Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

Қыз баласы үшін ең қиыны өз салмағымен алысу шығар. Спортпен жастайыңызнан біте қайнасып өспесеңіз, үнемі шұғылданып жүру де оңай емес. Кенеттен еріншектікке беріліп, тастап кетуіңіз мүмкін. Диета да солай. Қашанғы өзіңізді тамақтан шектей бересіз, бір күні қолды бір-ақ сілтейсіз. Бәріне төзіп, айтарлықтай салмақ тастаған күннің өзінде да біраз уақыттан соң қайтадан томпақ қалыпқа келіп алуыңыз да әбден мүмкін.

Нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен өзіңізді әбден дайындап алыңыз. Салмақ тастауға тәніңізді ғана емес, жаныңызды да көндіріңіз.

1. Не үшін салмақ тастайсыз?

Өйткені, деніңіздің сау болғанын қалайсыз ба? Артық салмақ – бұл денсаулығыңыздың нөмірі бірінші жауы. Артық салмақ салдарынан: сәтсіз жеке өмір, өз-өзіңді жек көру, адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар, гормонды ауытқулар туындайды, жүрек қан тамырларының бұзылады, солай-солай жалғасып кете береді.

Алдымен, артық салмақ дегеннің не екенін түсіну керек. Ол қайдан келеді? Артық салмақ бірінші кезекте дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығынан жиналады. Ал дұрыс тамақтанбау – семіру ғана емес, асқазан, жүрек, бүйрек, бауырыңыздың дұрыс жұмыс істемеуі.

Өзіңіздің семіздігіңізден ұяласыз ба? мүмкін жақын арада күйеуге шыққалы жүрген шығарсыз? Әлде күйеуіңіздің сізге көзқарасы арық кезіңіздегіден өзгерді ме? Немесе ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Арықтаудың себебін анықтаңыз.

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

2. Мақсат қойыңыз.

Белгілі бір мерзімде қанша килограмм салмақ тастауыңыз керек екенін анықтаңыз. Сол анықталған уақытта мақсатыңызға жетуге тырысыңыз.

3. Қасыңызға серік табыңыз.

Артық салмақтан арылғысы келіп жүрген адам бар болса, әрекетті бірге бастағандарыңыз дұрыс. Бұл тәсілдің әсері мол. Өйткені, бір-біріңізге қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда жалқаулыққа тиым салып, көздеген мақсатқа жету жолын жеңілдетесіздер.

4. Жаттығуға тырысыңыз.

Ары-бері қисайып қана қоя салмай, арықтауға арналған жаттығуды күнделікті жасап тұрыңыз. Ерінбеңіз. Жаттығудың көмегімен өзіңіз армандаған салмаққа тез жетесіз.

Алайда, бірден көп қимылдап, денеңізге күш түсіріп алмаңыз. Аптасына 1-2 сағаттан екі рет шыныққаннан гөрі, күн сайын 10-15 минуттан жаттығып тұрған тиімді.

5. Күнделік жазыңыз.

Артық салмақпен күресуді бастаған күнгі салмағыңызды, өлшемдеріңізді күнделікке түртіп қойыңыз. Екі-үш күн өткен сайын өзгерістер мен қиыншылықтарды, артықшылықтарды жазып жүріңіз. Егер ойыңыз бұзылып, ортан жолдан бәрін тастай салғыңыз келетін жағдай туындап жатса, күнделігіңізге қараңыз. Қанша қиындықтарды артта қалдырып, мақсатқа жетуге аз қалғанын көресіз. Тіпті ештеңе жазбастан, суреттеріңізді қыстырып жүрсеңіз де болады. басынан бастап, қалай өзгергеніңізді көресіз.

Дайын болсаңыз, арықтау оңай!

6. Қимыл қосыңыз.

Күнделікті ісіңізден бөлек күн сайын артық қимыл қосып отыруға тырысыңыз. Бір аялдама артық жүріңіз, бесінші қабатқа жаяу түсіп-мініңіз, кешке бір сағат таза ауада серуендеп қайтыңыз, қалау өзіңізде.  

Түптеп келгенде, артық салмақтан арылу қиын емес, өзіңізді іштей дайындау, іштей қайрау қиын. Өзіңіз белгілеген уақытта шыдамдылық танытсаңыз, бәрі болады. Қалаған киімді киесіз, ер-жігіттердің назарын аударасыз, денсаулығыңыз жақсарып, өзіңізді жеңіл сезінесіз, бастысы, жас көрінесіз.  

 

Сәттілік!  

Ақпарат Арықтау сайтынан