арналған 6 кеңес.

Махаббат деген керемет, бірақ жігітті ақыл оймен таңдау керек.

[ot-video type=»youtube» url=»https://www.youtube.com/watch?v=1Bi4HuFh29M»]

Қызбен ең алғашқы кездесуде не істеуге болмайды?

Қазір интернетте фотосы ұнаған қызбен танысып, сөйлесіп, «əбден жақынырақ таныдым-ау» дегеннен кейін ғана кездесуді ойлайтын заман ғой. Солай онлайнда танысқан қызбен оффлайнда кездесуге барар болсаңыз, төмендегі пункттерді есте сақтауға тырысыңыз. Ең алғашқы кездесуден алған əсер ары қарай қатынастың жалғасу-жалғаспауына тікелей əсер етеді. Барынша жақсы көрінсеңіз – ары қарай бəрі жақсы боп кетуі мүмкін. Ал, ұнамсыз көрінсеңіз – қыздар көбіне екінші шанс бере бермейді.

1.Алғашқы кездесуге ешқашан жуынбай, дұрыс киінбей, олпы-солпы барушы болмаңыз. Керісінше, бар жақсыңызды киіп, иіссуді сеуіп барыңыз. Спорт киімдерін кимеуге тырысыңыз. Костюм-шалбармен, галстукпен келсеңіз, қыздың сізге деген қызығушылығы артады. Өйткені,қыздарға іскер, табысты көрінетін жігіттер ұнайды).

2. Кездесуге белгілеген уақытты қайта-қайта ауыстырып немесе қыздан «ұмытпадың ба, дайынсың ба» деп сұрай бермеңіз. Өзіңіз де кездесуге кешікпеңіз. Ерте келген болсаңыз, уақытты күтіңіз. «Пунктуальный» көрініңіз.

3. Кездесу кезінде ешқандай жеке шаруаларыңызға, жеке қоңырауларға жауап бермеңіз. Бəрін алдын ала тындырып келу керек. Қыз күтіп қалмасын. «5 ммнут күте тұршы» деп, бір жерде сағаттап отырып қалмаңыз.

4. Өзіңіз туралы көп айта бермеңіз. Қыз өзіне қызық болған нəрсені сұрап алады. Одан да қыз көп нəрсе сұрап, сол туралы көп айтыңыз, бар назар аруда болу керек. Қыздар «вниманиені» жақсы көреді жəне соған алданып қалады).

5. Достар, кластас, группалас, көрші, туыс сияқты тар шеңберде айтылатын жаргон, приколдарыңызды алғашқы кездесуде айтпай қоя тұрыңыз. Қыз түсінбей қалса, «қуа ма» деуі мүмкін).

6. Кездесуді бірден паркте не пабта, барда белгілеңіз. Далада құр сенделіп не машинаңызда отырып қайтатын кездесу көп қызға ұнамайды. Сізді «жмот» деп кетуі мүмкін). Алғашқы кездесуде киноға бармаған абзал – əңгімелесесіздер ме, кино көресіздер ме?)

7. 1 тал болса да, гүл алып келсеңіз, қыз ерекше мəз болады. Немесе кішкентай шоколад ала келіңіз. Бастысы – назар.
Шынымен ұнатып, көңіліңіз ауған қыз болса, осы жазылғандарды орындап көріңізші – нəтижесін байқарсыз.

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе СҮЙІСУ КЕРЕК!

Сәлем, Айқаракөз!

Менің жасым 20-дан 21-ге өтіп барады. Бірақ, осы күнге дейін жігітпен жақын жүріп, онымен сүйісіп көрмеппін… Қасымдағы құрбыларым маған күледі. Ұяламын кейде. Соңғы кезде осының денсаулыққа кері әсері болмай ма деп уайымдап жүрмін. Түрлі орыс порталдарынан кеңестерді оқып жүрмін… Табиғатым солай ма, кім көрінгенге қолымды ұстата бергім келмейді. Көмектесіңізші!

Амина Айтжан, Алматы қаласынан

 

АЙҚАРАКӨЗ ЖАУАП БЕРЕДІ немесе СҮЙІСУ КЕРЕК! Амина, біз сізге кеңес бергеннен басқа еш көмек көрсете алмаймыз…

Сіздің 20 жасқа дейін жігітіңіздің болмауында екі себеп бар сияқты: сіз не шектен шыққан тәкаппарсыз, не бала махаббатыңызды әлі күнге сарыла күтудесіз. Қызға тән тәкаппарлықтың болғаны жақсы, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей». Бірақ, «тұмсығыңызды көкке шүйіріп», кей жігіттің ойын ұнатпай, кей жігіттің бойын ұнатпай жүргеніңізде, кәрі қыз атанып қалуыңыз әбден мүмкін. Әрі «ақбоз атты ханзада» тек ертегіде ғана өмір сүреді. Ал екінші жағдайға келсек, сіз күтіп жүрген жанмен түбінде бақытты болуға сеніміңіз болмаса, қателесіп жүрсіз. Ол жан өмірін өз арнасымен сүріп жүрген болар. Тіпті сізді ойлайды ма? Жауапсыз махаббат, көзсіз ғашықтық үшін өміріңізді құрбан етуге болмайды. Сағынып жүріп, күтіп жүріп, тағы да кәрі қыз атанып қалу қаупі бар. Жаныңызда демеу беріп жүретін, сіздің ішкі әлеміңізді сөзсіз ұғатын, сыйлайтын жігіттің кездесетініне сеніміміз мол. Құрбыларыңызбен қыдырыңыз, көңілді кештерге барыңыз, жастар көп шоғырланатын орындарды жиі аралаңыз. Қазір танысуға мүмкіндік өте көп. Сіздің жасыңыз  – нағыз алып-ұшқан көңіл-күйдің жасы. Сондықтан жігітпен қатынас құрудан қорықпаңыз.

Сүйісу қыз бен жігіттің арасында романтиканы толықтыра түсетінін есептемегенде, адам ағзасына тигізетін пайдасы да көп.

Сүйісу – стресске төтеп беруші құрал. Дәрігерлер сүйісу процесі соңы түрлі  ауруларға алып келетін ашу-ыза негізінің асқынып кетуін баяулататынын, миға көп көлемде эндорфиндер бөлетінін дәлелдеп отыр.

Сүйісу кезінде тісіңізді кариестен қорғайтын және эмалін қатайтатын калций мен фосфорға бай сілекей бөлінеді.

Сүйіскенде бөлінетін сілекей құрамында жараның жазылуын жылдамдататын антибиотик бар екені дәлелденді. Аңдар денесіне түскен жараны жалау арқылы емдегені сияқты, сүйіскендегі сілекей құрамындағы зат та тез әсер етеді.

Сүйіскенде беттің 38 бұлшықетіне күш түседі, бет терісінің қан айналымы жақсарып, әжім баяу түседі.

Сүйісу кезінде адам орта есеппен 9 калория тастайды. Бұл орта есеп қана.

Ықылық атып, тоқтамай жатса, сүйісу арқылы тоқтатуға болады.

Сүйісу кезінде қан тамырлары кеңейіп, қысым кішкене көтеріліп, жүрек тез соғады (минутына әйелдерде – 108 соғысқа дейін, ерлерде – 110 соғысқа дейін), адам минуты 60 рет тыныс алады. Бұлардың бәрі организмдегі қан айналымды жақсартып, қосымша оттегі алуға көмектеседі.

Ерін мен ерін түйіскенде жыныстық гормондар іске қосылады.

Амина, көктем келеді, құлпырыңыз, бір сарынды күндеріңізге жаңа леп беріңіз!

 Сурет: cosmo.com.ua