Наз

Наз

Хабарсыз кеттіңіз көп уақыт…

Ұқпадым

Жоғалттық нені біз?!

Ұялшақ жүректі тулатып,

Сіз мені «сүйем» деп едіңіз….

 

Ойымнан шықпайсыз күні-түн…

Сіз жоқсыз….(Өмірім мұздады-ай)

Біз шерткен сырларды ұмытып,

Алаңсыз жүресіз Сіз қалай?!

 

Үміті жылатпай жетелер

Көңілді…

Біз жүрген іздермен.

Мен Сізді жек көріп кетер ем,

Жүр мені Серт қинап Сіз берген…

 

Уәдеміз бір еді.

Білемін…

Мен берген Сертімді бұзбадым!

Селт етпей мен суйген жүрегің,

Қай жерде отырсыз Сіз…

Жаным…

Наз

Өлеңді жазған: Индира Кереева

Сурет: favim.ru

20 комментариев к “Наз”

  1. кыз бала сезимдерин осындай жолдармен билдиру керек, мунда саргайган сагыныш та бар. Асерли

  2. Осы бір наз, сағыныш бәріміздің жүрегімізде жүр-ау, соны айнытпай жеткізіпсіз

  3. салем Индира журегмди елжретп жбердн дал осындай сезм менин басымнан откен. Мен к0ш дедмде кете бердм.енди тек гана алга умытылып келемн. Олен кушти

  4. Ол сенин сезимминди багаламаган.Озине лайыкты емес деп бил. кыз суйсе калад ул суйсе алад деген АТАМ КАЗАК

  5. Ия, тамаша жазылған өлең екен. Қазіргі заманда сертке берік жандар саусақпен санарлық ғой. Сондықтан сүйе білу де ерлікпен пара-пар.

Оставьте комментарий