«Әйел бақыты» деген ұғымға әлемнің бар сұлу құбылысын сыйғыза аламыз. Әйел – ана. Әйел – жар. Әйел – құрбы. Әйел – әріптес. Тұрмысқа шыққан құрбыңыздың отбасылық керемет суреттеріне қарап, сіз де балдай бақытты отбасыңыздың болғанына асығасыз. Құрбыңыз бойдақ күнін сағынуы әбден мүмкін. Тұрмыстағы өмір мен тұрмыс құрғанға дейінгі әйел өмірінің артықшылықтарын қарастырайықшы.
Сонымен, сіз әлі екінші жартыңызды таппаған болсаңыз:
- Екінші жартыңыздың қайда жүргенін, неге телефоны сөндірулі екенін, неге кешіккенін, басқа бір жанға ғашық болды ма, жоқ па, бәрін-бәрін ойлап, мұңаймайсыз.
- Құрбыңыздың туылған күніне бару үшін ешкімнен сұранудың қажеті жоқ. Тіпті ескертпейсіз де. Қай қалада, қанша уақыт жүрсеңіз де, ерік өзіңізде. Себебі, көрмесеңіз, сағат санап күтетін адамыңызды әлі кездестірмедіңіз.
- Жалақыңыздың тең жартысына ойланбастан аяқ киім сатып ала аласыз және ешкімнің алдында оны өз бағасынан бес есе арзандатып айтудың да қажеті жоқ.
- Пультқа таласпастан, кез келген уақытта қалаған сериалыңызды көре аласыз.
- Жұмыстан әбден шаршап келгенде тамақ пісіріп, ыдыс жуып, киім үтіктеп жатпастан, бірден төсекке құлай аласыз.
- Бірнеше сағаттар бойы анаңызбен, құрбыңызбен телефон арқылы тоқтамай әңгіме айта аласыз және ешкім де сізге «Не айта бересіңдер осы?» деген сұрақты қоймайды.
- Ойланбастан, карерьаңызға бар күшіңіз бен уақытыңызды жұмсай аласыз.
- Қатты ұйқыңыз кеп тұрғанда «басым ауырып тұр» деген сылтауды айтпайсыз.
- «Қайын жұртым, енем» келе жатыр деп, қалбалақтап жүгірмейсіз.
- Ұнатқан адамыңызбен жақын араласып, ғашық бола беруге рұхсат.
Егер тұрмысқа шыққан болсаңыз:
- Машинаңыз не компьютеріңіз сынып қалса, күйеуіңізге бір назданып, жаңасын алып беруін өтіне аласыз.
- Шашыңызды, тырнағыңызды, бетіңізді «жөндеуге» салондарға жүгірмейсіз. Тіпті косметиканы аз қолдана бастайсыз. Өйткені, күйеуіңіз сіздің табиғи сұлулығыңызды сүйіп үйленді.
- Саусағыңыздағы неке жүзігін мақтанышпен тағып жүресіз және «біреу алып қашып кетпей ме» деген үрей болмайды.
- Сырласатын, өкпелейтін, тіпті кейде ренжісіп алатын жақыныңыз жаныңызда.
- Жаныңызға да, тәніңізге де қалаған уақытыңызда ләззат ала аласыз. Қалап тұрғаныңызды еш қысылмастан айта аласыз.
- Құрбыларыңызға күйеуіңіз алып берген де, «алып бермеген де» сыйлықтарын айтып, мақтанасыз.
- Сегізінші наурызда сыйлық алатыныңызға өте сенімді жүресіз.
- Есіктердің тұтқасы түсіп, пышақ өтпей қалса, «Осы үйдің еркегі қайда?» деп емін-еркін айта аласыз.
- Жасыңыздың өтіп бара жатқанын, бойдық құрбыларыңыздың қалмағанын айтып, күйеуге шығу керек екенін үнемі ескертіп жүретін анаңызға енді ашуланбайсыз.
- Құрбыңыздың, досыңыздың тойына жалғыз бармайсыз және қасыңызда үнемі ақылдасатын адамыңыз бар.
ladydiary.ru