Мини пицца пісірейік!

Пицца қытырлақ, әрі дәмді болады. Жеуге де өте ыңғайлы, екі тістеп, оп-оңай жеп қоясыз 🙂

Құрамы:

Қамырына керекті заттар:
Ұн — 2 стақан
Су (жылы) — 1 стақан
Қант — 1 шай қасық
Ашытқы — 1 шай қасық
Сұйық май — 2 асқасық
Тұз

Салындыға қажетті заттар:
Томат пастасы- 2-3 асқасық
Фарш- 300-400 гр
Сарымсақ — 2 түйір
Пияз — 1 дана
Саңырауқұлақ (консервідегі) — 1 банка
Тұздалған қияр — 2-3 дана
Қызанақ — 2-3 дана
Зәйтүн — 1 банка
Ірімшік — 300 гр
Тұз
Қара бұрыш

Алдымен қамыр илеп, ашытып қоямыз.

20130516_120443

Фаршқа пияз, сарымсақ, тұз, қара бұрыш саламыз.

20130516_122701

20130516_122858

Қызанақтарды дәл осы қалыппен турап аламыз.

20130516_123748

Зәйтүн мен тұздалған қиярды тураймыз.

20130516_123802

Саңырауқұлақтарды да тураймыз.

20130516_131521

Қамырды орташа қалыңдықта жаямыз.

20130516_125441

Стақан немесе консерві банкасымен қамырымызды ойып шығамыз.

20130516_125452

Табамызды майлап, қамырды тізіп шығамыз.

20130516_125717

Қамырдың қалыңдығы осылай болады.

20130516_125734

Қамырдың бетіне томат пастасын жағып,

20130516_125940

салындыны саламыз.

20130516_130156

Үстіне қияр мен саңырауқұлақты саламыз.

20130516_130435

Оның үстіне қызанақ пен зәйтүнді қойып шығамыз.

20130516_130741

Ірімшікті үккіштен өтікізіп, бетіне сеуіп шығамыз.

20130516_132228

200 градустық пеште 30 минут пісуі қажет. Мини пицца дайын! 🙂

20130516_133836

Ас болсын!

Лаура Мырзақоңырова

20 комментариев к “Мини пицца пісірейік!”

    • Салематсыздарма! Оте керемет жасалған пицца, маған өте ұнады мен пицца жақсы көремін, осыны міндетті түрде пісіремін

  1. Рахмет.Мен тестасын біле алмай журген едым енд балапандарыма пісіріп беремін оп онай екен

  2. барине салем,…айкаракозди ким еринбей жазган екен соган алгысым шексиз улкен рахмет коп нарсе билип жатырмын..

  3. оооооо, мынау оте бир жаксы рецепт екен. негизинде уйде улкенин писисрип, оны болип, алекке тусип жататын едим. Мынау бир тамаша болды гой! канша каласан, сонша дана жасайсын. бурын калай ойыма келмеген? )))))))))))))

  4. керемет маған ұнады міндетті турде пісіремін шағын әрі оңай жеуге де ыңғайлы екен ой рахмет

  5. Маган бул пицца катты унады.жеуге де оте ынгайлы.шынымен де мундай пицца жасау неге ойыма келмеген.сизге коп рахмет.мен де бул пиццаны миндетти турде жасап коремин.

  6. МАГАНДА УНАДЫ ОЗИ ДАМДИ КОРИНЕДИ .ДЕЬАЛЫС КУНДЕРИ ЖАСАП КОРУ КЕРЕК.ЖЕУГЕ ЫНГАЙЛЫ ЕКЕН.

Оставьте комментарий