Киіп жүрген іш киіміңізді түріне қарай ажырата білесіз бе?
- Слип – екі жаны қалың емес, арт жағы жабық лыпа. Ұстап тұратын резеңкесі мықында тұрады. Лыпаның бұл түрі күнделікті киіп жүргенге өте ыңғайлы.
- Кюлот – екі жаны қалың, алдыңғы жағы да, артқы жағы да жабық лыпа. «Слипқа» қарағанда кең таралған. Бір қарағанда бөксені үлкен етіп көрсетеді.
- Бикини – мықыннан төмен тұратын лыпа.
- Танга – алдыңғы жағы мен арты жабық тұратын, қалған жақтары жіп тәріздес өте жіңішке матамен не резеңкемен жалғанатын «мини» лыпа.
- Стринг – бұл модельдегі лыпа құйрығыңызды ашық қалдырады:
V-string – артқы жағы үшбұрышты, алдыңғы жағы жиектемемен (тесьма) жалғанып тігілген;
T- string – тек алдыңғы жағы ғана матамен тігілген, артқы бөлігі жиектемемен (тесьма) тігілген;
G- string– мықыннан төмен тұратын, өте жіңішке етіп тігілетін лыпа.
- Тонг – жамбаста тұратын лыпа.
- Дамбал – балағы ұзын болады, әрі өте жылы.
- Деван-дерьер – алды да, арты да бірдей, жіңішке формада тігіледі.
- Боксер/boxer – қысқа шалбарға (шорты) ұқсайды, құйрық толықтай жабылып, алдыңғы жағы да толықтай көлегейленеді. Бұл моделдегі лыпаның артық жері – мүсінді әдемі етіп көрсетеді.
Сурет: wowfacts.net