Айқаракөз жауап береді немесе төсімнің көлемі әр түрлі

Сәлеметсіз бе? Менің бір жақ омырауым екіншісіне қарағанда үлкен. Күйеуге шыққаныма 4 жыл болды, әлі бала жоқ. Сол үшін көтермей тұрып, емделіп алғым келеді. Емшіге көрсеткен едім: «бала көтергенде, қалпына келеді,» деп айтты. Дәрігерге баруға қорқамын. Емдер болса екен. Асыға жауап күтемін. Бақытгүл

 

Айқаракөз жауап береді немесе төсімнің көлемі  әр түрліБала емізбеген болсаңыз, омырауыңыздың әр түрлі көлемде болу себебіне үңілген дұрыс. Адамның оң жағы мен сол жағын салыстырып қарағанда, айырмашылық білінеді, екі жақ тең болған емес. Мұны аяқ киімнің бір аяқты қысып, бір аяқта бос тұрғанынан, қолымызға таққан сақинаның екі қолдың бір саусағында әр түрлі тұруынан-ақ байқай аламыз. Сондықтан кішкентай омыраудың сүт бездері туылғаннан баяу дамыса, көлемі де кіші болады. Туылғаннан оң және сол омыраудың екі түрлілігі көп әйелде кездеседі. Бұл сүт келмей, кішкентай омырауыңызбен бала емізе алмайсыз деген сөз емес, сүт бөлінеді, қорықпастан емізе аласыз. Аса қорқыныш жоқ.

Егер сіз дене жарақатын алған болсаңыз да, бала кезіңізде төсіңізге соққы тиген болса да (сіздің де, анаңыздың да есінде болмауы мүмкін), омырау тамырлары қысылып, дұрыс дауына кедергі келеді. Төсіңізге суық өткізіп алу да өз зиянын тигізеді. Босанғаннан кейін төсіңізге арнайы күтім жасаңыз, жылы ұстаңыз.

         Төсіңіздің формасы бұрыннан емес, соңғы уақытта ғана өзгерген болса, май қабаттарында өзгерістер болады. Сүт бездерінде ісік болуы да ықтимал. Бұл жағдайда емделудің тиімді жолдарына кеңес беретін, дұрыс диагноз қоятын маммологқа міндетті түрде тексерілгеніңіз дұрыс.

         Төс ассиметриясын пластикалық ота (операция) арқылы емдеу жолы бар. Қазақстанда, Алматы қаласының өзінде осындай ота жасайтын бірнеше хирургиялық орталықтар бар. Болашақта бала сүюді жоспарлап отырсаңыз, оның сізге қажеті жоқ. Өйткені, баланы кішкентай төсіңізбен көбірек емізіп, көп «жұмыс істетсеңіз», айырмашылығы байқалмай кетеді.

         Бір төсіңіздің екіншісінен кішкентайлығы бұрыннан болса, алаңдаудың қажеті жоқ, ағза солай дамыған. Ешқандай емдік шаралар жасамай, сәби емізетін сәтті күтіңіз. Төс айырмашылығы кейіннен пайда болса, жуық арада дәрігерге көрініңіз. Қорқып, жүріп алмаңыз, өйткені, сырқаттың асқыну қаупі де бар.

Сурет: oplastike.ru

21 комментарий к “Айқаракөз жауап береді немесе төсімнің көлемі әр түрлі”

  1. Салеметсизбе!yят та болса сyрайын жаyап беринизши,жасым 19да.менин жыныс мyшемнин несеп шыгатын жерлери yлкен болып сыртка шыгып тyрады,баскаларда ондай емес коринбейди,баняга барганда ынгайсыз.жыныстык катынаста еш болмагам,себебин айта аласыз ба,неликтен олай?жаyап кyтем.рахмет!

  2. Салеметсизбе!yят та болса сyрайын жаyап беринизши,жасым 19да.менин жыныс мyшемнин несеп шыгатын жерлери yлкен болып сыртка шыгып тyрады,баскаларда ондай емес коринбейди,баняга барганда ынгайсыз.жыныстык катынаста еш болмагам,себебин айта аласыз ба,неликтен олай?жаyап кyтем.рахмет

    • Aida, меніңше сізде ешқандай патология жоқ. Мысалы, біреулердің көзі үлкен, екіншісінікі — кішкентай, біреулердің құлағы үлкен, басқалардікі — кішкентай, біреулердің аяқтарының екінші башпайлары біріншісінен тым ұзын болып келетіні сияқты табиғи нәрсе. Егер уайымыңыз маза бермей жатса, гинекологқа барып сұраңыз. Ұялудың еш реті жоқ. Сәттілік!

  3. салеметсиздерме! Менин комек сурагым келип отыр. Жасым 22де,бирак али емшегим оспеген ул балдардыкиндей.моншага,бассейнге барганда уялып азер шыгам.

  4. сәлеметсіз бе, менің бір құрбымның омырауының ұшы көрінбейді, яғни толық жетілмеген. ол неліктен түсіндіріп бере аласыз ба?

  5. Салеметсиздерме. Сурагым бар еди кызымнын пак па жок алде пак емеспа екенин калай билуге болады.? Журмей турып достарым пак емес деп айтканы есимнен кетер емес. Сурайын десем батылым бармайт.. Екемиз Тосекте шешинип аймаласып жата беремиз, бирак ол менимен болгысы келмейт ойлаим кыз емес екендигин жасыру ушин шыгар деп, бирак сенгим келмейт, аттен достарымнын создери журекке маза тапкызбайт кайтсем болады? Кыз н/е кыз емес екенин калай аныктасам болады?

  6. Салеметсыз бе… менын 10айлык балам бар алдын емызып жургенде екы емшегым бырди сиякты болатын, осы жакында карасам быры кышкентай болып калыпты. Бырдей кылу ушын не ыстесем болады.? Рахмет

  7. Салеметсиздерме менин емшегим кишкентай жолдасым мен аймаласканда уялам отинем калай осирсем болады кенес бериндерши

  8. Емшекти осирудин ен жаксы жолы жигитине е3диру сонда осу процестери аикндалады

  9. мен жигитиммен 20 жасымда болдым. Ен бириншиси де сонгысы да. Бирак екеуимиз журип жургенде мен кызбын деп оган берилмеитин едим.Сонында аитеу оз дегенин алды. Бирак алгаш болганда маган бир турли коркынышты болды, мен катты корыктым, себеби кип кишкентаи жергееее калаиша деп ойладым. … бираздан сон оны жынысы меникинде калай болганын ангармаи калдым. Бирак кан болмады. ол кудиктене бастады. Бирак мен оган барин тусиндирдим. али кунге дейн урсысканда менен кудиктенип журеди. Ол калай тусиндириниздерши

  10. мен жигитиммен 20 жасымда болдым. Ен бириншиси де сонгысы да. Бирак екеуимиз журип жургенде мен кызбын деп оган берилмеитин едим.Сонында аитеу оз дегенин алды. Бирак алгаш болганда маган бир турли коркынышты болды, мен катты корыктым, себеби кип кишкентаи жергееее калаиша деп ойладым. … бираздан сон оны жынысы меникинде калай болганын ангармаи калдым. Бирак кан болмады. ол кудиктене бастады. Бирак мен оган барин тусиндирдим. али кунге дейн урсысканда менен кудиктенип журеди. Ол калай тусиндириниздерши.

  11. МЕНИН ЕТЕККИРИМ КЕШИГИП ЖАТР, АРАСЫНА 2-3 КУН САЛЫП ЖУГЫП КЕЛДИ, ЕНДИ КЕШЕ КИШКЕНТАЙ КАН УЙЫП ТУСТИ . ОЛ НЕ СЕБЕПТИ БОЛУЫ МУМКИН

  12. кыздыктын бар жогын калай билсе болады?Ауыздан сперма кетсе жукти болу мумкинбе?

  13. омыраудың ұшы ішіне кірген, не істеу керек?күйеуде көмектесе алмады? жаксырак әдіс барма?

Оставьте комментарий