Адам баласы бір нәрсеге қуанады, бір нәрсеге қамығады. Ол өмірдің заңдылығы ғой. Ондайда Райымбек бабамыздың атындағы көшенің бойына шығып, кез келген қоғамдық көлікке отырамын. Ой-орманның құшағындағы жүздері шаршаңқы жандарды көремін. Тіршіліктің қамымен ала сөмкелерін арқалаған аналар, құйқаны шымырлатып Құран сүрелерін оқи сала алақан жаятын тілемсектер, сабағына асыққан студенттер мен оқушылар кездеседі маған. Сол көлікпен, сондағы жандармен менің де мұңым кетіп бара жатады. Жастар қарияға орын берсе, іштей қуанып қаламын. Әйтеуір сапырылысқан көп көлік. Сол көліктердің, анығы автобустардың ішінде кетіп бара жатқан сан мыңдаған тағдыр иелері.
Содан кейін такси тоқтатып, әл-Фараби бабамыздың атындағы даңғылдың бойына келемін. Мұндағы тіршілік те сол. Айырмашылығы – қаптаған автобустан гөрі құйғытқан шетелдік иномаркалар. Көліктің иелері – жап-жас бозбала мен бойжеткендер, анығы – байшыкештердің ерке-тотай балалары. Көлік қана емес, байлық та жарысып бара жатқан сияқты көрінеді мұнда маған. «Асып-тасып кетпейін, тәуба» деймін бір көшеге қарап, «Құдайдың бергеніне шүкір» деймін екінші көшенің тұсында…
Дайындаған: Айгүл Болатханқызы
Ия,Күнсұлу өте қарапайым екен.мына қым-қуыт заманда әркім өз басын ойлайтын күйбең тірлікте тәуба айтуға шамасы келмейтін жандар көбейген уақытта Күнсұлудай әпкеміздің айналаға осынша мән беріп қарап,осылай ой түйіп отырғанына ризамын.Ондай адамдар сиреп барады арамызда.Жастар шынында шетелденіп,ешкімге жаны ашымайтын,үлкенді сыйламайтын болып барады.Оған кім кінәлі,қоғам ба,әлде заман ба.Түсінбеймін,,,,,,,,,,
Дұрыс айтасыз. Маған сіздің дауысыңыз өте қатты ұнайды.
Маған Күнсұлу ерекше ұнайды. Әсіресе дауысы. «Көгілдір такси» қойылымы тура сол актрисаға арнап қойылғандай. Қайталап көре бергім келеді.
маган кунсулудын дауысы унаиды ози адеми суикимди
Бұл әңгімеңіз арқылы қазіргі заманның ащы шындығын жеткізуге тырысқан секілдісіз, рахмет.
А.П.Чеховтын «Адамда бари сұлу болу керек, жаны да, тәні де…» деген нақылына сиз 100 % сай келесіз-ау сірә, сіздей жан-жақты сұлу адамдар көп болса жер бетіндеги тиршилик кандай тамаша болар еди!?Сондыктан сиздей адамдар коп болсын деймиз!)))