Қызбен ең алғашқы кездесуде не істеуге болмайды?

Қазір интернетте фотосы ұнаған қызбен танысып, сөйлесіп, «əбден жақынырақ таныдым-ау» дегеннен кейін ғана кездесуді ойлайтын заман ғой. Солай онлайнда танысқан қызбен оффлайнда кездесуге барар болсаңыз, төмендегі пункттерді есте сақтауға тырысыңыз. Ең алғашқы кездесуден алған əсер ары қарай қатынастың жалғасу-жалғаспауына тікелей əсер етеді. Барынша жақсы көрінсеңіз — ары қарай бəрі жақсы боп кетуі мүмкін. Ал, ұнамсыз көрінсеңіз — қыздар көбіне екінші шанс бере бермейді.

1.Алғашқы кездесуге ешқашан жуынбай, дұрыс киінбей, олпы-солпы барушы болмаңыз. Керісінше, бар жақсыңызды киіп, иіссуді сеуіп барыңыз. Спорт киімдерін кимеуге тырысыңыз. Костюм-шалбармен, галстукпен келсеңіз, қыздың сізге деген қызығушылығы артады. Өйткені,қыздарға іскер, табысты көрінетін жігіттер ұнайды).

2. Кездесуге белгілеген уақытты қайта-қайта ауыстырып немесе қыздан «ұмытпадың ба, дайынсың ба» деп сұрай бермеңіз. Өзіңіз де кездесуге кешікпеңіз. Ерте келген болсаңыз, уақытты күтіңіз. «Пунктуальный» көрініңіз.

3. Кездесу кезінде ешқандай жеке шаруаларыңызға, жеке қоңырауларға жауап бермеңіз. Бəрін алдын ала тындырып келу керек. Қыз күтіп қалмасын. «5 ммнут күте тұршы» деп, бір жерде сағаттап отырып қалмаңыз.

4. Өзіңіз туралы көп айта бермеңіз. Қыз өзіне қызық болған нəрсені сұрап алады. Одан да қыз көп нəрсе сұрап, сол туралы көп айтыңыз, бар назар аруда болу керек. Қыздар «вниманиені» жақсы көреді жəне соған алданып қалады).

5. Достар, кластас, группалас, көрші, туыс сияқты тар шеңберде айтылатын жаргон, приколдарыңызды алғашқы кездесуде айтпай қоя тұрыңыз. Қыз түсінбей қалса, «қуа ма» деуі мүмкін).

6. Кездесуді бірден паркте не пабта, барда белгілеңіз. Далада құр сенделіп не машинаңызда отырып қайтатын кездесу көп қызға ұнамайды. Сізді «жмот» деп кетуі мүмкін). Алғашқы кездесуде киноға бармаған абзал — əңгімелесесіздер ме, кино көресіздер ме?)

7. 1 тал болса да, гүл алып келсеңіз, қыз ерекше мəз болады. Немесе кішкентай шоколад ала келіңіз. Бастысы — назар.
Шынымен ұнатып, көңіліңіз ауған қыз болса, осы жазылғандарды орындап көріңізші — нəтижесін байқарсыз.

Қазақстан аруына 1 млн теңге сыйақы беріледі

“Мисс Қазақстан” ұлттық байқауының дирекциясы ресми misskazakhstan.kz сайтын іске қосқаннан кейін өтінімнің бұрын-соңды болмаған рекордтық санын алды. Республикамыздың 300-ден аса аруы бақтарын сынап көруді ұйғарып, сайтқа тіркеліпті.

UNI2013_PS_0414

Қазірше көшті Қарағандының арулары бастап келе жатыр. Екінші орын Оңтүстік астанамыз – Алматы аруларының еншісінде, тіркелген бойжеткендердің саны жағынан үшінші орынды Семей мен Астана бөлісіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл тізімнің осымен аяқталмайтындығына кәміл сенеді, өйткені тіркеу 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау тарихында “Мисс Қазақстан”-ды өткізу ережелеріне алғаш рет өзгерістер енгізілгендігін естеріңізге сала кетейік. Бұдан былай кез келген өңірдің әрбір аруы «Мисс Қазақстан» байқауының ресми сайтына (http://misskazakhstan.kz/) өтінім бере алады. Тіркелгеннен кейін бірнеше күннің ішінде көрсеткен электрондық поштаңызға кастинге шақыру келеді. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастингтер өткізіледі. Әр қалада іріктеуді өткізу күндері мен мезгілі туралы барлық ақпарат ресми сайтта жарияланады. 5-14 қараша аралығында онлайн дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері бойынша бес ару “Мисс Қазақстан”-ның финалына өтеді.

UNI2013_PS_6023

Ең басты жаңалықтардың бірі  еліміздің бірінші аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты бойжеткенін таңдау тек әділ-қазыларға байланысты болып келді, енді ұйымдастырушылар “Мисс Қазақстан”-ды таңдау құзіретін халқымызға тапсыруды ұйғарыпты. Финал барысында шоу-бизнестің жас әртістері Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова және олимпиада жеңімпазы Илья Ильиннен тұратын байқаудың әділ-қазылары қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирден ХАЛЫҚТЫҢ онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. “Мисс Қазақстан”-ды таңдаудың ашықтығы үшін әділ-қазылардың дауыс беру хаттамасы, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29 қарашада байқаудың ашық сайтында жарияланады. Бұл үлгі жыл сайын қайталанатын болады, көрем деушілер дауыс берудің барлық кезеңдерін тамашалай алады.

UNI2013_PS_1726

Сондай-ақ жеңімпазға тәж, іс-шараға демеуші болғандардың атынан ұсынылатын жүлде және орасан зор «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа,  «Мисс Қазақстан» байқауының тарихында алғаш рет 1 000 000  теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.

UNI2013_PS_4449

Әдемі шаш қыстырғыш жасау жолы

Біз бүгін әдемі шаш қыстырғыш жасаймыз. Бұл шаш қыстырғыштың сатылатын түрі көп болғанмен талғамға, киімге сәйкестентіріп тігіп алған өте тиімді.

aynaline.kz сайтынан алынды

Бізге қайшы, ине-жіп, шаш қыстырғыш темір (ескіріп қалған шаш қыстырғыштың темірін алсаңыз да болады), сол шаш қыстырғыш темір көлемін сәйкес кесілген 3 бөлік сопақ мата, түрлі түсті моншақтар және 30 см лента керек.

1

 

3 бөлік сопақ матаның екеуін аламыз да, жиегіне лентаны желбезектеп тігеміз.  Бір мата қалу керек.

2

Матаның шетіне лента айналдыра тігілген соң суреттегідей дүние шығу керек.

3

Оның бетіне үшінші матаны қаптаймыз. Матаның тысын сыртына қаратып, әдемілер тігіп шығамыз. Екі жағы да бірдей болу керек.

4

Матаның үстіне түрлі түсті моншақты әдемілеп, үйлесіммен тігіп шығамыз.

5

Енді дайын болған моншақ тігілген матаны шаш қыстырғыш темірдің үстіне қондырамыз.

6

Шаш қыстырғыш темірдің екі жағында тесік болады. Сол арқылы матаны суреттегідей қылып тігіп шығамыз. Жіпті бірнеше рет қайталап өткізу керек, сенімді болу үшін.

7

8

Вуа ля! Әдемі шаш қыстырғыш дайын:

9

 

Көктемде көтеріңкі көңіл-күймен жүреміз, ол көзде, езуде ғана емес, киімде, аксессуарларда да білініп тұру керек. Мынадай түрлі түсті шаш қыстырғыш нағыз көктемде тағуға арналған.
Қолыңыздан келеді!

 

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

Қыз баласы үшін ең қиыны өз салмағымен алысу шығар. Спортпен жастайыңызнан біте қайнасып өспесеңіз, үнемі шұғылданып жүру де оңай емес. Кенеттен еріншектікке беріліп, тастап кетуіңіз мүмкін. Диета да солай. Қашанғы өзіңізді тамақтан шектей бересіз, бір күні қолды бір-ақ сілтейсіз. Бәріне төзіп, айтарлықтай салмақ тастаған күннің өзінде да біраз уақыттан соң қайтадан томпақ қалыпқа келіп алуыңыз да әбден мүмкін.

Нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен өзіңізді әбден дайындап алыңыз. Салмақ тастауға тәніңізді ғана емес, жаныңызды да көндіріңіз.

1. Не үшін салмақ тастайсыз?

Өйткені, деніңіздің сау болғанын қалайсыз ба? Артық салмақ – бұл денсаулығыңыздың нөмірі бірінші жауы. Артық салмақ салдарынан: сәтсіз жеке өмір, өз-өзіңді жек көру, адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар, гормонды ауытқулар туындайды, жүрек қан тамырларының бұзылады, солай-солай жалғасып кете береді.

Алдымен, артық салмақ дегеннің не екенін түсіну керек. Ол қайдан келеді? Артық салмақ бірінші кезекте дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығынан жиналады. Ал дұрыс тамақтанбау – семіру ғана емес, асқазан, жүрек, бүйрек, бауырыңыздың дұрыс жұмыс істемеуі.

Өзіңіздің семіздігіңізден ұяласыз ба? мүмкін жақын арада күйеуге шыққалы жүрген шығарсыз? Әлде күйеуіңіздің сізге көзқарасы арық кезіңіздегіден өзгерді ме? Немесе ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Арықтаудың себебін анықтаңыз.

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

2. Мақсат қойыңыз.

Белгілі бір мерзімде қанша килограмм салмақ тастауыңыз керек екенін анықтаңыз. Сол анықталған уақытта мақсатыңызға жетуге тырысыңыз.

3. Қасыңызға серік табыңыз.

Артық салмақтан арылғысы келіп жүрген адам бар болса, әрекетті бірге бастағандарыңыз дұрыс. Бұл тәсілдің әсері мол. Өйткені, бір-біріңізге қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда жалқаулыққа тиым салып, көздеген мақсатқа жету жолын жеңілдетесіздер.

4. Жаттығуға тырысыңыз.

Ары-бері қисайып қана қоя салмай, арықтауға арналған жаттығуды күнделікті жасап тұрыңыз. Ерінбеңіз. Жаттығудың көмегімен өзіңіз армандаған салмаққа тез жетесіз.

Алайда, бірден көп қимылдап, денеңізге күш түсіріп алмаңыз. Аптасына 1-2 сағаттан екі рет шыныққаннан гөрі, күн сайын 10-15 минуттан жаттығып тұрған тиімді.

5. Күнделік жазыңыз.

Артық салмақпен күресуді бастаған күнгі салмағыңызды, өлшемдеріңізді күнделікке түртіп қойыңыз. Екі-үш күн өткен сайын өзгерістер мен қиыншылықтарды, артықшылықтарды жазып жүріңіз. Егер ойыңыз бұзылып, ортан жолдан бәрін тастай салғыңыз келетін жағдай туындап жатса, күнделігіңізге қараңыз. Қанша қиындықтарды артта қалдырып, мақсатқа жетуге аз қалғанын көресіз. Тіпті ештеңе жазбастан, суреттеріңізді қыстырып жүрсеңіз де болады. басынан бастап, қалай өзгергеніңізді көресіз.

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

6. Қимыл қосыңыз.

Күнделікті ісіңізден бөлек күн сайын артық қимыл қосып отыруға тырысыңыз. Бір аялдама артық жүріңіз, бесінші қабатқа жаяу түсіп-мініңіз, кешке бір сағат таза ауада серуендеп қайтыңыз, қалау өзіңізде.  

Түптеп келгенде, артық салмақтан арылу қиын емес, өзіңізді іштей дайындау, іштей қайрау қиын. Өзіңіз белгілеген уақытта шыдамдылық танытсаңыз, бәрі болады. Қалаған киімді киесіз, ер-жігіттердің назарын аударасыз, денсаулығыңыз жақсарып, өзіңізді жеңіл сезінесіз, бастысы, жас көрінесіз.  

 

Сәттілік!  

Ақпарат www.aryktau.kz

 

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?
Алды ашық көйлек, нәзіктік беретін иіссу, бетке ұқыппен жағылған макияж. Сексуалдылықтың барлық атрибуттары бір мезетте ғана өз маңызын жоюы мүмкін. Ол үшін тіпті қатты тер төгудің де қажеті жоқ. Бар болғаны, маникюріңізді жаңартпай, аяқ киіміңізді таза ұстамай не шашыңызды ұзақ уақыт тазаламасаңыз болғаны. Әйелдің күтім көрмеген сырт келбеті оның сексуалды образының құнын көкке ұшырары сөзсіз.

Әйелдер үнемі сексуалды көрінуге тырысып, оның жолдарын іздеп жүреді. Сол үшін мінезін қатайтып, соған сай киім таңдап, жігіттердің жүрегін жаулап алғысы келеді. Негізі ерлер қауымы әйелдің бойында дәл қай қасиеті, қай жері ұнайтынын өздері де біле бермейді, олар образды толығымен ұнатады. Алайда, оларға әйелдің бойындағы көзге оғаш көрінетін қасиеттер тайға таңба басқандай көрініп тұрады.
Сіз қанша тырысқанмен сексуалды, тартымды көрінбейтініңіздің себебін білесіз бе?
Күтімнің болмауы
Тартымды көрінгіңіз келгенмен еш күтім болмаса, нәтиже де шықпайды. Күтімнің жоқтығы дегеніміз – жартысы сынған тырнағыңыздағы жартысы кетіп қалған бояу; шаң басқан аяқ киім; майланған, қалай болса, солай таралған шаш, т.б. Сонымен қатар қыз баласының денесіндегі жалбырай өскен түк атаулының бәрі де тартымдылыққа кері әсерін тигізеді. Жағымсыз иіс те айналаңызда адам қалдырмауы мүмкін. Тек тердің иісі ғана емес, ауыздан шыққан иіс, шектен тыс көп себілген, тұншықтырып жіберетін парфюм және киімге сіңіп қалған темекі иісі.

Жаман әдеттер
Темекі туралы… Тіпті темекі шегетін еркектердің өзі шылымға құмар қыздарды жақтырмайды. Сол сияқты алкоголді ішімдікке тым құмар қыздарға да оң көзбен қарамайды. Сондықтан темекі шекпес бұрын ойланып алыңыз.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Қыз баласының тартымдылығын құртатын жаман әдеттер қатарына бүкірею әдетін де жатқызамыз. Арқасын тік ұстап, кербездене, керіле түсетін қыздарға назар аударып көріңізші. Уақыт өте мұғалім мен ата-анамызды кезінде тыңдау керек екендігін түсінеміз. Бүкірею байқалмайтын әдетке айналып кетсе де, қазіргі таңда оны түзетуге арналған түрлі құралдар бар. Йогамен айналысыңыз, биге қатысыңыз, дәріханалардан арнайы түзеткіш құралдар сатып алыңыз. Жігіттер қалай болса, солай, талтаңдап жүретін қыздарды да тартымдылар қатарына жатқызбайды.

Қиқар қылық
Әйел айқайлап сөйлеп, қатты күлсе, тәрбиемізге жат, қасыңыздағы жігіттер де ыңғайсыз жағдайға қалады. Алайда, жарқын сөйлеп, күлкісі де жарқын шығатын, әр ортаға белсенді сіңісіп кететін қыздарға кез келген жігіт үйірсек болады. Бірақ, ол — айналасына адам үйірілген қыздың сексуалды екенінің белгісі емес, жәй ғана жыртыңы көп жеңіл қыздың белгісі. Жігіттер салмақты, ұяң, назды дауысты қыздарды сексуалдылар қатарына қосады.

Дұрыс таңдалмаған киім
Мүсінге сай дұрыс таңдалмаған киім де сіздің кемшілігіңізді арттыруы мүмкін. Кейбір еркектер арық қыздарды ұнатса, кейбірі толықша келген қыздарға сүйсіне қарайды. Талғамына қарай сексуалды қыздарды әркім әрқалай көреді. Ал, тырысқан киімнен ап-анық көрініп тұрған май қабаттары ешкімге де ұнамайды. Киімді дұрыс таңдап кию арықтатып жібермесе де, мүсініңізді әдемірек етіп көрсетеді.

Шектен шығу
Аяғыңыз әдемі деп, тым қысқа белдемше (юбка) киіп, жігіттің қасында жөнсіз жыртыңдай берсеңіз, жаман жақтан танылатыныңыз анық. Шекараны білген жөн. Спорт арқылы жеткен мүсініңіз сексуалды көрінеді, бірақ, пластиканың көмегімен үлкейген омырау мен ерін емес. Жігіттер қыздың табиғилығын бағалайды.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Ең маңыздысы, өзіңізді қалай бағалайсыз, жігіт те сізді солай бағалайды. Тіпті өзіңізге беретін бағаны айтпасаңыз да, әңгіме арасында болсын, қылығыңыздан болсын бірден байқап қалады. Сол үшін өзіңізге деген бағаңыз жоғары болып, менмендік пен көкірекке ұласып кетпеуін қадағалаңыз.

Суреттер: fashiony.ru

ДИЕТА? БАНАН КӨМЕКТЕСЕДІ

ДИЕТА? БАНАН КӨМЕКТЕСЕДІ

Қанша жесең де, семіртпейтін, толтырып жібермейтін не бар екен?  Қалай ғана лезде арықтауға болады? Осы мәселелермен басыңыз қатып жүрсе, сізге диетаның «дәмді» түрін ұсынамыз. Өйткені, банан – көпшіліктің тамсана жейтін жемісі.

Сонымен бірінші, бананмен ашығудың пайдасы неде?

Банан – ашығу кезінде қарныңыздың ашқанын қатты сездірте бермейтін жеміс. Яғни, тоқ жүресіз, «ішегіңізді тез шұрқыратпайды». Екіншіден, банан қант диабеті, асқазан жарасы (язва), гастрит, семіздік сияқты ауруларды емдеуде қолданылады. Демек, біз банан арқылы тек артық салмақтан арылып қана қоймай, организмді тазартасыз және біраз аурулардың алдын аласыз. Банан асқазаннан шырышты сөл бөлінуіне ықпал етеді де, жараның пайда болуынан сақтап тұрады. Банан құрамында табиғи қант, микроэлементтер, дәрумендер мол және мұнда калория көп болғанымен, диеталық тағамдар қатарына жатқызылады.

  1. Сүтті-банан диетасы. Бұл диетада бананды сүтпен не майсыз айранмен біріктіру қажет. Күніне үш банан және үш стақан сүт ішсеңіз, жетіп жатыр. Арасында қантсыз шәй не су ішуге болады. Бұл диета 3-4 күннен аспауы тиіс. Сол уақытта үш килограмнан бес килограмға дейін салмақ тастау мүмкіндігі бар және адамның организмі шлактардан тазарып қалады.
  2. Бананың көмегімен арықтаудың тағы бір жолы. Арықтаудың екінші жолы 5-7 күнге созылуы тиіс. Қай уақытта неше банан жесеңіз де өз еркіңізде, тек күніне 1,5 кг бананнан артық болмауы тиіс. Қантсыз шәйдің мөлшері де шектелмейді. Айта кететіні, банан құрамында белок өте аз, сондықтан күніне екі дана жұмыртқа жеу керек.

Бұл ашығудан соң ішкі организмдеріңіз тазарып, артық салмақтан арылып қана қоймай, бананға деген тәбетіңіз жоғалуы мүмкін. Сонда да мүлде бас тартып жүрмеңіз. Өйткені,  диета аяқтала салысымен баяғыша тоя тамақтанып, тастаған килограммдарды қайта қайтарып алуыңыз да мүмкін.

Сымбатыңыз сұлу болсын!  

Ақпарат www.aryktau.kz