Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

Ақ жейденің көбіне қолтық тұсында сары дақ қалады. Әрине тердің ізі. Ол дақты қолмен жусаңыз да, кір жуатын машинамен жусаңыз да, орны қалып қояды.

kak-effektivnee-otstirat-beluyu-rubashku

Сары дақты кетірудің жолы бар. Сізге керек бір-ақ нәрсе, ол – аспирин (ацетилсалициловая кислота).

Екі таблетка аспиринді ұқыппен майдалаңыз. Ыдысқа (үлкен ыдыс емес, шағын ыдыс таңдағаныңыз дұрыс, өйткені, жарты стақан суды таппай қалуыңыз мүмкін 🙂 ) майдаланған аспирин мен кір жуу ұнтағын салып, үстіне жарты стақан жылы су құйыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, ақ жейдеңіздің дақ тиген жерін сол қоспаға малып алып, ысқылаңыз.

Әбден ысқылап болғаннан кейін осы сұйықтық ішінде жейденің дақ тиген жерін  1-2 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Уақыт өткен соң жейдені қарапайым кір жуу әдісімен жуып аласыз.

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

Нәтижесі сізді қуантады: дақтар «өзінен-өзі» жоқ боп кетеді :-).

Суреттер: Интернеттен алынды. 

28 комментариев к “Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы”

  1. Баланың сабақ костюміндегі сияны қалай кетіретінін жазып жіберіңіздерші.Кетіру әдістері туралы бойынша глицерин мен спирт қосып ысқылап едік,артынан сабындап жусамда кетпеді.Енді басқа нарсе жасасам бүлдіріп аламынба деп қорқамын.Ақыл қоссаңыздар екен.

    • Сия тиген жерге тіс пастасын жағыңыз, тіс пастасы қатқан кезде аз-аздап жылы сумен ысқылап жусаңыз кетіп қалады.

  2. балам БАНАН жегенде көйлегіне усті бәріне жағады,содан ол қарайып кетеді,,,,Соны қалай кетіруге болады

    • Аптекада «Формидрон»(50мл) деген сұйықтық бар, шыны құтыда, бағасы 70тг.болар. Ұзаққа жетеді. Нəтижелі болу үшін əуелгі уақытта күнде таңертең , кешке пайдалану керек. Кейін, тек иісті сезген кезде ғана пайдалана бересіз. Ем болсын!

  3. кыздар,арине барлык кенес,сурактар оте дурыс.Менин ойымша кунде колтыкты сабынмен жуса,жане колтык жунин кырмай пенциппен алса тимди,ари узакка оспит деп ойлаймын

  4. пенцитпен жулуга болмайды ол кеуде рагына әкеп соктыруы мүмкін ол өте кауіпті

  5. кыз баласы аркашан таза журу керек. ол озине байланысты гой. таза журсен олай болмайды.

  6. колтыктын иси бала емизетин кыз келиншектерде болса ол ис лактация токтаганнан кейн ози кояды.ал бала емизбеген жагдайдада исй кетпесе онда тазалык керек.кырмай пинцитпен жулган жаксы.

  7. Иа! Менин жасым 20 ма да. Мен озим пинцетпен жуламын, бир ай рахаттанып журемин. Жане rexona дегенди колданамын ол оте жаксы. Сиздерге кенесимде сол.

  8. Қыз балалардың гигиеналық қиындықтарға тап келетіні заңдылық нәрсе, дүкеннің сөресінде сырты әдемі заттардың барлығы ағзаға өте зиян, сондықтан сапалы заттарды пайдаланып үиренеиік. Дақ кетіретін және басқада күнделікті пайдаланатын сапалы заттарды білгілеріңіз келсе хабарласыңыздар

Оставьте комментарий