Аз ғана уақыт ұйықтап, амалсыз оянып, күні бойы маужырап жүреміз. Ол мүмкін жұмысқа (сабаққа) кешікпей бару үшін ерте оянудан шығар, мүмкін түнде ерте ұйықтаудың мүмкіндігі жоқтығынан шығар, мүмкін түні бойы көз іле алмай, ұйқысыздық ауруына шалдыққаннан шығар, әйтеуір бір қажеттіліктен шала-шарпы көз шырымын аламыз. Бірақ, ұйқыға салғырт қарамау қажет. Өйткені, ұйқының қанған-қанбағаны адамның сырт келбетіне (сымбатына) тікелей әсер етеді, әсіресе әйелдерге берер залалы бар. Амеракалық ғалымдар ұйқының жеті сағаттан кем болмау керектігін, бес сағат және одан аз ұйықтайтын әйелдердің тез толып, қайта салмақ тастауы қиынға соғатынын анықтады.
Үнемі ұйқы қанбай, маужырап жүру ағзаның зат алмасуын тым баяулатып, денеде май жиналып, салмақтың артуына алып келеді екен. Тоя тамақ ішу қанбаған ұйқыға қосылып, адам денесін тым әлсіретіп, діңкесін құртады. Жұмысқа зауқы соқпай, қимылдауға ерініп, отырып алады не мүмкіндік болса, тамақтана сала, ұйықтай кетеді. Дұрыс қорытылып, денеге тарамаған тамақтың соңы семіздікке алып келеді.
Ұйқыңыздың қанық болуы – денсаулығыңыздың ғана емес, сымбатыңыздың да кепілі.
peachgirl.ru
Сурет: spiritshot-acorex.com, vkamushek.ru