Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Ұзын, әдемі тырнақ – қашанда стиль мен сәннің символы болған. Қазіргі таңда кез келген іскер әйелді сәнді маникюрсіз елестету қиын. Соны білген сән салондары да қызылды-жасылды жарнамасымен көз бен сананы жаулауда. Мүмкін дәл қазір мыңдаған аруларымыз тырнағын жасанды жолмен өсіруге шешім қабылдай алмай, ойланып отырған болар.

Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Жасанды тырнақ өсірмес бұрын, гелмен бе, әлде акрилмен бе, қайсысымен өсірген қолайлы екенін біліп алған жөн.

Гель? Әлде акрил?

Тырнақ әрлеуші шебердің кабинетіне кірсеңіз болғаны, тым қысқа, күтімсіз тырнағыңыз бірнеше сағаттық еңбектен соң көркем болып шыға келеді.

Тырнақты гелмен және акрилмен өсіреді. Біреуінен екіншісі артық деуге келмейді, екуінің де жақсы және жаман жақтары бар.

Гель — аллергенді тұстары аз материал, сондықтан гель жағып өсірілген тырнақ ыңғайлы. Алайда, ол тырнақты сындырып не зақымдап алсаңыз, барлығын түгелдей шешіп, қайтадан жасау керек.

Көп мамандар акрилмен жасанды тырнақ жасауды қолдайды. Өйткені, акрил бар болғаны ешқандай ықпалсыз, өздігінен қатып қалады және қосымша аспаптарды қажет етпейді. Оған қосымша, акрилден жасалған тырнақты алып тастау анағұрлым оңай.

Жасанды тырнақтың қандай материалдан жасалатынын шешіп алсаңыз, екі сағаттан кем түспейтін «тырнақ өсіру» операциясына дайын болыңыз.

 Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы

Әрине, жасанды тырнақ өсірудің пайдалы әсері болмаса, көптеген арулар ол үшін сонша уақыты мен ақшасын кетірмес еді. Гель және акрилмен тырнақ өсірудің ортақ жақсы жақтары бар:

—          Ұзын, әдемі тырнақтардың табиғи тырнақтан еш айырмашылығы болмай қалады;

—          Өз тырнағыңыздың қисық-қыңыр жақтарын, барлық кемшіліктерін жасырып тұрады;

—          Ұзын тырнаққа көңіліңіз қалаған кез келген өрнектер мен суреттерді сала аласыз;

—          Бетіне жаққан тырнақ бояуы ұзақ уақыт бұзылмай сақталады;

—          Дискомфорт болмайды, жаңа тырнаққа тез үйреніп кетесіз.

 Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Жасанды тырнақ өсіру: зияны

Жасанды тырнақ өсірудің пайдалы тұстарымен қатар, зияны да қатар жүреді:

—          Жоғарыда айтылғандай, тырнақ өсіру процесі ұзақ уақытты алады. Сіздің уақытыңыз кетеді.

—          Гельден болсын, акрилден болсын, жасанды тырнаққа екі аптада бір уақтылы коррекция жасап отыру керек. Ол үшін тағы да ұзақ уақыт пен ақша қажет.

—          Гелмен өсірілген тырнақты алып тастауға болмайды, оны түгелдей үгіту керек. Ал, оны тек тырнақ әрлеу шебері ғана істей алады.

—          Жасанды тырнақ өсіргеннен кейін өз тырнағыңыз жұқарып, әлсіз болып қалады. Жасанды тырнақты шешкен соң ерекше күтімді қажет етеді.

Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Қандай жағдайда жасанды тырнақ жасатуға болмайды?

Жасанды тырнақты кез келген адам кез келген уақытта жасата алады. Алайда, мүлде қайшы келетін жағдайлар да бар:

—          Зақымданған және қышыма ауруы (грибок) бар тырнақты жасанды жолмен өсіруге болмайды;

—          Тырнақ айналасындағы ет (кутикула) зақымданған жағдайда (мысалы, кесіп алсаңыз) жасанды тырнақ өсіртпеңіз. Өйткені, жараға гель не акрил түссе, асқынып кетуі әбден мүмкін;

—          Жүрегі ауыратын, қан тамырлары ауруымен ауыратын, қант диабеті бар адамдарға жасанды тырнақ өсіртуге болмайды;

—          Қолы өте қатты терлейтін адам жасанды тырнақты мүлде ұмытқаны жөн;

—          Антибиотик немесе гормоналды дәрілер қабылдау кезеңінде де жасанды тырнақ өсіртуге болмайды.

Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Егер сенімді әрі өз ісін жақсы білетін маман кездессе, еш қорықпастан жасанды жолмен тырнақ өсіртуге қорықпаңыз.

Суреттер: Интернеттен алынды

Жасанды тырнақ жасатар алдында…

Ешкімге де жаңалық емес шығар, кейде біздер, қыздар, жасанды сұлулыққа бет бұрамыз. Түріміздің “қарауға болмайтындай” дәреже болғанынан емес, тіпті барына шүкіршілік жоқтан емес, бар болғаны шамалы басқа образға ену, бір кеш болса да өзгеше көріну (қыздардың көбі әртіс қой 🙂 ).

Сонымен, егер сіздер, қымбатты құрбыларым, жасанды тырнақ жасаймын десеңіз, алдымен төмендегі кеңестерді бір сүзіп өтіңіз:

— Жасанды тырнақ өсіру акрил немесе гель арқылы жүзеге асады. Екі материал да бір химиялық зат, акрилаттардан жасалады. Олардың бірі пайдалы, екіншісі зиян деуге болмайды. Шындығы, бұл екеуі де табиғи тырнаққа зиян келтіреді (менің кейбір әріптестерім осы сөз үшін жоқ шашымды жұлып, қолыма ұстатар еді ау J).

— Тырнақты формаға емес, типсаларға өсірген артық, себебі тура тырнақтың үстіне жағылатын акрил/гель мейілінше жаман әсер етіп, тырнақтың бүлінуіне әкеп соқтырады.

— 2-3 күнге жасайтын болсаңыз (той, мереке) онда жұқа қылып салуды сұраңыз. Әрине, олар тез түсіп қалады, бірақ барынша тез түссе, тырнаққа әсері аздау болмақ.

— Мастер сізге маска ұсынбаса, өзі тақпаса, ол салоннан қашыңыз. Не болмаса өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Акрилаттардың өзінен гөрі, сол акрилаттарды ерітетін ликвидтің адам ағзасына зияны көп. Кейде 2 сағаттан аса жасалатын процедура болған соң,  онымен дем алу аллергия тудырып, басқа да проблемаға әкелуі әбден мүмкін.

— Мастер френш өсірген болса, үстіне лак, сосын қаттырғыш (закрепитель) жағуын талап етіңіз.  көбірекке шыдап, сізді қайта қайта лак жаққаннан сақтайды.

— Егер, мастер “под лак” өсірген болса, онда түрлі-түсті лак жақпас бұрын үстіне түссіз лак жағып берсін. Себебі түрлі-түсті лак тырнаққа сіңіп, кейін сүрткен кезде реңі қалады. Соңынан ашық реңді лак жағам десеңіз әдемі болмай қалады.

— Жасап болғаннан кейін бір екі сағата суға салмаңыз қолыңызды. Мейілінше ұқыпты болып, сауна мен монша дегенді ұмытуға тура келеді.

— Ең соңғысы, тырнақты шешетін болсаңыз (егер ол акрил арқылы өсірілген болса) тырнағыңызға (ар бір саусаққа) арнайы акрил тырнағын алатын сұйықтыққа малындырған мақтаны салып, сыртына фольга орап қою керек. 45 минуттан кейін тырнақ жұмсайып, алып тастауға ыңғайлы болады.

— Гельдің акрилден кем жері, оны ерітіп алып тастау мүмкін емес, тек тырнақтың үстінен тырнақ егеуішпен сырып алады. Ол дегеніміз өз тырнағызыды да сырып кетеді деген сөз.

Авторы: АйжанНұр