Еріңізді мақтай білесіз бе?

Еріңізді мақтай білесіз бе?Сүйіктіңізге, күйеуіңізге махаббатыңызды жеткізудің бір тәсілі – оны мақтау. Мақтауыңыз шынайы болу керек. Кез келген ісіне алғыс, өзіне мақтау сөздерді айтып жүрсеңіз, еріңізге майдай жағары сөзсіз. Сіз еріңізді қалай мақтайсыз?

Еріңіздің сымбатты екенін айтыңыз. Спортпен айналысатын болса, денелі, тұлғалы екенін жеткізіңіз. «Сіздің қорғаныңыз, арқа сүйер тірегіңіз» екенін жиі айту арқылы өзіңіздің әйелге тән нәзіктігіңізді, еркелігіңізді ұмыттырмайсыз.

Орайы келсе, әңгіме арасында мақтап үйреніңіз және мақтаудың сәті түскен кездерді жіберіп алмаңыз. Әдейі жағыну үшін мақтағаныңыз кері әсерін береді және оны еркектер сезіп тұрады.

Достарыңыздың, туыстарыңыздың көзінше күйеуіңізді мақтап қойсаңыз, марқайып қалады. Әрі сізді одан сайын жақсы көріп кетуі әбден мүмкін J.

Еріңізді мақтау араларыңыздағы сыйластықты арттырғанмен қоса, бір-біріңізді бағалауға үйретеді.

Күйеу үшін ең үлкен мақтау — сырт көздің әйелін мақтауы, оның жақсы жар, сұлу әйел, ақылды ана таңдағанын айтуы.

Күйеуіңізді шын көңілден мақтай біліңіз!

Еріңізді мақтай білесіз бе?

 

Суреттер: www.happy-giraffe.ru; 7emya.ru

16 комментариев к “Еріңізді мақтай білесіз бе?”

  1. Төсектегі күйеуі тынбай жұмыс істеп жатса оны да ескеру керек. Сондықтан ол жағынан да неге мақтамасқа?

    Ответить
  2. Турмыска шыкпаган кыз жигитин калай мактауга болады??? Ол акылды программист))

    Ответить
  3. мен жигитимди жие мактайтынмын,казыр мактауга уакыт жок,балаларыннын козинше кейде уйяламын

    Ответить
  4. Мен жігітімді төсек қатынасында ғана мақтаймын, ол маған сол кезде ғана назар аударады

    Ответить
  5. Ел тұтқасы, халық қорғаны болған ер азаматтарымызды сыйлау керек, өйткені, бүгінгі күні еліміздің, жеріміздің аман, аспанымыздың ашықтығы сол ер азаматтарымыздың арқасы. Жалпы күйеу, жарды ғана емес әркез ер азаматтарымызға мақтау айтып, жігер беріп тұру мына біз әйел қауымының міндетінде емес пе?!
    Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа
    Жарқылдаған алмас па?
    Астына біткен жалғыз тұяқ тұлпарын
    Қаладым батыр дер болса
    Қабағын шытпай, түсірмей
    Түсіп беретін жолдасқа
    Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа!!!

    Ответить
  6. Анара сиздики дурыс емес тосекте гана мактаган.баска кезде назар аудармаса не ушин журсиз?

    Ответить
  7. jigtter ne jaksi koret degen suraka bir jauap aralarndag ang.sirtka aitpai jasirip,koro4e jaksilign asirip,jamandgn jasiru kerek dep oilaim kalai oilaisndar kizdar jigtter.esimim marjan

    Ответить
  8. Kyz kylygymen tatti! Kobinese jigitter kuzdyn kulygyn tamawalai jurip kalai gawuk bolganyn ukpaida kalady. Jane ozine nazar audartudnda 1jolu osy!

    Ответить

Оставьте комментарий