Сәнді трендтердің болжамы бойынша, 2012-нің жаз-көктем коллекциясында қыз-келіншекті барынша нәзік те көркем етіп көрсететін бүрмелі белдемшелер сәнде. Дизайнерлер бүрмеленіп тігілген белдемше мен көйлектердің көмегімен әйел мүсініне ерекше сымбат пен кербездік беруге тырысуда.
Бүрмеленген қысқа белдемшелерді Christian Dior мен Gucci ұсынса, тізеге дейінгі ұзындықтағы бүрмеленген белдемшелерді Prada брендінен табуға болады. Chloe мен Celine тіккен бүрмеленген белдемшелердің белі төмен. Дизайнерлердің сөзіне сүйенсек, қазіргі маусым хиты – жерге дейінгі ұзындықтағы бүрмеленген белдемше.
Ұзын бүрмеленген белдемшеге кең жейде не кеңтоп әдемі жараса кетеді.
Суреттер: erawomen.ru