Көктем келгенде адам ағзасы әлсіреп, иммунитеті төмендер, дәрумендерді қажет етеді. Иммунитеттің төмендегенін қалай білуге болады?
Иммун жүйесінің нашар жұмыс істей бастағанын білдіретін бес белгіні біле жүріңіз:
— Бір жыл ішінде 10 реттен көп тұмауратасыз, суық тиіп ауырасыз.
— Шашыңыз көп түседі, буындарыңыз қақсайды, тамағыңызда бірдеңе тұрғандай болады.
— Үнемі әлсіз, шаршап тұрғандай сезімде боласыз. Тіпті ұйқыдан оянғанда да еңсеңіз басылып тұрады.
— Ерніңізде ұшық жиі пайда болады. Ұшық ағзадағы вирустардың артып кеуін білдіреді, ал иммунитет вирустардың көбейіп кетпеуін қадағалайды.
— Тұмау тисе, қабынып, төсек тартып ұзақ жатып қаласыз.
Осы жағдайдың бірін бойыңыздан байқасаңыз, иммунологқа көрінгеніңіз жөн.
ivona.bigmir.net
Сурет: fashionforyou.ru