Баланы қырқынан шығарудың өз жөні бар

Баланы қырқынан шығарудың өз жөні барБала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап ретімен келіп жататын үлкенді-кішілі – шілдехана, ат қою, бесікке салу сияқты бала өмірінде айрықша орны бар тойлар туралы өткен сандарымызда айттық. Бала өміріндегі тағы бір маңызды шақтың бірі – сәбиді қырқынан шығару.

 Қазақ үшін қырық санының маңызы

Баланы қырқынан шығарудың өзі жайдан-жай шыққан нәрсе емес. Бір ескеретін жағдай, мен ештеңені ойымнан шығарып отырғаным жоқ, халықта бұрыннан барды айтам. Халық – ғаламат бір қазына. Соны білуге талпыну әрі өзің білгенді өзгеге үйрету – адамдық парыз.  Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болатынын өткен сандарымызда айтып өттік. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тіл тиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Тағы да қайталап айтам, қырқынан шықпаған бала әлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет. Сонымен бірге халқымызда қайтыс болған адамның қырқын беру деген бар. Қайтыс болған адамның қырқын беру – аз болсын, көп болсын, біріне-бірі серік болған ет пен сүйектің ажырауына берілетін құдайы, өлімнің артын күту ғұрыптарының бірі. Өйткені дүниеден өткен адамның қырық күннен кейін еті мен сүйегі ажырайды екен…                                   

Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез келген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгі тілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар.  

                                                                                              Зейнеп АХМЕТОВА

Сурет: prodetey.ru

27 thoughts on “Баланы қырқынан шығарудың өз жөні бар”

  1. ия, макала оте жаксы жазылған, 40 кунге дейінгі баланы шарана, 40 кунге толган баланы нәресте деп атау осыдан калса керек.

    Жауап беру
  2. Макала жаман емес, бирак такырып толык ашылмаган. Баланы кыркынан шыгарганда жасалатын арекеттер туралы ештеме айтылмаган

    Жауап беру
  3. ия баланы қырқынан шығарарда қалай жуындыру керек екенін не қосатынын толық жазыңыздаршы

    Жауап беру
    • Саламатсыз ба?
      Қыз баланы ерте шығармайды.
      Қыз бала жеңілтек болмасын деген, салмақты болсын деп.
      Ұл баланы 1-2 күн ерте шығарады былжыр болмасын деп.

      Жауап беру
  4. Салеметсиздер ме. Менин билгим келгени кыз сабиди калай кыркынан шыгарады?
    Шыгару жолдары, оган кандай сыйлык апарган жон?
    Осыган жауап жазсаныздар…
    Рахмет

    Жауап беру
  5. Жадыранын созине косыламын,кыркынан калай шыгарудын тасилдери жазылмаган,казирги жастар биле бермеуи мумкин

    Жауап беру
  6. Кыркынан шыгарганда ауели ыдыска кырык касык су куып соган баланын басын жуады кейн денесин, содан кейн шаш тырнак алады

    Жауап беру
  7. Салеметсиздер ме!Менин билгым келетини,егер кыз баланы 40кунге толтырмай кырык суын жасаса не болады,кыздын болашагына еш катысы жок шыгар?осыган жауап берсениздер жане тагыда отиниш тез жауап бериниздерши отиниш.

    Жауап беру
    • Менің қызымды 35 күнде шығарған еді үлкен абысыным, қызым ширақ пысық, қазір тұрмыста 5 баласы мен жеке кәсібі бар. Бөпесін босанып, 40 шыға сала тірліктерін жасап жүр. 10 жылда 5 балалы болды. Ұлымды тура 40 күнде шығардық. Жайбасар. Мүмкін екеуі де ата-анасына ұқсаған болуы да мүмкін. Ал қалың мал жағы болса, қызыма сұрамадық, өздері әкелді шамалап, ұлымда да ел қатарлы жасадық.

      Жауап беру
  8. Кыркынан шыгарганда тек айел адамдары ажелери апалары шакырылып , жана киимдер нарестеге , агаш касык, кайшы дайындалады.Биринши туз су дайындалып , суга алтын кумис жузик сакиналар жане (арким ози биледи)тиын салынады, сонда шомылдырылады,содан сон баска ыдыска дайындалган судан агаш касыкпен нарестенин устине 40 рет арнаулы тилектер айтылып куйылады.Болган сон нарестени таза пеленкага жаткызып улкен ажеси тырнагын шашын аздап ырымдап алады, ол анасына бериледи.Суды аяк басылмайтын жерге талдын астына тогиледи салынган тиындар конактарга таратылады.Содан сон конактарга тамак бериледи.Биз осылай шыгарганбыз, бирак ажемиз ул балага 20 кун мен тунди санап шыгара береди, сол дурыс па екен?

    Жауап беру
    • 20 куни нес ондайды естимеппин сосын баланын устине емес шомылдыратын ыдысына 40 касык су куйып тилек айтатынын билем

      Жауап беру
  9. Салеметсиздер ме?Менин 3 балам бар,Баламды 38 кун дегенде,кыздарымды 41 кун дегенде кыркынан шыгардым.40 касык суга алтын, кумис,тиын салады,шашын,тырнагын алады,Озиниз унаткан улкен адамга шыгартасыз.Оган колы женил болсын деген тилекпен калаган сыйлыкты беруге болады.Баланын ен биринши киген койлегине кампит,печенье,татилер салып,иттин мойнына тагып,оны кишкентай балаларга кудыртады(ит болмаса жаксы жугиретин балага беруге болады).Устаган бала таттилерди жеп, койлекке жага тигип беруи кажет.Ол оскенде жагалы ,сыйлы болсын деген ниетпен.Кыркынан шыккан гана бала болып саналады.Омирге келген сабилериниз улкен азамат болып осип,сиздерди куанта бесин.Саналы казагымыз кобейе берсин.

    Жауап беру
  10. Шыныменде такырып толык ашылмаган.Сабиди кыркынан шыгарганда тырнак,шашын нестеу керек?арким естигендерин истейди

    Жауап беру
  11. Кыркынан шыгарганнан кейин тырнак пен шашты не истеу керек? Менин енем шашты баланын жиi киетин бас киимине тигип кояды. Кейин ол оз-озинен жогалып кетеди. Бул дурыс па?

    Жауап беру
  12. Сәлеметсіздер ме? Менің білгім келетіні ер баланы қырқынан 40 күнге толтырып немесе асырып шығарса не болады?

    Жауап беру
  13. Салеметсызбе,кыз баланы кеш шыгарса боладыма 40 нан. Быз 40 нан асырып шыгарайн деп жатырмыз.
    Енешкам айтады 40нан асырып дейды ,озымнын мама айтады кыз баланы 40кун толганда шыгару керек дейды кайсысы дурыс

    Жауап беру

Leave a Comment