Шашқа тағатын әшекей жасайық!

Әдемі көйлек, әдемі әшекей, әдемі шашқа тағатын бұйымдар қыздарды қашан да қызықтырып тұрады. Ал, өзің қызыққан дүниені әрқашан қалтаң көтере бермейді. Сондықтан ол әшекейді қолдан жасап алған тиімді. Әрі арзан, әрі эксклюзив.

Біз бүгін шашқа тағатын әдемі әшекей жасаймыз.
Ол үшін бізге қатты мата, ине-жіп, қайшы, бас өлшеміне қарай резіңке

1

және әр түрлі моншақтар қажет. Моншақтарды қалаңыздағы фурнитура дүкендерінен табуға болады.

2

Матаны 3 см болатындай қылып бүктейміз де, ол қалпынан тайып кетпес үшін шетін тігіп шығамыз. Матаның екі басына резіңкенің екі басын қосып тігеміз.

3

Мынадай созылмалы лента шығады. Басыңызға киіп көріп, дәл өлшемді алыңыз. Әйтпесе, кейін не үлкен, не қатты кіші боп қалады.

4

Матаның шетінен бастап, моншақтарды бір-бірлеп тігеміз. Фантазияңызға қарай әр түрлі тасты араластырып, не қандай да бір өрнекпен тігуге болады.

5

Асықпай, ұқыппен матаның үстіне моншақ тігіп шығамыз. Жіптің шетін жақсылап түйіндеңіз, кейін моншақтар шашылып қалып жүрмесін.

6

Дайын болған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады.

7

Сәттілік!

 

aynaline.kz

14 комментариев к “Шашқа тағатын әшекей жасайық!”

  1. Ote ote ote gajap.Netken keremet. Ote onai jolmen jasaladi eken. Endi men bundai awekeidi bazardan satip almai ozim uiden jasaitin bolamin.

  2. оте адеми маған ұнады қызыма тигіп берем озимде неше турли абадоктар резинкалар тігемин және кызығам

Оставьте комментарий