Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?
Айқаракөз ұсынатын бірнеше кеңесті орындап көріңіз, көмегі тиіп қалар.
Көлігіңіз оталмай қалса:
– аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
– көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
– ажырату педалін басыңыз;
– көлікті оталдырып көріңіз;
– стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
– егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.
Егер стартер айналмаса:
– басқа көліктен «тұтандырып» көріңіз;
– итеріп оталдыруға тырысыңыз;
– аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.
Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
– әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
– көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
– орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
– өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
– шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.
Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады! 🙂
Копейкадан басқа көлік табылмай қалды ма))
бұрынғы көлігім осындай еді, қазіргісі шүкір, тез оталады.
Бyл жазганынды акымакта биледи. Жазган адам макаy меxаник екесин.
Оахаха
Осы адамдар жынды бола тура, баскалардыда жынды кореди деген рас екен,мынаны жазган адамга айтарым ол бир нарсени умытып кетти соны жазайын. Сонгы шешимин мынадай кылып жазганда типти жаксы болып кетер еди,айткандарымнын бари орындалмаса,онда тезирек такси шакырда жумыска асык,кеш калып коясын деп.
Карнын ашыса тамак иш,шолдесен су иш дегендей гой
Артынан итеру керек машинанын