3 айда 19 кг арықтаған арудан 10 кеңес

«Ауру – астан» деген сөз бар қазақта. Семіздіктің бірден бір себепкері де – тамақ.

Семіздіктен арылу үшін қандай айла тәсіл ойлап табылмады десеңізші… Бірақ, артық күш жұмсамай-ақ артық салмақтан оп-оңай арылудың жолы бар екен. Ол – аузыңды тию. Яғни, аз мөлшерде тамақтану.

1390492_477290689053563_108489110_n

 

Суреттегі Салтанат есімді ару 3 айда 19 килограмм тастаған. Спортпен айналысып, күні-түні жаттығу залынан шықпайтын жандардың өзі мұндай жетістікке жете бермейді. Салтанат, бар болғаны, күніне жиі, бірақ, аз мөлшерден тамақтанған.

Арықтағысы келген қыздарға Салтанаттан 10 кеңес жазып алдық.

1. Ешқашан аш жүруге және сағат алтындан кейін тамақ жемей қоюға болмайды.

2. Өзіңізді жақсы көріңіз. Мүсініңіздің сұлу болғанын қалайтын мотиватор (мысалы, сүйген адамыңыз не ғашық болу) тауып алыңыз. Егер психологиялық тұрғыдан арықтауға шешім қабылдасаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.

3. Әр 4 сағат сайын күніне 800 ккал тамақ жеңіз.

4. Ұялы телефоныңызға калория есептейтін калькулятор орнатып алыңыз. Ондай қосымшаны интернеттен оңай табасыз. Бұл есептегіш күніне ішіп-жегеніңізді есептеп отыруға көмектеседі.

5. Кем дегенде 40 минут жаяу жүріңіз.

6. Тәттіні тыймасаңыз да, тежеңіз. Қант, бал (әсел), карамель жеуге болады.

7. Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз.

8. Арықтау кезінде теріңізді күтіңіз, бұл өте маңызды.

9. Артық салмақтан арылу кезінде алкоголь ішуге мүлде болмайды. Өйткені, бауыр ағзадан майдың шығуым қамтамасыз етсе, алкоголь бауырдың жұмысын тежейді.

10. Өзіңізді, тәніңізді жақсы көріңіз, бұл – жаныңыздың мекені. Сіз жаныңызды көріксіз сауытта ұстағыңыз келмейтіні рас қой?!

Салтанаттың Фейзбуктағы парақшасы

Ақпарат www.aryktau.kz

Арықтауға көмектесетін би түрлері

Ақпарат www.aryktau.kz

Арықтау – қыздардың қазіргі ең басты проблемаларының бірі. Арықтау үшін түрлі диетаны да ұстайды, спортпен де айналысады, түрлі би курстарына жазылады. Алайда, бәрі де нәтиженің тез көзге көрінгенін қалайтыны жасырын емес. Егер барып жүрген биіңіздің салмақ тастауға әсерін байқамай жүрсеңіз немесе енді биге барғалы жүрсеңіз, біздің мына жазбаны оқып алғаныңыз дұрыс. 

Аяғыңызды арықтата алмай жүрсіз бе? Онда, аяққа арналған, көп қимыл аяқпен жасалатын биге барыңыз. Мұндай биге сальса мен мамба биі жатады. Ча-ча-ча биі де аяқтың бұлшықеттерін қатайтады. Оған қоса, жүрек қағысын ретке келтіпіп, төзімділікті шыңдайды.

Ал, егер аяғыңыздың формасын өзгертіп не кішкене ғана түзетем десеңіз, классикалық билерге барыңыз.

Мақсатыңыз – артық салмақтан арылу болса, хип-хоп не R’n’B билерін үйрететін топтарға жазылыңыз.

Іштің майын кетіріп, бөксені қатайтқыңыз келсе, мықын биіне барыңыз. Шығыс биінің әйелдің жасын ұзартып, сексуалдығын арттыратын да қасиеті бар.  Дәл осы би әйелдің мүсінін әдемі етуге көмектеседі. Үнемі би сабақтарына қатысып, тұрақты айналысатын болсаңыз, іштегі бұлшықеттер қатаяды.

Қол, мойын, дененің жоғары жағындағы майларды кетіріп, бөксе мен балтыр бұлшықеттерін жаттықтырғыңыз келсе, Фламенко биінің (испан биі) ықпалы көп.

Арықтауға арналған бидің алуан түрі бар. Тіпті ересектерге және жасөспірімдерге деп те бөлінеді. Шын мәнісінде, қазір семіздікке шалдыққан жасөспірімдер де көп. Жасөспірімдерге арналған арықтататын билер олардың артық салмағын жойып қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. 

Аз уақытта көп салмақтан арылтатын Go-Go биі бар. Бұл би тез қимылдауды қажет еткендіктен адам көп терлейді. Термен бірге калория да, май да шығады 🙂 .

Жастар арасында кеңінен танымал билердің бірі – брейк-данс. Бұл гимнастикалық қимылдар арқылы иілгіштікке, икемділікке үйретеді.

Егер би арқылы арықтағыңыз келсе, алдымен ішкі дауысыңызды, интуицияңызды тыңдаңыз. Ең басты талап – би өзіңізге ұнау тиіс. биге бір жазылған соң тұрақты түрде уақтылы қатысу керек. Сонда ғана көздеген нәтижеге қол жеткізесіз.

Өте семіз адамдар кешке қарай ұннан жасалған, тұзы көп, май көп, тәтті тағамдарды азайтса, би арқылы тез арықтайды.

Барлық адамдардың денсаулығы бидің барлық түріне жарай бермейтінін ұмытпаңыздар. Сондықтан би курстарына жазылмай тұрып, дәрігерден кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

strip1

Сәттілік!