Қарындасым жылап тұрған сияқты…

Қарындасым жылап тұрған сияқты...

***

Мен ауылдан кеткен кезде көктем-тін,

Көңіл сонда шыққан және шектен тым.

Қарындас-бұлт мұңын шағып Алтайға,

Суық жасын тас төбемнен төккен түн.

 

Еншісіне бір жылулық тимеген

қоштасуды

О бастан-ақ сүймеп ем.

Лайсаң жолда жылай алмай тұрдым мен,

Жел ғана үнсіз бөрте сайда билеген.

 

Қарындас-бұлт, сені мұңлы демес ем,

Сол түні ауыр күрсініп ең неге сен?!.

…Біздің жақтың қалжыңы ащы, айтпақшы,

«Тақпағыңды қойсаш!..», – деді жеңешем.

 

Көктем еді…

Көктем деген шақ қана,

Үнсіз кеткем, кеткенім жоқ мақтана.

Өмір солай алғашқы рет бір шоғын,

Тастай салды жүрек дейтін мақтама.

 

Ауыл айын еске алам деп қияқты,

Жанарымнан жаһұт күндер жиі ақты.

Кәрі Алтайға мұңын шағып,

Мені ойлап,

Қарындасым жылап тұрған сияқты.

Қарындасым жылап тұрған сияқты...

Өлеңді жазған: Азамат Тасқараұлы

21 thoughts on “Қарындасым жылап тұрған сияқты…”

  1. Олен керемет шыгыпты… Мм біраз ойландырып тастады… Авторы озініз бе? )))

    Жауап беру
  2. Сезімін өлеңімен арнай алған.
    Жырымен жүректерде орнай алған.
    Қайғырған қарындастың көз жасына,
    Осындай ақын аман болғай Аллам!

    Жауап беру
    • Конiлдiн тамшысы гой ол да сiра
      Неге?..сен жылаганын сурадын ба?!
      Мумкiн оны мунайтып кеткендер бар
      Карындасын калган ау жол басында!….

      Жауап беру
  3. Конiлдiн тамшысы гой ол да сiра
    Неге?..сен жылаганын сурадын ба?!
    Мумкiн ол ойланып турган шыгар
    Карындасын карлыгаш болмасын ба?……

    Жауап беру
  4. ммммммммм тема олен екен сыздердын быкырлерыныз жане осы оленге карап жылай жаздадым сызердын пыкырлерынызге улкен улкен рахмет азамат таскарулы рахмет

    Жауап беру
  5. Қарындасыңды киіндіріп қойғаның дұрыс болар еді-ау. Жалаңыш киімде сағынып жету қиын екен.

    Жауап беру
    • Суретте қыз жалаңаш емес. Көлеңке түскен жерінде киімі көрінбей қалған. Сізге солай көрінген болар.

      Жауап беру
  6. Әдемі өлең! Терең сыр бар шертілген. Әсіресе, қарындас-бұлт, мақта жүрек, суық жас, жаһұт күн тіркестері әсерлі екен. РАХМЕТ!

    Жауап беру
  7. салеметсиздерме!меним ойымша бул олен магынасыз секилди…. мен шыны керек тусимбедим……..

    Жауап беру
  8. Сәлем. Түсінбейтін несі бар? Жүрегі қалағанын жазған ғой. Ал түсінбегендер жүрегі қалмаса да оқи салғандар болар. Маған ұнады.

    Жауап беру
  9. Ринат Зайытов бага бере жатар созiне ал анiн мен о3iм жазып бере салармын. Алла каласа талай ан хит кыламы3.

    Жауап беру

Leave a Comment