Маммологқа барудың 10 себебі

Омырауын мезгілдік тексерістен өткізіп тұру әрбір қыздың әдетіне айналу керек. Ісік ауруларының ішіндегі ең бірінші орында омырау қатерлі ісігі тұрғанын жақсы білесіздер. Сондықтан жыл сайын маммологқа көрініп отырсаңыз, аурудың алдын аласыз. 

омырау

Омырауды медициналық тексерістен өткізуге айтарлықтай себеп болмаса да, тексерту керек. Ауру бір жеріңізді мазаламайынша отыра беруге болмайды, алдын алу керек. Жылына бір рет маммологтың қабылдауында болуды әдетке айналдырыңыз. Арнайы маманға қаралуды қажет ететін төтенше себептерді есепке алмаңыз.

Етеккір келер алдында омыраудың қатқылданып, сүт безінің ауырсынуы басталып келе жатқан мастопатияның белгісі болуы мүмкін.

Омырауыңызды байқаусызда соғып алып, оған аса назар аудармай жүре беруіңіз мүмкін. Омыраудың жеңіл болсын, ауыр болсын, кез келген жарақаты аурулар туғызады.

Ойда жоқта болған түсіктер мен жасанды түсіктер (аборт) та сүт безінің қабынуына алып келеді. Жасыңыздан отыздан асса да, әлі бала тумаған болсаңыз, омырауыңызды тез арада тексертіңіз. Болашақ анаға міндетті түрде маммологқа көрінуі керек. Өйткені, екіқабат кезде ағзасы күрделі өзгеріске ұшырайды.

Егер сүт безіне өзгерту енгізу үшін ота жасатпақ болсаңыз да, маммологқа көрініңіз. Гормоналды дәрі-дәрмек қабылдау да маманға көрінуді қажет етеді.

Бала емізу кезінде сүттің түсіне мұқият назар аударыңыз. Төсіңіз ауырып, сүттің түсі мен қоюлығы өзгеріп, дене қызуы көтерілсе, дәрігерге жүгіргеніңіз жөн.

Сүт безінің түрлі ауруларға ұшырауына қан құрамындағы эстрогеннің көтеріліп кетуі әсер етеді.

Омырау үрпегіне (емшектің ұшы) мұқият қараңыз. Ауыру, түсінің, формасының, үрпек жиегінің өзгеруі, ұшынан сұйықтықтың бөлінуі — бұлардың бәрі сізді ойландыруы керек. Дәрігерге барыңыз.

Анаңыз жақтан туыстарыңыздың сүт безі ауралыр бар ма, жоқ па, сұрастырыңыз. Егер қатерлі ісікпен ауырған адам болса, сіз қауіпті аймақтасыз. Бұл ауру тұқым қуалауы да мүмкін.

Жақында ғана қырыққа толған мерейтойыңызды тойладыңыз ба? Ендеше маммалог досыңызға айналуы тиіс.

 

19 комментариев к “Маммологқа барудың 10 себебі”

  1. Салеметсиздерме
    меним койар сурагым омырау ауруы канша жастан басталады?
    Жане ол кандай жагдайда болады?

  2. Салеметсизбе. Менин сурагым мынадай. Мен бопемде узбей емизип келем 4 айга толды. Бирак сут ката береди. Кап катты болып калди бездери. Сут жолдары битип калды. Калай омырауды операциясиз емдеп каткан сутти шыгаруга болады.

    • Бұрын менікі де қата беретін, тіпті біреу қараса да. Сол уақытта бір әжеге баратынмын. Ол кісі қазан астының күйесін жағып аптап оқып беретін. Үйінен шыққанда-ақ босап қал,
      ғанын сеземін. Алдын алыңыз. Осындай оқитын кісілерге барыңыз. Ыстық нан да басатынмын. Оған мүмкіндік болмаса, целофанмен жауып, орап, терлет, содан да кетеді. Неше түрлі ем жасадым.

  3. Салеметсiздерме, каткан суттi омырауынызды укалап жiбiтсе каткан сут жибидi сосын сауып шыгарып тастаныз

  4. Сәлеметсиздерме менин кояр сурагым рекламалардан корсетип жаткан кремди пайдаланса боладыма омырауды осіру ушін алед онын зияны барма

  5. Сәлеметсіздерме,менің сұрағым бар еді.Омырауда қатты болса,кейде шағып ауырса ол қандай аурудың белгісі?

  6. Менин айтарым бар.менин жасым 17 де менин омырауымнын териси жыртылган сиякты сондай издери бар.ол не ушин?

  7. Салеметсиздерме!Мени мазалап журген нарсе омырауымды бассам катты ауырады.Онын себеби неде?Жасым 20 да.

  8. салеметсиздерме?? менде катты мазалап журген бир сурак менин сол дак омырауыннын астында когерген танба пайда болды?? ол неден коокып журмин?? осыган жауап бериниздерши жане 36 апталык жуктимин !!

  9. салеметсиздерме?? менде катты мазалап журген бир сурак менин сол жак омырауыннын астында когерген танба пайда болды?? ол неден коркып журмин?? осыган жауап бериниздерши жане 36 апталык жуктимин !!

  10. Сәлеметсіз бе менын кояр сурагым бар отыныш маган жауап жазыныздарды менде емызбеймын бырак емшегыннын ушы және жаны суланып сары су пайда болып жур катты агады не ыстеймын және не ыстеуге болады

  11. Салеметсиздерме! Бала емизип жургениме бир жарым ай болды, омырауым тилинип ток ургандай титиркене ауырады неликтен. Жауап кутем.

  12. Салеметсизбе! Менин кояр сурагым осы 2–3 куннен бери 2 омырауымнын 2 шетин бассам немесе жер бауырлап жатсам буртурли боп ауырат. Менинше салкын ауа райында жуынып аяздатп алган сияктымын. Отиниш Сизден жауап беринизши! Коркып журм. Жасым 21де.

  13. Салеметсизбе! Менин кояр сурагым осы 2–3 куннен бери 2 омырауымнын 2 шетин бассам немесе жер бауырлап жатсам буртурли боп ауырат. Менинше салкын ауа райында жуынып аяздатп алган сияктымын. Нестесем болад калай уй жагдайында емдесем болад ?? Отиниш Сизден жауап беринизши! Коркып журм. Жасым 21де.

  14. Қайырлы кун! Мені мазалап жүрген сұрақтар бар еді, соны қойсам… Омырауым 17 жаста өсуін тоқтатты, қап-қатты ісіп тұрғандай, ұстағанда ауырады… ол ненің белгісі болуы мүмкүн? маммологка жазылу мүмкін емес запись бойынша карайды екен, сізден көмек сұрауды ұйғардым, жауапсыз қалдырманызшы!

  15. Salemetsizbe menin kokirekterim isip jur bassam aurady. sarysu jok kyssam. Jasym 24boidakpyn Etekirim keletin uakyt boldy usip jur kaz. Aldyn katty ystykta ventiliatordyn aldynda uiktap jurdim suyk tigizip algan wygarmyn dep jurdim jyly kinip birak kaitpady sol jak kokiregim katti isip tur.

  16. Салеметсиздерме?менин босанганыма 20 кундей болды.Омырауым ауырып жур.Сыртка,салкын жакка шыксам катты ауырады.себеби неден?

Оставьте комментарий